Файл: "Дниетану" пні бойынша ыса мерзімді жоспар, 4 сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 18
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
"Дүниетану" пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып
Пән: Дүниетану Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі: 8-бөлім. "Болашаққасаяхат» Күні: Сынып: 4 | Ханкол жалпы орта білім беретін мектебі Мұрадым Ж.М Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Ұлы Дала елі | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.5.1 Конститутцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытындылар жасау; 4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі жеке тұлғаның демократиялық құқықтары мен бостандықтарының, міндеттерінің мысалдарын келтіру; 4.3.5.1 зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну. | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар -Ұлттық бренд ұғымымен танысады; - Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасайды; | |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - жеке кәсіпкер деп кімдерді айтатынын айта алады; - "ұлттық бренд"тауарларының тізімін жасай алады; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - "Қазақстан" ұғымына маңызды ассоциациялар (ұлттық брендтер) сериясын ұсынады. Терминология: -бренд; - ұлттық бренд; -жеке кәсіпкер. Талқылауға арналған сұрақтар: - Конституция баптарын сақтау біздің елімізді бүкіл әлемге танымал етуге қалай көмектеседі? Жазуға арналған сұрақтар: - Қазақстанның ұлттық брендінің болашағы. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Патриотизм ұлттық бренд ұғымын қалыптастыру арқылы дамиды. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: монологты сөйлеу дағдысын дамыту. Саяси білім беру | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қоғамда Конституцияның маңыздылығы туралы білімдері мен қорытындылар жасай алуларын қамтиды. ҚР Конституциясының кейбір баптарын біледі. Қазақстан азаматының құқықтары мен міндеттерімен таныс. | |||||
Сабақтыңбарысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-5 6-8 |
- "Болашақ Қазақстан" деген сөзге ассоциация жазыңдар. - Қазақстан болашақта қандай болады және бұл неге байланысты болады деген ойға қорытынды жасаңдар. Оқушылар жұппен жұмыс істейді, 1 минут ішінде ассоциациялық қатарды құрайды, содан кейін барлық ассоциативті қатарлар сынып үшін жалпы тізімге біріктіріледі. Қазақстанның болашағы туралы қорытынды жасалады. 2.Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
-Ұлттық бренд ұғымымен танысады; - Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасайды; | А5 Парақтары Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз №2 Слайд Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз №3 Слайд | ||||
Сабақтың ортасы 9-12 13-17 18-21 22-27 28-31 32-38 | 3.Есіңе түсір (фронталь жұмыс) -Елімізде Конституция күні қашан тойланады? - Конституция Қазақстанның әрбір азаматының өмірінде қандай маңызға ие? -Қазақстан азаматының қандай құқықтары мен міндеттері есіңде? Оқушылар сұрақтарға жауап береді,жалпы ел үшін Конституцияның маңызы мен әр азаматтың өмірі туралы, атап айтқанда, оларға белгілі ҚР азаматының құқықтары мен міндеттері туралы пайымдайды. 4. Ойлан (топпен) - А, В немесе С әрпімен карточканы таңдаңдар. - Таңдалған карточкаға сәйкес топты табыңдар. - Топта Конституцияның бір бабын талқылаңдар. - АВС үштігіне бөлініңдер. - Өз топтарында талқылаған Конституция баптарын бір-біріне айтып беріңдер. - Оқулық мәтінін оқыңдар. - Дәптерге "жеке кәсіпкер"анықтамасын жазыңдар. Оқушылар ауыспалы құрамдағы топтарда жұмыс істейді, Конституцияның бір бабын талқылайды, содан кейін бұл ақпаратты басқа екі адамға айтып береді. Оқулықтың мәтінін оқып, "жеке кәсіпкер"анықтамасын тұжырымдайды. Бағалау критерийлері: - жеке кәсіпкер деп кімдерді айтатынын түсінеді. 5. «Қазақстанда жасалған» (фронтальды жұмыс) -Сендерге "Қазақстанда жасалған"деген жазуы бар заттаңба (этикетка) кездесті ме? - Қазақстанда қандай тауарлар өндіріледі? - Экспортқа қандай тауарлар жіберіледі? - Тауарлардың заттаңбаларын қарастырыңдар. Олар туралы не айта аласыңдар? Оқушылар Қазақстан өнімдері мен өнімнің экспорты туралы білетіндерін еске алады. Қазақстандық тауарлардың заттаңбаларын қарастырады,тауар туралы ақпаратты талдайды. 6. Сен білесің бе? (жұппен) - Айдар мәтінін оқыңдар. - "Бренд" және "ұлттық бренд"анықтамаларын жазып алыңдар. - Қазақстанның ұлттық брендтерінің мысалдарын келтіріңдер? Тізім жасаңдар. Оқушылар жұппен жұмыс істейді, оқылған мәтінді талдайды, анықтамаларды құрастырады және жазады. Ұлттық бренд туралы түсініктерді қалыптастыра отырып, өз мысалдарын келтіреді, тақтадағы тізімді құрайды. Бағалау критерийлері: - оқушылар "ұлттық бренд" тізімін жасай алады; 7. Ерекше сұхбат (фронталь жұмыс) -Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан азаматтары шетелге шыға алады, ал шетел азаматтары Қазақстанға бара алады. Шетелдік оқушылардың айтқан сөздерін оқыңдар және олар не туралы айтқанын анықтауға тырысыңдар.
Оқушылар шетелдік құрдастарының сұхбаттарын оқиды, сөз болған брендті анықтайды, тиісті иллюстрацияны табады. 8. Байқап көр (топпен) - Өздеріңді кәсіпкер болдым деп елестетіңдер. Қандай ұлттық бренд жасап бастар едіңдер? - Оқулық жоспарын пайдалана отырып, осы брендтің жарнамасын жасаңдар. - Осы тауардың класына заттаңбасын/жарнамалық парағын ұсыныңдар. - Топтардың жұмысын критерий бойынша бағалаңдар. Оқушылар топтарда қандай тауар өндіргісі келетінін талқылайды. Ұлттық брендтің түсінігіне қарай оның жарнамасын немесе этикеткасын әзірлейді. Сыныпқа жұмысын таныстырады. Басқа топтардың жұмыстарын критерийлер бойынша бағалайды. | Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз №4 Слайд А,В,С әріптері бар карточкалар Таратпа парақтар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) №5 Слайд Қазақстандық тауарлардың заттаңбалары Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) №6 Слайд Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №7 Қазақстандық брендтердің иллюстрациялары Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) №8 Слайд А3 парақтары, маркерлер, фломастерлер, түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, газеттер мен журналдардан кесінділер. Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз №9 Слайд | ||||
Сабақтың соңы 39-40 | Рефлексия «Ұлттық бренд» -Бренд өнімдерінің суреттерін қарастырыңдар. - Қазақстанның ұлттық бренді болып табылатын бейнелерге стикерді бекітіңдер. Оқушылар өздерінің стикерлерін белгілі бренд өнімдеріне желімдейді. Қазақстандық брендтер арасында оқушылар Қазақстан өндірмейтін артық тауарларды анықтауы тиіс. | Қазақстандық және әлемдік брендтердің бейнесі, стикерлер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) №10 Слайд | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабілеті жоғары оқушыларға озық сипаттағы тапсырма ұсына аласыз: еліміздің танымал адамдары туралы,бүкіл әлемде танымал қазақстандық бренд ретінде ақпарат жинап таныстырылым жасау. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады. Сабақ тақырыбының меңгерілуін бағалау: - Қазақстанның ұлттық бренді ретінде қандай өнімдерді атай аласың? - Танымал спортшылар мен әншілерді қазақстандық бренд деп атауға бола ма?Неліктен? | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысындақауіпсіздік техникасы сақталады. |