Файл: ыса мерзімді (саба) жоспары Білім беру йымыны атауы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 58
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Білім беру ұйымының атауы | Атырау облысы Индербор кенті М.Әуезов атындағы орта мектеп | |
Пәні: | Қазақстан тарихы | |
Бөлім: | 8.3. Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым | |
Педагогтің Т.А.Ә. | Утепкалиева Гулсара Зинелгабиденовна | |
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы». Зерттеу сұрағы: Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай? | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау | |
Ойлау дағдылары |
| |
*Тарихи ойлау дағдысы *Тарихи концепт |
| |
Сабақтың мақсаты | 1. А.Байтұрсыновтың өмірі мен тіл білімін дамыту жолындағы қосқан үлесін анықтайды 2. А.Байтұрсыновтың ғылыми ағартушылық және қоғам қайраткерлік қызметіне баға береді. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 7 минут | Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, психологиялық жағымды ахуал туғызу. «Ой қозғау» әдісі 1.Дәйексөзде кім туралы айтылған? 2.Дәйексөзден қандай ақпарат аламыз? 3.Бұл ақпараттың құндылығы неде? 4.Сіздің ойыңызша бұл тұлға тарихи маңызды ма? Иә болса, неліктен? Мақсатым:Оқушылардың креативті сыни ойлау дағдысын дамыту. Тиімділігі: дәйексөзді оқып, талдау арқылы оқушылардың тарихи ойлау дағдысы артады. Оқушылар жауабынан кейін, сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Сабақтың зерттеу сұрағына назар аударылады | Білім алушылар бір -біріне сәттілік тілейді. Барлық сыныпқа «Ой қозғау» әдісі бойынша презентациядан дәйексөз көрсетіледі. «Ахаң ашқан қазақ мектебі , Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілік ұраны-«Қырық мысал », «Маса », «Қазақ» газетінің 1916 жылғы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі.Бұның шындығына ешкім де дауласпайды. М.Әуезов Оқушылар дәйексөзді оқып, ойымен бөлісіп,берілген сұрақтарға жауап береді. Оқушылар жауабы арқылы жаңа тақырыпқа көшеді. | ҚБ:өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» «Жақсы» «тамаша» деген мадақтау сөзімен ынталандыру | https://vk.com/wall-103226120_8933 | ||||||||||
Сабақтың ортасы 12минут 10минут | 1-тапсырма. 8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау үшін оқушыларға «Ромб» органайзерінің алғашқы үш бағамына А.Байтұрсынұлының қазақ тіл біліміне қосқан үлесі туралы қандай деректер білетінің жазады. Содан кейін «Кім жылдам» әдісі бойынша А.Байтұрсынұлы туралы шағын бейнероликті қарай отырып органайзердің басқа да бағамдарына әр оқушы өзінің жылдамдығына байланысты маңызды жаңа ақпараттарды түртіп алады Мақсатым:бейнероликтен тарихи тұлғаның жасаған жұмысының маңызды кезеңдерін жылдар арқылы анықтап, әр оқушының зейінің шоғырландыру Тиімділігі: Оқушылардың білім алуына жағдай жасау арқылы, А.Байтұрсынов өмірі тарихи маңызға ие екендігіне қазіргі өмірде де маңызды рол атқаратындығына көз жеткізу. Саралау: Сыныпта тапсырманы орындауда қабылдау қабілеті әртүрлі оқушылар болғандықтан (ЕБҚ) барлық оқушыға қолжетімді тапсырма беріліп отыр. Бірақ барлық оқушы бір мезетте тыңдай отырып түртіп алуға ілесе алмауы мүмкін. Сондықтан да ЕБҚ оқушыларға төмендегі проблемалық сұрақты ұсынамын. -А.Байтұрсыновтың өміріндегі елеулі оқиға деп нені айтар едіңіз? ; Сабақ мақсатына сәйкес «Ойлан, жұптас» әдісі бойынша берілген кестені толтыруды ұсынамын. Мақсатым: А.Байтұрсыновтың қазақ жазуы мен әдеби мұрасын талдау арқылы анықтауға және тарихи мәнінің критерийлеріне жауап беруін қамтамасыз ету. Тиімділігі: Оқушылар берілген деректі анықтап, жұппен жұмыс жасайды. Жұптау кезінде «С» тобындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға қолайлы орта жасап, тапсырманы толықтай орындалуын жетелеуші сұрақ арқылы қолдау жасаймын. Тапсырма кезінде оқушылар тыңдалым және жазылым дағдысымен жұмыс жасайды.Тапсырманы орындаған соң жетектеуші сұрақтар тұлғаның қызметінің қарқындылығын маңыздылығын талдайды, түсіндіреді, өз көзқарасын пайымдайды.Сондықтан бұл тапсырма функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырма. Саралау: Жұптау кезінде қарқыны баяу оқушылармен жылдам оқушыларды жұптастырамын. Жетелеуші сұрақтар арқылы «диалог және қолдау көрсету» тәсілін жүзеге асырамын. Ширату жаттығуы : «Түрлі түсті мәтін» орындайды. Мақсатым:оқушылардың зейінін шоғырландыру, шаршауын басу. | Тарихи дерек көздерді зерттеу мен талдау арқылы тақырыпты түсінуге бағытталған тапсырмасын (маңыздылық концептісі) орындайды. А.Байтұрсынов туралы бейнероликті көріп , оның өміріндегі маңызды кезеңдерді «Кім жылдам» әдісі арқылы маңызды жаңа ақпараттарды түртіп алады. Дескриптор: - А.Байтұрсынұлының қазақ тіл біліміне қосқан үлесі туралы білетін үш дерек жазады; - А.Байтұрсыновтың өміріндегі елеулі 9 (тоғыз) деректі жылдарымен жазады; Зерттеу мен талдау.Жұптық жұмыс. Мәтін (Оқулық, Қазақстан тарихы 1-бөлім. 144 бет) мазмұнын пайдалана отырып, А.Байтұрсыновтың қазақ жазуы мен әдеби мұрасын анықтауға арналған кесте толтырыңыз.
А.Байтұрсынұлы тіл білімін дамытуға қандай үлес қосты? Сол кезеңде А.Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан үлесі қаншалықты маңызды болды? Тілді дамыту үшін қандай үлес қосар едіңіз? Оқушылар зерттеу сұрақтарын басшылыққа ала отырып, жинақтаған дереккөзін пайдаланып А.Байтұрсыновтың қазақ жазуы мен әдеби мұрасын талдау арқылы анықтайды және тарихи мәнінің критерийлеріне жауап береді. | ҚБ: экранға дұрыс жауабы шығарылады, білім алушылар дұрыс жауабын көру арқылы өзін- өзі бағалайды. Дұрыс жауаптары: -1912-1925ж- Қазақ әліппесінің авторы -1886-1891ж-Торғайдағы 2сыныптық орыс- қазақ училищесінде оқыды, -1891-1895ж-Орынбор мұғалімдер мектебінде оқыды, -1913-1918 ж «Қазақ» газетінің редакторы, -1909 ж «Қырық мысал»алғашқы кітабы шықты, -1911ж «Маса» өлеңдер жинағы шықты -1926ж- «Әдебиет танытқыш»еңбегі шықты -1926ж- Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып,баяндама жасады. -1920-1921ж- Өлкелік Халық Комиссариаты жанындағы Академиялық Орталықтың төрағасы, Республика халық ағарту комиссары қызметін атқарды Қ\Б: Дескриптор арқылы бағалау 5-6 жұптан кестенің мазмұны ауызша сұралады. Қалған оқушылар өз жауаптарын толықтырып отырады Дескриптор: 1.Ахмет Байтұрсынұлының тіл білімі мен қазақ жазуына қатысты қандай еңбектері бар? Кемінде 3 жазыңыз. -3б 2. Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұралары, кемінде 3 жазыңыз. -3б 3.А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» еңбегі арқылы қазақ әдебиеті ғылымының негізін қалады Өйткені: Өзіндік ой қорытады.-1б Кері байланыс беріледі. Дескриптор арқылы оқушыларды бағаланады | А.Байтұрсынов туралы бейнеролик https://youtu.be/9ct42g4biN8 Оқулық, Қазақстан тарихы 1-бөлім. 144 бет Дереккөз: http://e-history.kz/kz/contents/view/2403 https://www.zharar.com/kz/biography/1454-ahmet.html © | ||||||||||
10минут | Зертттеу сұрағы: Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай? А.Байтұрсынұлының қазақ ғылыми ағартушылық және қоғам қайраткерлік қызметіннің маңыздылығына баға беру үшін «Мәтінмен жұмыс»: «Кемпірқосақ» әдісі арқылы оқушыларды алдын-ала саралап, түрлі түсті қағаздармен топтарды бөліп «EНАРА» (5R) маңыздылық кестесін толтыруды ұсынамын. Мақсатым: А.Байтұрсыновтың ғылыми ағартушылық және қоғам қайраткерлік қызметі мен әдеби мұрасын талдау және түсіндіру арқылы оқушылардың тарихи ойлау дағдысын қалыптастырады. Тиімділігі: Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Әр топ өздеріне берілген түс бойынша топта отырып «ЕНАРА» кестесінің берілген бағамын қарапайымнан күрделіге қарай сұрақтарға жауап беру арқылы толтырады. Берілген уақыттан кейін арнайы нұсқаумен бес (5) түрлі түс (кемпірқосақ) топ болып отырып, әр оқушы өздерінің топта талдаған тапсырмаларын дәлелдер арқылы түсіндіреді. Сыныптағы оқушылар топ болып ізденудің нәтижесінде, олардың оқылым функционалдық сауаттылығы артып, тапсырманы орындауда барлық оқушы қамтылады. Коллаборативті ортада яғни табысты тұлға қалыптасады. | 2.Тапсырма. Топтық жұмыс. А.Байтұрсыновтың қазақғылыми ағартушылық және қоғам қайраткерлік қызметіне баға береді. «EНАРА» (5R) маңыздылық кестесі арқылы баға беріңіз.
| ҚБ: Топтағы оқушылар дескрипторлар бойынша бір-бірін бағалайды. Дескрипор: -А.Байтұрсыновтың қазақ ғылыми ағартушылық және қоғам қайраткерлік қызметтеріндегі негізгі оқиғаны анықтайды; -А.Байтұрсынұлы тіл білімін дамытуға қосқан үлесін жазады - Сол кезеңде А.Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан үлесі қаншалықты маңызға ие болғанын жазады; -А.Байтұрсынұлының еңбектері қазіргі қоғамның рухани-эстетикалық тәрбиесіне тигізген әсеріне бір мысал келтіреді; -А.Байтұрсыновты қазақ қоғамында ресми түрде маңызды тұлға екеніне бір дәлел келтіреді; | Оқулық Қазақстан тарихы 8сынып -Алматы: Атамұра ,2019.-143-145бб А.Байтұрсынұлы әліппесі. Төте жазу. https://massaget.kz/blogs/23884/ | ||||||||||
Сабақтың соңы 3минут 3минут | Тарихи концепт мен оқу мақсатына негізделіп құрастырылған тапсырмалардың орындалуын, сабақтың мақсатқа жеткенін білу үшін, сабақтың соңында қайта оралып,меңгерген білімдері мен дағдыларын «3-2-1» әдісі арқылы қорытынды жасатамын. | Сабақты қорытындылау PADLET тақтасы арқылы кері байланыс жазады Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат Қиындық тудырған 2 мәселе Сабақ барысында туындаған бір сұрақ | Қ\б: Оқушылар бағалау критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды. | https:\\padlet.com | ||||||||||
рефлексия | «3 маңызды »әдісі бойынша Мен үшін маңызды,себебі: Жастар үшін маңызды,себебі: Қоғам үшін маңызды ,себебі: | Тақырып бойынша ненің маңызды, жастар үшін маңыздылығын, Қоғам үшін маңыздылығын айтады. | |
Қысқа мерзімді жоспардың түсіндірмесі
Менің сабағымның тақырыбы: 8-сынып. Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы».
Зерттеу сұрағы: Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?
Оқу мақсаты: 8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау.
Оқу мақсатын оқу бағдарламасына сәйкес жоспарладым. Мысалы 8.2, яғни мәдениеттің дамуы болғандықтан,оқушылар А.Байтұрсыновтың білім мен ғылым саласына қосқан үлесіне баға береді.
Сабақ мақсаттарын қоюда оқушылардың академиялық білімдері ескерілді. Мысалы оқу мақсаты Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау; оқу мақсатын басшылыққа ала отырып сабақтың мақсатын А.Байтұрсыновтың өмірі мен тіл білімін дамыту жолындағы қосқан үлесін анықтау мақсатында әдеби қазақ тілінің қалыптасуы мен араб жазуын реформалау үшін тер төккенін, қазақ әліпбиін жасағанын, әдебиет пен тілтануда еңбектер жазғанын,тіл құралы еңбегін, «Әдебиет танытқыш» еңбегін, қазақ тілін оқыту әдістемесін жазғанын, Алаш партиясы бағдарламасын жазғанын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі, «Қазақ» газетінің редакторы болғанын анықтайды және А.Байтұрсыновтың ғылыми ағартушылық және қоғам қайраткерлік қызметіне баға береді деп алдым. Яғни ойлау дағдыларының деңгейі –жоғары, тарихи концептісі –маңыздылық, тарихи ойлау дағдысы тарихи дерек көздерді зерттеу мен талдау, Себебі: зерттеу- сұрағы Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай? «Маңыздылық» концептісі бойынша дамытылатын дағдының прогрессиясы бойынша 8-сынып оқушылары оқиғаның маңыздылығын анықтау үшін критерийлерді қолданады.(4).
Сабақтың мақсаты: SMAPT форматында ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес құрылды. Мысалы ОДД жоғары 8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткерлігін бағалау үшін, А.Байтұрсыновтың өмірі мен тіл білімін дамыту жолындағы қосқан үлесін анықтайды және ғылыми ағартушылық және қоғам қайраткерлік қызметін анықтап, маңыздылығын түсіндіреді, қазіргі өмірдегі мәселелермен байланыстырады.
Сабақта таңдаған әдісім оқу мақсатына оқушылардың қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Мысалы;1-ші тапсырманы орындау барысында -8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау оқу мақсатының бірінші сабақ мақсатына сай А.Байтұрсыновтың өмірі мен тіл білімін дамыту жолындағы қосқан үлесін анықтауда «Кім жылдам» әдісі арқылы «Ромб» органайзерін толтыру арқылы тарихи тұлғаның өміріндегі маңызды кезеңдерді анықтатамын.
Тиімділігі: Оқушылардың тапсырма орындау кезіндегі тыңдалым мен жазылым дағдыларын, сонымен қатар жаңа деректі қаншалықты меңгергенін көруге болады. «Маңыздылық» концептісіне негізделіп берілген тапсырмада оқушылардың тарихи деректің ішінен А.Байтұрсынов өмірі мен тіл білімін дамыту жолындағы ең маңызды оқиғаларды маңыздылығына қарай тауып жылдарымен орналастыруына тарихи дерек көздерді зерттеу мен талдау арқылы тарихи саналарын қалыптастыруға жетелеймін.
Сабақта қолданатын әдісім барлық білім алушыларды оқу процесіне тартуға ықпал етеді. Мысалы : -8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау оқу мақсатының екінші сабақ мақсатына сай А.Байтұрсыновтың қазақ ғылыми ағартушылық және қоғам қайраткерлік қызметіне баға беру үшін «EНАРА» (5R) маңыздылық кестесін толтырады. Ол үшін мен алдын- ала оқушыларды «Кемпірқосақ» әдісі арқылы саралап, түрлі түсті қағаздармен топтарға бөліп , қарқыны баяу оқушылармен жылдам оқушыларды топтастырып отырғызамын. Оқушылар «ЕНАРА» кестесін әр бағам бойынша берілген сұрақтарға жауап беру арқылы «Маңыздылық» концептісі бойынша тарихи тұлғаға баға береді. Топтың әр оқушысы өздерінің тапсырмаларын орындау барысында: Мысалы: А.Байтұрсынұлы әліппесі. Төте жазу оқулығының суретін көріп, кім үшін есте қалатынын,тарихи маңызы бар ма? деген сұраққа жауап берсе, қандай нәтижеге әкелгенін А.Байтұрсынұлын қазақ линвистикасының негізін салушы ретінде келісесіз бе? деген сұраққа жауап беру арқылы баға береді. Келесі оқушылар айрықша мәнділігіне сол кезеңде А.Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан үлесі қаншалықты маңызды болғанына, қазіргі өмірге әсері туралы А.Байтұрсынұлының еңбектері қазіргі қоғамның рухани-эстетикалық тәрбиесіне әсер етеді ме? деген сұраққа жауап беру арқылы, ал айқындайтын фактіге тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев А.Байтұрсыновты «Ұлт ұстазы» деп атады, сонда үкімет А.Байтұрсынұлын ресми түрде маңызды тұлға деп таныды ма? деген сұраққа жауапты оқулықтың (Қазақстан тарихы, 8сынып -Алматы:Атамұра ,2019.-143-145бб) мәтіндерді пайдаланып дәлелдер арқылы түсіндіреді.
Мақсатым: А.Байтұрсыновтың ғылыми ағартушылық және қоғам қайраткерлік қызметімен әдеби мұрасына баға беру арқылы оқушылардың тарихи ойлау дағдысын дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы сыни тұрғыда ойлайтын оқушы қалыптастыру.
Тиімділігі: Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Әр топ өздеріне берілген түс бойынша топта отырып «ЕНАРА» кестесінің берілген бағамын толтырады. Берілген уақыттан кейін арнайы нұсқаумен бес (5) түрлі түс (кемпірқосақ) топ болып отырып, әр оқушы өздерінің топта талдаған тапсырмаларын дәлелдер арқылы түсіндіреді. Тапсырманы орындауда әрбір оқушы жеке жұмыс жасап, өз ойын қорытып, топ болып талқылайды. Топ болып ізденудің нәтижесінде, олардың оқылым,айтылым дағдылары функционалдық сауаттылығы артып, тапсырманы орындауда барлық оқушы қамтылады.
Сабақта қолданған әдістерімде оқушыларды жеке немесе ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес оқыту қарастырылған. Мысалы «EНАРА» (5R) маңыздылық кестесін толтыру кезінде «Кемпірқосақ» әдісі арқылы оқушыларды алдын-ала саралап, түрлі түсті қағаздармен топтарды бөлемін. Топқа бөлудегі себебім сыныпта «академиялық білмге» ие, яғни ерекше білімді қажет ететін (А,С) тобындағы оқушылар бар.Сондықтан оқушының бәрі деректен берілген сұраққа жауап бере алмай тек білу ,түсіну деңгейіндегі суреттен не көріп тұғанын, кім үшін екенін айтуы мүмкін. Сондықтан да топта әр оқушы өзіне берілген сұраққа жауап тапқан соң, бірігіп бір- біріне сұрақ қойып,оны деректерден тауып, дәлелдейді. Олар бейтаныс жағдайда кесте талдауда алған ақпаратын шығармашылық деңгейде қолданады.
Сабақ басындағы «Ой қозғау» әдісі кезіндегі М.Әуезовтің дәйексөзін талдауда оқушыларға жетелеуші сұрақтар беремін. Бұл жерді саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. А тобындағы оқушының - диагнозы: интеллектуальная норма. Нарушения зрения: слабовидящий. (Инклюзив по зрению) оқушыға тапсырма берер кезде ортаңғы қатардағы бірінші партаға отыруын қадағалаймын. Тапсырма берер кезде үлкен қаріпті қолданып, сұрақты нақты қоямын.Мысалы: дәйексөзде кім туралы айтылған?( А тобындағы ) және «EНАРА» (5R) маңыздылық кестесін толтыру кезінде А.Байтұрсынұлы әліппесі. Төте жазу оқулығының суретін көрсету арқылы оқушыға не көріп тұрғанын және маңыздылығы туралы сұрақ қоямын. Ал,қарқынды оқушылармен бірге С тобындағы оқушыларға М.Әуезовтің дәйексөзін талдау кезінде «Дәйексөзден қандай ақпарат аламыз? Бұл ақпараттың құндылығы неде? Құндылықты дәлелдейтін қандай сипаттама келтірілген? Сіздің ойыңызша бұл тұлға тарихи маңызды ма? Иә болса, неліктен? деген проблемалық сұрақ қойылады.Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, берілген сұрақтарға ауызша жауап береді. А.Байтұрсыновтың өмірі мен тіл білімін дамыту жолындағы қосқан үлесін анықтауға арналған сабақ мақсатының бірінші бөлімінде «Ромб» органайзерін толтыру кезінде «Кім жылдам» әдісі арқылы барлық оқушыға қолжетімді тапсырма беріліп отыр. Бірақ тапсырма орындау кезінде барлық оқушы бір мезетте бейнероликті тыңдай отырып керекті оқиғаны түртіп алуға ілесе алмауы мүмкін. Сондықтан да ЕБҚ оқушыларға А.Байтұрсыновтың өміріндегі елеулі оқиға деп нені айтар едіңіз? проблемалық сұрақты ұсынамын. Мақсатым: бейнероликтен тарихи тұлғаның өмірі мен тіл білімін дамыту жолындағы қосқан үлесін анықтау мақсатында жасаған жұмысының маңызды кезеңдерін жылдар арқылы анықтату.
Оқу мақсатына қол жеткізудің өлшемі оқушылар үшін тапсырмаларды бағалау критерийлері мен ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкесінше жасалынды. Мысалы 8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде баға беру оқу мақсатында тарихи дерек көздерді зерттеу мен талдау арқылы тақырыпты түсінуге бағытталған тапсырма (маңыздылық концептісі) «EНАРА» (5R) маңыздылық кестесі арқылы өткен заманның оқиғасына түсіндірме беру арқылы тарихи ойлауды көздейді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушылар алған ақпараттарын шығармашылық деңгейде қолданады. Тапсырманың бағалау критерийі А.Байтұрсыновтың қазақғылыми ағартушылық және қоғам қайраткерлік қызметіне баға беруге қатысты жоғары деңгейде тарихи талдау мен түсіндіруге бағытталған. Тапсырманың бағалау критерийі А.Байтұрсыновтың қазақ ғылыми ағартушылық және қоғам қайраткерлік қызметтеріндегі негізгі оқиғаны анықтайды. А.Байтұрсынұлы тіл білімін дамытуға қосқан үлесін жазады,- Сол кезеңде А.Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан үлесі қаншалықты маңызға ие болғанын жазады;-А.Байтұрсынұлының еңбектері қазіргі қоғамның рухани-эстетикалық тәрбиесіне тигізген әсеріне бір мысал келтіреді; -А.Байтұрсыновты қазақ қоғамында ресми түрде маңызды түлға болғандығын ,яғни ғалым қызметіне Байтұрсынұлы әліпбиі аталатын жаңа қазақ жазуы өз уақытында барлық түркі тілдес халықтарға үлгі болдғандығын баяндайды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырма сабақ басында оқушыларға «Ой қозғау» әдісі бойынша берілген дәйексөзді талдауда ақпаратты өз бетінше игеру үшін жетелеуші сұрақтарға жауап беруінен (оқылым, айтылым дағдысы) көрінеді. 1-тапсырмада «Ромб» органайзерін толтыруда А.Байтұрсыновтың өмірі мен тіл білімін дамыту жолындағымаңызды кезеңдерді «Кім жылдам» әдісі арқылы жылдарды хронологиялық ретпен орналастыруынан көрінеді. Бұл тапсырмада оқушылар хронологиялық білімін көрсетеді. 2-тапсырмада «EНАРА» (5R) маңыздылық кестесін толтыруда берілген деректерді,оқулықтағы мәтіндерді және маңыздылық кестесінің бірінші сұрағына жауап беру үшін берілген суретті қолдануы оқушылардың ақпараттық құзіреттілік дағдыларын игергенін көрсетеді. Сонымен бірге тапсырмаларды орындау кезіндегі проблемалық сұрақтарға мысалы: А.Байтұрсыновтың өміріндегі елеулі оқиға деп нені айтар едіңіз? С тобындағы оқушы жауабынан көруге болады.
Сабақ жоспарының оқу мақсатына сай берілген тапсырмаларда оқушылардың жеке және ерекше білім беру қажеттіліктері ескерілген. Мысалы: «Ой қозғау» әдісі кезінде берілген дәйексөз авторының көзқарасын бірден түсінбеуі мүмкін,сондықтан оқушыларға жетелеуші сұрақтар беремін.Мысалы: Сіздің ойыңызша бұл тұлға тарихи маңызды ма? Иә болса, неліктен?