Файл: ыса мерзімді (саба) жоспары Білім беру йымыны атауы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 59
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқушылар тапсырмаларды орындауда 1-тапсырма жұппен, 2-тапсырманы топпен жұмыс жасайды. Жұптық, топтық жұмыс кезінде қарқыны баяу оқушылармен жылдам оқушыларды жұптастырсам. Жетелеуші сұрақтар арқылы «диалог және қолдау көрсету» тәсілін жүзеге асырамын.Сонымен бірге сыныпта тез шаршайтын, зерігетін оқушылар үшін «Түрлі түсті мәтін» ширату жаттығуын жасатып, оқушы зейінін, назарын тапсырмаға аудартамын.
Тарихи концепт мен оқу мақсатына негізделіп құрастырылған тапсырмалардың орындалуын, сабақтың мақсатқа жеткенін білу үшін, сабақтың соңында қайта оралып,меңгерген білімдері мен дағдыларын https:\\padlet.com тақтасына жазу арқылы «3-2-1» әдісімен қорытынды жасатамын. «3 маңызды»әдісі бойынша рефлексия жасатып,тақырып бойынша ненің маңызды, жастар үшін маңыздылығын,қоғам үшін маңыздылығын айтқызып, оқушыларды бағалау критерийлерімен өз деңгейлерін бағалатамын.
Қосымша берілген мәтін.
1-мәтін. Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынов 1886 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түсіп, оны 1891 жылы бітіреді. 1896-1901 ж.ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектепте, екі сыныптық училищеде оқытушылық қызмет атқарады. 1905 жылы қазақ оқығандарымен бірге Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып, тарихта белгілі Қарқаралы петициясын жазады. 1911 жылы «Маса» өлеңдер жинағы жарияланып, «Қырық мысал» кітабы екінші рет басылым көреді. 1912 жылы Қазақ әліпбиін қолданысқа ұсынады. Осы жылы «Оқу құралы» қазақша әліппесінің бірінші кітабы шығады. 1913-1918 ж.ж. «Қазақ» газетін шығарды. Газеттің ұйымдастырушысы әрі бас сарапшысы қызметін атқарады. 1918-1919 ж.ж. «Алаш» партиясының жетекшісі, «Алашорда» үкіметінің жетекшілерінің бірі әрі оқулықтар жазу жөніндегі Комиссиясының құрамында қызмет етеді. 1917 жылы Ақпан революциясының жеңісінен кейінгі елдегі революциялық процестердің қарқынды дамуы барысында Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан либерал-демократиялық көзқарастағы қазақ интеллигенциясының өкілдері ұлттық партия құру жоспары бойынша өз жоспарларын жүзеге асыруға кірісті. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында І-ші жалпықазақтың съезде Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов «Тәуелсіз автономия» құру идеясын ұсынды. І-ші жалпықазақтың съездің қорытындасында «Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылды. Амалсыз кеңес үкіметін мойындаған Ахмет Кеңес өкіметі жағына өтті, алғашқы өлкеде құрылған Революциялық комитет құрамына енгізілді. Республика халық ағарту комиссары қызметінде болып, қазақты ағарту ісінде қызмет атқарды. 1920-1922 ж.ж. Өлкелік Халық Комиссариаты жанындағы Академиялық Орталықтың төрағасы қызметін атқарады. 1937 жылы қуғын-сүргіннің жаңа толқынына ілігіп жазықсыз атылып кетті.
Дереккөз: http://e-history.kz/kz/contents/view/2403
© e-history.kz
2-мәтін. Ахмет Байтұрсынов - ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). 1882-84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынов болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді.
1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді. 1918-1919 жж. Алашорда қатарында болады. 1919 ж. 24 - маусымда Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады. 1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер болды. 1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.
Түркітанушы Байтұрсынов тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. 1926 жылы Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдап, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады. Байтұрсынұлы қазақ тіл білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның іргетасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.
https://www.zharar.com/kz/biography/1454-ahmet.html
© www.ZHARAR.com
Қосымша 3.
Суретті тапсырма . А.Байтұрсынұлы әліппесі. Төте жазу.
https://massaget.kz/blogs/23884/
А.Байтұрсынов туралы бейнеролик
https://youtu.be/9ct42g4biN8
Тапсырма-2.А.Байтұрсыновтың қазақғылыми ағартушылық және қоғам қайраткерлік қызметіне баға береді. «EНАРА» (5R) маңыздылық кестесін «Кемпірқосақ» әдісі арқылы орындайды.

Есте қалатын(кім үшін?) | Бұл суреттің сіздің ойыңызша тарихи маңызы бар ма? |
Нәтижелі (қандай нәтижелерге әкелді? Нәтижелері позитивті әлде негативті сипатқа ие ме? | А.Байтұрсынұлын қазақ лингвистикасының негізін салушы ретінде келісесіз бе? |
Айрықша мәнді? (Сол тарихи кезеңде ол қандай көрініс тапты? Ол маңызды немесе айрықша болып есептелді ме?) | Сол кезеңде А.Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан үлесі қаншалықты маңызды болды? |
Резонансты (оқиға ,құбылыс қазіргі өмірге әсер етті ме? Қазіргі қоғам дамуына әсер етті ме? Адамдар одан сабақ алды ма?) | А.Байтұрсынұлының еңбектері қазіргі қоғамның рухани-эстетикалық тәрбиесіне әсер етеді ме? Мысал келтір |
Айқындайтын басқада қырларын түсінуге жол ашатын(оқиға,құбылыс сол заманның адамдарының өмірі мен көзқарастары туралы қандай ақпарат береді? | Түңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаев А.Байтұрсыновты «Ұлт ұстазы» деп атады. Сонда үкімет А.Байтұрсыновты ресми түрде маңызды түлға деп таныды ма? Дәлел. |