Файл: Фмк003013 А. Ясауи атындаы Халыаралы азаТрік Университеті Медицина факультеті Адам патологиясы кафедрасы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 50
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ф-МК-003/013
А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
Медицина факультеті
Адам патологиясы кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Медициналық білім беру
басқармасының басшысы,
м.ғ.к.
_________ У.Б.Татыкаева
«___» __________2015 жыл
«ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ -2»
пәні бойынша
СИЛЛАБУС
Пән коды: PF 2 2211
Мамандығы: 5B130100 – «Жалпы медицина»
Курсы: ІІІ
Кредит саны: 3
Тәжірибелік сабақтар: 45 сағат
ОБСӨЖ: 45 сағат
СӨЖ: 45 сағ.
Оқу семестрлері: V-VI
Емтихан: VI семестр
Түркістан - 2015
Силлабус «Жалпы медицина» мамандықтарының 01.12.2006 ж. № 582 бұйрықпен бекі-тілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және университет Сенатымен (26.06.2013 ж. № 6 хаттамасы) бекітілген негізгі оқу жоспары негізінде ҚР ДСМ (№ 11 хат-тама, 14.06.2007 ж.) «Медициналық және фармацевтик жоғары оқу орындарының және уни-верситеттегі медицина факультеттерінің кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды өң-деу» бойынша № 6 нұсқау хат талаптарына сәйкес дайындалған жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жасалған.
Силлабус «Адам патологиясы» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент _________________ Н.А. Жұманазаров
Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.
Хаттама №____"____" _____________ 2015 ж.
Комитет төрайымы, оқытушы _________________ Ү.А. Амирешова
Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.
Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.
Комитет төрайымы, магистр-оқытушы _________________ К.Б. Бураева
Оқытушылар туралы мәлімет:
Ә.Н. Темірбеков- медицина ғылымдарының кандидаты, доцент
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Экзогенді фокторлардың тәжірибеде иммундық, эндокриндік және репродуктивтік жүйелерге әсері.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 120-ден аса ғылыми еңбегі бар.
Байланыс ақпараты:ОҚО, Түркістан қаласы. Б. Саттарханов көшесі, № 3 медицина ғимара-ты, медицина факультеті, «Адам патологиясы» кафедрасы (272-бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 13-01). Ұялы тел.: 8701-476-48-62; e-mail: temirbekov58 @mail.ru
Н.К. Ходжаев – медицина ғылымдарының кандидаты
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы –
Индивидуальные метаболические особенности ор-ганизма и их влияние на механизм деструктивных изменений тканей при диффузных пора-жениях внутренних органов в эксперименте.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 35 ғылыми еңбегі бар.
Байланыс ақпараты:ОҚО, Түркістан қаласы, Б. Саттарханов көшесі, № 3 медицина ғимара-ты, медицина факультеті, «Адам патологиясы» кафедрасы (272-бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 13-01). Ұялы тел.: 8702-559-04-80; e-mail: n.k.khoja@mail.ru
М.Н. Таубекова – оқытушы, дәрігер акушер-гинеколог
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Экзогенді фокторлардың тәжірибеде иммундық, эндокриндік және репродуктивтік жүйелерге әсері.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 7 мақаласы бар.
Байланыс ақпараты:ОҚО, Түркістан қаласы, Б. Саттарханов көшесі, № 3 медицина ғимара-ты, медицина факультеті, «Адам патологиясы» кафедрасы (272-бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 13-01). Ұялы тел.: 8702-848-01-86; e-mail: m-a-h-p-a-l@mail.ru
Ж.І. Молдалиев - оқытушы, дәрігер-хирург
Байланыс ақпараты:ОҚО, Түркістан қаласы, Б. Саттарханов көшесі, № 3 медицина ғимара-ты, медицина факультеті, «Адам патологиясы» кафедрасы (272-бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 13-01). Ұялы тел.: 8747-574-13-84; e-mail: moldalievjasulan@mail.ru
Пәннің саясаты: Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің 2015-2016 оқу жы-лындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәй-кес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және сумма-тивті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәй-кес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10 % аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күн-де тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақ-тарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсау-лығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90 %-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгеруші-сінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
2.1.Кіріспе. Дәрігер мамандғын дайындауда тұрақты білімі мен тәжірибесінің қалыптасуы-ның негізгі шарты фундаменталды пәндерді клиникалық пәндердегі игерген тәжірибелік бі-лімі мен дағдыларының қосарланып, үйлесуі болып табылады.
Интеграцияланған бағдарлама өз алдына келесі талапты кояды. Жасөспірім ерекшелік-теріне байланысты ішкі мүшелердің, жүйелердің қалыпты қызметін білумен қатар сол қыз-меттердің ауытқуларын меңгеруді талап етеді.
Интеграцияланған бағдарлама бойынша студенттер ішкі мүшелердің қалыпты қызметі-нің ауытқуларын бөлек-бөлек алынған жүйе бойынша фундаментальды тәртіп негізінде оқып үйренеді.
Бағдарлама негізі адам ағзасының сегіз мүшелер жүйесінен құралған: жүрек-тамыр, ты-ныс алу, ас-қорыту, жүйке-жүйесі, несеп бөлу, эндокринді, тірек-қимыл мен тері және оның қосалқылары, қан жасау жүйесі.
Интеграцияланған тәртіп негізінде оқыту фундаменталды және клиникалық тәртіптер-дің әдістемелік нұсқауларды түбегейлі өзгертеді.
Әртүрлі мүшелер жүйесі бойынша оқыту екі нұсқада жүргізіледі.
1-кезең: анатомия-2, гистология-2, физиология-2, және ішкі аурулар пропедевтикасын оқы-ту.
Кезеңнің негізгі мақсаты: белгілі мүшелер жүйесінің анатомиясын және гистологиясын оқып-білу және ересектер мен жасөспірімдердегі осы мүшелер жүйесінің жұмысын қамтама-сыз ететін физиологиялық процестерді түсіндіру. Физикалық мәліметтерінің қалыпты жағ-дайдағы көрсеткіштерін жүйелеу, осы жүйенің толық физикалық зерттеуін жүргізуді үйрету.
2-кезең: патологиялық физиология-2, патологиялық анатомия-2 оқыту, визуалды диагнос-тика әдістерін үйрету, осы жүйе бойынша жиі кездесетін синдромдар кезінде қолданылатын фармакология препараттарын оқыту.
Кезеңнің негізгі мақсаты: Ересектерде және жасөспірімдерде жиі кездесетін синдромдар-дың патогенетикалық және патоморфологиялық механизмдерін студенттерге түсіндіру, физикалық зерттеу кезінде синдромдарды таба білуді, қосымша зерттеу әдістерін тағайын-дауды үйрету, алынған нәтижелерді интерпретациялау және синдромдық емді жүргізуді үйрету.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Салыстырмалы үлестірілімі |
Б 1.1. | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ(1) БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибек жүзінде қолданады. | 0,7 |
Б 1.2. | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ(1) АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ: зерттеу сұрағын дұрыс құра алады, дереккөздерді іздей алады, әдеби дереккөздерге сын көзімен баға береді, әсерлі презентация жасай алады, компьютер технологияларын қолдана біледі. | 0,2 |
Б 3.3. | КӘСІБИ ТҰЛҒА (1) ТОПТА ЖҰМЫС ЖАСАУ: топта жұмыс жасау қабілетін көрсетеді. | 0,1 |
2.2. Пәннің мақсаты: Фундаменталды және клиникалық интеграция негізінде студенттерге жүйелер бойынша (жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, ас-қорыту, несеп бөлу, эндокрин-ді, жүйке жүйесі, тірек-қимыл, қан жасау) қалыпты және патологиялық жағдайларды салыс-тыруды, негізгі синдромдардың түзілу механизмдерін үйрету болып табылады.
2.3. Оқытудың мақсаттары:
1-кезеңде:
-
Ересектер мен балалардағы жүрек-тамыр, тыныс алу, ас-қорыту, несеп бөлу, эндокринді, жүйке жүйесінің, тірек-қимыл, қан түзу жүйелерінің ауытқуларын зерттеу әдістерін үйрету:
2-кезеңде:
-
Фундаменталды және клиникалық интеграция негізінде студенттерге жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу, асқорыту, несеп бөлу жүйке жүйесі, тірек-қимыл,эндокринді қан түзу жүйелері-нің негізгі патологиялық синдромдарды түсіндіру.
2.4 Оқудың соңғы нәтижесі:
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі) |
Б 1.1. | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ(1) БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: |
Есте сақтау: Аурудың этиологиясын, патогенездік механизмдерін, симптомдар мен синдромдарды есте сақтайды. Түсіну: Аурулардың пайда болу жолдарын, дамуын және аяқталу патогенезінің ерекшеліктерін түсінеді. Қолдану: Студент күнделікті сабақтан және дәрістен алған білімдерін үнемі қолданады.
Дәлдік: Ситуациялық есептердің шешімін және жануарларға жасалатын тәжірибелерді дәл орындай алады.
Қабылдау: Берілген тапсырмаларды дұрыс қабылдайды. Құндылықтарды үлестіру: Алған білімдерін клиникалық пәндерді меңгеру кезінде және келешектегі емдеу, алдын-алуды дәрігер іс-әрекетінде қолданудың құндылығын біледі. |
Б1.2. | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ(1) АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ: |
Есте сақтау: Сабақта айтылған ақпараттарды есте сақтай алады. Қолдану: Студент күнделікті жаңа мәліметтерді алып, ол ақпаратты сабақ барысында қолдана біледі.
Дәлдік: Ақпараттарды презентация жасауда дәл қолдана біледі.
Қабылдау: Берілген ақпаратты дұрыс қабылдайды. Жауап беру: Ақпаратқа сәйкес жауап бере алады. Құндылықтарды үлестіру: Алған ақпараттардың клиникалық пәндерді меңгеру кезінде және де келешектегі емдеу, алдын-алуды дәрігер іс-әрекетінде қолдану барысындағы құндылығын біледі. Ұйымдастыру: Студент сабаққа қажет ақпаратты қалай жинайтынын біледі, оны тәжірибелік сабақтарда қолданып ұйымдастыру қабілетін көрсете алады. |
Б3.3. | КӘСІБИ ТҰЛҒА (1) ТОПТА ЖҰМЫС ЖАСАУ: |
Түсіну: Кіші топтармен жұмыс жасау барысында орындалатын іс-әрекеттерді түсінеді және түсіндіре біледі. Қолдану: Студент күнделікті сабақтан және дәрістен алған білімдерін өзіндік жұмыстарын қорғау кезінде қолданады.
Құндылықтарды үлестіру: Топпен жұмыс кезінде түсінген ақпараттарын жеткізіп, тақырыптың маңыздылығын ашып құндылықтарды үлестіре алады. |
Оқытудың соңғы нәтижелерінің талқылануы:
Студент білуі тиіс:
-
Жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу, асқорыту, несеп бөлу жүйке жүйесі, тірек-қимыл, эндокринді қан түзу жүйелерінің өзгерістерінің механизмдерін білу.
Тыныс алу мүшелерінің келесі патологиялық синдромдарынды білуі тиіс.
- өкпе тінінің тығыздалуы:
- өкпеде қуыстың болуы
- бронхтық өткізгіштің бұзылуы.
- тыныс алу жетіспеушілігі (жедел және созылмалы)
Ас қорыту мүшелерінің келесі патологиялық синдромдарынды білуі тиіс.
-Дисфагия синдромы.
- Асқазан және ішектік диспепсия синдромдары.
- Сіңірілудің бұзылу синдромы.
- Өңеш- асқазан- ішектен қан кету синдромы.
- Бауыр жетіспеушілік синдромы.
- Сарғаю синдромы.
- Ұйқы безінің сыртқы секрециясының жетіспеушілік синдромы.
Қан түзу жүйелерінің келесі патологиялық синдромдарынды білуі тиіс.
- дефицитты анемиялар
- Геморрагиялық синдром;
- миело- и лимфопролиферативті синдром.
Нерв жүйесінің келесі патологиялық синдромдарында қолданылатын дәрілік препараттарды:
- ишемиялық және геморрагиялық инсульт;
- құрысу синдромы;
- ми қабаттарының зақымдалу синдромы (менингит).
Тірек-қимыл жүйесінің патологиялық синдромдарынды білуі тиіс
Жүрек-тамыр жүйесінің келесі синдромдарынды білуі тиіс
- қосжармалы және қолқа қақпақтарының зақымдалуы
- тәждік жетіспеушілік (жедел және созылмалы)
- эссенциальды артериялық гипертензия және гипотензия
- жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілік (сол қарыншалық және оң қарыншалық)
- жедел тамыр жетіспеушілік (талма, коллапс, шок)
Несеп бөлу жүйесінің келесі патологиялық синдромдарында қолданылатын дәрілік препараттарды:
- нефротикалық,
- нефритикалық,
- зәр өзгерісі,
- бүйректік артериалық гипертензия синдромы,
- бүйрек жетіспеушілік синдромы (жедел және созылмалы),
- жыныстық дамудың бұзылысы.
Студент істей алуы тиіс:
-
Жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу, асқорыту, несеп бөлу жүйесі, тірек-қимыл,эндокринді қан түзу жүйелерінің патологиялық өзгерістерін тәжірибелік жануарларға жасауы тиіс.
2.5. Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:
Пәннің алғы реквизиттері: биохимия, медициналық биофизика, молекулярлы биология және медициналық генетика, анатомия-1, гистология-1, физиология-1.