Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5497

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

81

 

тератогендік  (гр.  teratos-  кемтар)  әсерлері  жақсы 
зерттелген.  Ол  дәрілердің  әсерлерінен  ұрықтың  пішін 
қалыптастыруы  бұзылуымен  байланысты  болады  және  тұтас 
ұрықтың  немесе  оның  жекелеген  ағзалары  мен  тіндерінің 
даму  ақаулары  пайда  болуымен  көрінеді.  Дәрілердің 
тератогендік  әсері  ең  алғаш  көңіл  қобалжуын  басатын, 
ұйықтатын  дәрі  талидамидті  жүкті  әйелдер  қабылдаудан 
бірнеше мың балалар ұрық даму ақауларымен туылғанда бірақ 
белгілі  болды.  Содан  1961  жылдан  бастап  барлық  жаңадан 
шығарылған 

дәрілер 

осы 

әсеріне 

міндетті 

түрде 

тексеріледі.  

Дәрілердің  тератогендік  әсеріне  эмбрионның  тез  өсіп-

өнетін  жасушалары,  әсіресе  орталық  жүйке  жүйесінің 
жасушалары,  өте 

сезімтал  болады.  Баланың  ақыл-есі 

дамуының  ауытқулары  нейрондарда  ДНК,  РНК,  нәруыз  түзілуі 
бұзылыстарына  әкелетін  рибосомалардың,  АТФ  түзіліне 
жауапты митохондрийлардың  бүліністерінен дамиды. 

Ұрыққа тератогендік әсердің түрлері: 
● дәрінің химиялық құрамына; 
● оның бала жолдасы арқылы өткен мөлшеріне; 
● ұрық даму кезеңіне; 
● 

бұл 

дәріге 

ұрық 

ағзалары 

мен 

тіндерінің 

сезімталдығына - байланысты болады. 

Ұрық  дамуына  теріс  әсер  ететін  дәрілерге:  өспелерді, 

қояншық  ұстамаларын  емдейтін  дәрілер,  барбитураттар, 
гормондар,  антибиотиктер,  құрттады  жоятын  дәрілер  т.б. 
жатады.  Оларды:  ұрықты  тікелей  бүліндіретін  (уытты  әсер 
ететін) және салдарлық немесе гормондар мен витаминдердің 
алмасуын  бұзып,  артынан  әсер  ететін  –  деп  екі  топқа 
ажыратады.  Біріншілеріне  талидомид,  сынаптың  органикалық 
қоспалары, тетрациклин, стрептомицин жатады. Екінші топқа 
тератогендік әсер ету мүмкіндігі бар заттар: циклофосфан, 
тиофосфамид, 

допан, 

миелосан, 

левомицетин 

т.с.с 

алкилдейтін  заттар,  варфариннің  натрий  тұзы,  қояншықты 
емдейтін 

дәрілер, 

қантты 

диабетті 

емдейтін 

сульфаниламидтер,  кортикостероидтар,  туберкулезге  қарсы 
дәрілер, хинин, салицилаттар жатады. 

Дәрілер іштегі бала жолдасы арқылы енжар түрде жайылып 

немесе 

белсенді 

түрде 

тасымалданып 

ұрыққа 

өтеді. 

Тератогендік 

әсерден 

дамитын 

ауытқулардың 

түрлері 

организмдегі  дәрінің  алмасу  ерекшеліктеріне  байланысты 
болады.  Өспелерге  қарсы  дәрілер  жасушалардың  өсіп-өнуін 
тежеу  арқылы  тератогендік  әсер  етеді.  Аминоптерин  мен 
метотрексат  ұрық  организмінде  фолий  қышқылы  алмасуын 
бұзып,  баланың  бет  аумағының  ауытқуларына  әкеледі. 


background image

 

82

 

Андрогендер,  эстрогендер  және  антитиреоидтық  дәрілер 
ұрықта 

гормондық 

бұзылыстар 

туындатады. 

Мәселен, 

андрогендерді  қабылдау  іштегі  қыз  баланың  еркек  пішінін 
қабылдауын, 

хромосомалардың 

ауытқуларын 

дамытады, 

кортикостероидтар  ұрықта  бүйрек  үсті  бездерінің  дамуын 
әлсіретеді.  

Селкілдекке 

қарсы 

дәрілерді 

(фенобарбитал, 

триметадион,  диметилгидантоин  т.б.)  қабылдаған  жүкті 
әйелдерден 

жырық 

таңдаймен, 

жүрек 

ақауларымен, 

қыликөздікпен,  ішек-қарын  және  жыныс-несеп  жүйелерінің 
т.б.ақауларымен туылатын балалар жиі кездеседі. 

Кейбір  дәрілер  ұрықтың  ағзалары  мен  мүшелері  дамуына 

әсер  етпей,  оған  уытты  әсер  етуі  мүмкін.  Ондай  әсер 
тератогендік 

делінбей 

уытты 

әсер 

делінеді. 

Олар 

жүктіліктің  бастапқы  12-аптасында  болса 

эмбрионға  уытты

ал  одан  кейінгі  кезеңде  болса 

фетоуытты 

әсер  деп 

ажыратылады.  Дәрінің  эмбрионға  уытты  әсері  ұрықтанудың 
бірінші тәуліктері мен апталарында дамиды. Осыдан ұрықтың 
жатыр  қабырғасына  бекуі  (1-2  апта)  және  бала  жолдасының 
қалыптасуы  (3-ші  апта)  бұзылады.  Содан  жүктілік  дамымай, 
түсік тастаумен аяқталады. Бұл әсер дәрінің мөлшерлерінен 
немесе  әйелдердің  оны  азды-көпті  ұзақ  қабылдауларынан 
дамиды. 

Дәрілердің 

эмбрионға 

уытты 

және 

тератогендік 

әсерлерінің  жалпы  тетіктері. 

Дәрілер  мына  жолдармен  әсер 

етулері ықтимал: 

● д

әрілер табиғи зат алмасу  өнімдерімен

 

 бәсекелестік 

байланыстарға  еніп,  витаминдердің  алмасуын  бөгейді, 
жасуша  қабықтарының  өткізгіштігін  көтереді,  олардың 
ядроларын, рибосомалары мен митохондрийларын бүліндіреді. 
Осыдан  ұрықта  АТФ,  нуклеин  қышқылдарының,  нәруыздардың 
түзілістері  өзгеріп,  мүшелер  мен  ағзалардың  қалыптасуы 
бұзылады; 

● 

дәрілер  ұрық  дамуын  энергиямен  қамтамасыз  етілуін 

бұзып,  ұрық  жасушалары  мембраналарының  тасымалдық  және 
тосқауылдық қызметтерін өзгертіп, оларда иондық дисбаланс 
туындатады.  Осыдан  жасушалардың  сусыздануы  немесе  ісініп 
кетуі,  мембраналық  электр  потенциалы  өзгеруі    ұрық 
жасушаларының  бүліністеріне,  мүшелер  мен  ағзалардың 
қалыптасуы бұзылыстарына әкеледі; 

● 

дәрілер 

табиғи 

өнімдермен 

(глюкурон, 

күкірт 

қышқылдарымен),  әлбуминдермен  бәсекелестік  байланыстарға 
қосылып, 

микросомалық 

ферменттердің 

белсенділігін 

әлсіретеді.  Содан  әрі  сырттан  түскен,  әрі  организмде 
пайда  болған  уытты  заттардың  ыдыратылып  сыртқа  шығарылуы 


background image

 

83

 

нашарлайды  да,  ұрықтың  уыттануы  дамып,  оның  денесі 
қалыптасуы бұзылады; 

● дәрілер анасы мен ұрық денелерінде ішке сөлденістік 

бездердің 

қызметтеріне 

әсер 

етіп, 

бала 

денесінің 

қалыптасуының күрделі гуморалдық реттелуін бұзады. 

Дәріге тұрақтылық. 

Дәріге  организмнің  тұрақтылығы  –  деп  оның  емдік 

қасиеті,  организмге  қауіпті,  зиянды  әсерлерге  әкелетін, 
үлкен 

дозалардан 

болғанда 

ғана 

айтады.Ол 

дәріге 

тұрақтылық 

емес, 

организмнің 

дәріге 

даралық 

сезімталдығының  төмендеуінен  дамиды.  Сол  себептен  дәріге 
тұрақтылық 

негізінен 

ауру 

туындатқан 

микробтарға 

(бактерияларға) қатысты айтылады. 

Микробтардың  дәріге  тұрақтылығы  - 

антибиотиктердің 

немесе  басқа  микроб  жойғыш  дәрілердің  көп  мөлшерлеріне 
қарамай  бактериялардың  тіршілігін  тоқтатпай,  сақтап  қалу 
қабілеті. 

Ол, 

қарапайым 

жәндіктер 

мен 

майда 

саңырауқұлақтарға қарағанда, бактерияларда жиі байқалады. 
Ал  вирустардың  антибиотиктер  мен  басқа  химиотерапиялық 
заттарға сезімталдығы болмайды. 

Микробтардың  өздерінің  тектік  құралдарының  құрылымы 

мен  қызметтерін  өзгертіп,  антибиотиктерге,  химиялық 
заттарға  және  фагоцитозға  төзімді  бола  алатыны  бүгінгі 
күні  кеңінен  дәлелденді.  Дәрілерге  олардың  тұрақтылығы 
гендік  құралдарының  өз  беттерінше  немесе  белгілі  бір 
түрткілерден  кейін  өзгерістерге  (мутацияға)  ұшырауынан, 
немесе  бактерияларға  қарсы  дәрілерді  ыдыратып  жіберетін 
ферменттер түзіп шығару қабілетіне байланысты дамиды. 

Қоршаған 

ортаның 

өзгерістері, 

оған 

бейімделуге 

бағытталған,  микробтардың  да  зат  алмасуларын  өзгертеді. 
Пайда  болған  өзгерістер,  оларды  өзгерткен  ықпал  жоғалған 
соң да, бірнеше микробтардың буындарында сақталып қалады. 
Содан  көптеген  антибактериялық  дәрілерге  микробтардың 
төзімділігі  байқалады.  Осындай  жағдай  бүгінгі  күні 
туберкулездің  микобактерияларында  өте  жиі  кездеседі.  Ол 
мына себептерден дамуы мүмкін: 

● 

науқастардың 

тұрақты 

түрде 

дәрі-дәрмектермен 

қамтамасыз етілмеуінен; 

● науқас адамдардың дәрілерді ұдайы қабылдамауынан; 
● 

медицина 

қызметкерлерінің 

дәріні 

дұрыс 

тағайындамауынан немесе оны қабылдауды бақыламауынан; 

● 

туберкулез 

микобактерияларының 

дәріге 

төзімді 

түрлерін  бөліп  шығаратын  науқастармен  сау  адамдардың 
тығыз  қарым-қатынастарда  болуынан.  Осылардың  нәтижесінде 
көп дәрілерге төзімді туберкулез дамиды. 


background image

 

84

 

Дисбактериоз. 

Өте  белсенді  антибиотиктер  және  басқа  антибактериялық 

дәрілер  қабылдаудан  организмдегі  қалыпты  жағдайларда 
болатын 

бактериялардың 

құрамы 

өзгереді. 

Содан 

дисбактериоз дамиды, жұқпалардың өршіп кетуі байқалады. 

Дисбактериоз 

көптеген

 

антибиотиктерді, 

сульфаниламидтерді  немесе  нитрофурандарды    ұзақ  уақыт 
ішуден  ішектерде  әдетте  болатын  микробтардың  саны  мен 
сапасы  өзгеріп  кетуімен  көрінетін  организмнің  жағдайы. 
Қалыпты  жағдайларда  болатын  микробтар  дерттуындататын 
микробтардың өсіп-өнуін тежейді.  

ЖАЛПЫ ПАТОГЕНЕЗ

 

Патогенез (гр. раtһоs — бүліну, ауру, gеnеsіs  — даму) 

аурудың  даму  жолдарының  жалпы  заңдылықтарын,  оның  өтуі 
мен 

салдарларын 

зерттейтін 

ілім.

 

Ол 

аурудың 

этиологиясымен  өте  тығыз  байланысты.  Бұл  кезде  дене 
мүшелерінің кез-келген бөлшектерінде организмнің себепкер 
ықпалмен  өзара  әсерлері  нәтижесінде  алғашқы  бүліністер 
пайда  болады.    Қандай  да  болмасын  дерттің  негізінде 
белгілі  құрылымдық  өзгерістер  жатады.  Бұл  бүліністерге 
организм жағынан жауап ретінде қорғану-икемделу үрдістері 
дамиды.  Аурудың  даму  кезінде  бүліну  және  қалпына  келу 
үрдістері тығыз байланыста және өзара әсер етуде болады.  

Себепкер  ықпалдың  қарқыны  тым  қатты  болғанда  немесе 

олар  ұзақ  мерзімде  әсер  еткенде  организмнің  қорғану-
икемделу  жолдары  жеткіліксіз  болады.  Қорғану-икемделу 
жолдары  ауруға  организмді  азды-көпті  бейімдеп  тұрғанда 
аурудың 

теңгерілген 

сатысы

 

болса, 

кейін 

олардың 

жеткіліксіздігі 

кезінде 

аурудың 

теңгерілмеген 

(декомпенсациялық) сатысы

 дамиды.  

  

Патогенездің негізгі және ең жалпы зандылығы — өзін-

өзі  дамыту,  өзін-өзі  реттеу  заңдылығы  болып  табылады

Демек,  дерт  бір  кезде  пайда  болып,  содан  ары  қарай 
тізбектеліп    өтетінін  көрсетеді.  Мәселен,  басталған 
сыздауық  немесе  теріскен  барлық  сатыларынан  өтпей 
аяқталмайды.  

Ауру ұдайы дамып, өзгеріп, құбылып тұратын динамикалық 

үрдіс.  Осыған  байланысты  аурудың  әрбір  даму  сатыларына 
сәйкес  «себеп-салдарлық»  арақатынастар  пайда  болады. 
Мәселен, дененің жарақаттануы бүлінген тіндердің сезімтал 
рецепторларын  қоздырып,  ауыру  сезімталдығына  әкеледі. 
Ауыру  сезімі  орталық  жүйке  жүйесінде    қантамырларының 
қимылдық  орталығын  әлсіретеді,  содан  артериалық  қан 
қысымы төмендейді. Артериалық қан қысымы төмендеуі қанмен 
оттегінің  тасымалдануы  бұзылуына,  тіндерде  оттегінің 
жеткіліксіздігіне 

(гипоксияға) 

әкеледі. 

Ары 

қарай 


background image

 

85

 

гипоксия  зат  алмасу  үрдістерінің  бұзылуына,  қышқылдық-
сілтілік  үйлесімділіктің  метаболизмдік  ацидоз  жағына 
ығысуына т. с. с. өзгерістерге әкеледі. 

Бұл  көрсетілгендер  жарақаттану  дертінің  патогенезіне 

жатады.  Мұнда  алғашқы  бірінші  себепкер  ықпал  болып 
жарақаттану  есептеледі,  оның  салдары  ауыру  сезімі. 
Артынан  ауыру  сезімі  қан  айналымының  бұзылыстарына 
себепкер  ықпал  болады.  Қан  айналым  бұзылыстары  гипоксия 
дамуына  әкеледі.  Осылай  жарақаттық  ауру  дами  береді. 
Сонымен,  бірінші  себеп,  белгілі  бір  салдарға  әкеліп, 
екінші  реттегі  себептің  пайда  болуына,  екінші  себеп 
үшінші  реттегі  себептің  дамуына  әкеліп,  дерт  ары  қарай   
тізбектеліп 

өтеді. 

Аурудың 

дамуындағы 

осындай 

арақатынастарды 

себеп-салдарлық арақатынастар

 дейді. 

Аурудың патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері. 

Аурудың 

өзін-өзі 

дамыту 

және 

өзін-өзі 

реттеу 

жолдарындағы себеп-салдарлық арақатынастарда кері айналып 
соғу  шеңбері  қалыптасуының  маңызы  үлкен. 

Кері  айналып 

соғу  шеңбері  (грек.  –  Circulus  vitiosus)  –  деп  аурудың 
себеп-салдарлық  арақатынастарындағы  бір  салдардың,  кері 
айналып  келіп,  бастапқы  бір  себепті  одан  сайын  күшейтуін 
айтады.

  Мәселен,  жарақаттық  сілейме  даму  жолдарында 

артериалық  қысым  төмендеуінен  дамитын  гипоксия  жүрек 
етінде 

заттардың 

алмасуын 

бұзып, 

оның 

атқаратын 

міндеттемесін 

өзгертеді. 

Содан 

артериалық 

қысымның 

төмендеуі  және  майда  қан  айналымның  бұзылыстары  одан 
сайын  күшейеді.  Осындай  жағдай  мидың  гипоксиясынан  қан 
тамырларының 

қимылдық 

орталығының 

тежелуі 

күшейіп, 

артериалық  қысымның  деңгейін  одан  сайын  төмендетеді.  Ол 
өз  алдына  гипоксия  дамуын  ары  қарай  күшейтеді.  (2-
сызбанұсқаны қараңыз).  

 

2- сызбанұсқа 

Жарақаттану дертінің патогенезіндегі кері айналып соғу 

шеңбері