Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5505

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

96

 

бронхиалық  демікпе  ауруларының  ұстамалары  белгілі  бір 
сыртқы  орта  жағдайларында  басталса,  артынан  ешбір  сыртқы 
әсерсіз-ақ, осы жағдайларда бұл үстамалар қайталана беруі 
мүмкін. 

 Жүйке 

жүйесінде 

тежелу 

үрдісі 

басым 

болғанда 

қабынудың  өтуі  баяулайды,  керісінше,  қозу  үрдісі  оны 
тездетеді.  Наркоз  кезінде  немесе  адам  қатты  үйқыда  (мас) 
болғанда электр ағымының бүліндіргіш әсері әлсірейді. 

Сонымен  бірге  адамды  иландыру  арқылы    дерт  дамуына 

тосқауыл қойып немесе одан сауықтыруға болады.  

Мидың  лимбикалық  жүйесі  эмоцияның  орталығы  болып 

есептеледі.  Сол  себептен  қатты  үрей,  қорқыныш,  қуаныш 
сезімдері  тұлғаның  реактивтілігіне  әсер  етіп,  кейде 
дерттің пайда болуына әкелсе, кейде оны азайтады. 

Даралық  реактивтілікте  мидағы  гипоталамустың  маңызы 

өте  үлкен.  Мәселен,  гипоталамустың  астына  шыны  шарик 
тігілген  жануарлардың  өкпесінде,  ішек-қарын  жолдарында 
жиі  дистрофиялық  өзгерістер  пайда  болады.  Гипоталамуста 
дербес  (вегатативтік)  жүйке  жүйесінің  және  эндокриндік 
бездердің  реттеуші  орталықтары  орналасуынан  олардың 
қызметтері өзгереді. 

Жұлынның 

бүліністері 

де 

даралық 

реактивтіліктің 

өзгерістеріне  әкеледі.    Мәселен,    жұлыны  үзілген 
көгершіндер 

қалыпты 

жағдайда 

ауырмайтын, 

күйдіргі 

ауруымен ауырады. 

Даралық 

реактивтілік 

дербес 

жүйке 

жүйесінің 

жағдайларына  да  байланысты.  Мәселен,  парасимпатикалық 
жүйке  жүйесін  қоздырғанда  антидене  өндірілуі  артады, 
бауырдың 

уытсыздандыру 

және 

тосқауылдық 

қызметтері 

көтеріледі. 

Симпатикалық 

жүйке 

қозғанда 

фагоцитоз 

күшейеді, зат алмасу артады.  

Организмде  жүйке  жүйесі  нәрленістік  (трофикалық) 

қызмет  атқарудан,  ағзалар  мен  тіндердің  жүйкеленулерінің 
бұзылыстары оларда дистрофиялар дамуына әкеледі. 

Эндокриндік  жүйенің  әсері.

  Қоздырғыштардың  әсерлеріне 

жеке  тұлғалардың  жауап  қайтару  қабілеті  эндокриндік 
жүйенің  ерекшеліктеріне  де  байланысты.  Оның  ішінде 
гипофиздің,  бүйрек  үсті  бездерінің,  қалқанша  және  үйқы, 
жыныс 

бездерінің 

маңызы 

үлкен. 

Глюкокортикоидтық 

гормондар 

қабынуға 

қарсы 

әсер 

етеді, 

минералокортикоидтар, 

керісінше, 

қабынуды 

күшейтеді. 

Сонымен бірге гипертиреоз кезінде қабыну өте қатты өтеді, 
ал  гипотиреоз  кезінде  ол  тым  сылбыр,  баяу  болады. 
Гипертиреоз  кезінде  жануарлардың  жұқпаларға,  уларға  және 
анафилаксияға  сезімталдығы  көтеріледі.  Қантты  диабет 


background image

 

97

 

кезінде  реактивтілік  қатты  төмендейді,  денедегі  жаралар 
ұзақ  уақыт  бітпейді,  терінің  ұсақ  іріңді  қабынулары 
байқалады, жиі туберкулез дамиды. 

Иммундық 

жүйенің 

әсері.

Организм 

реактивтілігінде 

иммундық  жүйе  жағдайларының  маңызы  үлкен.  Иммундық 
жүйенің тұа біткен немесе жүре пайда болған тапшылықтары, 
әртүрлі  сыртқы  орта  ықпалдарынан  оның    тежелуі  - 
организмнің  реактивтілігін  қатты  өзгертеді    (Иммундық 
жүйенің бұзылыстарын қараңыз). 

 Организмнің реактивтілігінде 

дәнекер тіндердің

 де зор 

маңызы  бар.  Олар  макрофагтар  жүйесін  қалыптастырады. 
Осыдан  келіп  фагоцитоздық  әсер,  жараның  жазылу  қарқыны, 
тосқауылдық 

және 

уытсыздандыру 

қызметтері 

дәнекер 

тіндерінің жағдайларымен байланысты болады.  

 Организм 

реактивтілігіне 

адамның 

қоректенуінің 

бұзылыстары  да  үлкен  әсер  етеді.  Толық  ашығу  және  асқа 
жарымау  реактивтілікті  төмендетеді.  Бұл  кездерде  қабыну 
сылбыр  өтеді,  антидене  өндірілуі  төмендейді,  көптеген 
аурулардың 

өтуі 

баяулайды, 

анафилаксиялық 

жағдай 

дамымайды. Көптеген жұқпалы аурулар дене қызуы көтерілмей 
және  қабынулық  өзгерістерінсіз  ауыр  түрде  өтеді.  Тағамда 
нәруыздардың 

жетіспеуі 

жұқпалар 

мен 

уыттануларға 

организмнің 

төзімділігін 

төмендетеді. 

Витаминдердің, 

микроэлементтердің 

жетіспеулері 

де 

организмнің 

реактивтілігін қатты өзгертеді.

 

Сыртқы  орта  ықпалдарының  маңызы. 

Организмнің  даралық 

реактивтілігінде  сыртқы  орта  ықпалдарының  да  маңызы 
үлкен. 

Мәселен, 

суық 

қанды 

жануарлардың 

дене 

температурасын  көтеру  арқылы  олардың  реактивтілігін 
жоғарылатуға  болады.  Бұл  жағдайларда  кесірткелерде, 
қалыпты  жағдайларда  дамымайтын,  анафилаксияны,  бақаларда 
сіреспені  (столбняк),  камфоралық  эпилепсия  ұстамасын 
алуға  болады.  Дене  температурасын  төмендету  (гипотермия) 
арқылы  гипоксияға,  механикалық  жарақаттың  әсерлеріне 
организмнің төзімділігін көтеруге болады. 

Сыртқы 

ортаның 

адамға 

әсер 

етуі 

әлеуметтік  

ықпалдармен    қабаттасады.  Қазіргі  өндірістерде  —  «адам-
машина»  сияқты  жаңа  арақатынастардың  пайда  болуына 
байланысты  адам  организмінің  реактивтілігі  өзгереді. 
Өндірістік  үрдістердің  қарқынына  адамның  ілесе  алмауы 
себепті  әртүрлі  жан-дүниелік  өзгерістер,  жарақаттанулар 
пайда 

болуы 

мүмкін. 

Жұмыста 

және 

отбасында 

микроәлеуметтік 

қатынастардың 

бұзылуы 

адамда 

ойсоққылықтар  (эмоциялық  стресстер)  дамытады.  Бұлардың 
барлығы  организм  реактивтілігінің  өзгеруіне  әкеледі. 


background image

 

98

 

Сонымен  қатар  сыртқы  ортаның  иондағыш  сәулелермен, 
химиялық 

улы 

заттармен 

ластанулары 

организм 

реактивтілігіне 

үлкен 

әсер 

етеді. 

Автокөліктердің 

шығаратын  улы  газдарының  зардабынан  адамдардың  вирустар 
мен  микробтарга  қарсы  төзімділігі  азаяды.  Осыдан    ірі 
қала тұрғындарының арасында тыныс жолдары мен өкпе, жүрек 
аурулары жиі кездеседі. 

 Әлемде  жылына  1  миллионнан  астам  тонна  пестицидтер 

өндіріледі.  Хлорорганикалық  пестицидтер  сыртқы  ортада  10 
жылдан  астам  ыдырамай  сақталып  қалады.  Адам  денесіне 
түсіп  олар  барлық  ағзалардың  қызметтерін  бұзады.  Адам 
денсаулығына 

тигізетін 

олардың 

зияндары, 

кейбір 

ғалымдардың  пікірлері  бойынша,  радийбелсенді  заттардың 
зардабынан бірде-бір кем түспейді. 

Даралық реактивтілік адамның 

жасына 

байланысты болады. 

Осыдан: ерте балалық жастағы реактивтіліктің төмен болуы, 
организмнің 

кемелденуіне 

байланысты 

реактивтіліктің 

жоғарылауы  және  қартайған  организмнің  реактивтілігі 
қайтадан төмендеуі байқалады.  

Ерте  балалық  шақтағы  реактивтіліктің  төмен  болуы  мына 

жағдайларга байланысты: 

●  сыртқы  және  ішкі  биологиялық  тосқауылдардың  толық 

жетілмеуіне; 

● жүйке және эндокриндік жүйелердің жетілмеуіне; 
● иммундық жүйенің толық дамымауына. 
 
 

Табиғи биологаялық тосқауылдардың жетілмеуі 

нәтижесінде

♣  әртүрлі  ауру  туындататын  қоздырғыштар  (микробтар, 

уыттар,  улар,  иондағыш  сәулелер  т.  б.)  организмге    жеңіл 
өтіп кетеді; 

♣ жұқпалар мен уытты заттар, бір жерде ұсталып 

тұрмай, бүкіл денеге тарап кетеді; 

♣  улы  заттарға,  дәрілерге  организмнің  сезімталдығы 

көтеріледі. 

Жүйке және эндокриндік жүйелердің жетілмеуінен: 

♣  мида  гипоталамус,  торлы  құрылым,  көру  төмпешігі 

және  мидың  сыртқы  қыртысы  өзара  функциялық  қарым 
қатынасқа  бірікпеген.  Олардың  бұлай  бірігуі  туғаннан 
кейін  4  айдан  соң  ғана  қалыптасады.  Көру  төмпешігінде 
ауырусыну орталығының және оның шеткері қабылдағыштарының 
толық  жетілмеуінен    жаңа  туған  нәрестелерде  ауыру  сезімі 
әлсіз болады; 

♣ 

жүйкелік-рефлекстік 

жолдармен 

дамитын 

икемделістік-бейімделістік  серпілістердің  жеткіліксіздігі 


background image

 

99

 

байқалады;  Қан  тамырларының  жүйкелік-рефлекстік  реттелуі 
жетілмеуінен  нәрестелердің  дене  қызымы  сыртқы  ортаның 
температурасына  байланысты  болып,  ол  жоғары  болғанда 
қатты  көтеріліп,  суық  болғанда  төмендеп  кетеді.  Осы 
себептен олар қансырауға да өте сезімтал болады;  

♣  мидың  сыртқы  қыртысы  толық  жетілмеуінен  және  оның 

қыртыс 

асты 

орталықтарға, 

жұлынға 

тежегіш 

әсері 

болмауынан әртүрлі қоздырғыштарға нәрестелердің организмі 
шашыранды тараған серпілістермен жауап қайтарады. Сонымен 
бірге  жүйке  талшықтарының  көпшілігі  миелин  қабығымен 
қапталмаған.  Мидың  сыртқы  қыртысының  қозымдылығы  төмен 
болып,  онда  тежелу  үрдісі  басым  болады  және  ол  тез 
қалжырап  қалады.  Тіршілікке  қажетті  үрдістер  қыртыс  асты 
құрылымдардың  басым  қатысуымен  атқарылады.  Сондықтан 
әртүрлі  ықпалдар  жүйкелік  үрдістердің  бүкіл  денеге  кең 
тарауын  туындатады.  Осыдан  жаңа  туған  нәрестелердің 
дерттері, 

бір 

жерге 

орнықпай, 

организмнің 

жалпы 

өзгерістерімен:  жалпы  қобалжумен,  баланың  жылауымен, 
тырыспа-селкілдек  дамуымен,  құсумен,    ауыру  сезімінің 
ауырған жерге орналаспай, бүкіл денеге тарауымен т. с. с. 
аурудың жалпы көріністерімен көрінеді; 

♣  гипоталамус-гипофиз-бүйрек  үсті  бездері  жүйесінің 

жетілмеуі  нәтижесінде  организмнің  бейімделу  қабілетінің 
төмен 

болуы 

байқалады. 

Жаңа 

туған 

нәрестелердің 

гемолиздік  ауруы  кезінде  бүйрек  үсті  бездерінің  қызметі 
әрдайым  жеткіліксіз  болады.  Өйткені  эритроциттердің 
гемолизінен  босаған  гемоглобиннен  түзілген  тура  емес 
билирубин,  бүйрек  үсті  бездерінің  жасушаларында  жиналып, 
оларда  тотығу-фосфорлану  үрдістерін  ажыратады.  Осыдан 
қоршаған  ортаның  жағдайларына  организмнің  бейімделуіне 
қажетті кортикостероидтық гормондардың түзілуі бұзылады. 

Иммундық жүйенің жеткіліксіздігінен: 

♣ 

иммундық 

жүйенің, 

әсіресе 

оның 

гуморалдық 

тетіктерінің,  қалыптасуы  мен  дамуы  жеткіліксіз  болуынан 
жас  балалар  жұқпалы  және  вирустық  аурулармен  аурушаң 
келеді.  Сонымен  бірге  жаңа  туған  нәрестелерде,  әсіресе 
шала 

туған 

балаларда, 

төзімділіктің 

арнайыланбаған 

тетіктері    де    жетілмейді.  Мәселен,  олардың  қанының 
бактерицидтік  қасиеті  төмен  болады.  Туғаннан  кейінгі 
алғашқы 

апталарында 

олардың 

қанында 

лизоцим 

және 

комплемент өте аз болады. Сондықтан терісінің тосқауылдық 
қызметі  біршама  болғанына  қарамай,  олардың  денесінде 
бактериялар  тез  өсіп-өніп  кетеді.  Оларда  фагоцитозда  жиі 
аяқталмаған 

болады, 

екі 

жасқа 

дейінгі 

балаларда 

интерферон өте аз мөлшерлерде өндіріледі. 


background image

 

100

 

♣  жаңа  туған  нәрестелердің  алғашқы  екі  айларында 

аллергеннің 

әсеріне 

елеулі 

аллергиялық 

серпілістер 

байқалмайды.  Оларда  аллергиялық  серпілістер  ішек-қарын 
жолдарының  бұзылыстарымен  (құсумен,  іш  өтулерімен), 
дерматиттер дамуымен көрінеді. 

Ересек  организмде  жүйке  жүйесінің  толық  дамуымен, 

тосқауылдық 

жүйелердің 

(тері, 

шырышты 

қабықтары, 

гематоэнцефалиялық, 

гистогематикалық 

тосқауылдар, 

лимфалық  түйіндер  т.  б.),  антидене  өндіру  және  басқа 
қорғаныстық 

мүмкіншіліктердің 

жақсы 

жетілуімен 

қабаттасады. 

Қартайған  жаста  организмнің  жұқпаларға  төзімділігі 

қайтадан  төмендейді.  Өйткені  олардың  жүйке  жүйесінде  зат 
алмасулары  өзгереді,  тосқауылдық  жүйелердің  қызметтері 
әлсірейді,  антидене  өндіру  қабілеті  және  дәнекер  тіндері 
жасушаларының  фагоцитоздық  қызметтері  азаяды.  Мұның 
барлығы  жүйкелік-эндокриндік  және  иммундық  жүйелердің 
жасқа 

байла-нысты 

кері 

дамуынан 

болады. 

Мәселен, 

қарттарда 

көптеген 

шырышты 

қабықтарының 

іріңді 

қабынулары, 

вирустардың 

әсерлерінен 

дамитын 

тұмау, 

энцефалиттер  т.с.с.  жиі  байқалады.  Бұл  аурулар  қан 
тамырларының 

атеросклероздық 

өзгерістерімен,

 

гипертензиялық  аурумен,  ас  қорыту  жолдарының  созылмалы 
дерттерімен қабаттасып өтеді.  

Қарт адамдардың реактивтілігінің ерекшеліктеріне: 
● бір басында көптеген аурулардың болуы; 

● ауру белгілерінің көбінесе жасырын түрде өтуі; 
● аурудың созылмалы түрде өтуі; 
● ауру кезінде икемделу-бейімделу жүйелерінің тез 

қалжырауы; 

● иммундық жүйесінің жеткіліксіздігі - жатады. 
  
Даралық  реактивтілік  адамның 

жынысына 

байланысты 

болады. 

Ер  адамдарда

  атеросклероз,  коронаросклероз, 

миокард  инфаркты,  гипертензиялық  ауру,  асқазан  мен 
ұлтабардың  ойық  жаралары,  подагра,  маскүнемдік  т.б.  жиі 
кездеседі. 

Әйелдерде

  эндокриндік  жүйелердің  аурулары, 

құздама,  өт-тас  ауруы,  ішектер  мен  тері  аурулары  т.  б. 
жиі кездеседі. Сонымен қатар әйелдер ашығуға, қан кетуге, 
гипоксияға,  организмнің  сусыздануына  төзімдірек  келеді. 
Өмірдің  орташа  ұзақтығы  әйелдерде,  еркектерге  қарағанда, 
біршама  ұзақ.  Мұндай  жынысқа  байланысты  реактивтілікті, 
барлық  тіршілік  үрдісгеріне  әсер  ететін,  гормондық 
жағдайлардың ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. 

Организмнің реактивтілігіне тұқым қуалаушылық пен дене