Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5479

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

26

 

итті  тірілту  тәсілін  үйқы  артериясына  жүрекке  қарай 
адреналин  қосылған  Рингер-Локк  сұйығын  жіберу  арқылы 
жүзеге асыруды ұсынды. 20-шы жылдары С. С. Брюхоненко мен 
С.  И.  Чечулин  әлемде  бірінші  рет  жасанды  қанайналым 
құралын  жасады.  Осы  құралдың  көмегімен  тұтас  организмді 
және  организмнен  аластанған  иттің  басын  тірілту  бойынша 
нәтижелі тәжірибелерін өткізді. 

1941-1945  жж.  В.  А.  Неговский  қызметкерлерімен 

организмді  тірілтудің  кешенді  тәсілдерін  жетілдірді.  Бұл 
тәсіл 

бойынша 

шеткері 

артерияға 

(мәселен, 

иық 

артериясына)  жүрекке  қарай  глюкоза,  адреналин  және 
сутегінің 

асқын 

тотығы 

қосылған, 

38° 

С-ға 

дейін 

жылытылған қан жіберіледі. Бұл кезде:  

●  жүрекке  қарай  белгілі  қысыммен  жіберілген  қан 

қоронарлық артерияларға өтіп, жүрек етін қоректендіреді;  

● 

артерияға 

енгізілген 

қан 

жүрек 

пен 

тамыр 

қабырғаларының  рецепторларын  қоздырады.  Қанды  артерияға 
енгізгеннен  кейін  30-40  секундтан  соң  жүрек  соға 
бастайды. Осыдан кейін қанды көктамыр ішіне енгізу арқылы 
оң  жүректің  қажетті  дистолалық  қанмен  толуын  және  оның 
күштірек  жиырылуын  арттыруға  болады.  Сонымен  бірге, 
кеңірдекке  енгізілген  түтік  арқылы  ауа  үрлеп,  адамды 
қолмен 

дем 

алдыру 

осы 

шаралармен 

қабаттастырылып 

жүргізіледі. 

Қазіргі 

реанимациялық 

әдістердің 

нәтижелілігі 

тәжірибелік  және  клиникалық  зерттеулермен  дәлелденген. 
Оның негізгі ұстанымдары:  

●    жүрек-қантамырларды  меңгеретін  мидағы  орталыққа 

әсер ету,  

● тыныс алу жүйесінің орталығына әсер ету,  
●  организмдегі  бұзылған  зат  алмасу  үрдістерін  қалпына 

келтіру. 

Жалпы  қанайналымы  мен  газдардың  алмасуын  қалпына 

келтіру  адамды  тірілтудің  алғашқы  және  аса  күрделі  емес 
сатысы.  Жүрек  пен  тыныс  ағзаларының  қызметі  қалпына 
келгеннен  кейінде  организімнің  барлық  ағзалары  мен 
жүйелерінде  көптеген  өзгерістердің  тізбегі  сақталады. 
Жаңа  күрделі  мәселе  —  «

тірілтілген  организмнің  ауруын

» 

емдеу мәселесі пайда болды. 

Бұл  аурудың  негізінде  ең  алдымен  тіндерде  оттегінің 

тапшылығымен  байланысты  зат  алмасуларының  бұзылыстары  — 
қышқыл  өнімдердің  жиналып  қалуы,  қышқылдық-сілтілік 
үйлесімділіктің 

өзгерістері 

жатады. 

Осымен 

қатар, 

қанайналымның 

қалпына 

келуінен 

гипоксиядан 

кейінгі 

оттегімен  тез  қамтамасыз  етілуден  (реоксигенациядан) 


background image

 

27

 

«

оттегілік  -  парадокс

»  әсері  жасушаладың  мембраналарында 

майлардың  асқын  тотығуын  тым  арттырып  жіберетіні  белгілі 
болды. 

Майлардың 

асқын 

тотық 

радикалдары 

барлық 

биологиялық мембраналардың бүлінуін туындатады. Бұл кезде 
жасушалардың  сыртқы  мембраналары  бүлініп  қана  қоймай, 
жасуша  ішілік  құрылымдардың  да  мембраналары  бұзылады. 
Митохондрийлардың 

мембраналары 

бұзылуынан 

тіндерде 

тотығу-тотықсыздану 

реакциялары 

нашарлап, 

энергиялық 

тапшылық  жағдайы  дамиды.  Лизосомалардың  мембраналарының 
бүлінуі  себепті  олардың  протеолиздік  ферменттерінің 
белсенділігі  көтеріліп,  айналасындағы  тіндердің  ыдырауы 
күшейеді.  Ядроның  мембранасы  бүлінуінен  майлардың  бос 
радикалдары  жасушаның  гендік  құралдарын  бұзып,  нәруыздар 
түзілуін  бүлдіреді.  Осыдан  келіп  барлық  ағзалардың 
құрылымдары мен қызметтері бұзылады. 

Жүрек-тамыр  жүйесінде  жүректен  шығатын  қан  мөлшері, 

айналымдағы  қан  көлемі  азаяды,  яғни  гиповолемия  дамиды, 
артериялық-веналық 

қан 

қысымы 

төмендейді. 

Көптеген 

ағзаларда  майда  қанайналым  (микроциркуляция)  бұзылады. 
Мидың 

және 

өкпенің 

ісінуі 

байқалады. 

Бұл 

кезде 

эндокриндік  бездердің,  жүректің,  бауыр  мен  бүйректің,  ас 
қорыту ағзаларының, өкпенің бұзылыстары байқалады.  

ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ 

Этиология  (гректің  аitia  -  себеп,  lоgоs  -  ілім  деген 

сөздерінен  тұрады)—  аурудың  пайда  болуындағы  себептік 
байланыстарды 

зерттейтін 

ілім

Қысқа 

мағынасында 

этиология  деп  ауру  туындатқан  себепкер  ықпалды  түсінеді. 
Ауру көптеген ықпалдардың бірігіп әсер етулерінен дамиды. 
Бұл  ықпалдар  бір-бірімен  және  адам  тәнімен    өзара 
әсерлерде,  арақатынастарда  болады.  Ұдайы  өзгеріп  тұратын 
қоршаған 

ортаның 

және 

ұдайы 

дамып 

тұратын 

адам 

организмінің  жағдайларында  әсер  ететін  ықпалдар  бірін-
бірі күшейтіп немесе әлсіретіп тұрулары ықтимал. Мәселен, 
іш  сүзегі,  тырысқақ,  оба,  сатқақ  (дизентерия)  т.  б. 
аурулардың  індеттері  тек  жазғы  ыстық  айларда,  ал  тұмау, 
бөртпе  сүзек  т.с.с.  аурулардың  індеттері  тек  жылдың 
салқын айларында кездеседі. Кейбір індеттердің тарауы күн 
жүйесінің оралымдары мен күннің белсенділігіне байланысты 
екендігі белгілі. 

Ауру туындауында көптеген ықпалдардың болуына қарамай, 

оларды  себепкер  ықпал  және  ауру  туындауына  қолайлы  
жағдайлар – деп ажырату өте маңызды. 

Себепкер ықпал

 - 

деп 

ауру  дамуына  міндетті  болатын  және  сол  ауруға  ғана  тән 
арнайы  әйгіленімдерді    айқындайтын  ықпалды  айтады.

 

Мәселен,  туберкулез  тек  Кох  таяқшаларының  әсерлерінен 
дамиды  және  сол  туберкулезге  ғана  тән  (ағзаның  созылмалы 


background image

 

28

 

қабынуы,  дене  қызымының  шамалы  көтерілуі,  организмнің 
уыттануы  т.с.с.)  әйгіленімдермен  көрінеді.  Суық  тигенде 
баспа,  бүйрек  қабынуы,  өкпе  қабынуы,  буындардың  қабынуы, 
үсік,  дененің  мұздауы  (гипотермия)  т.б.  біршама  дерттер 
дамуы  мүмкін.  Бірақ  солардың  ішінде  үсік  пен  дене 
мұздауына  ғана  суық  температура  себепкер  ықпал  болады. 
Ал,  басқа  аурулар  кездерінде  суық  тию  организмнің 
төзімділігін  төмендететін  қолайлы  жағдай  болады.  Бұл 
аурулардың себепкер ықпалы болып негізінен стрептококктық 
немесе  пневмококктық  жұқпалар  есептеледі.  Өйткені  суық 
температура  үсік  пен  дене  мұздауының  ғана  арнайы 
әйгіленімдерін  (жергілікті  тін  үсігін  немесе  дене 
қызымының  төмендеуін)    айқындайды,  басқаларының  арнайы 
көріністері  стрептококктармен  немесе  пневмококктармен 
айқындалады.  Пневмококктардың  әсерінен  тек  өкпе  қабынуы 
(пневмония),  стрептококктардың  әсерінен  баспа,  бүйрек 
қабынуы, буындардың қабынуы т.б. дамиды. 

Мына жағдайларда: 
● әсер ететін ықпал ауру дамуының алдында болғанда; 
●  әсер  еткен  ықпалдың  қарқыны  мен  дерттің  ауырлығы 

арасында пара-парлық байланыс болғанда; 

●  әсер  еткен  ықпалды  организмнен  аластағанда  дерттің 

өту қарқыны әлсіреп, организмнің сауығуы болғанда; 

● 

әсер 

еткен 

ықпалдың 

көмегімен 

тәжірибелік 

жануарларда аурудың үлгісін алуға болғанда - ауру дамуына 
себепкер ықпал деуге болады. 

Барлық ауру туындататын себепкер ықпалдар сырттан әсер 

ететін, 

экзогендік

 және организмнің өзінде болатын немесе 

эндогендік

 болып екі топқа бөлінеді. 

Экзогендік себепкер ықпалдарға

  физикалық  (ыстық  немесе  суық  температуралар, 

иондағыш 

сәулелер, 

электр 

соққы, 

электромагниттік 

толқындар, барометрлік қысым т.б.) ықпалдар; 

● 

механикалық  (жарақат,  жаншылу,  созылу  т.с.с) 

ықпалдар; 

● 

химиялық  (улы  химиялық  заттар  мен  газдар,  ауыр 

металдар, гербицидтер мен пестицидтер т.б.) ықпалдар; 

● 

биологиялық  (микроорганизмдер,  вирустар,  қарапайым 

жәндіктер, құрттар т.с.с.) ықпалдар; 

● 

әлеуметтік  (психогендік,  ятрогендік)  ықпалдар  - 

жатады. Адам үшін сөздің маңызы үлкен.  

Эндогендік себепкер ықпалдарға: 

 организмнің тектік ерекшеліктері; 

 

оның 

қоздырғыштарға 

жауап 

қайтару 

қабілеті 

(реактивтілігі) мен дене бітімінің  айырмашылықтары; 


background image

 

29

 

 

жүйкелік 

және 

эндокриндік 

реттелулерінің 

бұзылыстары; 

 иммундық жүйесінің өзгерістері; 

●  зат  алмасу  үрдістерінің  бастапқы  бұзылыстары  т.б. 

жатады.

 

Себепкер  ықпал  қоршаған  ортаның  көптеген  ықпалдарымен 

және  организммен  өзара  тығыз  байланыста,  өзара  әсерлерде 
болады.    Бұл  кезде  қандай  да  болмасын  себепкер  ықпалдың 
әсеріне организм қарсы әсер етеді 

Организм  өзін-өзі  реттейтін  күрделі  жүйе  болғандықтан 

онда  себепкер  ықпалдың  әсерінен  біршама  құбылыстар 
дамиды.  Организмде  әрбір  дамитын  жүйеге  қарсы  жүйелер 
болатыны  белгілі.  Мәселен,  жүйке  жүйесінде  қозуға    қарсы 
тежелу жүйесі, ауыру сезімін туындататын жүйеге қарсы оны 
азайтатын  жүйе,  иммундық  сергіткіш  және  иммундық  тежегіш 
жүйелер, 

стресс-дамытатын 

жүйеге 

қарсы 

стресті 

шектейтін  жүйе,  оксиданттық  жүйеге  қарсы  антиоксиданттық 
жүйе, қан ұю және ұюға қарсы жүйелер т. с. с.  

Сонымен  қатар,  организм  олардың  әсеріне  икемделу-

бейімделу  тетіктерімен  жауап  қайтарады.  Мәселен,  ауада 
оттегінің  жеткіліксіздігіне  организм  тыныс  алудың,  жүрек 
соғуының  жиілеуімен,  эритроциттердің  өндірілуі  көбеюімен 
т.  т.  жауап  қайтарады.  Себепкер  ықпалдың  әсерінен  осы 
жүйелердің  өзара  қатынастарының  өзгерістері  болады. 
Сондықтан 

этиологияны 

ауру 

туындататын 

себептік 

байланыстарды зерттейтін ілім деп анықтау жөн. 

 Себепкер 

ықпал 

әрдайым 

қоршаған 

ортаның 

және 

организмңің  өзінің  белгілі  жағдайларында  әсер  етеді.  Бұл 
жағдайлар 

дерт 

туындауына 

қолайлы 

немесе 

одан 

сақтандыратын 

болып ажыратылады . 

Ауру  туындауына  қолайлы  жағдайларға:  қатты  қалжырап 

шаршау, асқа жарымау, суық тию, қоршаған ортаның иондағыш 
сәулелердің  шамалы  мөлшерімен  немесе  химиялық  улы 
заттармен 

ластанулары, 

адамның 

қартаюы, 

тұқым 

қуалаушылыққа 

бейімділігі, 

алдында 

бір 

аурумен 

сырқаттанып  тұруы  т.  т.  жатады. 

Себепкер  ықпалға 

қарағанда аурудың дамуында бұл жағдайлардың әрдайым болуы 
міндетті  емес

Аурудан  сақтандыратын  жағдайларға:  салауатты  өмір 

салтын сақтау, дұрыс қоректену, жұмыс пен демалу тәртібін 
сақтау,  таза  ауаға  жиі  шығып  тұру,  үй  тұрмысының 
дұрыстығы т. т. жатады. 

Сайып  келгенде  аурудың  этиологиясын  адам  тәнінің 

жағдайларынан  жеке  дара  ажыратып  қарауға  болмайды. 
Себепкер  ықпал  мен  организм  өзара  тығыз  байланыста  және 


background image

 

30

 

әсерлерде  болады.  Осы  өзара  әсерлердің  бұзылыстары  ғана 
ауру туындауына әкеледі.  

Аурудың пайда болуындағы себептік байланыстарды ажырату 

арқылы емдік тәсілдерді тиімді қолдануға болады. 

Этиологияның негізінде аурудан сақтандыру және емдеу 

шараларының ұстанымдары. 

Аурудан  алдын-ала  сақтандыру  немесе  емдеу  үшін  оны 

туындатқан  себептік  байланыстарын,  себепкер  ықпалды 
анықтау  қажет.  Осы  себепкер  ықпалға  қарсы  бағытталған 
алдын-ала  сақтандыру  және  емдеу  шараларын 

этиотроптық 

(

себепкер 

ықпалға 

бағытталған)

 

профилактика 

немесе 

терапия

 деп атайды. Ол: 

● себепкер ықпалды болдырмауға; 
● 

себепкер 

ықпалға 

организмнің 

қорғану-икемделу 

мүмкіншіліктерін  сергітуге  немесе  көтермелеуге   

бағытталады.  

Бірінші  жағдайда  ауру  туындататын  қауіпті  бактериялар 

мен  оларды  тасымалдаушы  жәндіктермен  күресу  өте  маңызды. 
Осы мақсатта: 

♣ 

антисептикалық 

дәрі-дәрмектер 

хирургиялық 

операциялардан  кейінгі  жаралардың  микробтармен  асқынбауы 
үшін қолданылады; 

♣  қауіпті  індеттердің  себепкер  ықпалын  білу  арқылы 

олардың жер-жерге тарап кетпеуі қадағаланады; 

♣  жұқпалы  аурулардың  (безгек  плазмодияларының, 

обаның,  бөртпе  сүзек    т.  с.  с.)  қоздырғыштарын 
тасымалдаушы жәндіктерді жою ісшаралары қолданылады; 

♣  жұқпалы  ауруларды  емдеуде  бактериялардың  өсіп-

өнуін 

тежейтін 

дәрі-дәрмектер 

(антибиотиктер, 

сульфаниламидтік дәрілер) кеңінен қолданылады; 

♣  салауатты  өмір  салтын  сақтау  да  аурудың  алдын 

алуға бағытталған.  

Екінші  жағдайда  ауру  туындататын  ықпалға  организмнің 

қорғану-икемделу мүмкіншіліктерін сергіту үшін: 

♣ 

жұқпалы 

аурулардан 

сақтандыратын 

екпелер 

пайдаланылады.  Мәселен,  күл  ауруына,  сіреспеге,  іш 
сүзегіне,  полиомиелитке,  көкжөтелге,  қызылшаға  т.  с.  с. 
ауруларға  қарсы  қолданылатын  екпелер.  Кейбір  аллергиялық 
ауруларды  (поллиноз)  емдеу  үшін  сол  ауруды  туындатқан 
арнайы 

аллергеннің 

өте 

аз 

өлшемдерімен 

екпелер 

жасалынады; 

♣  организмді  суық  температураға,  күнделікті  дене 

шынықтыруға, гипоксияға машықтандырулар; 

♣ 

тағамның 

құрамы 

бойынша 

тиімді 

қоректену, 

антиоксиданттық 

витаминдер 

қабылдау 

т.с.с. 

кеңінен