Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5477

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

31

 

қолданылады. 

ДЕРТ ТУЫНДАТАТЫН СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ  ЫҚПАЛДАРЫ

 

Дерт туындататын сыртқы ортаның ықпалдары механикалық, 

физикалық,  химиялық,  биологиялық  және  әлеуметтік  болып 
ажыратылады.  Бұл  ықпалдар  жиі  бірігіп  әсер  етеді. 
Мәселен,  механикалық  жарақаттардың  нәтижесінде  дамитын 
қан  кетулер  қоршаған  ортаның  температурасымен,  оның 
химиялық 

заттармен 

немесе 

иондағыш 

сәулелермен 

ластануымен, 

организмнің 

өзінің 

жағдайларымен 

(жас 

мөлшерімен,  жынысымен,  эндокриндік,  иммундық  жүйелерінің 
ерекшеліктерімен)  т.  б.    көптеген  ықпалдардың  бірігіп 
әсер  етуімен  қабаттасады.  Әсіресе  адам  организміне  дерт 
туындататын 

сыртқы 

ортаның 

ықпалдары 

әлеуметтік 

ықпалдармен 

бірігіп 

әсер 

етуінен, 

соңғылары 

алғашқыларының  әсерін  біршама  өзгертуі  мүмкін.  Тұрмыстың 
немесе  өндірістік  жағдайларының  нашарлығы  кездерінде 
қалыпты  жағдайларда  әсер  етпейтін  әлсіз  қоздырғыштардың 
әсерлерінен дерт дамуы ықтимал. Кейде әлеуметтік ықпалдар 
(ашығу,  үй  тұрмысының  нашарлығы,  қоршаған  ортаның 
ластанулары,  соғыс,  ауыз  суының  сапасыздығы,  киімнің 
нашарлығы, 

тұрмыста 

және 

жұмыста 

кездесетін 

өмір 

қайшылықтары  т.с.с.)  дерт  дамуына  себепкер  бола  алады. 
Оның  үстіне  адам  үшін  жаңа  кәсіпқойлық  әрекеттердің 
күрделіленілуі  созылмалы  ауыртпалық  (стресстік)  жағдай 
туындатып, көптеген дерттердің дамуына ықпал етеді. 

МЕХАНИКАЛЫҚ ЫҚПАЛДАРДЫҢ  

бүліндіргіш

 ӘСЕРЛЕРІ. 

Механикалық ықпалдар жалпы организмнің және жергілікті 

ағзалар  мен  тіндердің  бүліністерін  туындатады.  Олардың 
бұл  әсері  күшінен  (кг/см

2

),  белгілі  жылдамдықта  қозғалып 

келе  жатқан  заттың  кинетикалық  қуатына  байланысты. 
Сондықтан  механикалық  ықпалдың  күшіне  байланысты  созылу, 
қысылу болса, оның кинетикалық қуатына байланысты соғылу, 
құлау, оқ тию т.с.с. жарақаттар дамиды. 

Сонымен  бірге  механикалық  ықпалдардың  бүліндіргіш 

әсері  бүлінетін  тіндердің  төзімділігі  мен  тығыздығына 
байланысты.  Механикалық  ықпалдардан  әртүрлі  жарақаттар 
болады.  Оларға:  тіннің  созылуы,  жыртылуы,  қысылып  қалуы, 
жаншылып  қалуы,  соққы,  шайқалуы  т.  с.  с.  құбылыстар 
жатады.  Механикалық  күштердің  әсерінен  тіндердің  созылып 
кетуі,  артынан  жыртылуы  мүмкін.  Тіндердің  тығыздығы  мен 
серпімділігі  олардың  созылып  кетуіне  қарсы  тұрады. 
Сондықтан 

сүйектер 

мен 

бұлшық 

еттердің 

сіңірлері 

созылатын  әсерге  біршама  тұрақты  болады.  Бұлшықеттер  мен 
қан  тамырлары  аз  күштің  өзінен  жеңіл  созылып  кетуі 
мүмкін. 

Адамның 

жасы 

ұлғаюына 

байланысты 

тіндердің 


background image

 

32

 

серпімділігі  мен  тығыздығы  азая  береді.  Сондықтан  қарт 
адамдарда  жиі  сүйектің  сынуы,  шытынауы,  сіңір  созылуы 
байқалады. 

Әртүрлі 

дерттік 

жағдайлар 

тіндердің 

серпімділігін 

төмендетіп, 

олардың 

созылғыштығын 

өзгертеді.  Қабыну  кезінде  бұлшықеттердің,  сіңірлердін, 
буын  байламдарының  серпімділігі  азайып,  олардың  үзіліп, 
жыртылып  кетулеріне  қолайлы  жағдай  дамиды.  Созылған 
тіндер  семіп  қалады,  олардың  атқаратын  қызметтері 
бұзылады.  Мәселен,  ұзақ  мерзім  керіліп  кеткен  асқазанның 
шырышты  қабығында  атрофия  дамиды,  оның  қимылдық  және  сөл 
шығаратын  қызметтері  бұзылады.  Эмфизема,  бронхиалық 
демікпе  кездерінде  өкпенің  керіліп  кетуінен,  оның 
серпімділігі  азайып,  демді  сыртқа  шығаруы  қиындайтын 
болады. 

Қысатын 

күштерге 

сүйектер 

мен 

тірек-қимылдық 

құрылымдар біршама қарсы тұра алады. Жұмсақ тіндер қысушы 
күшке  өте  сезімтал  болып  келеді.  Бұл  кезде  қысылып 
қалудан  жұмсақ  тіндердің  қанмен  қамтамасыз  етілуі  және 
қоректенуі  бұзылады.  Осыдан  қысушы  ықпал  ұзақ  әсер  етсе, 
тіндердің  тіршілігі  жоғалады.  Өсіп  келе  жатқан  тіндер 
қысылып  қалса,  олардың  өсуі  тоқтайды.  Қысушы  әсерлерден 
тіндердің атрофиясы дамиды. 

Дене  мүшелері  ауыр  заттың  астында  қысылып  қалуынан 

организм  тіршілігіне  қауіпті  жағдай  дамиды.  Бұндай 
адамдарды  ауыр  заттан  босатып  алғаннан  кейін  дамитын 
дертті  ұ

зақ  жаншылу  синдромы

  деп  атайды.  Бұл  кезде 

организмнің  ауыр  уыттануы  болады,  бүйрек  қызметінің  жіті 
жеткі-ліксіздігі дамиды, несеп шығару қатты азаяды немесе 
тоқтайды.  Осыдан  адам  тез  жан  тапсырады.  Ұзақ  жаншылу 
синдромының даму негізінде жаншылған тіндердің ыдырауынан 
пайда  болған  уытты  өнімдер  тұтас  организмге  қанмен  тарап 
кетуі  жатады.  Олар  бүйректің  атқаратын  қызметін  бұзады. 
Содан  жалпы  организмнің  уыттануы  болады.  Сондықтан  ауыр 
заттың астында қалған мүшені босатқанда алдымен жаншылған 
тіндердің  жоғары  жағынан  уыттарды  қанмен  тарап  кетпейтін 
етіп,  тамырларды  қысып  таңып,  содан  кейін  біртіндеп 
босату қажет. 

Қозғалып  келе  жатқан  ауыр  заттың  денеге  немесе 

қозғалып келе жатқан дененің тұрған ауыр затқа соғылуынан 
соққы  дамиды.  Сондай-ақ  дененің  соққыға  ұшырауы  үлкен 
жылдамдықта  қозғалып  келе  жатқан  сұйықтар  мен  газдардың 
әсерлерінен де болуы мүмкін. 

Соққының  әсерінен  терінің,  жұмсақ  тіндердің,  қан 

тамырларының  ішкі  ағзалардың  жыртылуымен,  сүйектердің 
сынуымен,  шытынауымен  көрінетін  тіндердің  тұтастығы 


background image

 

33

 

бұзылады. 

Соққының әсерінен пайда болған жарақаттардың түрі:  
●  әсер еткен бүліндіргіш ықпалдың түрінен (оның өткір 

немесе  доғал  зат  болуынан,  мылтықтың  оғы  немесе  қанжар, 
сұйықпен немесе газдардың қатты толқынымен болуынан);  

● қозғалып келіп тиген заттың жылдамдығынан және оның 

кинетикалық қуатынан;  

● дененің зақымдаушы әсермен түйісу бетінен;  
● 

жалпы 

организмнің 

және 

зақымданған 

тіннің 

жағдайларынан  -байланысты.  Доғал  заттармен  соғылғанда 
дененің  тері  қабаты  кейде  бүлінбей,  ішкі  ағзалардың 
(бауырдың,  бүйректің,  ішектердің,  өкпенің)  жыртылуы, 
содан ішке қан кетулер болатыны белгілі. 

Соққының  әсерінен  көптеген  сезімтал  қабылдағыштар 

(рецепторлар)  және  жүйкелердің  талшықтары  бүлінгенде 
жергілікті  ағзалар  мен  жұмсақ  тіндердің  зақымдануы  тұтас 
организмнің бұзылыстарымен қабаттасады. Осыдан жарақаттық 
сілейме (травмалық шок) дамиды (шокты қараңыз). 

ШУ МЕН ДЫБЫСТАРДЫҢ  ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕРЛЕРІ.

 

Шу — айналадағы тыныштықты бұзатын, пайдалы дыбыстарды 

қабылдауға бөгет жасайтын, адамға теріс ықпал ететін және 
оның    еңбекке  қабілеттілігін  төмендететін  жағымсыз  және 
қолайсыз дыбыстардың жиынтығы

. Адамның құлағы 16 дан 2000 

Гц  жиіліктегі  дыбыстардың  толқындарын  қабылдайды.  1 
мкВт/см

2

-тен  жоғары  дыбыстың  қарқыны  есту  талдағышына 

(анализаторына)  бүліндіруші  әсер  етеді.  Дыбыстың  қарқыны 
3  кВт/см

2

  асып  кеткенде  адам  есінен  танады,  аяқ-қолының 

салдануы болады және селкілдек дамиды. 

Шудың  бүліндіргіш  әсері  оның  қаттылығы  мен  жиілігіне 

байланысты.  Жоғары  жиіліктегі  дыбыс  толқындары  организм 
үшін  зияндырақ  болады.  Организмге  бүліндіргіш  әсер 
етпейтін  дыбыстың  қаттылығы  40—50  дБ-ден  аспауы  керек. 
Оның  қаттылығы  80  дБ  болса,  ол  адам  денсаулығына  зиянды 
әсер етеді. 

Адам  организміне  шу  арнайы  (спецификалық)  және 

бейнақты (бейспецификалық) ықпал етеді. Оның арнайы әсері 
есту  талдағышының  қызметін  бұзумен  байланысты.  80—100  дБ 
қаттылығы  бар  шу  құлақтың  есту  қабілетін  төмендетеді, 
біртіндеп 

оның 

мүкістігіне 

әкеледі. 

Шудың 

есту 

талдағышына 

бүліндіруші 

әсері 

организмнің 

даралық 

сезімталдығына  байланысты  және  қарт  адамдарда  ол  айқыи 
көрінеді. 

Шудың  адам  организміне  бейспецификалық  әсері  мидың 

сыртқы  қыртысына,  гипоталамусқа,  лимбикалық  жүйеге, 
жұлынға қоздырғыш әсер етуімен байланысты. Шудың әсерінен 
орталық  жүйке  жүйесінде  шектен  тыс  қатты  тежелу  болады, 


background image

 

34

 

артынан  оның  қалжырауы  дамиды.  Осыдан  адамның  қатты 
қызбалығы,  сезім  билеуі,  ұмытшақтығы,  ынтасы  мен  еңбекке 
қабілеттілігінің 

төмендеуі 

байқалады. 

Гипоталамустың 

қозуынан кортиколиберин артық өндіріліп, аденогипофиз бен 
бүйрек  үсгі  бездерінің  сыртқы  қабатының  қызметтері 
көтеріледі, стресс дамиды. Жұлынның қозуынан және қозудың 
дербес  (вегетативтік)  жүйке  жүйесінің  орталықтарына 
тарауынан 

көптеген 

ішкі 

ағзалардың 

қызметтерінің 

өзгерістері 

байқалады. 

Осыдан 

жүрек-қан 

тамырлары 

жүйесінің, ас қорыту жолдарының аурулары дамуы ықтимал. 

Ультрадыбыстардың  әсері. 

20  кГц  жиіліктегі  дыбыс 

толқындары  ультрадыбыстарға  жатады  және  олар  адам 
құлағымен  есгілмейді.  Қазіргі  дәстүрлі  медицинада  бұл 
дыбыстар  ауруларды  анықтау  үшін  және  оларды  емдеу  үшін 
қолданылады.  Үлтрадыбыстық  толқындардың  кеңістіктерде 
тарау  жылдамдықтары  және  оларды  ішкі  ағзалар  мен 
тіндердің  қабылдауы  мен  шағылыстыруы  әртүрлі  дәрежелерде 
болғандықтан  (бауырда,  мида,  бүйректе,  үйқы  безінде) 
өспелер  мен  тастарды,  сүйектердің  сынығын  және  бітуін, 
жүректің  жиырылу-босаңсу  кездеріндегі  көлемін  т.  т. 
анықтау үшін пайдаланылады. 

Ультрадыбыстар  организмге  механикалық,  температуралық 

және физикалық-химиялық әсер етеді.      

Ультрадыбыс  толқынында  дыбыстың  қысымы  3  атмосфера 

(304 кПа) теріс және соншама оң жаққа ауысып тұрады. Бұл 
кезде  дыбыстың  теріс  қысымының  әсерінен  жасушаларда  өте 
майда  қуыстар  пайда  болады.  Олар  тез  тым  қатты  жабылуы 
кездерінде  ішіндегі  сұйыққа  соғылып  жасушаның  қабығында 
майда жыртықтар пайда болады. Осындай құбылысты 

кавитация

 

деп  атайды.  Осыдан  дамитын  мембрананың  деполяризациясы, 
молекулалардың  иондануы  тіндердегі  химиялық  реакцияларды 
күшейтіп,  зат  алмасуларын  арттырады  және  оларды  қалыпты 
деңгейге  келтіреді.  Ультрадыбыстардың  1,5  Вт/см

2

-ге 

дейінгі  аз  немесе  1,5  -  3  Вт/см

2

  аралығындагы  орташа 

қарқындылығы организм тіндеріне жағымды әсер етеді. 

Ультрадыбыстардың 

тіндерге 

тарауынан 

жылу 

пайда 

болады.  4  Вт/см

2

  мөлшерінде  қарқынды  ультрадыбыс  20 

секунд  әсер  еткенде  тіндердің  ішінде  5-6  см-ге  дейінгі 
тереңдікте 

температура 

5—6° 

С-ға 

көтеріледі. 

Температураның 

көтерілуі 

тіндерде 

микроциркуляцияны 

жақсартьш, зат алмасуларын арттырады. 

Үлкен  қарқынды  ультрадыбыстар  (3-10  Вт/см

2

)  жалпы 

организмге,  тіндер  мен  жекелеген  жасушаларға  бүліндіргіш 
әсер  етеді.  Олар  қылтамырларда  қанның  ағымын  бұзады, 
жасушалардың 

құрылымдық 

өзгерістерін 

туындатады, 


background image

 

35

 

тіндердің  тым  қызып  кетуіне  әкеледі.  Жүйке  жүйесі 
ультрадыбыстардың  әсеріне  өте  сезімтал  болады.  Осыдан 
шеткері  жүйкелердің  түйіспелері  (синапстары)  арқылы 
жүйкелік  серпіндердің  берілуі  бұзылады.  Сондықтан  есту, 
вестибулалық 

және 

көру 

талдағыштарының 

қозымдылығы 

төмендейді,  үйқы  бұзылады,  адамның  жөнсіз  қызбалығы  және 
тез 

шаршауы 

байқалады. 

Қатты 

шуға 

қарағанда 

ультрадыбыстар  есту  талдағышының  қызметіне  азырақ  әсер 
етеді.  Бірақ  олар  кеңістіктерде  дененің  қалыпты  кейпін 
сақтайтын  вестибулалық  талдағыштың  қызметін  басымырақ 
өзгертеді  және  ауыру  сезімталдығын  күшейтеді,  дене 
температурасын реттеу жолдарын бұзады. 

БАРОМЕТРЛ

ік

 ҚЫСЫМНЫҢ ӘСЕРІ.

 

Төмен барометрлік

 

қысымның әсері. Таулық немесе 

биіктік аурулары

Биік тауға шыққанда, кабинасы бүлінген ұшақтармен, ауа 

шарларымен  биіктікке  көтерілгенде  немесе  атмосфералық 
қысымды  төмендететін  барокамераларға  орналасқанда  адам 
организміне  төмен  барометрлік  қысым  (гипобария)  әсер 
етеді. Бұл кезде организмге екі түрлі ықпал болады:  

●  барометрлік  қысымның  төмендеуі.  Қалыпты  немесе 

жоғары  барометрлік  қысымнан  төмен  қысымға  тез  ауысуын 

декомпрессия

 дейді;  

●  дем  алатын  ауада  оттегінің  үлестік  қысымының  (рО2) 

азаюы.  

Осыдан 

организмде 

пайда 

болатын 

бұзылыстардың 

көріністері барометрдік қысымның төмендеу дәрежесіне және 
оның  жылдамдығына  байланысты.  Қалыпты  барометрлік  қысым 
760  мм  с.  б.  болса,  оның  530—460  мм  с.  б.-на  дейін 
төмендеуі 3000—4000 м биіктікте болады. Барометрлік қысым 
төмендеген сайын денедегі газдардың еруі азайып, олар газ 
күйіне  айналады.  Сондықтан  кеңсірік,  маңдай,  өкпеқап 
қуыстарында,  ішек-қарын  жолдарында,  ортаңғы  құлақ  ішінде 
газ 

жиналып 

керіп 

кетеді. 

Олардағы 

сезімтал 

қабылдағыштарды  қоздырып,  қатты  ауыру  сезімін  тудырады. 
Әсіресе құлақ ішінен қатты шаншып ауыртады. 

9000  м  биіктікте  барометрлік  қысым  225,6  мм  с.  б.-на 

дейін 

төмендейді. 

Декомпрессияның 

нәтижесінде 

азот 

көпіршіктеніп  қанға  түседі,  эмболия  дамиды.  Осыдан  ішкі 
ағзалар  мен  тіндердің  ишемиясы  болады.  Бұл  эмболдар  ми 
мен  жүрек  тамырларына  тұрып  қалуынан  адамның  кенеттен 
естен тануы, жүректің инфаркты дамиды. 

19000 м биіктікте барометрлік қысым 47 мм с. б. дейін 

азаяды, 

организмдегі 

сұйықтар 

газдың 

бөлінуінен 

сарқылдап,  қайнаған  су  сияқты  болады.  Газдар  тері