Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5591

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

406

 

гемотокрит көрсеткіші 45 : 55 аралығында болады. 

Дерттік  жағдайларда  айналымдағы  қан  көлемі  және 

эритроциттер мен плазманың арақатынасы әртүрлі өзгереді, 

Этиологиясы

Айналымдағы 

қан 

көлемінің 

(АҚК) 

өзгерістері мына себептерден болады: 

●  қан  жоғалтудан  немесе  қан  жасушаларының  артық  еріп 

кетуінен;  

● қан өндірілуі бұзылыстарынан;  
● организмдегі су алмасуының бүзылыстарынан;  
●  қан  немесе  оның  құрамдық  бөлшектерін  т.  б.  әртүрлі 

сұйықтарды денеге енгізуден. 

Айналымдағы  қан  көлемінің  азаюын 

гиповолемия

  (франц. 

voluma-көлем, -емия-қан), көбеюін 

гиперволемия 

дейді. 

Бұл  кезде  қан  жасушалары  мен  плазмасының  арақатынасы 

қалыпты  жағдайда  (45:55)  сақталуына,  жасушалардың  немесе 
плазманың  басым  болу  жағына  өзгеруіне  байланысты  гипо- 
және 

гиперволемияны 

қарапайым, 

полицитемиялық, 

олигоцитемиялық деп ажыратады. 

 

Қарапайым  гиповолемия

  –  кезінде  түйіршіктері  мен 

сұйық  бөлігінің  арақатынасы  қалыпты  мөлшерде  болуымен 
көрінетін,  қанның  жалпы  көлемінің  азаюы.  Мұндай  жағдай 
жіті қансыраудан кейінгі бастапқы сатысында байқалады. 

Олигоцитемиялық  гиповолемия

  -  қандағы  жасушалардың 

(эритроциттердің)  басымырақ  азаюымен  көрінетін  қанның 
жалпы 

көлемінің 

азаюы. 

Ол 

қансыраудан 

кейін 

әлі 

эритроциттердің орны толмаған сатысында болады. 

 

Полицитемиялық  гиповолемия

  -  қан  сұйығының  басымырақ 

жоғалтылуынан, оның қоюлануымен көрінетін, жалпы көлемінің 
азаюы.  Бұндай  жағдай  организмнің  сусыздануы  кезінде 
байқалады.  Бұл  кезде  эритроциттердің

 

саны  салыстырмалы 

түрде көбейеді. 

 

Қарапайым  гиперволемия  - 

қан  көлемінің,  эритроциттер 

мен  плазма  арасындағы  қалыпты  арақатынасы  сақталуымен, 
көбеюі.  Ол  көп  мөлшерде  қан  құйғанда,  ауыр  қол  жұмысын 
атқарғанда кездеседі. 

Олигоцитемиялық гиперволемия

 -  қанның сұйық бөлігінің 

есебінде  жалпы  көлемінің  көбеюі.  Бұндай  жағдай  бүйрек 
қызметінің  жеткіліксіздігінде,  қанға  нәруызды  сұйықтар 
көптеп құйғанда болады. 

Полицитемиялық  гиперволемия

  -  қанның  эритроциттердің 

есебінде  жалпы    көлемінің    көбеюі.  Бұл  гипоксияда, 
эритремия кездерінде байқалады (16-сурет). 


background image

 

407

 

 

Қансырау 

Қансырау  - 

қанаудан  болатын  айналымдағы  қан  көлемінің 

азаюына  және  қанның  тасымалдық  қызметінің  төмендеуіне 
байланысты, 

гипоксияға 

бейімделу 

реакцияларымен 

сипатталатын, күрделі дерттік үрдіс. 

Бұл  кезде,  қанның  оттегін  тасымалдауы  бұзылуымен 

қатар,  қоректік  заттарды  ағзаларға,  зат  алмасу  өнімдерін 
ағзалардан  сыртқа  тасымалдауы  бұзылған.  Сол  себептен 
қансырау  жәй  анемияға  қарағанда  өте  күрделі  де,  ауыр 
өтеді.  Себебі:  айналымдағы  қан  көлемі  азаюдан,  ағзалардың 
қызмет 

атқаруына 

қажетті 

қоректік 

(глюкоза, 

амин 

қышқылдары,  май  қышқылдары)  заттардың  жеткізілуі  және 
олардан 

зат 

алмасудың 

қышқыл 

өнімдерінің 

сыртқа 

шығарылуының бұзылыстары ауыр гипоксиямен қабаттасады. 

 

Этиологиясы

. Қансырау мына себептерден болуы мүмкін: 

● 

жарақаттанудан 

немесе 

дерттік 

үрдістерден 

(атеросклероз, 

өспе, 

туберкулез) 

тамырдың 

тұтаетығы 

бұзылуынан;  

●  тамыр  қабырғаларының  өткізгіштігі  жоғарылауынан 

(жіті сәулелік ауру);  

●  қан  ұю  үрдісінің  бұзылыстарынан  (қанағыштыққа 

бейімдік, гемофилия т.б.). 

Патогенезі.

  Қансыраудың  өтуі  мен  салдарлары  онын 

жылдамдығынан,  мөлшерінен,  бүлінген  тамырдың  түрінен, 
организмнің  икемделістік  мүмкіншіліктерінен  және  олардың 
қосылу  жылдамдығынан,  организмнің  жынысы  мен  жасынан,  қан 
кетуге  дейінгі  және  сонымен  қатар  болған  жағдайларынан 
(суық тию, жарақаттану, жүрек аурулары, наркоз) байланысты 


background image

 

408

 

болады. Адамның өміріне 50% қан кету қатерлі, 60%-дан көп 
қан кеткенде адам мүлде көз жұмады. 

Қансырау кезін шартты түрде үш сатыға ажыратады: 
● бастапқы сатысы; 
● икемделістік сатысы; 
● ақтық сатысы. 

Бастапқы сатысы: 

♣  айналымдағы қан көлемінің азаюымен; 
♣ қарапайым гиповолемиямен; 
♣ артериялық қысымның төмендеуімен; 
♣ циркуляциялық гипоксияның басымдығымен сипатталады 

Икемделістік  сатысысында,

  жоғалған  қанның  салдарларын 

аластауға 

бағытталған, 

организмнің 

қуатты 

қорғану-

бейімделу  мүмкіншіліктері  қосылады.  Олар  жедел  және  баяу 
дамитын 

болып 

ажыратылады. 

Жедел 

дамитын 

икемделу 

жолдарына мыналарды жатқызуға болады: 

♣ бүлінген тамыр қабырғаларының тромбпен бітелуін; 
♣  симпатикалық  жүйке  жүйесінің  қозуынан  шеткері  қан 

тамырларының  жиырылуын,  қанның  жиналған  қорларынан  қан 
тамырларына  шығуы  белгілі  мөлшерде  айналымдағы  қанның 
көлемін  ұлғайтуға  және  бар  қанның  басымы  тіршілікке 
маңызды ағзаларға (ми, жүрек) бағытталады. Бұндай жағдайды 

қанайналымының орталықтануы

 деп атайды; 

♣ 

жүрек 

соғуының 

рефлекстік 

жиілеуін, 

жүрек 

қарыншаларындағы қанның қалдық көлемінің азаюын; 

♣ қан тамырларына жасуша-аралық сұйықтың түсуін;  
♣  тыныс  алудың  рефлекстік  түрде  тереңдеуі  мен 

жиілеуін; 

♣  айналымдағы  қан  көлемін  ұлғайтуға  бағытталған 

ренин-ангиотензин-әлдостерон-вазопрессин 

жүйесінің 

белсенділігі артуын (34-сызбанұсқаны қараңыз). 

Баяу  дамитын  икемделістік  серпілістер

  қан  өндірілу 

және 

оның 

нәруыздарының 

қалпына 

келу 

түрлерінде 

қансыраудың  соңғы  сатыларында  байқалады.  Бұл  кезде  қанда 
ретикулоциттердің  саны  қан  кетуден  5  тәулітен  соң 
көбейеді. 

Ол 

сүйек 

кемігінде 

қан 

өндірілуінің 

эритропоетиннің  әсерінен  артуын  көрсетеді.  Эритропоетин 
эритроциттердің  өндірілуін  реттейтін  зат.  Ол  бүйректе 
өндірілетін,  молекулалық 

массасы  40  000—70  000  Д 

гликопротеид.  Бүйрек  аурулары  кездерінде  бауыр  мен 
көкбауырда  өндірілуі  мүмкін.  Эритропоетиннің  өндірілуін 
бүйректе  оттегінің  жетіспеушілігі  және  сүт  қышқылының 
көбеюі 

сергітеді. 

Эритропоетин 

сүйек 

кемігіндегі 

эритробластардың бөлінуін және, олардың гендік құралдарына 
әсер  ету  арқылы,  гемоглобин  генінің  түзілу  жылдамдығын 
күшейтеді. 


background image

 

409

 

Қанның  нәруыздық  құрамы  қан  кеткеннен  кейін  8-10 

күннен соң қалпына келеді. Ол алдымен тіндегі нәруыздардың 
қанға  түсуімен  (2-3-күндері),  соңынан  бауырда  олардың 
түзілуі күшеюімен байланысты дамиды. 

Икемделістік  серпілістердің  жеткіліксіздігі  кезінде, 

сонымен  қатар  қан  кету  көп  мөлшерде,  тез  болғанда  және 
оған  қолайсыз  жағдайлардың  әсерлері  болған  кезде,  дер 
кезінде  емдік  шаралардың  қолданылмағанында  қан  кетудің 
үшінші соңғы ақтық (терминалдық) сатысы дамиды. 

Ақтық  сатысы.

  Бұл  кезде  организмде  дерттік  өзгерістер 

күшейіп, жиі өлімге әкеледі. 

 
34-сызбанұсқа

 

Қансыраудың даму жолдары мен оған организмнің 

бейімделу мүмкіншіліктері. 

 

 

Айналымдағы қан көлемі 

азаюы 

Артериялық қысым 

төмендеуі 

Тамыр тұтастығы бүлінуі 

Бейімделу жолдары: 

Қан ұюы артып, тромб 

құрылуы 

Симпатикалық жүйке 

қозуы 

Шеткері қан 
тамырлары жиырылуы 

Қуыс веналар мен оң 
жүрекшеде көлемдік 
рецепторлар қозуы 

Қанның жиналған 
қорларынан шығуы 

Бар қанның ми мен 
жүрекке бағытталуы 

Бүйрек 
өзекшелерінде 
судың кері қанға 
сіңірілуі артуы 

Тіндерде микроциркуляция 

бұзылуы 

Гипоксия дамуы 

Метаболизмдік ацидоз 

дамуы 

Ішкі ағзалардың 

қызметтері бұзылуы 

Ренин түзілуі артуы 

Ангиотензин II 

түзілуі артуы 

әлдостерон түзілуі 

гипернатриемия 

Вазопрессин түзілуі 

артуы 


background image

 

410

 

Қансырау кезінде дерттік өзгерістер: 

●  айналымдағы  қан  көлемінің  азаюымен  (олигоцитемиялық 

гиповолемия); 

● қанайналымының бұзылыстарымен; содан: 

♣ жүрекке көктамырлармен қан ағып келу азаюы; 
♣ жүректің өзінде қанайналымының әлсіреуі; 
♣ жүректен шығатын қан мөлшерінің азаюы; 
♣ артериялық қысымның төмендеуі; 
♣ аритмиялардың дамуы; 
♣ 

тіндерде 

микроциркуляцияның 

бұзылуы 

т.с.с.– 

байқалады. 

● сыртқы және тіндік тыныстың жеткіліксіздігімен; 
●  циркуляциялық,  қандық  және  тіндік  гипоксиялар 

дамуымен; 

● тіндерде зат алмасуының бұзылыстарымен; 
● 

қышқылдық-сілтілік 

үйлесімділіктің 

өзгеруімен 

(метаболизмдік ацидоз);  

● 

организмнің 

маңызды 

функцияларының 

жүйкелік- 

сұйықтық реттелулер- інің бұзылыстарымен; 

● қан үю үрдісінің өзгерістерімен - көрінеді.  

Организмнің қан кетуге сезімталдығы: 

♣ ашығу кезінде; 
♣  суық  немесе  ыстық  температуралардың  организмге 

әсерлері кездерінде; 

♣ жұқпалы аурулар кездерінде; 
♣ ауыр жан күйзелістері кездерінде; 
♣ гипокинезия, наркоз кездерінде - көтеріледі.  
Ересектерге 

қарағанда 

балалар 

қансырауды 

ауыр 

сезінеді. 

Өйткені 

оларда 

организмнің 

икемделістік 

серпілістері әлі жеткіліксіз дамыған, жүрек - қан тамырлар 
жүйесі 

және 

жүйкелік-эндокриндік 

жүйелері, 

қан 

үю 

үрдістері  әлі  толық  дамымаған.  Әйелдер  ерлерге  қарағанда 
қан кетуді жеңілірек сезінеді. 

Қанның тыныстық қызметінің бұзылыстары. 

Қанның  тыныстық  қызметінің  бұзылыстары  эритроциттердің 

сандық және сапалық өзгерістерімен байланысты байқалады. 

Ересек адамдардың шеткері қанында эритроциттердің саны 

4-5•10

12

/л,  гемоглобиннің  деңгейі  130-165  г/л  (13-16,5  г 

%). Әйелдерде, еркектерге қарағанда, бұл көрсеткіш біршама 
азырақ  болады.  Қалыпты  жағдайларда  сүйек  кемігінде 
эритроциттердің өндірілуі мен олардың организмде ыдырауның 
арасында қатаң тепе-теңдік байқалады. Сондықтан қанда олар 
тұрақты  мөлшерде  ұсталып  тұрады.  Эритроциттердің  жетілу 
кезеңдері мен олардың бүліністері  -суретте келтірілген. 

Эритроциттердің  сандық  өзгерістері  мына  жағдайларда 

болуы мүмкін: