ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 34

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

 

3-кестеде 2021 жылы өнім көлемі 10,1 %-ға, жалпы табыс 22 %-ға, ал шығындар 31 %-ға артқан. Келтірілген мәліметтер негізгі құралдардың пайдаланылу тиімділігінің жоғарылағанын көрсетеді. Ол 2021 жылы жоғары өндірістік технологиялық­  линияларды енгізу, құрал-жабдықтарды ауыстыру, барын модернизациялау есебінен қол жеткізілді. Негізгі өндірістік құралдардың тиімді пайдаланылуы Компанияның 2021 жылдың аяғына технико-экономикалық параметрлерінің жағдайын жақсартты. Алайда осы себептермен таза табыстың көлемі 2021 жылы 2008 жылға қарағанда 54 %-ға кеміді.

Рентабелділік жоспарға қарағанда -8,1 %-ке кеміді, рентабелділіктің баяу дамуы, ең алдымен, негізгі өндірістік құралдардың құнының өсуімен байланысты.

«Сагман» ЖШС-нің каржылық-экономикалық жағдайын талдау үшін курстық жұмыста 2021 және 2022 жылдардағы кәсіпорынның балансы, қаржылық-шаруашылық қызметтері туралы есептер пайдаланылып, соның негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық, өтімділік, іскерлік белсенділік және табыстылық көрсеткіштері есептелген.


  1. Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау



Қаржылық тұрақтылықты сипаттау үшін кәсіпорынның меншіктік айналым құралдарының сомасын есептеу керек. Меншіктік капитал есебінен айналымнан тыс құралдар да, айналым құралдары да қалыптасатын болғандықтан, меншіктік капитал сомасы мен ұзақ мерзімді активтердің айырмасы меншіктік айналым құралдарының мөлшерін құрайды.

2021 жылы: 96343,2+166624,0-175330,1 = 77637,1 мың теңге;

2022 жылы: 133409,0+100684,8-234699 = -605,2мың теңге.

Есептеулер көрсетіп отырғандай, меншіктік айналым құралдары біршама азайған. Ал 2022 жылдың аяғына қарай олар мүлдем болған жоқ, ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің 55840,2 мың теңгеге азаюына және бір мезгілде ұзақ мерзімді активтердің 59368,9 мың теңгеге көбеюіне байланысты.

Меншіктік айналым құралдары материалды өндірістік қорларды жабу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл қорлар қысқа мерзімді несиелер мен жабдықтаушылардың, подрядчиктердің алдындағы несиелік қарыздар есебінен де қалыптасады. Қорлардың қалыптасу көздері төмендегідей болып келеді:

2021 жылы: 77637,1+21404,5 = 99041,6 мың теңге;

2022 жылы: 0+62941 = 62941,2 мың теңге.

2021 жылы кәсіпорының абсолютті қаржылық тұрақтылығы байқалады, яғни келесі шарт сақталады:

ТМҚ < Меншіктік айналым құралдары

30827,5 мың теңге < 77637,1 мың теңге

Осылайша, барлық қорлар меншіктік айналым құралдарымен жабылады және кәсіпорын сыртқы несиелерге тәуелді емес.

2022 жылы кәсіпорынның меншіктік айналым құралдарының жоқтығынан абсолютті қаржылық тұрақтылық қалыпты қаржылық тұрақтылыққа ауысады, мұнда келесі шарт сақталады:


Меншіктік айналым құралдары < ТМҚ < Қорлардың қалыптасу көздері;

0 < 51080,2 мың теңге < 62941,2 мың теңге.

Ағымдағы өтімділік коэффиценті 2021 жылы ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне ағымдағы активтердің 3,3 теңгесін құрады, яғни кәсіпорынның айналым құралдары қысқа мерзімді қарыздарды өтеуге мүмкіндік береді, бірақ олардың тиімсіз пайдаланылғаны байқалады. 2022 жылы бұл көрсеткіш 0,99-ға дейін төмендеген, бұл қысқа мерзімді міндеттемелерді ағымдағы активтер есебінен жабуы мүмкін еместігін көрсетеді.


  1. Кәсіпорынның маркетингтік қызметіне зерттеу жүргізу


Маркетингтік зерттеу қалыптасқан пробемалардан пайда болады, осы мақсаттарға жетуі анықтама алуға қол жеткізеді. Маркетингтік зерттеу Маркетингті зерттеудің мінезінің мақсаты зерттеу түрін алдын- ала анықтайды.

Зерттеу мақсаты, міндетті нақтылау және зерттеу мәселесі туралы бірінші түсінікті қалыптастыру болып саналады.

Маркетингтік зерттеудің бірінші кезеңіндеоны әзірлеу талаптарын қалыптастыру және зерттеу мәселесін анықтау қажет. Мәселені анық баяндау – табысты маркетингтің негізі. Егер мәселе дұрыс тұжырымдалса, ол аздап шешілді деуге болады. Мақсаттар мен мәселелер неғұрлым анық және түсінікті белгіленсе, маркетингтік зерттеулер соғұрлым тиімді болдады. Ақпарат жинау - өте қымбатқа түседі сондықтан , мәселе бұлдыр немесе дұрыс белгіленбесе, қажетсіз шығындарға ұшыранады. Мәселелерді айқындау процедурасына мәселелер каталогы кіреді.

Әдетте, мәселелер өндірістік- өткізу қызметін талдау нәтижесінде және басшылар мен мамандардан сараптамалық пікір сұрау жүргізу арқылы анықталады.

Мәселелер анықталғаннан кейін мақсаттар қойылады. Егер мәселе (обьект) – бұл міндеттердің жалпы қойылымы болса, онда мақсаттар – зерттеу обьектісінен шығатын жеке міндеттердің жиынтығы болып табылады. Мақсаттар анық құрастырылып, олардың сандық өлшемі болуы қажет. Мысалы, тауар өлшемінің өткізу көлемді төмендей бастады. Осы құбылыстардың себептері мен факторларын анықтау зерттеулердің мәселесі болып табылады. Бұл мәселені шешуде маркетингтік зертеудің алдында мынандай мақсаттар қойылады : Өнімге сатып алушылар көзқарасын айқындау; осы өнімді сату көлемінің өзгеруіне бәсекелестерінің тигізетін әсерін талдау; осы өнімді сату көлемінің өзгеруіне бәсекелестердің тигізетін әсерін талдау; тауар өніміне нақты сұранысы бар анықтау.



Маркетингтік зерттеуледің соңғы кезеңінде негізгі қорытындылар мен есеп беру дайындалады. Ол тапсырыс берушінің талабынан шығатындай болуы керек.Есеп беру кіріспе,негізгі және қорытынды болып үш бөліктен тұрады.

Алғы сөз - титул парағы,мазмұны,меморандум және қысқаша аннотациядан тұрады.Меморандумда зерттеулердің сипттамасы,нәтижелері қарастырылып,әрі қарай зерттеу қажеттілігі туралы ұсыныстар жасалады.Кіріспеде зерттеудің мақсаты мен көкейтестілігі келтіріледі.Есеп берудің негізгі бөлімінде қолданылатын әдістеме және ұсыныстар сипатталады.Есеп беруде зерттеу әдістерінің қысқаша шолуы болады,ал техникалық бөлігі қосымшаларда беріледі.Жалпы есеп беру фирма және маркетинг қызметінің қызметкерлігі үшін түсінікті және осы мәселе бойынша қажет ақпаратты алуға мүмкіндік беретіндей болып жазылуы керек.

Фирманың клиенттерін,оның бәсекелестерін, дилерлерді, т.б. түсіну үшін қайраткерлері маркетингілік зерттеулер жүргізу керек. «Проктер Энд Гэмбл» түрлес үлкен компаниялардың маркалы тауар басшылары жылына осындай үш-төрт тексеру жүргізуге тапсырыс береді. Майдарақ фирмалардың маркетингтік басшылары мұндай жұмыстарды сиректеу орындайды. Коммерциямен айналыспайтын мекемелерде де маркетингілік зерттеулер жүргізудің қажеттігін байқай бастаған. Аурухана өзінің қызмет атқаратын зонасындағы адамдардың өзіне деген көзқарасын білгісі келеді.колледж мектептердегі мамандық таңдау консультанттарының көзқарастарының қандай екекнін білгісі келеді. Саяси мекеме өзінің кандидаттары туралы сайлаушылардыңойын анықтағысы келеді.


  1. Кәсіпорынның маркетингтік ортасын талдау


Маркетинг тұжырымдамасы нарықта кәсіпорынның белсенді басымдық саясатының стратегиясы мен тактикасы, шаруашылық іскерлігі және барлық өндірістік ресурстар түрлерін тиімді қолдану нәтижелеріне әсер ететін маңызды құрал. Еліміздегі экономикалық реформаны әлем экономикасымен интеграциялау үшін нарық механизмін, нарықты зерттеу әдістерін және принциптерін, экономикалық конъюнктураны, стратегиялық жоспарлаудың негіздерін, кәсіпорындардың нарықтық жағдайдағы бәсекелестік мүмкіншіліктерін терең білу қажет. Мұндай білімді нарықтық басқару концепциясын зерттейтін маркетинг ғылымы береді.

Қазіргі замандағы маркетингтің мәні тұтынушының қажеттілігін кәсіпорынның пайдасына айналдыратын кәсіпкерлік қызметте көрініс алады. Қазақстанда маркетинг экономикалық сала ретінде біршама жақын уақыттан бастап қолданыла бастады, ал бұған дейін бұл капитализмге ғана тән теориялық түсінік және тәжірибелік әрекет ретінде саналып келді.


Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы замандағы маркетингтің рөлі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Кәсіпорын қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет.

Қазақстан Президентінің «Қазақстан – 2030» атты халыққа жолдаған стратегиялық бағдарламасында бейнеленген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі нарықтың негізгі мақсаты болып табылатындықтан, өндірісті басқару шешімдерін қабылдаудың негізгі принциптері кәсіпкерлерді негізгі тұрақты экономикалық өсу басымдылықтарына бағыттайды.

Маркетинг («market» ағылшын сөзі – «нарық») – бұл нарық пен экономикалық конъюктураны, өндіретін тауарлар мен қызмет түрлерін тұтынушылардың талабын ескере отырып, кәсіпорынның өнім өндіру мен өткізу және ғылыми-техникалық жұмысын басқарудың нарықтық тұжырымдамасымен тұсіндіріліеді.

Маркетинг классигі Ф. Котлердің анықтамасы бойынша: Маркетинг дегеніміз – қажеттілік пен тұтынушылықты айырбастау арқылы қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрін айтады.

Маркетинг – тұтынушылар сұраныстарына жауап беретін өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуде негізгі әрі ерекше рөлді атқарады.

1 сурет. Кәсіпорынның маркетинг жүйесін құрайтын элементтер Жоғарыдағы суретте аталған маркетинг элементтері күнделікті жағдайда бір-бірі-

мен қарым-қатынаста болып, өндірістегі маркетингтің негізі болып табылады. Стандарттық жағдайда маркетинг бәсеке кезінде тұтынушы нарығына қызмет көрсетуді білдіреді. Компания және оның бәсекелесі өндірілген өнімді және ақпаратты тіке немесе үшінші жақ арқылы тұтынушыға жібереді. Бұл жүйенің барлық қатысушыларына сыртқы орта факторлары бірдей әсер етеді (демографиялық, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, саяси-құқықтық, мәдени-әлеуметтік). Тұтынушы құндылықтарын құру үшін маркетингтік жүйенің әрбір элементі өз еңбегін сіңіреді. Сондықтан, компанияның сәттілігі тек компанияның өз қызметіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар, ол маркетингтік жүйенің элементтері тұтынушы қажеттілігін қаншалықты жақсы қанағаттандыруына да тәуелді болады.


  1. Кәсіпорындағы маркетингті құқықтық реттеуін бағалау


Маркетингтің ұйымдастыру қызметі – маркетинг бойынша өздеріне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындайтын бөлімдер мен бөлімшелердің жиынтығы. Маркетингті ұйымдастырудың әр түрлі формалары бар, оларды таңдауға кәсіпорын мақсаттары, ресурстардың болуы, басқарудың қалыптасқан құрылымы, өндірілген өнімнің, нарықтың және маркетингті ортаның ерекшеліктері сияқты факторлар әсер етеді. Маркетингтік қызметті ұйымдастыру төменде көрсетілген белгілер бойынша құрылады.

Функционалдық ұйым. Тауарлары мен нарық мөлшері аз кәсіпорындарда қолданылады. Бұл қағида еңбектің функционалдық бөлінуіне негізделген.