ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 33

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Маркетингті басқарудың функционалдық құрылымы

Басқарылатын процестердің мамандануы, кадрлар құзіретінің нақты түрде анықталуы, тауар ассортименттерінің аз мөлшерде тұрақты өндірілуі маркетингті ұйымдастырудың осы формасының тиімділігін анықтайды.

Ұйымның мұндай формасы номенклатурасы шектеулі орта және шағын кәсіпорындарға тән.

Функционалдық ұйымдастырудың мынадай артықшылықтары бар:

-Басқарудың қарапайымдылығы

-Басқару процестерінің мамандануы мен стандартталуы шешім қабылдау тиімділігін жоғарлатады.

— Қызметкерлердің кәсіби мамандығының өсуіне әсер етеді.

— Басқару функцияларында қайталану болмайды

Кәсіпорындардағы маркетингті функционалдық ұйымдастырудың кемшіліктері:

  • Басқару шешімдерін үйлестіруде кездесетін қиыншылықтар;

  • Тауарлар сапасына жеткілікті мән берілмейді;

  • Жаңа енгізулерге жылдам бейімделмейді

  • Фирмалық жалпы мүддесінен салыстырғандағы эгоизм мен жеке мүдделердің болуы

Маркетингті тауарлық ұйымдастыру. Маркетингтік құрылымның бұл түрін қолдану өндіріс пен өткізудің арнайы шарттарын талап ететін өнім ассортименті мен өткізу көлемі үлкен кәсіпорындар үшін тиімді

4-сурет Маректингті басқарудың тауарлық құрылымы

Маркетингтің тауарлық ұйымдастыру формасының артықшылықтары:

  • тауар бойынша маркетинг кешенін оңтайландыру мүмкіндігі;

  • тауар бойынша туындаған мәселелерді лайықты үйлестіріп, шұғыл әсер етуі;

  • сыртқы орта жағдайына жақсы бейімделу;

Маркетингтің тауарлық ұйымдастыруының кемшіліктері:

  • міндетті іс-қимыл құрылымымен салыстырғанда едәуір қымбат;

  • тауар бойынша сарапшы бала тұрып, менеджерлер міндетті қызмет алсын ескермейді

  • тауарлық топ қызметтерінің әрі тікелей басшыларына да, әрі функционалдық қызмет басшыларына да екі жақты бағынуы туындаған мәселелерді жедел шешуді қиындатады

Маркетинг қызметін ұйымдастырудың нарықтық үлгісі әр түрлі нарықта тұтынушылардың қалауы бірдей емес, ал тауарлар арнайы қызметті талап ету жағдайына қолданылады.

Маркетингті нарықтық ұйымдастырудың артышылықтары:

  • өз тұтынушыларының талғамы мен қажеттілігін жақсы білу;

  • нарық ерекшелігін ескере отырып, сенімді болжау жасау;



  1. Кәсіпорындағы маркетингтік зерттеулердің мазмұны мен бағыттарына талдау жүргізу

Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.


Қазіргі уақытта маркетинг- бұл кең көлемді ғылым және бәсекелестердің шарттарының статиясы мен тактикасын, сатып алушыларды қызықтыру әдістерін, нарық тәсілдерін, нарық пен бағаны белсенді бақылауды әзірлейтін сфералық қызмет.

Осы маркетинг  қызметтерінің әрқайсысының бағыттары,  олардың құндылығы және маңыздылығы  тек оларды бірге қарастырып қолданса ғана өседі. Маркетинг қызметінің негізгі  мақсаты – тұтынушы мен өндірушіні тығыз байланыстыру, бір-бірін табуға көмектесу болып табылады.

Маркетинг –  тұтынушылар сұраныстарына жауап  беретін өнімнің жоғары сапасын  қамтамасыз етуде негізгі рөлді атқарады.

Маркетингінің мәні мен мақсаты - Экономиканы‚ жарнаманы‚ инженерлік істі‚ психологияны‚ жоспарлауды‚ болжауды оңтайлы ұштастыру‚ яғни Маркетинг — тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оныңнегізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас‚ тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерц. қызметтің тиімділігін арттыру арқылы рыноктың (адамдардың‚ фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға‚ қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру.

Маркетингтік зертеулерді бес кезеңмен өткізуге болады:

  1. Зерттеу мәселесі мен мақсаттарын айқындау.

  2. Зерттеу жоспарын құру.

  3. Ақпарат жинау.

  4. Жиналған ақпаратты талдау.

  5. Зерттеу қортындылары туралы есеп.

Маркетингтік талдау шаруашылық субъектінің маркетинг бөлімі кәсіпорынның сыртқы ортасын зерттеу үшін қолданады: дайын өнімді сату және шикізат нарығы, оның бәсеке қабілеттілігі, сұранысы мен ұсынысы, коммерциялық тәуекелділік, баға саясатын қалыптастыру, маркетингтік қызметтің тактикасы мен стратегиясын өңдеу.

Маркетингтік талдаудың міндеттері:

  1. Ақпаратты жинау, сұрыптау және соңғылығы;

  2. Фирманың өзіндік мүмкіндіктерін бағалау, талдау мен болжау.

  3. Бәсекелестердің мүмкіндіктерін және белсенділігін бағалау және талдау.

  4. Нарық конъюктурасын бағалау және болжау.

  5. Сұранысты болжау, оның икемділігін бағалау.

  6. Коммерциялық тәуекелділікті айқындау және бағалау.

  7. Маркетингтік стратегияны негіздеу және т.б.

Маркетингтік  талдау – нарықтық сұранысын есепке алат отырып, өндіріс пен сатуды реттеу құралы.

Маркетингітк талдаудың әдістері:

  • Модельдер, мысалы, фирманың іскерлік белсенділік моделі. Ол шаруашылық портфель жағдайын және өзгерісін бағалау үшін қолданылады.

  • Статикалық әдістер, фирманың өзіндік мүмкіндіктерін, оның бәсекеге қабілеттілігін деңгейін, фирманың несиелік-қаржылық әлеутін, тауар қозғалысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

  • Стратегиялық индекс, фирманың тәртібі туралы шешімді бағалау үшін қолданылады.

  • Коэффициенттер әдісі, мысалы, жұмылдыру коэффициенті, пайдалы тиімділік коэффициенті, тартымдылық коэффициенті.

  • Эксперттік бағалау әдісі.

  • Тәжірибе қисығы, өнімнің өзіндік құнының өндіріс көлемінің өсуіне кері тәуелділігін сипаттайтын модель.

  • Сату реакциясы қисығы.

  • Оқыту қисығы.

  • Ранжирлеу.


    Маркетингтік  бөлімдерінің қызметі кәсіпорынның  негізгі мақсаттарын                                                                        жүзеге асыруға және бәсекелес  жағдайда оның тиімді қызмет  етуіне әсер етеді.  Бұл жағдайдағы  негізгі ерекшелік – бәсекелестерді анықтау мен оларды зерттеу.         


  1. Кәсіпорында тауар саясатына талдау жүргізу.

  2. Кәсіпорында тауарды сатуды ұйымдастыруда қолданылатын іс- шараларға талдау жасау.

  3. Кәсіпорында тауарларға баға саясатына талдау жүргізу.

  4. Кәсіпорынның тауар сұранысына талдау жасау.

  5. Кәсіпорынның тауар ұсынысына талдау жасау.

  6. Кәсіпорынның (фирманың, ұйымның) маркетинг бюджетін әзірлеу.

  7. Кәсіпорында өткізу мен жылжытудың ұйымдастырылуына талдау жүргізу.




  1. Кәсіпорынның маркетингтік құжаттарын жинақтау және талдау жүргізу.

  2. Кәсіпорынның ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсу қарқынына талдау жүргізу.

  3. Кәсіпорынның инстаграмм желісіне талдау жүргізу және жұмыстарыңды көрсету

  4. Кәсіпорынның фейсбук желісіне талдау жүргізу және жұмыстарыңды көрсету.

  5. Кәсіпорынның жеке сайттарына талдау жүргізу және жұмыстарыңды көрсету.