Файл: Пульсті зерттеу. ан ысымын лшеу. Тыныс жиілігін анытау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 194
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пульс – бұл жүрек жиырылуына жауап ретінде тамыр қабырғасының түрткен тәрізді тербелісі. Сол қарыншадан қолқаға ырғақты түсетін қан артерия арнасының ішінде тербелісті тудырады және тамырдың эластикалық керілуіне және артерия қабырғасының созылуына әкеледі. Пульсті беткей жатқан артериялардан тексереді. Көбінесе үлкен адамдардың пульсін білезік артериясынан тексереді. Егер қандай да бір себеппен білезік артериясынан пульсті тексере алмасақ, онда самай, ұйқы, сан, шынтақ және басқа артерияларды қолданамыз (сур. 48). Шеткі артериалды пульсті пальпациялау А - білезік артериясында, Б – иық артериясы, В – ұйқы артериясы, Г – сан артериясы, Д – тізе асты артериясы, Е – артқы үлкен асық жілік артериясы, Ж – артқы табан артериясы Пульсті білезік артериясында анықтағанда екі қолды бірдей тексеру қажет және айырмашылық болмаған жағдайда, бір қолда анықтауды жалғастырамыз (сур. 49 а, б). Науқастың қолы бос жатуы керек, өйткені сіңір және бұлшық ет керілуі пальпация жасауға кедергі болмауы керек. Зерттейтін адамның қолы ыңғайлы, жартылай бүгілген қалыпта болуы қажет. С урет 49. |
Пульсті зерттеу. Қан қысымын өлшеу.Тыныс жиілігін анықтау
Білезік артериясында пульсті тексеру
а – екі қолда, б - бір қолда
Шараның орындалуы:
1.Науқастың білезігін бір мезгілде төрт саусақпен алақан жақ бетіне және үлкен саусақпен сыртқы бетін қапсырып ұстау.
2. Екі қолдың II, III, IV саусақтарын науқас қолының білезік сүйегінің ұзына бойына қояды (саусақтың астында пульсі соғып тұрған жұмсақ, жіңішке, бірдей және серпімді түтікті сезу сезімі болады).
3. Артерияны аздаған күшпен білезік сүйегінің ішкі бетіне қарай басады (қатты басса пульстік толқын жоғалып кетуі мүмкін).
4. Пульстік толқын арасы арқылы пульстің ырғағын бағалау
5. 1 минутта пульстік соққы санын есептеу
6. Пульстің барлық қасиетін анықтау.
Пульстің қасиеті
Жиілігі —1 минуттағы пульс толқынының саны. Қалыпты жағдайда үлкен адамдардың пульс жиілігі жүрек жиырылу жиілігіне сай болады және минутына 60-80 соққыға тең. Егер пульс жиілігі минутына 60 соққыдан кем болса, бұл-брадикардия, егер 80 артық болса — тахикардия. Пульстің болмауы-асистолия деп аталады. Кейде пульс соққысы сандары жүрек жиырылу сандарынан кем болады (пульс жеткіліксіздігі). Бұл өте әлсіз немесе уақытынан бұрын жүрек жиырылу кезінде қолқаға қан аз мөлшерде түсуімен және пульстік толқынның шеткері артерияларға жетпейтіндігімен түсіндіріледі.
Ырғағы — пульстік толқындар арасындағы уақытша аралық. Егер ол бірдей болса, пульс ырғақты (үнемі); егер бірдей болмаса– аритмиялық болады. Қалыпты жағдайда пульстік толқындардың арасындағы уақыт бірдей болады. Жүрек аурулары бар адамдарда дұрыс ырғақ бұзылады, бұл аритмия деп аталады. Кейбір науқастарда жеке пульстік толқындардың түсіп қалуы (блокада) немесе уақытынан бұрын пайда болуы (экстрасистолия) және басқа жүрек ырғағының бұзылуын анықтауға болады.
Кернеу пульс соғып тұрған артерияны толық басу үшін зерттеушіге қажет күшпен анықталады (пульстің жоғалуы). Бұл пульстің қасиеті систолалық артериалды қысым көлеміне байланысты болады. Қалыпты қысым кезінде артерия аздаған күшпен басылады, немесе оны қанағаттанарлық кернеулі пульс дейді. Қан қысым жоғары болған сайын, артерияны басу қиынға соғады, сондықтан жоғары қысымда артерия қатты басылады - бұндай пульс керілген (қатты)деп аталады. Қан қысым төмен болғанда артерия жеңіл басылады - жұмсақ (керілмеген) пульс деп аталады.
Толу систола кезінде сол қарыншадан қолқаға түсетін қанның мөлшеріне байланысты болады. Қанның қалыпты соққы мөлшерінде және артерияның жеткілікті қанға толуы кезінде толық пульс сезіледі. Қанайналым бұзылғанда, қан кеткенде пульстің толуы азаяды, пульстік толқындар нашар ажыратылады - бұндай пульс бос деп аталады. Әзер сезілетін пульс жіп тәрізді деп аталады.
Сан артериясы шап аймағында жақсы байқалады, санды түзу күйінде сәл сыртқа қарай бұрған кезде –жеңіл тексеріледі. Тізе асты артериясынан пульсті анықтау үшін науқасты ішіне жатқызып, тізе асты щұңқырынан сезіледі. Артқы үлкен асық жілік артериясы ішкі тобық тілерсек астаушасында пальпацияланады; сыртқы табан артериясын табанның сыртқы бетінде, бірінші сүйек аралық кеңістіктің проксималды бөлімінде сезіледі.
Ұйқы артериясында пульсті тексеруді абайлап жүргізу қажет, кезекпен, артерия қабырғасын жайлап басып көруден бастау керек, өйткені жүрек қызметінің бірден баяулау қаупі, кейде оның тоқтап қалуы да болуы мүмкін. Клиникалық түрде бас айналу, естен тану, тырысумен көрінеді.
Артериалды қысымды зерттеу
Артериалды қысым (АҚ) – қан тамырлардың қабырғасына қанның түсіретін қысымы. АҚ -қантамыр жүйесінің жұмысын көрсететін ең маңызды параметр болып табылады. Дені сау адамның қан қысымын үнемі ұстап тұруы күрделі нейро-гормоналды реттеумен және жүрек жиырылу күшіне және жүрек тонусына байланысты болады.
Систолалық, диастолалық және пульстік қысымды ажыратады.
-
Систолалық қысым (жоғарғы сан) систола кезінде артериядағы қысымды көрсетеді, жүрек жиырылып, артерияға қанды айдағанда, онда қысым пайда болады. Олар жүрек жиырылу күшіне және қолқаға айдайтын қанның көлеміне, артерия арнасына, миокард жағдайына байланысты болады. -
Диастолалық қысым (төменгі сан) диастола- жүрек бұлшық еттерінің босаңсу кезіндегі артериядағы қысымды көрсетеді. Ол тамыр қабырғасының тонус жағдайын және шеткері тамырлардың қарсыласуын көрсетеді. Төменгі қысымның пайда болуына тамырлардың серпімділігі және тонусы әсер етеді. -
Систола және диастола арасындағы айырмашылық пульстік қысым деп аталады. Пульстік қысымның тербелісі толығымен жоғарғы және төменгі қысымға байланысты болады. Қалыпты жағдайда пульстік қысым 30–40 мм сынап бағанасы шамасында болады, систоладан 60% аспау керек. Бұл көлемнің жоғарылауы немесе төмендеуі мүшелер мен тіндердің қалыпты қанмен қамтамасыз етуін бұзады, жүрекке және тамырларға күш түседі.
Қалыпты жағдайда АҚ жоғарылататын немесе төмендетін көптеген факторларға және жасына, тәулік уақытына, сыртқы орта жағдайына, физикалық күшке немесе адамның психологиялық жағдайына (күйзеліс кезінде қысым жоғарылайды ), әртүрлі белсендіретін заттарды, медикаменттерді қабылдауға (кофе, шай) байланысты өзгеріп отырады.
Үлкен адамның систолалық қысымның қалыпты көрсеткіші 110-нан 139-ға дейін мм с.б.б.және диастолалық 70-тен 85–89-ға дейін мм с.б.б. АҚ тұрақты төмендеуі -гипотония, тұрақты жоғарылауы — гипертония деп аталады. Гипертензия және гипотензия ақау кезінде болады (гипертониялық ауруда және жүрек-тамыр жүйесі аурулары кезінде байқалады) және физиологиялық (физикалық күш түскендегі гипертензия, ұйқы кезіндегі гипотензия).
АҚ деңгейін бағалау үшін жалпыға бірдей ДДҰ жіктеуін қолданады (кесте 6).
Кесте 6.
Артериалды қысым деңгейінің жіктелуі
ESC/ESH, 2013
Категория | Систолалық АҚ (мм с.б.б.) | Диастолалық АҚ (мм с.б.б.) |
Қолайлы | <120 | <80 |
Қалыпты | 120-129 | 80-84 |
Жоғары қалыпты | 130-139 | 85-89 |
Артериалды гипертензия 1 дәрежелі | 140-159 | 90-99 |
Артериалды гипертензия 2 дәрежелі | 160-179 | 100-109 |
Артериалды гипертензия 3 дәрежелі | ≥180 | ≥110 |
Жеке систолалық артериалды гипертензия | ≥140 | <90 |
Артериалды қысымды өлшеу әдістері
Инвазивті (тік) әдіс арқылы АҚ өлшеуді аурухана жағдайында немесе хирургиялық араласу кезінде қолданады, бұл кезде қысымды үздіксіз бақылау үшін науқастың артериясына қондырғысы бар зондты енгізеді. Бұл әдістің артықшылығы қысым үнемі өлшеніп отырады, ол қысым/уақыт сызық түрінде көрініп тұрады. Бірақ та бұл әдіс науқастың жағдайын үнемі бақылауын қажет етеді, өйткені зонд шығып кеткен жағдайда ауыр қан кету қаупі дамуы мүмкін, пункция жасаған жерде гематома немесе тромбоз пайда болуы, инфекциялық асқыныстардың қосылуы мүмкін.
Клиникалық тәжірибеде ең көп тараған инвазивті емес әдіс арқылы АҚ анықтайды. Оның жұмысының негізгі принципіне байланысты ажыратады:
-
Пальпаторлы -
Аускультативті -
Осциллометрлік
Пальпаторлы әдіс артерия орналасқан аяқ-қолдарды біртіндеп компрессия немесе декомпрессия жасауы және қысқан жерден төменге қарай пальпациялау арқылы анықтайды. Систолалық АҚ манжет қысқанда пайда болатын пульс, диастолалық - пульстің толуы біршама төмендегенде анықталады.
Аускультативті әдіскәзіргі уақытта сфимогманометрмен АҚ механикалық өлшеу ДДҰ мойындаған инвазивті емес әдістердің "алтын стандарты".
Аускультативті әдіспен АҚ өлшеуді 1905 ж. Н.С. Коротков ұсынған (сурет 50).
Сурет 50.
Механикалық тонометр
Тонометр мынадан тұрады: ілгіштері бар, ұзын матадан жасалған тыстың ішіне салынған ені 12-14 см қуыс резиналы манжет; 300 мм дейін шкаласы бар сынапты манометр, ауаны үрлейтін баллон. Манжет және манометр баллонмен резиналы түтік арқылы байланысады, баллонда ауаны жіберетін кран бар. Артериалды қысымды өлшеуге арналған құрылғыларды пайдалануда, сенімді және талап қоймайтын құралдар ретінде өздерін көрсетті.
Иық артериясы үстіне теріге қысым түсірмей, манжеттің төменгі шетіне сезімтал бас жағын орналастырып, стетоскоппен, не мембраналы фонендоскоппен тыңдауды жүргізеді. Систолалық АҚ манжеттің декомпрессиясы кезінде пайда болған Коротковтың бірінші фаза тондары арқылы, ал диастолалық АҚ – оның жоғалуына байланысты анықтайды.
Коротков әдісі бойынша артериалды қысымды өлшеу әдісі
ДДҰ ұсынысы бойынша АҚ өлшегенде мына ережелерді сақтау қажет:
Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау. Науқас орындықтың арқасына тіреп отыруы (немесе жатуы керек) қажет, 5-минуттық демалудан кейін өлшеу тыныштықта жүргізіледі.
-
Науқас отырғанда аяғын айқастыруға болмайды. -
Кофе және қою шай қабылдамау (тексерудің алдында бір сағат бұрын), темекі шекпеу (30 минут ішінде), симпатомиметиктерді қолданбау (назалды және көз тамшылары). -
АҚ өлшеу алдында қуықты босатып (кіші дәретке бару) алу қажет, себебі толып тұрған қуық қысымы артериалды қысымды 15/10 мм.с.б.б. дейін көтеруі мүмкін. -
Қысымды өлшеп жатқанда сөйлесуге және қозғалуға болмайды. -
Екі қолды да өлшеу қажет. Кейіннен артериалды қысымның жұмыс деңгейі қалыптасқанда, қан қысымы жоғары болған қолын ғана өлшейді. -
Манжет қысқа және/немесе тар болмауы керек, ол артериалды қысым деңгейін жалған жоғары көрсетуі мүмкін (сурет 51).
Сурет 51.
АҚ өлшеу ережесі
Шараның орындалуы:
-
Науқастың қолы киімінен босатылуы керек (киімін орауға болмайды – бұл қолын және артерияның басылуына әкеледі!). Науқастың қолын жазған күйде тегіс қатты беткейге (үстел немесе керуеттің шеті) қойып, алақанын жоғары қаратып, барынша босаңсытып отыру қажет. -
Манжетті иыққа салып, манжеттің ортасы жүрек деңгейіне сәйкес болғаны дұрыс (гидростатикалық күштің әсерін болдырмау үшін), ал оның төменгі шеті шынтақ бүгуінен 2,5 см жоғары орналасқаны дұрыс. Манжетті салу тығыздығы: манжет пен науқас иығы арасына саусақ сиятындай болуы керек. -
Манжетті аппаратпен және алмұртпен байланыстыратын резиналы түтіктер білектің ішкі жағынан өтуі қажет. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұруы керек. -
Шынтақ бүгуінен пальпациялау арқылы пульсті анықтау. -
Иық артериясының пульсациясы бар нүктесіне фонендоскоптың мембраналы басын қояды. -
Ауа айдағыштың (алмұрт) тетігін жауып, пульс жоғалғанша және тағы шамалы (20-30 мм с. б.б. дейін) манжетке ауа айдайды. -
Тетікті ашып, манжеттен ауаны жайлап шығарады, Коротков тондарының пайда болуын және жоғалуын естіп, жазып алу. Манометрдің шкаласында пайда болған бірінші тон санын есте сақтау– бұл систолалық қысым. -
Манжеттен ауаны шығаруды тондар жоғалғанша жалғастырады. Тонометрдің соңғы дауысты тонына сәйкес келетін шкаладағы сан – диастолалық қысым. -
Барлық ауаны шығарып, манжетті шешу керек. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұрғандығына көз жеткізу. -
Фонендоскоптың басын 70% спиртпен екі рет залалсыздандыру. -
АҚ көрсеткішін жазу.
АҚ қайта өлшеуді манжеттегі ауаны толық шығарғаннан кейін, бірнеше минут аралығында бір ғана қолда 3-8 ретке дейін өлшеу жүргізіледі. Нәтижесі бір-біріне сәйкес келгенше өлшейді. АҚ мәліметтерінің орта мәні нәтижесі дұрысы деп есептеледі.