Файл: Пульсті зерттеу. ан ысымын лшеу. Тыныс жиілігін анытау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 195

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Осциллометрлік (электронды) әдіспен кейінгі жылдары АҚ өлшеу кең тарала бастады (сурет 52).





Сурет 52

Қысымды өлшеуге арналған автоматты аппараттар
Әсер ету принципі: беткей жатқан қол артерияларын (мысалы, білезік) қысады, тамыр қабырғалары арқылы берілетін бүйір қысым тензо қондырғылар көмегімен тіркеледі. Осциллометрлік әдіс АҚ өлшейтін барлық автоматты және жартылай автоматты тонометрлердің 80% шамасында қолданады. Бұл құралдар сұйық кристалды шыныдан тұрады, және өзі өшетіндіктен науқастар АҚ өлшеу үшін кеңінен қолданады.

Бұл құралдардың айырмашылығы манжеттің құрылымында фонендоскоп басы бекітілген, таққан кезде міндетті түрде шынтақ бүгуінде артерияның үстінде болады. Бұндай құралмен артериалды қысымды бала немесе қарт адамдар да өлшеуді үйрене алады және нәтижесіне толықтай сенуге болады.

Дұрыс нәтижені алу үшін артериалды қысым деңгейін 2-3 рет өлшеу керек, өлшеу аралығы 1-2 минуттан кем болмау керек. Көп жағдайда артериалды қысымды бірінші өлшеу нәтижесі жоғары көрсетеді, өйткені тонометрдің манжеті қолды қысқанда ағзаның еріксіз реакциясы- қан тамырлар тонусының жоғарылауы болады.

Тәулік ішінде артериалды қысым деңгейі өзгеріп отырады: ол ұйқы кезінде төмендейді және таңертеңге қарай жоғарылайды, күндіз белсенді сағаттарда ең жоғарғы шегіне жетеді. Дені сау адамдарда тәулік ішінде ең жоғарғы және ең төменгі АҚ айырмашылығы: систолалық — 30 мм с.б.б., ал диастолалық — 10 мм с.б.б. аспау керек.

Артериалды гипертониясы бар ауруларда АҚ түнгі көрсеткіштері күндізгіден жоғары болуы мүмкін екенін естен шығармау керек. Сондықтан бұндай науқастарды тексеруде АҚ тәуліктік мониторлеудің маңызы зор (АҚТМ), нәтижесі емді қабылдаудың дұрыс уақытын анықтауға көмектеседі және емнің әсерін толық бақылауды қамтамасыз етеді (сур. 53)
Тыныс алудың түрлері

Тыныс алудың үш типін ажыратады: кеуде, іш және аралас.

· Тыныс алудың кеуделік типі әйелдерде жиі кездеседі.

· Тыныс алудың іштік типі ер адамдарда жиі кездеседі.

· Тыныс алудың аралас типінде тыныс алу қозғалысы қабырға аралық бұлшық еттердің, көк ет және іштің бұлшық еттері арқылы жиырылады.


Тыныс алу жиілігі. Дем алу және дем шығару жиынтығы бір тыныс алу қозғалысы деп есептеледі. Тыныс алудың 1 минуттағы саны тыныс алу қозғалыс жиілігі немесе жай тыныс алу жиілігі деп аталады. Дені сау үлкен адамның тынысы ырғақты, дем алу және дем шығару бірдей жиілігімен ерекшелінеді (минутына 16—20 тыныс).

Тынысты есептеу тыныштық жағдайында жүргізілуі керек, есептеу алдында науқас физикалық жұмыс жасамауы керек, тамақ ішпеуі немесе алаңдамауы қажет, өйткені бұл жағдайлар тыныс алу жиілігін жоғарылатады. Физикалық күш түскенде,тамақтан соң тыныс жиілейді, ұйқы кезінде— азаяды. Бірақ тыныстың жиілеуі немесе азаюы ақаулы жағдайлармен байланысты болуы мүмкін. Тыныс алу қозғалысы санының жоғарылауы (20-дан көп) - тахипноэ, тыныс санының 16-дан төмендеуі– брадипноэ, тыныстың толық болмауы – апноэ деп аталады. Апноэ ерікті болуы мүмкін, егер науқас өзі тынысын ұстап тұрса, және ақау кезінде болады, мысалы, клиникалық өлім кезінде.