Файл: Блім Пайыз Педагогті атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

Пайыз

Педагогтің аты-жөні:

Аяпбергенов Д.С

Күні:

11.04.2023

Сыныбы: 5 Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мәтіндік есептерді шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

5.5.1.6 пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар бірлесіп, мәтінді есептермен танысады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Білім алушылар мәтінді есептердің С нұсқасын шығарады.

Кейбір оқушылар үшін:

Білім алушылар мәтінді есептердің шығарылуын сипаттап бере алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

4 мин

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
1.Мұғалім оқушыларды түгендейді.

2.Амандасады және тілектерін білдіреді.

3. топқа бөлу


1. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатыментаныстырады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың белсенділігі үшін «Жарайсың!», «Керемет!» деген сақтау сөздерімен бағалайды.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


«Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.

Сұрақтар:

1.Бір пайыз деп нені айтады?

2. 56% бөлшек түрінде жаз!

3. Берілген санның пайызын қалай табамыз?

4.Пайызы бойынша санды қалай табамыз?

5. 1/2 неше пайызға тең?

1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

2. Өзгенің пікірін толықтырады.

Мақсаты: Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Дескриптор:

1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

2. Өзгенің пікірін толықтырады.

Жалпы- 1 балл.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.

Слайд

Кітап

Топтық жұмыс

тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1 тапсырма

Сыныптағы 30 оқушының 60 % спорттық үйірмелерге қатысады. Сыныптағы оқушылардың нешеуі спорттық үйірмелерге қатысады?

2 тапсырма

Сыныпта 14 оқушы домбыра тартады. Бұл сыныптағы оқушылардың 50 % құрайды. Сыныпта барлығы неше оқушы бар?

3 тапсырма

Қоланың 30 %-ы қалайы, қалғаны мыс. 30 кг қоланың құрмында неше кг мыс бар?

Дескриптор:_1._Сәйкестерін_табады'>Дескриптор:

1.Тиісті сандарды табады.

2.Санның пайызын, пайызы бойынша санды табады табады.

Жалпы балл: 3 балл


ДК экраны

Жұптық жұмыс

тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Сәйкестігін тап

1% - 1/100

75% - 3/4

25% - 1/4

50% - ½

4/5 – 80%

13/20 – 65%

8/25 – 32%

Дескриптор:

1. Сәйкестерін табады

ДК экраны

Жеке жұмыс

1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма

Автобус бірінші сағатта барлық жолдың 40%- ын жүргенде, тағы да жүруге тиісті 90км жол қалды. Барлық жолдың ұзындығы неше км?


Дескриптор:

1.Тиісті сандарды табады.

2.Пайызы бойынша ұзындығын табады.

Жалпы- 2 балл.

ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-тапсырма

Бағасы 3750 теңгелік зат бірінші ретте 14%-ке арзандады, екінші ретте соңғы бағасы 8%-ке қымбаттады. Заттың соңғы бағасы қанша теңге болды?

Дескриптор:

1.Есептің мазмұнын түсінеді.

2.Пайызы бойынша бағасын есептейді.

3.Жауабын табады.

Жалпы- 2 балл.

ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Берілген пайыздарды бөлшекке айналдыр

1%

10%

50%

75%

60%

40%

Дескриптор:

1. Есептің мазмұнын түсінеді.

2. Пайызды бөлшекке айналдырады

Жұмыс дәптеру, қима қағаздар


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Тақтада берілген рефлексивті сөздерді таңдай отырып, өздерінің ойын жеткізеді.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Үйге тапсырма:

№1182 есеп.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: