ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 48
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектепте оқу кабинеттері жетіспейтіндіктен, балабақшаның бір ғимараты жалға алынып, сол жерде даярлық топтары білім алып жатыр. Сонымен қатар, XIX ғасырда салынып, мемлекеттік қорғауға алынған шіркеулік ескерткіш ғимаратында шеберхана сабақтары өтіледі.
Ә ) Компьютерлер санының аздығы (оқушы санына шаққандағы) және ақпараттандыру жүйесімен толық қамтамасыз етілмегеніміз.
Мектепте ақпараттандыру жүйесі толық қанағаттандырылмаған.
Мектебіміздің басым бөлігінде интернет желісі (WI-FI) жұмыс істемейді. Компьютерлер саны оқушылар санына шаққанда 17 оқушыға 1 компьютерден ғана келеді. Мектебімізде интербелсенді тақталар саны 2-ақ жұмыс істеп тұр, бұл оқу үдерісінде аздық етеді.
-
Мұғалімдердің тікелей педагогикалық міндетінен басқа қосымша жұмыстарға қамтылады. Мысалы айтар болсақ, сенбіліктер, сайлау кезіндегі үгіт-насихат жұмыстары және басқа да іс-шараларға .
-
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу уақытында ата- аналардың балаларының сабаққа дайындығын жете қадағаламауы, қолдауының төмендігі. Баға қойылмайтындығын үй тапсырмасын орындамай келетін оқушылар кездеседі.
-
Мектептің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста болмауы .
Жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс жасалмағандықтан, ғылыми жобалар жазғанда қиыншылықтар туындайды.
-
Аз қаматмасыз етілген жанұядан шыққан оқушылардың мұқтаждығын қанағаттандыру толық шешілмеді.
6. Денсаулығында ақауы бар оқушыларға арнайы инклюзивті оқыту сыныптардың жоқтығы.
Мүмкіндіктер (O)
-
Мектепті әлі де дамытуға, жаңашылдықпен басқаруға педагогтар құрамының сапасын арттыруға мүмкіндігіміз бар. -
ҰБТ көрсеткішін жоғарылатуға, грант санының көбейуіне, мамандықты дұрыс таңдау ына бағыт беруге мүмкіндігіміз бар. -
Мектеп, ата-ана, оқушы арасындағы жұмысты жандандыру мақсатында ата-аналар клубы жұмысын жандандыруға , әртүрлі психологиялық тренингтер мен іс-шаралар өткізуге мүмкіндіктеріміз бар. -
Ұстаздардың және жас мамандардың тәжірибесін шыңдау мақсатында аудандық,облыстық кәсіби байқауларға, үздік тәжірибе алмасуда, облыстық деңгейде семинарлар, вебинарлар, онлайн- сабақтар өткізуге мүмкіндігіміз бар. -
Желілік қоғамдастық жұмысын жандандыруға мүмкіндігіміз бар. -
Жаратылыстану бағытындағы пәндерді (информатика , химия, физика ) үш тілде оқыту мүмкіндігіміз бар. -
Оқушылардың қабілеттеріне қарай әртүрлі үйірме жұмыстарын жандандыруға мүмкіндігіміз бар. -
Мектеп жанынан жаңа бастауыш мектеп ғимараты салынған жағдайда, оқу бөлмелерімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар.
Қауіпті жақтары (T)
-
Оқушылардың бос уақытын қалай өткізетіндігін толық бақылау жасай алмаймыз. -
Интернет арқылы берілетін жағымсыз ақпараттан оқушыларға келетін қауіп.
Қорыта келгенде, мектептің білім беру үдерісін талдау негізінде бар жақсы жақтарымызды және әлсіз жақтарымызды айқын біліп отырмыз. Сондықтан осыларды ескере отырып мүмкіндіктерімізді жүзеге асыру міндеті тұр. Осы мақсатта төмендегі ұсыныстар беріледі:
-
Мектептің даму жоспарын заманауи талаптарға сай жасау. -
Педагогикалық кадрлар құрамының сапасын арттыру. -
Барлық педагогикалық кадрларды жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстардан өткізу. -
Мектеп әкімшілігі, қамқорлық кеңес және ата – аналар комитетінің жұмысын тығыз байланыстыру. -
Мұқтаж оқушыларға материалдық көмек беру жұмысын қолға алу. -
Мамандықты дұрыс таңдауды, ҰБТ тапсыру пәндері бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуді, соның нәтижесінде мемлекеттік грантты жеңіп алу санын көбейту мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізу. -
Үздік тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық, аудандық, облыстық семинарларға қатысу және мектебімізде өткізу; әдістемелік нұсқаулықтар және авторлық бағдарламалар құрастыруды қолға алу. -
Мектеп жанынан соғылатын жаңа бастауыш мектеп құрылысының уақытылы жүргізілуін қадағалау. -
Аудандық білім беру бөлімінен мектепті компьютермен талаптарға сай жабдықталуын және интернет желісі жылдамдығын арттыруға сұраныс жасау. -
Мұғалімдердің өз пәндері бойынша пән олимпиадалары мен пәндік байқауларға қатысып, өз шеберліктерін арттыру. -
Дарынды және талантты оқушыларды пән олимпиадаларына, зияткерлік байқауларға қатысуын ұйымдастыру. -
Мектепішілік, аймақтық, аудандық, облыстық, республикалық желілік қоғамдастықтар жұмысын жандандыру. -
Күнделік KZ.білім жүйесіне толық өтуді қолға алу. -
Жаңа бастауыш мектеп ғимараты салынған жағдайда, оқушылардың қызығушылығына қарай үйірмелер ашу. -
Жаратылыстану бағытындағы пәндерді (химия, биология, физика, информатика)үш тілде оқытуды қолға алу. -
Жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнату арқылы ғылыми жұмыстарды жандандыру.