ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 26
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) мектептердегі 9-сынып оқушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша тест спецификасы
2.Емтихан жұмысының сипаттамасы
Оқылым уақыты - 2 сағат
Емтихан жұмысы жалпы көлемі 300-350 сөзден тұратын бір мәтінге негізделген міндетті үш тапсырмадан тұрады.
1-тапсырм. Мәтін тақырыбы бойынша арнайы лексиканы түсінуге негізделеді. Мәтінде кездесетін 5 сөздің лексикалық мағынасына балама (синоним) сөздер ұсынылады. Білім алушы ұсынылған сөздерге мағыналас сөздерді мәтіннен тауып жазуы қажет. Берілген сұрақтар білім алушылардың тілді қолдана алуы мен контексте жекелеген лексиканың мағынасын түсіну дағдыларын көрсетуін бағалайды.
2-тапсырма. Перифраз тәсілі арқылы орындалады. Мәтінде кездесетін сөйлемдердің түпнұсқалық мағынасын сақтай отырып, құрылымын перифраз тәсілі арқылы өзгертіп, қайта жазу жұмысы ұсынылады. Ол үшін сөйлемдердің басы (сөз, сөз тіркесімен) ғана беріледі. Бұл жұмыс білім алушының мәтін мазмұнын тұтастай түсінуі мен грамматикалық құрылымды дұрыс қолдану дағдысын бағалайды.
3-тапсырма. Қысқа және толық жауапты қажет ететін ашық сұрақтардан тұрады. Білім алушылар мәтін бойынша қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 ашық сұраққа жауап береді. Берілген тапсырманың сұрақтары білім алушылардың мәтін бойынша нақты сұраққа жауап беру мен тілді қолдана алуын және өз ойы мен көзқарасын жеткізе білуін, қорытынды жасай алуын, сондай-ақ грамматикалық құрылымды дұрыс қолдану дағдысын бағалайды. Максималды: 30 балл
Емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі:
Емтихан жұмысы үшін балл қою үдерісін ұсынылған балл қою сызбасы негізінде аттестациялық комиссия жүзеге асырады.
Білім алушылардың қойылған балдары балдарды бағаға айналдыру шәкіліне сәйкес бағаға ауыстырылады.
Емтихан жұмысының балдары | Балдардың проценттік құрамы, | Баға |
0-11 | 0-39 | 2 (қанағаттанарлықсыз) |
12-19 | 40-64 | 3 (қанағаттанарлық) |
20-25 | 65-84 | 4 (жақсы |
26-30 | 85-100 | 5 (өте жақсы) |
11 сынып білім алушыларын «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ерекшелігі
ТЕСТ МАЗМҰНЫ
ТЕСТ тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі:
* бірінші деңгейде – 7 тест тапсырмасы
* екінші деңгейде – 6 тест тапсырмасы
* үшінші деңгейде - 5 тест тапсырмасы.
Кешенді тест мектеп бітірушінің коммуникативтік- тілдік құзіреттілігінің қалыптасу деңгейлерін анықтайды.
ТЕСТ ЕКІ БӨЛІКТЕН (ЕКІ БЛОК) ТҰРАДЫ
I блок – ТЫҢДАЛЫМ
II блок – ОҚЫЛЫМ
Осы екі блоктағы тапсырмаларды орындау арқылы білім алушының
«ЖАЗЫЛЫМ» дағдысы тексеріледі.
Тестке жалпы білім беретін мектептерге арналған қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу материалдары енгізілген.
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ФОРМАЛАРЫ
* Жабық формадағы бір дұрыс жауапты қажет ететін ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
* Ашық формадағы қысқаша немесе толық жауапты қажет ететін ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ САНЫ
Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының саны – 18 тапсырма:
ТЫҢДАЛЫМ бөлімінде бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы.
ОҚЫЛЫМ бөлімінде контекст негізінде бір дұрыс жауапты 5 тест тапсырмасы;
ашық түрдегі қысқаша немесе толық жауапты қажет ететін 3 тест тапсырмасы. Барлығы - 8 тест тапсырмасы
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН
ОРЫНДАУ УАҚЫТЫ
Тесті жалпы орындау уақыты – 80 минут
ЖЕКЕ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ТЕСТТІҢ ОРЫНДАЛУЫН
Б А Ғ А Л А У
ТЫҢДАЛЫМ бөлімінде 2 мәтін және әр мәтінге 5 тест тапсырмасы беріледі.
Сонда 10 тест тапсырмасы бағаланады. Дұрыс орындалған бір дұрыс жауапты тест тапсырмасына -
1 балл беріледі.
ТЫҢДАЛЫМ барлығы – 10 балл
ОҚЫЛЫМ бөлімінде оқуға 2 мәтін ұсынылады.
Бірінші мәтінге - 5 тест тапсырмасы беріледі. Оның ішінде
3 тест - мәтін мазмұнына, 2 тест- тілдік бағдарға құралады.
Бір дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін - 1 балл,
Бірінші мәтін бойынша барлығы – 5 балл.
Екінші мәтін бойынша ашық формадағы қысқаша немесе толық жауапты қажет ететін 3 тест тапсырмасы беріледі.
Әрбір дұрыс орындалған 1 тест тапсырмасы 0-ден 5 балға дейін бағаланады, максималды – 5 балл.
Екінші мәтін бойынша барлығы – 15 балл.
ОҚЫЛЫМ барлығы – 20 балл.