ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.11.2021

Просмотров: 447

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

22

Митохондрияларды жабық ыдыста фосфатты буферде инкубирледі, сутек доноры ретінде малат қолданылды. Реакция жылдамдығын тәжірибелік сынамадағы сіңірілген оттекпен анықтап отырды (ыдыстағы газдың азаюымен). АДФ-ты әр қосқан сайын оттектің сіңірілуі жедел артып отырды және АДФ-тың келесі үлесі қосылғанша өзгермей тұрды.Бұны қалай түсіңдіруге болады?

Шешу алгоритмі:

1)Малатты дегидрлеу реакциясын жазыңыз, БТ сызба нүктесін пайдалана отырып электрондар мен протондардың оттекке тасымалдану жолын көрсетіңіз.

2)БТ тізбегіндегі электрондардың тасымалдануы мен АТФ синтезі арасындағы байланысты көрсетіңіз.

3) «Тыныс алуға» анықтама беріңіз және АДФ-ты әр қосқан сайын митохондрияда өтетін құбылыстарды түсіңдіріңіз.

23

Барбитураттар (натрий амиталы және т.б) медицинада ұйықтатқыш заттар ретінде қолданылады.Бірақ бұл препараттарды емдік дозадан 10 есе артық қабылдаса өліп кетуі де мүмкін. Барбитураттардың организмге улы әсері неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

  1. Осы препараттар әсер ететін процестердің схемасын салыңыз.

  2. Схемадан барбитураттармен біріншілік ингибирленетін процесс сатысын көрсетіңіз.

  3. Олардың ағзаға әсерінің салдарын сипаттаңыз.

24

20-шы ғасырдың басында 2,4-динитрофенол секілді жарылғыш заттар шығаратын әскери заводтарда жұмыс істейтіндер салмақтарын тез жоғалтатындығын медицина қызметкерлері байқады. Осы негізде медицинада 2,4-динитрофенолды дене салмағын азайтатын препарат ретінде қолданды. Бірақ кейін жоғары токсикалық әсері мен кейбір жағдайларда өлімге апаратыны байқалғандықтан қолдану тоқтатылды.

2,4-динитрофенолдың жоғары токсикалық әсері неге байланысты?

Шешу алгоритмі:

  1. Осы препараттың әсерінен қандай үрдіс бұзылады?

  2. Әсер ету механизмін сипаттаңыз

  3. 2,4-динитрофенолды дене салмағын азайтатын препарат ретінде пайдалану неге негізделгенін түсіндіріңіз.

25

Митохондрия суспензиясына 2 ммоль цитрат және 2 ммоль АДФ қосты. Субстраттың тотығу жылдамдығын оттектің жұмсалуы бойынша есептеді. Бірнеше уақыттан кейін реакция тоқтап қалды. Неге?

Шешу алгоритмі:

  1. ҮКЦ-да цитраттан альфа-кетоглутар қышқылы түзілгенге дейінгі реакцияны жазыңыз.

  2. Оттектің жұмсалуымен және АДФ-ты пайдалануымен қай этап байланысты екенің анықтаңыз; тотығатын субстратты атаңыз.

  3. БТ схемасы түрінде сутектің тотығатын субстраттан оттекке берілу жолын көрсетіңіз; Р/О коэффициентің көрсетіңіз

26

Науқаста пируватдекарбоксилазаның генетикалық жетіспеушілігі анықталды.

Бұл қандай жағдайларға алып келуі мүмкін?

Шешу алгоритмі:

  1. Осы фермент катализдейтін реакция теңдеулерін жазыңыз.

  2. Осы реакцияның өнімі қандай процестерге (реакцияларға) қолданылады?

  3. Осы процестердің бұзылуынан қандай жағдайлар болатыны туралы қорытынды шығарыңыз.


27

Клиникаға сүтпен тамақтандырғаннан кейін диарея болған нәресте келіп түсті. Диагноз қою үшін лактозаға толеранттығын тексеру үшін тест жүргізді. Науқасқа ашқарынға суда еріген 50 г лактоза берді. 30, 60 және 90 минут өткеннен кейін қанда глюкоза концентрациясын анықтады. Нәтижелер қандағы глюкоза мөлшерінің өзгермегендігін көрсетті. Алынған нәтижелердің мүмкін болатын себептерін атап айтыңыз және дәлелдеңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Ішекте лактозаның қорытылу реакциясын жазып, ферментін көрсетіңіз.

  2. Неге қанда глюкоза мөлшерінің жоғарламағанын түсіндіріңіз?

  3. Осы науқаста сүт тағамдарын пайдалана алмау бұдан кейін де жалғасады ма? Жауапты дәлелдеңіз.

28

Қант диабеті созылмалы гипергликемиямен сипатталатын ауру (ашқарында қандағы глюкоза мөлшері 6,1 мМ/л-ден көп болса), инсулиннің жеткіліксіз синтезделуі немесе әсерінің болмауынан болады. Қанда глюкозаның деңгейiн төмендету тәсiлдердiң бiрi «Глюкобай»  препаратын қолдану болып табылады.Оның әсер етуші заты – акарбоза, оның құрылысы тетрасахарид және ол көмірсулар алмасуына қатысатын ащы ішек ферменттері-дисахаридазалардың ингибиторы. Акарбозасы бар препараттармен емдеу барысында ащы ішекте глюкозаның түзілуі және оның қандағы мөлшерінің өзгеруін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Көмірсулардың ішекте қорытылу схемасын салыңыз.

  2. Осы қосылыспен ингибирленетін ферменттерді атаңыз.

  3. Акарбозамен осы ферменттердің ингибирлену түрін атаңыз.

29

Науқастың бауырында глюкозо-6-фосфатазаның тұқым қуалаушылық жетіспеушілігі анықталды. Бұл науқаста гликогеннің метаболизмі қалай өзгереді? Бұл жағдайда: бауырда тамақ ішкеннен кейін гликоген синтезі, аштық кезінде гликогенолиз және глюкозаның қанға шығуы байқалады ма?

Шешу алгоритмі:

  1. Гликогеннің ыдырау схемасын көрсетіңіз.

  2. Гликогеннің ыдырауына қатысатын ферменттерді және жетіспейтін (дефектілі) ферментті көрсетіңіз.

  3. Бауырдағы гликогенолиздің, бұлшық еттегі гликогенолизден қандай ерекшелігі бар екенін көрсетіңіз.

30

Емтихан кезінде студенттің қандағы глюкоза мөлшері 7мМ/л тең екендігі анықталды. Егер студент емтиханға дейін 4 сағат бұрын тамақтанса, қандағы глюкоза мөлшерінің өзгеру себебін анықтаңыз?

Шешу алгоритмі:

  1. Қалыпты жағдайдағы қандағы глюкозаның концентрациясын көрсетіңіз және бұл жағдайда студент қанында қандай гормонның мөлшері жоғарлайтынын атаңыз.

  2. Бауырда бұл гормонмен активтенетін үрдістің схемасын және ол процесті реттеуші ферментті көрсетіңіз.

  3. Гормонның реттеуші ферментке әсер ету механизмін көрсетіңіз.

31

Адам көмірсулардан тұратын түскі тамақтан кейін 30 минут өткен соң жылдам физикалық (дене еңбегі) жұмыс жасады (мысалы, қауіптен қашу). Не себептен осы жағдайда қаңқа бұлшық еттерінде гликоген синтезі тоқтайтынын, ал гликоген ыдырауы стимулденетінін түсіндіріңіз?


Шешу алгоритмі:

  1. Гликоген синтезінің схемасын көрсетіңіз. Гликоген «қалдығына» бір молекула глюкоза қосылатын энергия жұмсалуымен байланысты жүретін реакцияны көрсетіңіз.

  2. Гликогенолиз схемасын жазыңыз және бұлшық етте глюкозо-1-фосфататың СО2 мен Н2О-ге дейін тотығуы кезінде түзілетін АТФ санын көрсетіңіз.

  3. Стресс жағдайында қанда қай гормонның мөлшері жоғарлайтынын және бұл гормонның гликоген синтезі мен ыдырауын реттеуші ферменттердің белсенділігіне қалай әсер ететінін көрсетіңіз.

32

Көз бұршағы көздің жарық сындырғыш ортаңғы бөлімі, онда митохондрия болмайды. Көз бұршағында глюкоза энергия көзі болып табылады. Глюкоза катаболизмінің қандай жолы көз бұршағын АТФ- энергиясымен қамтамасыз етеді?

Шешу алгоритмі:

Көз бұршағын энергиямен қамтамасыз ететін метаболизм жолының схемасын жазыңыз.Реакцияның ферменттерін, коферменттерін көрсетіңіз.

  1. Схемада АТФ пайдаланылатын және синтезделетін реакцияны көрсетіңіз.Осы үрдісте түзілетін АТФ-ті есептеңіз.

  2. Бұл үрдісте АТФ-тің синтезделу әдісін атаңыз.

33

Көз бұршағы көздің жарық сындырғыш ортаңғы бөлімі, онда митохондрия болмайды. Көз бұршағында глюкоза энергия көзі болып табылады. Глюкоза катаболизмінің қандай жолы көз бұршағын АТФ- энергиясымен қамтамасыз етеді?

Шешу алгоритмі:

Көз бұршағын энергиямен қамтамасыз ететін метаболизм жолының схемасын жазыңыз. Реакция ферменттерін, коферменттерін көрсетіңіз.

  1. Көз бұршағындағы сияқты, АТФ синтезі өтетін тіндер мен жасушаларды атаңыз, неге тек қана осы тәсілмен фосфорлану жүретінін түсіндіріңіз және осы фосфорлану әдісін атаңыз.

  2. Осы үрдісте өтетін дегидрлену реакциясын және соңғы өнімнің түзілу реакциясын формуламен жазып беріңіз .

34

Көз бұршағы көздің жарық сындырғыш ортаңғы бөлімі, онда митохондрия болмайды. Көз бұршағында глюкоза энергия көзі болып табылады. Глюкоза катаболизмінің қандай жолы көз бұршағын АТФ- энергиясымен қамтамасыз етеді?

Шешу алгоритмі:

Көз бұршағын энергиямен қамтамасыз ететін метаболизм жолының схемасын жазыңыз.

  1. Реакция ферменттерін, коферменттерін көрсетіңіз.

  2. Бұл үрдістің соңғы өнімдері қандай өзгерістерге қатысатынын және оның жиналуы кезінде қандай өзгерістер болатынын көрсетіңіз.

35

Пируваттың лактатқа айналуы – қайтымды реакция, табиғаты олигомер болып табылатын лактатдегидрогеназамен (ЛДГ) катализденеді. ЛДГ М- және Н-суббірліктен тұратын тетрамер, бұлар өз арара комбинацияланып, бес түрлі тетрамер (М4 (ЛДГ1), М3Н1 (ЛДГ2), М2Н2 (ЛДГ3), М1Н3 (ЛДГ4), Н4 (ЛДГ5)) құрайды. Бұл изоферменттер бір-бірінен біріншілік құрылымы және физико-химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді, бір реакция түрін ғана катализдейді. Сонымен қатар олардың тіндерде орналасуы да әр түрлі. Жүрек бұлшық еттері үшін Н4 изомері, қаңқа бұлшық еттеріне М4 тән. Жүрек бұлшық еттерінде ЛДГ1 лактаттың пируватқа айналу реакциясын катализдейді. Жүрек бұлшық еті метаболизмі кезіндегі бұл изоферменттің рөлін түсіндіріңіз.


Шешу алгоритмі:

  1. Жүрек бұлшық етінде осы фермент катализдейтін реакцияны көрсетіңіз.

  2. Жүрек бұлшық етінде осы реакция өнімінің СО2 мен Н2О-ге дейін тотығу жолын схема түрінде жазыңыз.

  3. Көрсетілген үрдістің нәтижесінде қанша АТФ түзілетінін есептеңіз.

36

Тәжірибеде бұлшық ет гомогенатына глюкоза қосылды. Арнайы катаболизм жолымен 1 молекула глюкозаның тотыққанда энергия ретінде қанша АТФ түзіледі, егер тәжірибеде нативті митохондриясы бар тін гомогенатын барбитурат қатысында қолданса?

Шешу алгоритмі:

Осы жағдайларда синтезделетін АТФ-тің метаболиттік жолының схемасын көрсетіңіз.

  1. Осы метаболиттік жолдағы барбитураттар бұзатын үрдістің схемасын көрсетіңіз.

  2. Қандай тыныс алу комплексін барбитураттар ингибирлейді? Кофермент құрылысын және дегидрогеназаға сәйкес келетін витаминді көрсетіңіз.

37

Пируват түзілетін глюкозаның катаболизмі аэробты да, анаэробты да жағдайда жүреді. Глюкозаның екі молекула пируват түзілгенше ыдырауы кезінде неше АТФ түзіледі, аэробты және анаэробты жағдайда?

Шешу алгоритмі:

Гликолиз схемасын және АТФ пайдаланылатын және синтезделетін реакцияларды көрсетіңіз.

  1. Гликолиздің тотығу реакциясын формула пайдалана отырып жазыңыз.

  2. Аэробты және анаэробты жағдайда НАДН2-нің пайдалану реакциясын жазыңыз.

38

Спринтер мен стайер 100 м және 10 км арақашықтықта өзара жарысты. Спринтер жүз метр арақашықтықты жүгіріп шықты, ал стайер онынышы километрді жүгіріп жатыр. Бұл жүгірушілердің бұлшық ет жұмысын энергиямен қамтамасыз ететін процестердің айырмашылығын көрсетіңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Стайердің бұлшық ет жұмысы үшін энергия көзі болып табылатын глюкоза катаболизмінің схемасын көрсетіңіз.

  2. Дегидрлеу реакциясына қатысатын субстраттарды жазыңыз, БТ (биологиялық тотығу) тізбегінде сутегінің кез келген бір субстраттан оттегіне дейінгі жолын көрсетіңіз.

  3. Спринтер мен стайердің ағзасындағы жүгіру кезіндегі үрдістердің айырмашылығын көрсетіңіз, яғни глюкозаның арнайы тотығу жолдарында түзілетін энергия шығынын (АТФ санын) және соңғы өнімдерінің құрамын.

39

Тексерілу кезінде науқаста анемия анықталды және эритроциттерде Хайнц денешіктері табылды.Ол оттегінің активті түрлерімен гемоглобиннің цистеиндік қалдықтарының SH-тобының тотығуы және дисульфидті байланыстар түзілуі барысында гемоглобин протомерлерінің агрегациясының нәтижесінде түзіледі.

Эритроциттер метаболизмінің қандай бұзылыстары, осындай клиникалық жағдайдың себептері болуы мүмкін.

Шешу алгоритмі:

Қандай реакциялар көмегімен гемоглобиннің цистеиндік қалдығын тотықсызданған күйде сақтауға болады және осы үрдіске қатысатын коферментті атаңыз.

  1. Осы коферменттің тотықсызданған формасы түзілетін үрдістің схемасын жазыңыз.

  2. Қай ферменттің қызметінің бұзылғаны керекті коферменттің жеткіліксіздігіне және көрсетілген клиникалық жағдайға себеп болатын көрсетіңіз.


40

Емханаға екі студент қан құрамындағы «қантты» тексертуге келді. Анализ нәтижелері дайын болғанда, 1-ші студентте қандағы глюкоза мөлшері 5,6 мМ/л, ал 2-ші студенттің қандағы глюкоза мөлшері 7 мМ/л екені анықталды. Алынған нәтижелерді талқылау кезінде, 2-ші студенттің таңертең тексеруге дейін жарты сағат бұрын тәтті шай ішкені анықталды. Алынған анализдерге қорытынды жасаңыз.

Шешу алгоритмі:

Неліктен биохимиялық зертханада глюкозаның сандық мөлшерін анықтау, қатаң түрде аш қарында жүргізіледі?

  1. Глюкозаның қандағы қалыпты мөлшері және тамақтанғаннан кейін глюкозаның жоғары мөлшері қанша уақытқа дейін созылады?

  2. Тамақтанғаннан кейін глюкоза мөлшерінің жоғарлауынан бауырда қандай үрдіс жылдамдайды?

41

Ауыр дене еңбегі және ашығу кезіндегі глюконеогенездің ең басты субстраты глицерин, ол май тінінде майлардың ыдырауы кезінде түзіледі. 1 молекула глюкозаның синтезіне неше молекула глицерин және АТФ керек екенін анықтаңыз.

Шешу алгоритмі:

Глицеринàглицерол-3-фосфатàдигидроксиацетонфосфатà2à3à4àглюкоза

1

Глицериннен глюкозаның синтезделуіне қажетті метаболиттерді толықтырыңыз.

  1. Бастапқы екі реакцияны формуламен, ферменттерін және коферменттерін көрсете отырып жазыңыз.

  2. Схема түрінде АТФ-ті қажет ететін реакцияны көрсетіңіз.

42

Цинганың клиникалық көріністері – тері астында және шырышты қабықтың астында қанның құйылуы, қызыл иектің қанауы, тістің түсуі, анемия байқалады. Бұл ауру қай витаминнің жетіспеушілігінен пайда болады және қандай процесстің бұзылуына әкеледі?

Шешу алгоритмі:

Осы витаминді атаңыз, оның формуласын жазыңыз.

  1. Бұл витамин қандай белок синтезіне қатысады, бұл белоктың құрылысын сипаттаңыз.

  2. Осы витамин қатысатын реакцияны жазыңыз, оның функциясын түсіндіріңіз, ферментті атаңыз; осы реакцияның жүруі үшін қандай заттың керек екенін көрсетіңіз.

43

Коллагеннің альфа-тізбегі көп мөлшердегі глициннің қалдықтарынан тұрады. Глицин басқа аминқышқылға алмасып кететін мутациялар келесі ауыр зардаптарға әкеледі: сүйектің сынғыштығына, тістің ауытқуына, буындардың аса қозғалтқыштығына және т.б. Неліктен осындай көрсеткіштер байқалады?

Шешу алгоритмі:

  1. Коллагеннің аминқышқылдық құрамын көрсетіңіз; осы құрамның коллагеннің құрлысының қалыптасуындағы маңызын түсіндіріңіз.

  2. Коллагеннің біріншілік құрылысының ерекшеліктерін және оның негізгі қызметін атаңыз

  3. Тропоколлагеннің қалыпты молекуласын түзу үшін глицин қалдықтарының маңызын түсіндіріңіз

44

Адам тағамының құрамына линоль, линолен, олеин қышқылдары кіреді. Ас қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде хиломикрондардың құрамында пальмитин, линоль, стеарин және олеин қышқылдары басымды екені анықталды. Осы нәтижелерді түсіндіріңіз.