ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.11.2021
Просмотров: 448
Скачиваний: 2
Шешу алгоритмі:
-
Тағаммен түскен майдың гидролизінің реакциясын жазыңыз
-
Ішек қабырғасындағы ТАГ ресинтезінің сызбанұсқасын жазыңыз
-
Тағам майларының құрамы және хиломикрон құрамындағы майлардың арасындағы айырмашылықтарды түсіндіретін реакцияларды жазыңыз
45
Құрамына майлар және көмірсулар кіретін тағаммен тамақтанғаннан кейін, қан сарысуының түрі өзгеріп, лайланады («сүт тәрізді сарысу»), ал 2-3 сағат өткеннен кейін қайтадан мөлдір сұйықтыққа айналады. Осы өзгерістерді түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
-
Неліктен майлы тағам қабылдағаннан кейінгі қандағы өзгерістерді «алиментарлық гиперлипидемия» деп атайды? Түсіндіріңіз.
-
Өте майлы тағамды қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде, липопротеиндердің қайсысы қанда басым болады?
-
Осы липопротеиндердің негізгі комоненттерін атаңыз?
46
40 жастағы науқас әйелдің өт қапшығында, өт жолдарын жауып, өттің ішекке түсуін бұзатын өт тастары бар екені анықталды. Өттің секрециясының бұзылуының барлық салдарын атаңыз.
Шешу алгоритмі:
-
Өт қышқылдарының формуласын жазыңыз
-
Липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуіндегі өт қышқылдарының қызметін көрсетіңіз және сызбанұсқа салыңыз
-
Осы науқаста қандай заттардың тапшылығы болуы мүмкін және оның белгілері мен салдары.
47
Май қышқылдарының синтезі жүретін жасушаларда, сол үрдіспен қатар глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы (ПФЦ) жүреді. Осы үрдістердің арасындағы байланысты түсіндіріңіз. Шешу алгоритмі:
-
ПФЦ және май қышқылдарының синтезінің сызбанұсқасын көрсетіңіз
-
Май қышқылдарының синтез реакцияларын ПФЦ-мен қамтамасыз ететін коферментті және оның құрамындағы витаминді атаңыз. Осы коферменттің қатысуыменен жүретін май қышқылдарының синтез реакцияларын жазыңыз
-
Неліктен бауырда, май тінінде, эритроциттерде ПФЦ өте қарқынды жүреді?
48
Тәжірибелі жануарларды құрамында көміртектің радиоактивті атомдары бар глюкозамен қоректендірді. Бірнеше сағаттан кейін адипоциттердегі майларды зерттегенде, радиоактивті көміртек глицерол және май қышқылдары радикалдарының құрамында табылғаны анықталды.
Шешу алгоритмі:
-
Глюкозаның ацетил-КоА-ға дейін катаболизмін жазыңыз.
-
Фосфотриозадан глицеролға дейін липонеогенез сызбанұсқасын жазыңыз
-
Сызбанұсқа түрінде май қышқылдарды синтездейтін жолын көрсетіңіз
49
Майлар энергияны көп қажет ететін молекулалар болып табылады. Майлардың құрамына қарап осыны түсіндіріңіз. Трипальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі АТФ санын санаңыз.
Шешу алгоритмі:
-
Осы қосылыстың гидролиз реакциясын жазыңыз
-
Пальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі АТФ санын санаңыз.
-
Глицериннің тотығу реакцияларын жазыңыз және және осы үрдіс кезінде түзілетін АТФ санын санаңыз. Трипальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі толық АТФ санын санаңыз
50
Тұқым қуалау ауыруларының біреуінде, қанқа бұлшық еттерінде карнитиннің синтезіне қатысатын ферменттердің ақауларының нәтижесінде, карнитиннің концентрациясының төмендеуі байқалады. Неліктен осы науқастарда ауыр дене жұмысын істейтін қабілеті төмен болады?
Шешу алгоритмі:
-
Май қышқылдарының алмасуындағы карнитиннің ролін көрсететін сызбанұсқасын жазыңыз
-
Осы науқастарда қай метаболиттік жолдың жылдамдығы төмендегенін көрсетіңіз
-
Неліктен науқастардың бұлшықеттерінің жасушаларында микроскоппен көрінетін үлкен май вакуольдары табылатынын түсіндіріңіз
51
Тәжірибелі жануарларды 1 апта бойы құрамында көміртектің радиоактивті атомдары бар глюкозаның артық мөлшерімен қоректендірді. Сосын 2 күн бойы ашықтырды. Қандарында құрамында радиоактивті көміртек бар кетон денелері анықталды. Тәжірибенің нәтижелерін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
-
Глюкозаның ацетил-КоА-ға дейін катаболизмін жазыңыз.
-
АцетилКоА-ның кетон денелерінің синтезіне пайдалану сызбанұсқасын көрсетіңіз
-
Глюкозаның катаболизміне және кетон денелерінің синтезіне қатысатын негізгі ферменттерді атаңыз
52
60 жастағы екі ер адамның қанындағы жалпы холестерол деңгейін және ТТЛП/ТЖЛП индексін анықтады. Екеуіндеде жалпы холестерол деңгейі – 6,0 мМ/л болды, ал ТТЛП/ТЖЛП индексі бірінші науқаста – 4, ал екіншісінде – 3,1. Алынған нәтижелерді бағалаңыз.
Шешу алгоритмі:
-
Қай науқаста атеросклероздың және оның асқынуының қауіпі жоғары болады
-
Холестериннің тасымалдануындағы ТЖЛП ролін көрсететін сызбанұсқаны жазыңыз
-
Неліктен ТТЛП атерогенді липопротеиндер деп, ал ТЖЛП – антиатерогенді деп атайтынын түсіндіріңіз
53
Науқаста жедел панкреатит. Сол кезде ұйқы безі жолдарының қабырғалырының қабынуы және ісінуі, жол құысының тарылуы, тоқырау (жүрмей қалу) құбылыстары байқалады. Осындай науқастаға жедел медициналық жәрдем қажет. Ұйқы безі сөлінің бөлінуінің бұзылуы неге қауіпті екенін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
-
Ұйқы безі сөлінде қандай ферменттер синтезделеді
-
Олардың активтену жолдарын, проферменттердің активаторларын атаңыз
-
Ұйқы безі тінінде олардың активтенуі қандай салдарға әкелетінін түсіндіріңіз.
54
Науқастың асқазан сөлінде лактат және өт пигменттері жоғарлағаны анықталды. Осы кезде қандай аурулар болуы мүмкін. Шешу алгоритмі:
-
Өнімі лактат болатын үрдісті атаңыз. Неліктен лактат асқазанда жиналады. Оның бар болуын қандай сапалық реакциямен анықтауға болады?
-
Асқазан сөлінің ролін, асқазан сөлінің қышқылдықтарының түрлері және қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері атаңыз
-
Неліктен асқазан сөлінде өт пигменттері, оларға сапалық реакция
55
Асқазан жарасы бар аурудың асқазанының бір бөлігін алып тастады. Операциядан кейін тексеру нәтижесінде белоктардың қорытылу процесі айтарлықтай өзгермеді.Алынған зерттеу нәтижесін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
-
Асқазанда синтезделетін пептидазаларды, олардың активтену механизмін және активаторларын атаңыз.
-
Панкреатидтік (ұйқы безі) пептидазаларды және энтероциттердің (ішек жасушаларының) ферменттерін атаңыз.
-
Бұл ферменттердің класын, тобын, топшасын атаңыз.
56
Дені сау тышқандарды ұзақ уақыт құрамында лейцин, валин және фенилаланин жоқ жасанды белоктық рационда ұстады.Бұл кезде азоттық баланс қалай өзгереді?
Шешу алгоритмі:
-
Азоттық балансқа анықтама беріңіз.
-
Бұл амин қышқылдары (лейцин, валин,фенилаланин) ағзада синтезделетін мүмкіндіктеріне қарай қандай аминқышқылдарының тобына жатады?
-
Оң және теріс азотты баланстардың мүмкін болатын себептерін атаңыз.
57
Науқаста миокард инфаркты деген болжаммен қанында АЛТ (аланинаминотрансфераза) және АСТ (аспартатаминотрансфераза) активтіліктері анықталды.Осы патология кезінде қандай аминотрансферазаның активтілігі көп мөлшерде артады және неге? Көрсетілген патологияны толық анықтау үшін қанда басқа қандай ферменттер анықталатынын атаңыз?
Шешу алгоритмі:
-
АЛТ және АСТ катализдейтін реакцияны атаңыз.
-
Бұл реакциялардың амин қышқылдары метаболизміндегі маңызын түсіндіріңіз.
-
Энзимодиагностика принципін түсіндіріңіз.
58
Науқастың зәрінде креатинин концентрациясы 30мМ/л (қалыпты жағдайда 88-176мМ/л).
Қандай тіннің зақымданғаны деп болжам жасауға болады?
Шешу алгоритмі:
-
Креатинин туындысы болатын амин қышқылдарын атаңыз.
-
Креатинин түзілу схемасын жазыңыз және осы үрдіске қатысатын тіндерді атаңыз.
-
Осы жағдайда аурудың қанында қандай ферменттер артады?
59
Ірімшікте (творог) барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар.Бауырды май басуда ауруға көбірек ірімшікті пайдалану ұсынылады.Неге мұндай диета аурудың жағдайын жақсартатынын түсіндіріңіз?
Шешу алгоритмі:
-
Бауырдан триацилглицериндерді тасымалдауға қатысатын затты атаңыз; ол заттың құрамына қандай заттар кіретінін атаңыз.
-
Холин синтезделетін реакцияны жазыңыз, бұл реакцияға қандай алмастырылмайтын амин қышқылы керек?
-
Құрамына холин кіретін фосфолипид формуласын жазыңыз.
60
Тырысу кезінде жедел жәрдем бөлімінің дәрігері науқас ағзасына ГАМҚ (гамма аминомай қышқылы) енгізеді. ГАМҚ арнайы рецепторлары арқылы нерв тіндерінде тежелу үрдісін туғызады, талмалы құбылысты тежейді. Неліктен В6 витаминінің жетіспеушілігінен тырыспа болуы мүмкін? Амин қышқылының алмасуының бұзылуына байланысты тырыспаға икем ауруларға қандай амин қышқылын ұсынуға болады?
Шешу алгоритмі:
-
Ағзадағы ГАМҚ түзілетін орнын және функциясын көрсетіңіз.
-
ГАМҚ түзілу және инактивациясының сызбанұсқасын жазыңыз, осы үрдістерге қатысатын ферменттер мен коферменттерді атаңыз.
-
ГАМҚ синтезіне қатысатын ферменттің құрамына кіретін витаминді атаңыз.
61
Аддисон ауруының бір себебі (қола түстес ауру, гипокортицизм, бүйрек үсті безінің гипофункциясы) кортикостероидтармен ұзақ емдеуден бүйрек үсті безінің жасушаларының атрофиясы. Аурудың негізгі симптомы бұлшық ет әлсіздігі, гипогликемия, бұлшық еттерде дистрофиялық өзгерістер, артериялық қысымның төмендеуі, кей жағдайда тері мен шырышты қабаттарда пигментация артуы байқалады. Аурудың бұл симптомдарын қалай түсіндіруге болады?
Шешу алгоритмі:
-
Негізгі белсенді кортикостероидтарды атаңыз және олардың қызметін көрсетіңіз.
-
Қандай кортикостероидтардың жетіспеуінен бұл ауруда гипогликемия, бұлшық еттерде дистрофиялық өзгерістер болады?
-
Аддисон ауруы кезінде гипогликемия мен қан қысымының төмендеу механизмін түсіндіріңіз.
62
Таулы аймақта тұратын 18 жастағы қыз бала эндокринологқа келесі шағымдармен келді: жалпы әлсіздік, дене температурасының төмендеуі, көңіл күйінің төмендеуі. Пациент қанда ТТГ және йодтиронинді анықтауға жіберілді.Анализ нәтижесі қанда ТТГ концентрациясының жоғарлағанын және тироксин концентрациясының төмендегенін көрсетті. Науқаста қандай ауру деп болжам жасауға болады?
Шешу алгоритмі:
-
Мұндай аурудың себебі не болуы мүмкін және тұратын жері мен аурудың пайда болуы арасында байланыс бар ма?
-
Йодтирониндердің синтезінің қалай реттелетінін схема түрінде көрсетіңіз.
-
Бұл патологияда профилактика үшін қандай диетаны сақтау керек.
63
39 жастағы науқас үнемі аштық, шөлдеу сезіміне, тез шаршайтынына, қалыпты дене шынықтыру жүктемесі мен аппетитінің жақсы болғанына қарамастан салмағының азайғанына шағымданды.Аш қарынға глюкоза мөлшері 7мМ/л болды.
Шешу алгоритмі:
-
Қалыпты жағдайдағы қандағы глюкоза мөлшерін көрсетіңіз және науқаста қандай ауру деп болжам жасауға болады?
-
Көрсетілген симптомдардың механизмдерін түсіндіріңіз.
-
Диагноз қою үшін қосымша қандай зерттеулер жүргізу керек? Бұл кезде қандай нәтиже күтуге болады?
64
Ер адам есінен танып қалды. Сонымен қатар оның өңі бозарған, денесі салқындаған.Есін жинату кезінде оның қалтасынан глюкометр ( глюкоза мөлшерін анықтауға арналған прибор), шприц табылды.
Шешу алгоритмі:
-
Қандай патологиялық жағдай деп болжам жасауға болады және бұл жағдай қандай ауруда байқалады?
-
Неліктен бұл жағдайда есінен тану байқалады және науқастың қалтасында глюкометр мен шприцтің болуы немен байланысты?
-
Қандай алғашқы көмек көрсету керек және неге?
65
Аурухананың инфекциялық бөліміне сарғыштану белгісі байқалған және әлсіздікпен, дене температурасы жоғарлаған (+38,5С) науқас түсті.Тікелей және тікелей емес билирубин концентрациялары жоғарлаған.Зәрде тікелей билирубин және уробилин анықталған.Науқаста сарғыштанудың қандай түрі?
Шешу алгоритмі:
-
Тікелей және тікелей емес билирубиннің түзілу схемасын көрсетіңіз.
-
Тікелей емес билирубиннің конъюгациялану реакциясын жазыңыз және тікелей және тікелей емес билирубиннің қасиетттерін атаңыз.
-
Бауыр патологиясына диагноз қою үшін қанда қандай бауырдың индикаторлы ферменттерінің активтілігін анықтайды және энзимодиагностикаға негізделген негізгі принциптерді атаңыз.
66
Науқас белінің ауратынына, ісіну пайда болғанына, әлсіздік және қан қысымының артқанына шағым жасады.Дәрігер науқастың бүйрегінің ауырғаны туралы болжам жасады.Дәрігер неге осындай болжам жасағанын түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
-
Бүйректің зақымданғанын анықтау үшін қан мен зәрде қандай биохимиялық көрсеткіштерді анықтау керек?
-
Бүйрек зақымданған кезде қан мен зәрдің анализінде қандай өзгерістер болады (қан сарысуында белоктардың электрофорезінде).
-
Неге бүйрек ауруы кезінде қан қысымының артатынын схема түрінде көрсетіңіз.
67
Науқастың жіліншігінің төменгі жағы сынғандай ауырады.Соңғы кезде арықтағаны және әлсіздік байқалады.Дәрігер науқастың сүйек тіні зақымданағаны туралы болжам жасады.Осы болжам неге негізделген?
Шешу алгоритмі:
-
Науқаста сүйек тіні зақымданағанын анықтау үшін қандай арнайы ферменттерді анықтау керек?
-
Бұл жағдайда қанда қандай макроэлементтерді анықтау керек?
-
Диагнозды анықтау және емдеу үшін қандай гормондарды анықтау керек, олардың физиологиялық әсерін айтыңыз.
68
Қабылдау бөліміне буындары қабынған және жүрегі ауырған науқас түсті. Науқасқа қандай биохимиялық анализдерді өткізуге жолдама бересіз?
Шешу алгоритмі:
-
Асқынған қабыну кезінде қан сарысуында белоктар фракцияларының мөлшері қалай өзгереді?
-
Созылмалы қабыну кезінде қан сарысуында белоктар фракцияларының мөлшері қалай өзгереді?
-
Қауіпті фаза белоктарын атаңыз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.
69
Науқас ревматология бөлімінде ем алып жатыр. 15-ші күн қан сарысуында белоктық фракцияны зерттеген кезде: альфа-1-глобулиндер – 5%, альфа-2-глобулиндер – 7%, бета-глобулиндер – 18%, гамма-глобулиндер – 23% болды. Альбуминдердің мөлшері қалыпты жағдайда. Көрсетілген анализде қалыпты жағдайдан ауытқулар байқалады ма?
Шешу алгоритмі:
-
Қалыпты жағдайда қан сарысуында белоктар фракцияларының мөлшері қандай?
-
Электрофорез әдісінің маңызы неде?
-
Созылмалы және қауіпті қабынуда белоктар фракцияларының қатынасы қалай өзгереді?
70
Науқас ішінің үзілісті және айналдыра ауратынын, әсіресе сол жақ қабырғасының асты қатты ауыратынына шағымданды. Соңғы кезде жиі іші өтеді, әсіресе майлы тағам қабылдағаннан кейін.Нәжісінде май бар екені анықталды. Дәрігер ұйқы безінің зақымданғанына болжам жасады.Бұл болжам неге негізделген?
Шешу алгоритмі:
-
Ұйқы безінің зақымдануында қанда қандай арнайы ферменттер артады? Ол фермент қандай класқа және қай топқа жатады?
-
Неге майлы тағамды қабылдағаннан кейін майлы іш өту байқалады ?
-
Тағам триглицеридтерін гидролиздейтін ұйқы безінің ферментін активтеуге қандай заттар керек?
31 беттің 31 беті