Файл: Прогрессивті технологиялы дерістер клемді жоспарлы, сулет эстетикалы сапалы згерістерді жне оамды, кімшілік имараттар мен ймереттерді конструктивті шешімін талап етеді.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 80
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3.5 Монтажды жұмыстардың технологиясы
Ғимараттар мен үймереттердің құрылыс кезінде индустриалды әдіспен құрылыс – монтажды өндірісті ұйымдастыру дайындық, нөлдік цикл, монтажды жұмыстарын ұйымдастырудан құрастырылады.
Дайындық жұмыстары құрылыс – монтажды ұйымдастыруды орындайды.
Құрылыс ұйымымен орындалатын (бас мердігермен) дайындық жұмыстарына жататындар: монтажды алаңдарды жоспарлау; кірме жолдарды салу; қойма және құрама аудандарының құрылымы; монтажды жұмыстарды жүргізуге қажетті уақытша ғимараттар салу; тығыздалған ауаның тұтыну орнына электр қуатын жеткізу; геодезиялық жұмыстар;монтажды алаңды қоршау; құрылыс құрылымдарын монтажды алаңға жеткізу; нөлдік циклдың жұмысы үшін механизмдерді жеткізу және орнату.
Монтажды ұйымдар өз кезегінде келесі дайындық жұмыстарын: жеткізуді, монтаждауды, мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау мекемесінде тіркелуді, монтажды механизмдерге сәйкес сынауды; жұмыс орнына қажетті жабдықтарды, аспапты, инверторлы құрылғыларды, монтажды жұмыстарды жүргізуге қажетті қосымша материалдарды және қосымша құралдардың құрылғысын дайындауды және жеткізуді орындайды.
Барлық дайындық жұмыстар, әдеттегідей, монтажды жұмыстардың басталу мерзімінің белгіленген графигімен аяқталуы тиіс.
Монтажды жұмыстардан бұрын нөлдік циклдің келесі жұмыстары орындалады: траншеялар мен қазаншұңқырларды өңдеу; іргетас құрылысы; жерасты ішкі коммуникацияларды төсеу; траншеялар мен қазаншұңқырдың қуыстарын қайтадан толтыру; алаңды тегістеу; монтажды механизмдерге арналған жолдар құрылысы; еден астына бетон төсеу; салынған ғимарат немесе үймерет айналасындағы төсеніш құрылысы.
Нөлдік циклдің жұмыстары құрылыс ұйымымен, яғни бас мердігермен орындалады.
Монтажды жұмыстар – ғимарат пен үймереттерді салу бойынша жабдықты монтаждау жұмыстарын қоса отыра, барлық конструкциялардың монтажы. Бұл жұмыстар монтажды қосалқы мердігерлі ұйымдармен жүргізіледі.
Құрылыс – монтажды жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Құрылыс – монтажды жұмыстарды ұйымдастырудың негізіне келесі қағидалар қойылған: құрылыстың индустриалды әдістері; жұмыстардың кешенді механикаландыруы; құрылыстың ағылмалы әдістері.
Тас қалауының құрылымы.
Тасты қабырғалар қалауды ярустармен орындау керек. Ярус биіктігі 1,2м. Жұмысты бастамас бұрын:
-
қалау астына негіз дайындау; -
тас қалаушының жұмыс орнын, механизмдерді, құрал-сайман және аспаптар дайындау; -
қажетті материадар және құрылымдарды әкелу және монтажды кранның қозғалыс аумағына қаттап тастау; -
жұмыскерлерді және инженерлі-техникалық жұмыскерлерді жұмыстың технологиясы және ұйымдастыруымен таныстыру, еңбектің қауіпсіз әдістерін үйрету керек.
Кірпішті қалаудан жұмысты жүргізу кезінде ҚНжЕ-нің 3.03.01 – 87 «Көтеруші және қоршау құрылмалары» нұсқауларын және технологиялық карта деректерін негізге алу қажет.
Материалдарды әперуге негізгі механизм ретінде ДЭК-40 шынжыр табанды краны алынды. Нысанға ерітінді ЗИЛ – 130 ерітінді тасығышымен, кірпіш, бөгеттер, ағаш құрылымдар ЗИЛ – 130 бортты автомобилімен жеткізіледі.
Қабырғаны қалау топсалы – панельді мінбелер және төсеніштен серке бойынша орындалады. Жұмыс орнына кірпіш, жәшіктегі ерітіндіні V=0,15(м3) қорғаныш торы Q=750кг көмегімен табандықта әперіледі. Жәшікті ілмектеу қорғаныш торымен 4 тармақты ілмекпен 21059М–2Q = 3(т) іске асырған жөн.
Қабырғаларды силикатты кірпіштен 50 маркалы цементті – құмды ерітіндіден орындау керек.
Есік және терезе ойықтарының құламасына кірпіш қабырғалар және аралықты қалауда 25012065 биіктігі бойынша ойықтың әр жағынан ағаш антисептикалық тығындарды салу керек.
Кірпіштен қалау қыры және бұрышының тіктігін, олардың қатарының көлденеңділігін ярусты салу үдерісінде табылған ақауларды жоюмен бірге қалаудың әр ярусында екі реттен аз болмайтындай етіп тексеру қажет.
Аяқталған жұмыстардың қабылдауы кезінде:
-
жіктің байламының дұрыстығын, қалыңдығын, толтырылуын; -
қалаудың қатарлар көлденеңділігін, бұрыш тіктігін; -
қалаудың геометриялық өлшемдерін; -
жабын тақтасының монтажын тексеру қажет.
Жабын тақталары жабын арқалығының монтажы бағытымен монтаждалады. Ванна залының жабын тақталарын көлденең схема бойынша, спорт залының бойлық схема бойынша монтаждайды. Жабын тақталары қат- қабат биіктігі 2,5 м-ден көп емес ағаш аралық қабат төсемі арқылы төселеді. Ілмектеуге 4 тармақты ілмекті қолданамыз. Тақтаны көтермес бұрын монтажды топсаларға бекітілген инвентарлы қоршаумен жабдықталуы тиіс. Шеткі тақталарда бұл қоршаулар шатырдағы барлық жұмыс кезеңіне қалдырылады, ал қалғандарында шеткі тақталарды орнатқаннан кейін алынады.
Ғимараттың кірпішті бөлімінде жабын тақталарын олардың астына қабат құрылысынан кейін қабат шегінде монтаждайды.
Жабын және аражабын тақталарын ілмектеуді тақтаны жобалық қағидатқа орнатқаннан кейін бірден жүргізу керек.
Темірбетонды конструкцияның түйістерін құйып бекіту.
Ұстындарды іргетастармен біріктіруді көбінесе біріншілерді іргетас стақанына қысып ұстау арқылы орындайды. Ұстындарды, оларды орнатудан бұрын тікелей төсейтін 1:1 құмды-цементті қосынды құрамы ерітіндісінен, тегістеуші қабатының іргетас ұясына орнатады.
Ұстын қатарын орнатуынан және дұрыстауынан соң, стақан ұясын құйып бекітеді. Құйып бекіту үшін толтырғыштармен бірге бетон қоспасын қолданады. Бетон қоспасын диаметрі 38 мм ұштықпен терең дірілдеткіш арқылы нығыздайды.
Қаңқаның тақта және ригельдер, ригельдер және ұстындар, тақталар және қабырға панельдері, өзара қабырға панельдері сияқты элементтерінің арасындағы жіктерді бітейді немесе олардың жіктерін ерітіндімен бітейді, бетонмен және ерітіндімен құйып бекітеді,түйістіретін арматураланған бөліктерді бетондайды. Бетон қоспасын жік толығымен қоспамен толтырылуы үшін дірілдетумен, түйреумен нығыздау арқылы төсейді. Дірілдетуді нығыздаудың жеткілікті белгісі пайда болғаннан кейін доғарады.
Аражабын тақталарын кіргізетін бөлшектерді пісіре және жіктерді ерітіндімен бітей отыра біріктіреді.
Түйіскен жерлерді бітеуден бұрын қоқыстан оларды компрессордан тығыздалған ауамен үрлеу арқылы тазалайды. Тақта арасындағы жіктерді бітеу үшін бірінші монтаждаушы ерітіндіні күректің көмегімен жік үстінен жүйектеп жаяды, ал екіншісі ерітіндіні жікте күрекшемен және торлап жамау арқылы тегістейді.
3.6 Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Жұмыс жүргізу кезінде ҚР-ның ҚНжЕ « Құрылыстағы қауіпсіздік техникасы» талаптарын басшылыққа алу керек.
Құрылыс алаңында әкімшілік бұйрығы болып кранның жарамды күйіне инженерлі-технологиялық жұмыскерлер санынан жауапты адам, ал әр ауысымда жүкті кранмен ауыстыруға жауапты адам тағайындалады. Монтаждаушылар жұмыстың қауіпсіз амалдарына үйренулері және егжей-тегжейлі түсініп білулері тиіс. Жүккөтергіш крандардың машинисттары, жүк ілдірушілер үйретуден өтіп, куәлік алу керек.
Қауіпті аймақ қауіпсіздік белгілерімен және белгіленген нысанның жазбасымен белгіленуі тиіс. Құрылыс алаңы қоршалған болуы тиіс.
Конструкция элементтерін ілмектеудің тәсілдері – жобалауға жақын жағдайдағы оларды орнату орнына әперуін қамтамасыз етуі қажет.
Дұрыс ілмектеуді және монтаждауды қамтамасыз ететін монтажды топсалар немесе белгілер болмаса, құрама темірбетонды элементтерді көтеру тыйым салынады. Жобалық қағидатта белгіленген конструкция элементтері – олардың орнықтылығы және геометриялық өзгерімсіздігі қамтамасыз етілетіндей етіп бекітілуі тиіс.
Монтажды жұмыстарды желдің жылдамдығы 15м/с кезіндегі биік ашық орындарда орындауға жол берілмейді, бірақ көрінімділікті болғызбайтын жұмыс мөлшері шегінде мұзтайғақ, найзағай және тұман кезінде кран төлқұжатында белгіленгеннен аспауы тиіс. Тік панельдерді және оларға ұқсас конструкцияларды үлкен желкенділігімен бірге ауыстыру және орнату бойынша желдің жылдамдығы 10 м/с және одан жоғары болғанда жұмыстарды тоқтату керек.
Конструкция орнын ауыстырған кезде олардың және құрастырылған конструкцияның шығыңқы бөліктерінің арасындағы арақашықтық көлденеңінен – 1 м-ден кем емес, тігінен – 0,5м болуы тиіс.
Жұмыста үзіліс уақыты кезінде таразыда конструкцияның көтерілген элементтерін қалдыруға жол берілмейді.
Монтаждаушылар каска және сақтандырғыш белбеумен жабдықталуы тиіс.
Мінбелердің барлық негізгі элементтері – беріктікке, ал бүтіндей мінбелер – орнықтылыққа есептелуі қажет.
Тас төсеу құралдарының әрбір орын ауытырғаннан кейін қалау деңгейі жұмыс төсемінен жоғары, 0,7 м-ден төмен болмау керек.
Жұмыскерлерді мінбелерге және жұмыс төсеміне көтеру орнында жүктеме көлемдері және схемалары көрсетілген платкаттар болуы қажет.
Грунтты негіздің көтеруші қабілеттілігін нұсқауға сәйкес ВСН – 274-88 кранды оған орнатпас бұрын тексеру қажет.
Монтаждаушының жұмыс орны үстімен, сонымен қатар басқа да құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан қармау үстімен конструкцияларды кранмен тасымалдауға тыйым салынады.
Монтажды жұмыстар жүргізіліп жатқан орында басқа жұмыстарды орындауға және бөтен адамдардың жүруіне жол берілмейді.
Электр қауіпсіздігін МЕМСТ 12.1.013.- 78 бойынша, ал өрт қауіпсіздігін ӨҚЕ (ППБ) 05-86 бойынша қамтамасыздандыру керек.
ҚР – ның ҚНжЕ 12-03-2001 және ҚР –ның ҚНжЕ 12-04-2002 талаптарына сәйкес монтажды жұмыстарды қауіпсіз өткізу бойынша іс-шаралар жасалып жатыр.
Өндірістік қауіп жағдайында жұмысты бастамас бұрын, орындалатын жұмыс сипатымен байланысты немесе байланысты емес қауіпті факторлары әрдайым қозғалатын немесе қозғалуы мүмкін, адамдарға қауіпті аймақтарды белгілеу керек.
Жұмыскерлердің уаықтша немесе тұрақты орналасқан орны қауіпті аймақ шегінен тыс орналасуы тиіс.
Әрдайым қозғалыстағы қауіпті өндірістік фактордың аймақ шекарасында – қорғаныс қоршаулары, ал потенциалды қауіпті өндірістік фактордың аймақ шекарасында – хабарлаушы қоршаулар және қауіпсіздік белгілері орнатылуы қажет.
Нысан құрылысы кезінде, жүккөтергіш кранның қолданылуымен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
-
мұнаралы крандардың жұмыс аймағын жасанды шектету үшін құралдарды пайдалану; -
қорғаныс салу – панасын және қорғаныс экранын қолдану керек.
Өндірістік аймақтағы өтетін жол, жерлер, сонымен қатар жұмыс
орнына өту жерлері және жұмыс орны тазалықта, реттілікте болуы, қоқыстан тазалануы, қатталған материалдар мен конструкциялардың үйілмеуі тиіс.
Өндірістік аймаққа бөтен адамдарды, сонымен қатар мас күйдегі немесе осы аймақтағы жұмыста бос жүрген жұмыскерлерді кіргізуге тыйым салынады.
Аумақтық –оқшауланған үй-жай, алаңдар, жұмыс учаскелері, жұмыс орындары телеофон байланысымен және радиобайланысымен жабдықталуы тиіс.
Жұмысты биіктікте жүргізу уақытында өрт немесе апат болған жағдайда адамдарды эвакуациялауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін іс – шаралар қарастырылуы тиіс.
Монтажды жұмысты орындау барысында жұмыс сипатымен байланысты жұмыскерлерге келесі қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінің ескертуі бойынша іс – шаралар қарастырған жөн:
-
жұмыс орнының 1,3м және одан да көп биіктігі бойынша су құламасы маңында орналасуы; -
жылжытылатын жүктер, конструкциялар; -
ғимарат пен үймерет конструкциясының бекітілмеген элементтерінің құлауы; -
жоғары жатқан материалдар мен аспаптардың құлауы; -
машиналардың төңкерілуі, оның бөліктерінің құлауы; -
электрлі шынжырда арттырылған кернеу, адам денесі арқылы болып қалуы мүмкін тұйықталу.
Монтажды жұмыстардың қауіпсіздігі еңбек қорғаудан келесі шешімдердің технологиялық – ұйымдастыру құжаттама(ПОС, ППР және т.б) құрамындағыларды орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс:
-
кран маркасын, орнату орнын және оның жұмысы кезіндегі қауіпті аймақтарды анықтау; -
биіктікте жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; -
конструкцияны орнату реттілігін анықтау; -
құрастыру үдерісінде конструкцияның және ғимараттың бөліктерінің орнықтылығын қамтамасыздандыру; -
конструкция элементтерінің іріленген құрастыру схемалары және тәсілдерін анықтау.
Монтажды жұмыстар жүргізілетін орында басқа жұмыстарды орындауға және бөтен адамдардың болуына жол берілмейді.
Ғимарат немесе үймереттің конструкцияларын монтаждау үдерісінде, монтаждаушылар орнатылған және берік бекітілген конструкциялардың алдында болулары қажет.
Конструкция және жабдық элементтерін көтеру және ауыстыру уақытында, олардың үстінде адамдардың болуына тыйым салынады.
Монтаждаушыларға биіктікте жұмыс жасауға қажетті аспалы монтажды алаңдарды, баспалдақтарды және басқа да құралдарды құрастырылатын конструкцияларда, оларды көтермес бұрын орнату керек.
Монтаждаушылардың бір құрылымнан басқа құрылымға өтуі үшін сатылар, қоршаулары бар өтпелі көпір және траптарды пайдалануға тура келеді.
Монтаждаушыларға орнатылған арнайы сақтандыру құрылғыларын қолданбай, орнатылған қоршаулар кезіндегі өтетін жердің талап етілетін енін қамтамасыз етуге мүмкін емес, конструкция және олардың элементтерінен өтуге тыйым салынады.