ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.11.2021
Просмотров: 1166
Скачиваний: 48
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Модуль «Фармацевт-менеджер»
3 курс студенті Бекназарова Құралайдың
«Жалпы фармацевтикалық тәжірибе» оқу - кәсіптік практикадан
КҮНДЕЛІГІ
Алматы, 2013
Практиканы өту базасы: жеке кәсіпкер «Ғ.Қ.Адибаева» дәріханасы
Статусы : Дәріхана
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 166
Практиканы өту базасындағы жекекші: Ғ.Қ.Адибаева
Оқу базасындағы практикаға жетекші: Модуль оқытушысы Наурызалиева Ж.Т.
Практиканы өту мерзімі: 13.05.13 – 27.05.13
|
13 мамыр 2013 ж |
|
Базаның сипаттамасы:
Дәріхана ұйымының құрылтайшысы - жеке кәсіпкер Адибаева Ғ.Қ. Түркісіб ауданының салық комитетінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, тіркеу куәлігі - серия АА № 005844, берілген күні 19.10.2001ж. Жарамдылық мерзімі-шектеусіз. |
|
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы Заңына» сәйкес дәріхана фармацевтикалық қызметті ҚР Денсаулық сақтау бойынша агенттігінен 2001 жылдың 11 тамызында берілген №РР64600902Р Мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады.
Лицензия бойынша фармацевтикалық қызмет түрі: Дәрілік заттарды дәріхана арқылы бөлшек саудада сату. |
|
Лицензияның жарамдылық мерзімі: шектеусіз
|
|
Дәріхана тұрғын үй ғимаратына кіретін, 1- ші қабаттағы пәтерде орналасқан. Пәтер дәріханаға арналып қайта жабдықталған. Дәріхананың жалпы ауданы -32,7м.кв. Бөлмелері «Санитарлық талаптар мен нормаларға» сәйкес:
Дәріхана қызметкерлері арнайы санитарлық киімдермен-халаттармен қамтамасыз етілген.
|
|
Дәріхананың штаты:
Барлығы: 6 бірлік |
|
|
1-категория- өмірлік қажетті дәрілік заттардың 100% және есірті, улы, психотроптық заттарды сатумен айналысатын; 2-категория - өмірлік қажетті дәрілік заттардың 70% және есірті, улы, психотроптық заттарды сатумен айналысатын; 3-категория – лицензиялау кезіндегі талаптарға сәйкес қалған дәріханалар жатады. Аталмыш дәріхана 3-ші категориялы дәріханаға жатады. Дәріханаға 1 дәріхана пункті мекен-жайы: Алматы қ-сы, Жансүгіров көшесі, 589 және 1 дәріхана бекітілген, мекен-жайы: Алматы қ-сы, Калкаман 2, ул.Макатаева,50 в здании магазина МАРА.
14-16 мамыр 2013 ж
Дәріхана есірткі, улы, психотропты дәрілік заттарды сатумен айналыспағандықтан, рецепттер түспейді. 8-оксихинолин туындыларына, стероидты гармондарға, анаболикалық стероидтарға рецепттер дәріханада қалдырылады, сақтау мерзімі – 3 ай, содан кейін рецепттер комиссия арқылы жойылады. Комиссия құрамына дәріхана қызметкерлері кіреді. Дәрілік заттарды босатумен айналысатын фармацевттің жұмыс орнында дәрілік заттарға жазылған рецептер қабылдадым, олардың жарамдылық мерзімін тексердім. Жай дәрілік заттарға жазылған рецепттердің жарамдылық мерзімі – 3 ай. Рецепттер ҚР барлық аумағында жарамды. Осы бұйрыққа сәйкес дәріханада «Қате жазылған рецептерді тіркеу журналы» жүргізіледі. Сату залында көрнекті жерде келушілерге арналған ақпарат бар:
|
|
|
Дәріхана келесі көтерме саудамен айналысатын фармацевтикалық фирмалармен (жабдықтаушылармен )келісім – шартқа отырған:
-
Медикус Центр ЖШС
-
ЖШС ФК Ромат
-
Планета 03 ЖШС
-
СК-Фармация ЖШС
-
Садыхан Премиум ЖШС
-
Арай фарм ЖШС
-
Рауза АДЕ ЖШС
Тауар-бағалы заттарды қабылдау ережелерімен таныстым, тауарларды қабылдауға көмектестім, шот-фактурадағы сатып алу бағасына үстеме қосып, бөлшек баға түзумен айналыстым. Дәріхана дәрілік заттарға сату бағасын сатып алу бағасына 20-30% үстеме қосу арқылы белгілейді. Шот-фактураның жалпы сомасын есептедім. Бағасы бекітіліп, сомасын тексерген соң түскен тауарларды тіркеу журналына есепке алдым.
Қабылдау кезіндегі бақылау жүргіздім: Түскен тауарды саны, сапасы бойынша қабылдап алдым.
Дәріхананың орташа тауар үстемесі екі көрсеткіште-сомада және деңгейі боынша есептеледі, ай сайын тауар үстемесінің деңгейі шығарылып отырылады. Тауар-бағалы заттардың кітап қалдығы күнделікті есептеп шығарылып отырылады.
Бұл құжаттың формасы: Кесте1:
|
Күні |
Күннің басына тауар қалдығы, сату бағасында, теңге (Қб) |
Түскен тауарлар, фирманың атауы (Т) |
Дәріхананың тәуліктік тауарайналымы, бөлшек бағада, басқа да шығындар, теңге (Ш) |
Күннің соңындағы тауарлар қалдығы, сату бағасында, теңге (Қс) |
|
|
сатып алу бағасында |
сату бағасында |
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дәріханаға түскен дәрілік заттар қабылдау бақылауынан өтеді. Бақылау кезінде тауарлар саны мен сапасы бойынша қабылданады. Шот-фактурада тауардың атауы, дозасы, дәрілік түрі, саны, бағасы, сомасы көрсетіледі. Шот-фактураға қосымша қосымша құн салығының фактурасы, қолма-қол есеп айырысу квитанциясы және әр тауарға сертификат беріледі. Тауарларды қабылдағанда сериясының сәйкестігін тексердім. Практика өткен мерзім аралығында түскен тауарлардың тізімі күнделікте қоса беріліп отыр
Қабылданған тауар бағалы заттарға «Қабылдау штампы» толтырылады.
Қабылдау штампы
Қабылдау күні 17.05.2013ж.
Ұйымның атауы Ж/К «Адибаева Г.Қ.».
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 166
Бағасы тексерілді: Тиметова Гулбану _________________________________
(қолы)
ТБЗ саны мен сапасы бойынша «___»_____________2013 жылғы №_________ шот-фактура бойынша _______________ сомаға қабылданды.
№_________Шот-фактура бойынша тауар толық қабылданды.
Қабылдады: Сатова Баян _______________________________________
(материалды жауапкер адамның аты-жөні және қолы)
-
Тауарларды босатқанда фирмалар шот-фактураға тауар-транспорттық накладной, ілеспе парақ қоса береді. Мұнда тауарлар қабылдау орын саны бойынша, немесе салмағы бойынша көрсетіледі.
-
Егер тауар-бағалы заттарды қабылдау кезінде кемшіліктер анықталса, онда «Тауарды қабылдау кезінде анықталған ауытқулар жөніндегі АКТ» құрастырылады.
-
Шот-фактурасыз түскен тауарларға «Жабдықтаушыдан шот-фактурасыз түскен медициналық тауарларды қабылдау АКТ» құрастырылады. Жабдықтаушыдан шот-фактура алдырылғанша тауарлар жеке сақталады, сатылуға рұқсат берілмейді. Мұндай фактілер дәріханада практика өткен мерзімде болған жоқ.
-
Талаптарға сай қабылданған тауар бағалы заттар ҚР Үкіметінің 23.12.2011 жылғы ДЗ, ММБ және МТ олардың қауіпсіздігін, тиімділін және сапасын қамтамасыз ете отырып сақтау және тасымалдау туралы Ережені бекіту туралы № 1595 Қаулысына сәйкес сақталынады. Тауарлар фармакологиялық топтарына, токсикологиялық топтарына, қолданылу тәсілдеріне, дәрілік қалыптарына байланысты сақталынады.
-
Салқын жерде сақтау қажет тауарлар тооңазытқышта сақталады. Тоңазытқыштағы температураны өлшеуге арналған термометрлер әр сатысына орналастырылған, температура журналда күнделікті тіркелініп отырады.
-
Жарықтан қорғалған жерде сақталуға тиісті дәрілік заттар есігі жабылатын шкафтарда, күн түспейтін жерде сақталынады.
-
Витринаны безендіру дәріханада ҚР Үкіметінің 5.12.2011 жылғы № 1460 рецептпен немесе рецептсіз босатылатын дәрілік заттардың тізімін бекіту Ережесіне сәйкес ресімделеді. Витринаға тек рецептсіз сатылатын дәрілік заттар қойылады.
-
Рецептсіз осы аталған бұйрыққа сәйкес дәрілік заттар босатылуға тиіс, алайда дәрігерлер рецепт жазбайды, аурулар өз бетімен емделеді, сондықтан рецепттер аз мөлшерде түседі. Көп жағдайда олардың жазып беру тәртібі сақталмайды. Рецептер арнайы рецетік бланктерде толтырылмайды.
-
ҚР Үкіметінің 23.12.2011 жылғы ДЗ, ММБ және МТ олардың қауіпсіздігін, тиімділін және сапасын қамтамасыз ете отырып сақтау және тасымалдау туралы Ережені бекіту туралы № 1595 Қаулысына сәйкес рецептің жарамдылық мерзімі:
1) тегін және жеңілдікті шарттарда босатылған дәрілік заттарға – 3 жыл;2) құрамы 8-оксихинолиннің туындыларынан тұратын дәрілік заттарға, улы заттарға, гормондық стероидтерге, клонидинге, анаболиялық стероидтерге – 3 ай.
-
Дәріхана тұрғындардан дәрілік шикізаттарды қабылдаумен айналыспайды.
Егер дәріхана дәрілік шикізаттарды қабылдаған жағдайда «Өсімдік
шикізаттарды тауарға айналдыру АКТ-сі» құрастырылады да, тауар ретінде айлық
есепке енгізіледі.
-
Сонымен қатар тұрғындардан қолданыста болған шыны ыдыстар қабылдаумен дәріхана айналыспайды, өйткені дәріханада РӨБ жоқ. Егер қабылданған жағдайда «Қолданыста болған шыны ыдыстарды сатып алу ВЕДОМОСТЫ» құрастырылады.
-
Барлық түскен тауарлар «Тауар топтары бойынша түскен тауарлардың шоттарын тіркеу журналына» тіркеледі.
-
Дәріхана есірткі, улы, психотроптық заттарды сатумен айналыспайды. Мұндай қызмет көрсету үшін дәріхананың фармацевтикалық лицензиясында рұқсат жоқ. Сондықтан дәріханада аталған заттардың заттық- сандық есебін жүргізетін кітап жүргізілмейді.
-
Дәріханада РӨБ болмағандықтан және дәріхана тегін, жеңілдікпен дәрілік заттарды босатумен, тұрғындарға прокатқа тауар босатумен айналыспайтындықтан рецептуралық журнал, қаттау жұмыстарын тіркеу журналы, дооценка, тегін, жеңілдікпен босатылған рецептердің реестрі, прокатқа берілген тауарларды тіркеу журналдары жүргізілмейді.
Дәріханада жүргізілетін құжаттар:
-
Бұйрықтар кітабы.
-
Қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу табелі.
-
Дәріханаға түскен тауарларды тіркеу журналы.
-
Кассалық кітап.
-
Дәріхананың ауа температурасын, ылғалдылықты тіркеу журналы.
-
Сақтау мерзімі шектелген, яғни 2 жылға дейінгі, дәрілік заттарды есепке алу журналы.
-
Дұрыс жазылмаған рецептерді тіркеу журналы.
-
Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге жұмсалған дәрілік-заттарды тіркеу журналы.
-
Шаруашылық қажеттілікке жұмсалған заттарды тіркеу журналы.
-
Дефектураны тіркеу журналы.
Дәріханада тауар-бағалы заттардың сақталу мерзіміне қатаң көңіл бөлінеді, күнделікті тауарлардың сақталу мерзімдері тексеріліп отырылады. Практика өткен аралықта жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарлар болған жоқ.
Дәріхана дайын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, балалар тағамын, косметика, минералды суларды сатады. Тауар топтарын сонымен қатар түрлі биологиялық белсенді заттар да құрайды.
2012 жылғы желтоқсан айындағы көрсеткіш бойынша:
|
Тауар топтары |
деңгейі %, сату бағасында |
|
Дәрілік заттар |
86 % |
|
Медициналық мақсаттағы бұйымдар |
11 % |
|
Биологиялық белсенді заттар |
1 % |
|
Медициналық мақсаттағы бұйымдар |
2 % |
|
|
|
|
Б А Р Л Ы Ғ Ы: |
100 % |
Тауар топтары бойынша талдау дәрілік заттардың үлесінің ең көп-яғни, 86 %
екендігін көрсетеді.
Практика өту барысында дәріхананың 01.01.2012 жылдан 31.12.2012 жыл аралығындағы 1 жылдық қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасадым.
2011 жылдың жылдық есебімен таныстым. Ол мәліметтер келесі кестеде көрсетілген:
Жалақыға талдау
Бұған дейін көрсетілгендей, дәріханада 4 фармацевт жұмыс жасаған. Жалақы қоры әр айға 170 000 теңге көлемінде. Деңгейі кестеде көрсетілген.
|
2012 ж тауар айналымы |
Қызметкерлер Саны |
Жалақы |
|
|
сомада, теңге |
деңгейі, % |
||
|
18 720 000 |
4 |
170 000 |
9 |
Жалақының қорының айлық орташа мөлшері 170000 теңге, орташа деңгейі тауар айналымының – 9 % құрайды.
Еңбек өнімділігіне талдау:
|
2012 жыл
|
Тауарайналымы бөлшек бағада |
Қызметкерлер саны |
Еңбек өнімділігі,теңге |
|
|
|
|
|
|
18 720 000 |
4 |
45 680 000 |
Орташа еңбек өнімділігі: 45 680 000тг .
Дәріхананың тауарлық есебі ай сайын арнайы кітапта жүргізіледі. Айлық есепке барлық түскен тауарлар бөлшек және сатып алу бағасында есепке алынады. Тауарайналымы, өзге шығындар кітапта күнделікті көрсетіледі. Тауар қалдығы күнделікті есептелініп шығарылатындықтан, айлық есеп бірден дайын болады.
Қб +Т = С + В + Қс;.
|
Айлар |
Түскен тауарлар |
Шығындар
|
Тауар үстемесі Теңге |
Тауар үстемесі деңгейі, % |
||
|
Сатып алу бағасында |
Сату бағасында |
Сатумен байланыс ты шығындар |
Өзге шығындар |
|||
|
Қаңтар |
1 788 112 |
2 313 699 |
1 560 000 |
6131 |
525 587 |
23 |
|
Ақпан |
1 481 255 |
1 960 912 |
1 560 000 |
2000 |
479 657 |
24 |
|
Наурыз |
1 624 565 |
2 327 215 |
1 560 000 |
4120 |
702 650 |
30 |
|
Сәуір |
1 680 492 |
2 251 386 |
1 560 000 |
3800 |
570 894 |
25 |
|
Мамыр |
1 655 730 |
2 230 329 |
1 560 000 |
4150 |
574 599 |
26 |
|
Маусым |
1 512 848 |
2 017 470 |
1 560 000 |
2150 |
504 622 |
25 |
|
Шілде |
2 031 680 |
2 695 894 |
1 560 000 |
3560 |
664 214 |
25 |
|
Тамыз |
1 877 403 |
2 501 158 |
1560 000 |
4200 |
623 755 |
25 |
|
Қыркүйек |
2 303 071 |
3 126 151 |
1 560 000 |
5150 |
823 080 |
26 |
|
Қазан |
2 083 612 |
2 788 175 |
1 560 000 |
3950 |
704565 |
25 |
|
Қараша |
2 298 977 |
3 074 565 |
1 560 000 |
3870 |
775 588 |
25 |
|
Желтоқсан |
2 427 210 |
3 113 932 |
1 560 000 |
2580 |
686 722 |
22 |
|
БАРЛЫҒЫ: |
22 764 955 |
30 400 886 |
18 720 000 |
45661 |
7 635 931 |
Орташа 25,08 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 жылдағы дәріхананың тауар үстемесінің орташа деңгейі 25,08 % құрады.
Шығын сомасы -2 085 661 , деңгейі б.б. тауарайналымының - 11% құрайды.
Таза табыс мөлшерінің деңгейі- 13%.
Дәріханада жүргізілген инвентаризацияға қатыстым. Нақты қалдық кітап қалдығынан 6750 теңгеге артық болып шықты. Оның түзілу себебі: кейбір медициналық мақсаттағы бұйымдар: балалар памперсі, гигиеналық төсегіштер орамынан бөлшектеп сатқанда бағаны дөңгелектеумен байланысты. Мысалы: гигиеналық төсегіштің №12 үшін сату бағасы 320 теңге. Бөлшектеп сатқанда 1 данасы 30 теңгеге босатылады. Арасындағы 3,34 теңге және тағы сол сияқты мысалдар тауардың нақты қалдығының артық шығуына себеп болады.
Дәріхана меңгерушісінің жұмыс орынында:
17 мамыр 2013 жыл
-
Дәріхананың жұмысын ұйымдастыру бойынша дәріхана меңгерушісінің жұмысымен танысып, тапсырылған жұмыстарды орындадым:
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Кодексімен таныстым
-
жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату тәртібімен
-
жұмысқа қабылдау және босату бойынша бұйрықтармен
-
дәріхананың жұмыс кесесімен
-
қызметкерлердің жұмысқа шығу графигімен
-
жоқ немесе аз мөлшерде қалған дәрілік заттарды дефектураны тіркеу журналына енгіздім;
-
анықталған дефектура бойынша фирмаға дәрілік заттарға телефон арқылы тапсырыс бердім;
-
дәріханадағы дәрілік заттардың сақталу мерзімдерін тексердім;
-
түскен тауарларды қабылдадым.
-
шот-фактура негізінде саны мен сапасын, сериясын, сертификатпен сәйкестігін тексердім.
Шот-факутра бойынша келген тауарларды қабылдау бақылауын өткізгеннен кейін оларды сақтау орындарына орналастырдым;
20 мамыр 2013 жыл
-
Кассалық операциямен таныстым.
Дәріханадағы кассалық аппарат фискалдық жады бар «АМС-100», жады 2200 чекке есептелген.Түркісіб ауданының салық комитетінде тіркелген. Тіркеу карточкасының № _____________, зауыттық №__________________;
Дәріхана меңгерушісі кассаның жұмыс тәртібімен таныстырды. Науқастарды қабылдап, оларға дәрілік заттарды босату бойынша жұмыстарды атқарып үйрендім.
Сатудан түскен ақша «Кассалық кітапта» тіркеледі. Кітап нөмірленіп, салық комитетінің мөрімен, төрағаның қолымен бекітілген. Практика өткен аралықтағы кассалық кітаптың бетінің көшірмесі күнделікке қосымша құжат ретінде тіркеліп отыр. Кассалық кітапты толтырып үйрендім. Тәуліктік кассаның есебін жасап үйрендім, касса арқылы. Тәуліктік Z- есеп жасап, чектерді кассалық кітапқа тіркедім.
-
Дәріханада тауарлық есеп күнделікті жүргізіледі, журналда күнделікті кассаның есебі, тауардың түсуі сатып алу және сату бағасында және күн соңындағы тауар қалдығын бірден көруге болады, есеп күнделікті жүргізілетіндіктен. Өте жақсы форма, сондықтан барлық дәріханаларға осындай есеп жүргізуді ұсынуға болады. Журналдың формасы коса беріліп отыр. Қосымша № _______. Бұл құжатты толтырып үйрендім.
21 мамыр 2013жыл
-
Тұрғындарды дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, парафармацевтикалық өнімдермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша дәріхананың саясатымен, жасалатын жұмыстармен таныстым.
Дәріхананың тауар ассортиментінде биологиялық белсенді заттар да бар. Бұларды дәріхана «Ромат», «Медикус» , СК-фармация ЖШС, Инкар ЖШС-нен алады. Аталған заттарды фирмалар дәрілік заттармен бір шот-фактурада босатады.
22 мамыр 2013жыл
-
Дәріхана ассортиентінің кеңдігімен таныстым. Талдау нәтижесінің көрсеткіші:
-
дәрілік заттардың - 1478;
-
медициналық мақсаттағы бұйымдардың – 31;
-
парафармацевтикалық өнімдердің – 12;
-
балалар тағамының – 5;
-
Дәрілік өсімдіктердің - 47 атаулары бар.
-
-
Дәрілік заттардың ассортиментінің тереңдігімен таныстым. Дәрілік заттардың ормадағы көлеміне байланысты олардың бағасы да әртүрлі екендігін көрдім.
-
дәріхана дәрілік заттардың тіркеуден өткен барлық дәрілік қалыптарын, түрлі дозаларын, бір дәрілік заттың атауын (мысалы: Ацетисалицил қышқылы 0,5 №10 «Химфарм» АҚ, «Павлодар фарм.зауыты» ЖШС, «Борисовский фарм.завод») түрлі өндірушілерден;
-
дозаларының түрлерін (мысалы: Тенорик 50 мг №30, Тенорик 100 мг №30; Креон 10 000ЕД№20, Креон 20 000 ЕД №20);
-
орамдағы көлемі мен санына байланысты
-
(Этил спирті 90%- 30 мл, 50 мл, 60 мл,90 мл - Шаншаров-фарм ЖШС; Фестал №20, Фестал №100, Бриллиант жасыл 1%-30мл, 40 мл, 50 мл).
23 мамыр 2013 жыл
-
Дәріханың орналасқан жеріне, клиенттердің құрамына талдау жұмысын жүргіздім. Дәріхана орналасқан аумақта 6 дәріхана орналасқан. Бәсекелестік барлық жағынан өте жоғары. Дәріхананың клиенттері негізінен зейнеткерлер мен сол ауданның тұрғындары. Ең жақын орналасқан дәріхананың алыстығы 100 м. Ең алысы – 700м.
-
Дәріханаға түскен тауарларды Мемлекеттік Фармакопея талаптары мен физико-химиялық қасиеттеріне байланысты ҚР Үкіметінің 23.12.2011 жылғы ДЗ, ММБ және МТ олардың қауіпсіздігін, тиімділін және сапасын қамтамасыз ете отырып сақтау және тасымалдау туралы Ережені бекіту туралы № 1595 Қаулысына сәйкес бұйрығына сәйкес қабылдап, сақтауды ұйымдастыру жұмыстарына қатыстым.
24 мамыр 2013 жыл
-
Дәріханада қолданылатын медициналық тауарларды сатудағы жаңа тәсілдер, еңбекті ғылыми ұйымдастыру жұмыстарының жүргізілуіне көңіл бөлдім.
-
дәріхана бәсекелестікті жеңілдету бойынша зейнеткерлерге егер алатын дәрілік затының сомасы 1000 теңгеден асса, 5% жеңілдік;
-
телефон арқылы дәрілік затқа талап қабылдау;
-
тұрғындарға дәрілік затпен қоса аннотацияларын, түрлі календарлар беру сияқты жұмыстар атқарады.
-
Еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға дәріханада тауарлық есепті, түскен тауарларды бағалары бойынша тіркеу жүргізілетін журналды айтуға болады. Осы журнал негізінде дәріхана қызметкерлері күнделікті тауар қалдығының сомасын біліп отырады. Сонымен қатар дәріхананың фирмалармен есеп айырысулары, кімнен қанша сомаға тауар алғандығы жөніндегі ақпараттарды лезде табуға болады. Осы журналағы ақпараттарды пайдалану арқылы осы дәріханада практика өткен барлық студенттер дәріхананың қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасау мүмкіндігіне тез қол жеткіздік.
27 мамыр 2013 жыл
Дәріхананың есеп және есеп беру жұмыстарымен таныстым.
Дәріхана иесі Түркісіб ауданының салық комитетінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.
Есеп беру жеңілдетілген декларация бойынша тоқсан сайын жүргізіледі. Салық мөлшері тауарайналымының 3 % құрайды және зейнетақы қорына жалақының немесе кәсіпкердің табысының 10%, сонымен қатар әлеуметтік салық төленеді. Практика өткен мерзім жеке кәсіпкердің есеп беру кезеңімен сәйкес келгендіктен, есеп беру тәртібімен және құжаттарымен таныстым.
Тауарайналымы өткен тоқсанда кассалық кітап бойынша 2 400 342 теңгені құрады. Салық мөлшері 3%; Ол сома екі 101 202 және 103 101 баптарға бөлініп төленеді:
|
Есеп беру кезеңі, тоқсандар |
101 202 Табысқа салық |
103101 Табысқа салық |
101 201 міндетті әлеуметтік салық |
101 201 зейнетақы қорына аударым |
|
I |
36 385 |
31441 |
915 |
13 500 |
|
Барлығы: |
36 385 |
31441 |
915 |
13 500 |
2010 жылы барлық салық түрлері бойынша төленген сома : 356 000 теңгені құрады. Бюджетке кәсіпкер қарыз емес.
Дәріхана жұмысына қорытынды:
-
Дәріхана 1997 жылдың желтоқсанынан бастап қызмет жасайды.
-
Ашылған кездегі фармацевттер саны - 2.
-
Ашылған кездегі тауар бағалы заттардың бөлшек бағадағы қалдығы – 618 000 теңгені құраған. Дәріхана тәулік бойы жұмыс жасайды.
-
2010 жылғы дәріхананың экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау барысында дәріхананың қаржы шаруашылық жағдайының жақсарып келе жатқандығын көруге болады. Кәсіпкер барлық қарыздарынан құтылған. Бюджетке барлық салық төленген.
-
Тауар қалдығы 01.04.11 жылға 3 980 000 теңге, сату бағасында.
-
Фармацевттер саны - 4 адам.
-
Кәсіпкердің мамандығы провизор болғандықтан, ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жүргізіп, бәсекелесттікті жеңуге тырысады. Бұл үшін үнемі маркетингтік зерттеулер жүргізіледі: сатып алу бағасына, бәсекелестердің бағасына, тауар үстемесіне, шығынға. Сонымен қатар тұрақты клиенттерге 5%-ға дейін шегерім қолданылады.
Дәріхана жұмысына практика өткен студенттер енгізген жаңалық
-
Мерчендайзинг – бұл сату залында табысты молайту мақсатында атқарылатын іс-шаралар:
-
Витринаға тауарларды орналастыру бойынша дәріхана меңгерушісіне кеңестер берілді.
-
Жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді (сату залында витриналарды орналастыру бойынша)
-
Қорытынды: Практика өту барысында реферат жаздым.
Тақырып: «Этикетка. Этикеткалардың түрлері.»
С.Ж.Асфендияров атындағы
ҚаҰму-нің 3 курс студенті
Бекназарова Құралайға
МІНЕЗДЕМЕ
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармацевтика факультетінің 3-курс студенті Бекназарова Құралай 13.05.2013-27.05.2013 күндері аралығында «Жалпы фармацевтикалық тәжірибе» бойынша өндірістік тәжірибесін өтті. Оқу - кәсіптік практика өту кезінде өзін тиянақты, тәртіпті студент ретінде көрсетті. Практикаға кешікпей келді. Теориялық дайындығы жақсы, практикада алған білімін одан әрі ұштастырды. Білуге құмар, коллектив мүшелерімен тіл табысып кетті. Практика өту барысында практиканы өту программасына сәйкес тапсырмаларды орындады, ДСМ-нің келесі бұйрықтарымен таныстым:
-
ҚР Үкіметінің 17.01.2012 жылғы № 91 «Санитарлық Ережелерді бекіту туралы «Дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналымындағы объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»;
-
ҚР Үкіметінің 26.01.2005 жылғы «Дәріхана, дәріханалық қойманың құралымы мен категориясын анықтау ережелері туралы» № 65 қаулысы;
-
ҚР Үкіметінің 5.12.2011 жылғы № 1460 рецептпен немесе рецептсіз босатылатын дәрілік заттардың тізімін бекіту Ережесі;
-
ҚР ДСМ-нің 16.11.2011жылғы Дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканың бөлшек және көтерме саудасын жүзеге асыру туралы № 1693 Ереже;
-
ҚР Үкіметінің 23.12.2011 жылғы ДЗ, ММБ және МТ олардың қауіпсіздігін, тиімділін және сапасын қамтамасыз ете отырып сақтау және тасымалдау туралы Ережені бекіту туралы № 1595 Қаулысы;
-
ҚР Үкіметінің 19.01.2012 жылғы Дайындалған дәрілік заттарға дәріханаішілік бақылау жасау туралы № 114 Ереже;
-
ҚР Үкіметінің 30.12.2011 жылғы Дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканы маркировкалау туралы № 1692 Ереже;
және де дәріхананың 2012 жылдағы шаруашылық-экономикалық көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасады:
-
Тауар айналымына;
-
Шығынға;
-
Жалақыға;
-
Табысқа;
-
Еңбек өнімділігіне;
-
Тауар ассортиментіне – кеңдігіне, тереңдігіне және күнделік толтырды.
Талдау нәтижелерін кестеге орналастыра білді. Дәріханада жүргізілетін құжаттармен танысты.
Науқастарға дәрілік заттарды фармацевттің қадағалауымен босатты, витриналарды безендірді, кассалық кітапты толтырды, тауар қабылдады, баға түзумен танысты. Өткізілген санитарлық шараларға қатысты.
Фармацевтикалық қызметті реттейтін ДСМ-нің заңнамалық құжаттарын біледі, олармен жұмыс жасай алады.
Бекназарова Құралайдың практиканы өтуін үздік бағамен бағалаймын.
Практика өту базасындағы жетекшісі: Ғ.Қ.Адибаева
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің фармацевтка факультетінің
3 курс Бекназарова Құралай Иманбаевнаның
«Жалпы фармацевтикалық тәжірибе» оқу-өндірістік практика бойынша
Есебі
Тәжірибе өту уақыты: «13» мамыр 2013 жылдан «27» мамыр 2013ж. дейін.
Практиканың ұзақтығы 75 сағат.
1.Тәжірибе уақытының өзгеруі,себебі: өзгерген жоқ.
2.Тәжірибе өту орны: Жеке кәсіпкер «Адибаеваның» дәріханасы, мекен-жайы: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы 166.
3.Жасалған жұмыстың негізгі түрлері: Дәріхананың жалпы ұйымдастыру қызметімен таныстым:
-
Дайын дәрілік заттарды босататын фармацевттің жұмыс орынымен, құжаттарымен таныстым:
-
дәрілік заттарға талап беру,
-
дәрілік заттарды қабылдау,
-
дәрілік заттарға баға түзу,
-
кассалық аппаратпен жұмыс жасау,
-
рецептер қабылдау және дәрілік заттарды фармацевттің бақылауымен босату;
-
дәрілік заттардың жарамдылық мерзімін бақылау;
-
дәрілік заттарды сақтауды ұйымдастыру;
-
дефектураны тіркеу журналын толтыру.
-
санитарлық талаптармен таныстым.
-
саниарлық күнге қатыстым.
-
Дәріхана меңгерушісінің жұмыс орыныда:
-
дәріхананың айлық есебін құрастырумен таныстым,
-
2011 жылдағы тауарайналымына,
-
еңбек өнімділігіне,
-
тауар үстемесіне,
-
ассортиментке талдау жасадым. Алыған нәтижелерді кестеге орналастырдым.
-
Жұмыса абылдау бойынша бұйрықтармен таныстым.
-
Инвентариацция жүргіуге қатыстым және нәтижесін есептедім.
4.Тәжірибе өту бағасы (оң және теріс жақтары): Практиканы өту барысында дәріхананың жалпы ұйымдастыру қызметімен, қаржы – шаруашылық қызметімен таныстым. Дәріхана ұйымы туралы түсінігім мүлде өзгерді.
5.Базалық мекеменің жұмыс бағасы, тәжірибені жүргізуді жақсартуға ұсыныстар: Мерчендайзин бойынша дәріханаға ұсыныстар жасадым, тауарларды витринаға орналастыру және витриналарды сату залында орналастыру бойынша.
6. Қорытынды және ұсыныстар: Университеттің практикалық базасының жоқтығы, егер университетте өз дәріханасы болса, студенттер сабақты сол жерде өтіп, көптеген дәріхананың қызметтерін өз көзімізбен көруге мүмкіндік туатын еді.
Бекназарова Қ.И. _______________ Күні 27.05.13
14