ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 190
Скачиваний: 13
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оптика есептер
-
1000 кд жарық күшін беретін электр лампасының қылы диаметрі 20 см. күңгірт сфералақ колбаға салынған. Табу керек: 1) осы жарық көзі шығаратын жарық ағынын; 2) осы жарық өзінің жарықтылығы мен жарқырауын; 3) экранған жарық көзі шығаратын жарық ағынының 10%-і ғана түседі деп есептеп, экранның жарықталынуын, жарқырауды және жарықтылықты табыңыз. Экран бетінің жарық шашырату коэффициенті . Экранның ауданы 0.25 м2.
-
Жарық жазық шыны пластинкаға 600 бұрыш жасай түседі. Пластинканың қалыңдығы 2 см. Пластинканың сыну көрсеткіші 1,5. Жарық сәулесінің орын ауыстыруын табыңыз.
-
Күн спектрін суретке түсіру барысында сары спектрлік сызықтың спектрдің оң және сол жақ шетінде 0.08 Å-ге ығысқаны байқалды. Күн дискісінің сызықтық айналу жылдамдығын табыңыз. -
Сабын көпіршігінің қалыңдығын табу керек, егер оны шағылған жарықта бақылаған кезде жасыл жарық болса (λ=500 нм), нормаль мен сәуле арасындағы бұрыш 350. Сабын көпіршігінің сыну көрсеткіші 1.33, к=2. -
Ньютон сақиналары жазық шыны пластинка мен қисықтық радиусы 8,6м линза арасында пайда болады. Монохромат жарық нормаль бағытта түседі. Өлшеулер нәтижесі көрсеткендей төртінші қара сақинаның радиусы 9 мм. Түскен жарықтың толқын ұзындығын табыңыз. -
Шағылған және өтпелі жарықтарда алынған интерференциялық картиналардың арасында қандай айырмашылық бар? -
Ньютон сақиналарын алуға арналған қондырғы нормальды түсетін монохроматты жарықпен жарықтандырылады. Шағылған жарықта байқалатын төртінші қараңғы сақинаның радиусы 4мм. Егер линзаның қисықтық радиусы 8м болса, онда түсетін жарықтын толқын ұзындығын анықта. -
Екі когерент жарық көздері S1 және S2 толқын ұзындығы 600 нм болатын монохроматты жарық шығарады. Көздері қосатын S1 S2 түзуіне параллель орналасқан экранның центрінен бірінші максимум қандай қашықтықта орналасады, егер S1 S2 –ден экранға дейінгі қашықтықтын 4м және көздердің арасындағы қашықтық S1 S2=1мм болса? -
Периоды 0,02мм дифракциялық тордын көмегімен алынған бірінші ретті спектрдегі жасыл жарықтын ( cәулелерінің ауытқу бұрышын анықта. -
Периоды 0,01 мм дифракциялық тордан 3м қашықтықта орналасқан экранда пайда болатын бірінші ретті спектрдің ені қандай (толқын ұзындығы 0,38-ден 0,76мкр аралығында )? -
Жұқа пленкаға оның бетіне түсірілген нормальдың бойымен толқын ұзындығы нм монохроматты жарық түседі. Одан шағылған жарық интерференцияның нәтижесінде максимальды күшейеді. Егер пленка материалының сыну көрсеткіші n=1.4 болса, онда пленканың dmin минимальды қалындығын анықта. -
Жұқа шыны сынаға толқын ұзындығы параллель жарық шоғы нормальды түседі. Шағылған жарықтағы көршілес қаранғы интерференциялық жолақтардың арасындағы қашықтық 0,5мм. Сынаның жазықтықтарының арасындағы бұрышты анықта. Сына жасалған шынының сыну көрсеткіші n=1.6. -
Юнг тәжірибесіндегі санылаулардан экранға дейінгі L қашықтық 1м-ге тең. Егер ұзындығы х=1см лықта N=10 қараңғы интерференциялық жолақтар орналасатын болса, онда санылаулардың арасындағы қашықтықты анықта. Толқын ұзындығы . -
Екінші ретті спектрде толқын ұзындықтары және болатын натридің екі сары сызықтарын жеке-жеке көру үшін дифракциялық тор N штрихтардың қандай ең аз санын қабылдау керек? Егер тордың тұрақтысы болса, онда бұндай тордың ұзындығы қандай болады? -
Тас тұзының кристалының қырына рентген сәулесінің параллель шоғы түседі. Атомдық жазықтықтардың арасындағы қашықтық 280пм-ге тең. Атомдық жазықтыққа Ө=650 бұрышпен бірінші ретті дифракциялық максимум байқалады. Рентген сәулесінің толқын ұзындығын анықта. -
Тар саңылауы бар мөлдір емес пластинкаға жазық монохроматты жарық толқыны. ( нормальды түседі. Екінші ретті дифракциялық максимумға сәйкес келетін сәулелердің ауытқу бұрышы . Саңылаудың а енін анықта. -
Дифракциялық тордың штрихтарының арасындағы қашықтық d=0.58мкм жарық нормальды түседі. Осы тор максимумның қандай ең үлкен ретін береді? -
Нәрсе мен экран арасында жұқа жинағыш линза орналастырылған. Линзаны қозғай отырып, экранда нәрсенің анық кескіні болатын екі жағдайды анықтайды.Бірінші жағдайда экрандағы кескін өлшемі h1=2,0 мм, екінші жағдайда h2=4,5 мм болса, нәрсенің өлшемі қандай? -
Жарық сәулесі сыну көрсеткіші 1,6 болатын шыныдан ауаға өтеді. Түсу бұрыш қандай болғанда, сыну бұрыш түсу бұрышынан екі есе үлкен болады? -
Сыну көрсеткіші 1,54 ке тең кварц пластинкаына жарық әулесі түседі. Шғылған сәуле мен сынған сәуле біріне-бірі перпендикуляр. Түу бұрыш неге тең? -
Нәрсе сфералық ойыс айнадан 0,5 м қашықтықта орналасқан. Айнадан кескінге дейінгі қашықтық 2м болса, айнаның қиықтық радиусы неге тең болады? -
Сфералық ойы айнадағы шын кескін нәрседен төрт есе үлкен. Нәрсе мен кескіннің ара қашықтығы 1,5м. айнаның фокус аралығы неге тең? -
Қос дөңес линзаның оптикалық күші 3дптр. Кескін линзадан 4м қашықтықта орналасу үшін нәрсені қос дөңес линзадан қандай қашықтықта орналастыру керек? -
Оптикалық күші 5 дптр болатын линзамен нәрсенің кескінін бес есе үлкейту үшін, осы нәрсені линзаның алдына қандай қашыттықта орналастыру керек? -
Шыныдан жасалған жинағыш линзаның ауадағы оптикалық күші 8 дптр. Осы линзаны сұйыққа салғанда ол фокус аралығы 1м болатын шашыратқыш линза ретінде әрекет жасайды. Шынының сыну көрсеткіші 1,5 деп алып, сұйықтың сыну көрсеткішін табыңдар -
Егер табиғи жарықтың интенсивтілігі поляризатор және анализатор арқылы өткенде 4 есе кемитін болса, онда поляризатор мен анализатор жазықтықтарының арасындағы бұрышы қандай болады? -
Табиғи жарық жазықтықтарының арасындағы бұрышы болатын поляризатор және анализатор арқылы өтеді. Поляризатор мен анализатор өздеріне түсетін жарықтың 8 жұтады және шағылдырады. Анализатордан шығатын жарықтың интенсивтілігі поляризаторға түсетін табиғи жарықтың интенсивтілігінің 9 тең. бұрышын анықта. -
Сыну көрсеткіші n=1.57 шыны әйнектен шағылу кезіндег iБ толық поляризациялану бұрышын анықта. -
Қандайда бір зат үшін толық іштен шағылудың шекті бұрышы і=450. Осы зат үшін іБ толық поляризациялану бұрышын анықта. -
Көлдің бетінен шағылған күн сәулелері толық поляризациялану үшін күн горизонтқа қандай іБ бұрышпен орналасуы керек? -
Сыну бұрышы =300 болғанда шыны әйнектен шағылған жарық сәулелері толығымен поляризацияланады. Шыны әйнектің n сыну көрсеткішін анықта. -
Шыны (n=1.5) ыдысқа құйылған сұйықтық арқылы жарық сәулесі өтеді және ыдыс түбінен шағылады. Сәуле ыдыстың түбіне IБ=42037 бұрышпен түскенде шағылған сәуле толығымен поляризацияланады. Сұйықтың n сыну көрсеткішін анықта. Толық іштей шағылу болу үшін осы сұйықта жүретін жарық сәулесі ыдыстың түбіне қандай і бұрышпен түсуі керек?