Файл: Г. А. Колпаковский сынысымен Жетісуа шаруаларды оныстандыру туралы Уаытша Ереже абылданан жыл a 1861 ж.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
А бөлімі
1. Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық:
A)Көшпелі өзбек мемлекеті
B)Сібір хандығы
C)Алтын Орда
D)Моғолстан [1]
2..1989 ж. шілде айындағы Қарағанды шахтерлерінің ереуілінде қойылған саяси талаптардың бірі:
A)Қарағанды қаласын еркін экономикалық аймақ деп жариялау
B)Семей ядролық полигонын жабу
C)Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару
D)Қазақ тілін мемлекеттік дәрежеге көтеру [1]
3. 1868 -1869 жылдары көтеріліс өткен аймақтар:
A)Маңғыстау өңірі
B)Жетісу мен Торғай
C)Орал мен Жетісу
D) Орал мен Торғай [1]
4 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі таратылған мерзім:
A)1993 ж. қаңтар
B)1993 ж. мамыр
C)1993 ж. желтоқсан
D)1994 ж. ақпан [1]
5.КСРО-да ақша реформасы жүргізілген жыл:
A)1950 ж.
B)1947 ж.
C)1948 ж.
D)1951 ж. [1]
.
6.Қазақ хандығының әкімшілік басқару жүйесінде әрбір жүздің басында тұрғандар: A)Ақсақалдар
B)Ауылнайлар
C)Билер
D)Рубасылар [1]
7.Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды қоныс аудартудың басталуы
A)XIX ғ. 50 жылдарының аяғында
B)XIX ғ. 60 жылдарының ортасында
C)XIX ғ. 50 жылдарының басында
D)XIX ғ. 40 жылдарының аяғында [1]
8. Қарахандықтар мемлекетінде салық жинау құқығын иемденуші.
A) Ихтадар.
B) Елтебер.
C) Басқақтар.
D) Бұйрұқтар. [1]
9. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғаш өнімін берді:
A)1947 жылы
B)1949 жылы
C)1948 жылы
D)1945 жылы [1]
10. ХІХғ. 80ж. Шығыс Қазақстанда ашылған жәрменкелер саны:
А)70-ден астам
В)30 жуық
С) 25-тен астам
Д)17-тен астам [1]
11.Г.А. Колпаковский ұсынысымен «Жетісуға шаруаларды қоныстандыру туралы» Уақытша Ереже қабылданған жыл:
A)1861 ж.
B)1863 ж.
C)1868 ж.
D)1860 ж. [1]
12. Ерте орта ғасырларда Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу өңірінде халықаралық сауданың дамуына ықпал етті:
А) Ұлы Жібек жолы
Б) Қолөнердің барынша дамуы
С) Жер асты байлықтарының мол болуы
Д) Көшпелі мал шаруашылы [1]
13. «Ленфильм» қазақтың бірінші дыбысты фильмі «Амангелді» кинокартинасын жасап шыєарды:
A) 1936ж.
B) 1938ж.
C) 1933ж.
D) 1937ж. [1]
14. "Балқадиша", "Маңмаңгер", "Құлагер" әндерінің авторы:
A) Біржан сал.
B) Естай.
C) Балуан Шолақ.
D) Ақан сері [1]
15.XI-XII ғ. жататын Тараз маңындағы ескерткіш:
A)Айша бибі кесенесі
B)Көккесене
C)Боран мұнарасы
D)Алаша хан кесенесі [1]
В бөлімі
16. Төмендегі кестеде қазақ зиялыларының айтқан ой пікірлерінің мағынасын түсіндіріңіз.
Ұлт-зиялылары | Айтқан пікірі | Мағынасы |
Ә. Бөкейханов | «Тірі бoлсaм, қaзaққa қызмет қылмaй қoймaймын» | |
М. Дулатұлы | «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» | |
А. Байтұрсынұлы | «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» | |
Берілген ой пікірлерге өз көзқарасыңызды жазыңыз: |
[4]
17. Нарықтық экономикаға көшу барысындаға өзгерістер мен қиындықтарға мысал келтір
Нарықтық экономикаға көшу барысында қандай қиындықтар болды | Нарықтық экономикаға көшу барысындағы қандай өзгерістер болды |
1. | 1. |
Қорытынды |
[3]
18.Мәтінді қолданып, әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдаңыз.
Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты ондағы техногендік, өндірісте ластану, радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану топырақтың құнарсыздануына, жайылымдардың тозуына жоғары деңгейде әсер етуде. 1949-1996 жылдар арлығында Қазақстан жерінде 503 ядролық қару сыналды. 20 млн. га жер экологиялық апатты аймаққа, тіршіліксіз экожүйелерге айналды. Бұл апат 3,4 млн. адам тұратын елді мекендерді қамтыды. Сондағы тұрғын халықтың болашағы қандай? Олардың ұрпақтары қандай зардап шегіп отыр?
Салалары | Зардаптары |
Саяси | |
Экологиялық | |
Демографиялық | |
Қорытынды | |
[4]
17. Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың ұстанған бағыттарын көрсете отырып жазыңыз.
| Алаш автономиясы | Түркістан автономиясы |
Басқару жүйесі | | |
Басшылары | | |
[4]