ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.11.2021

Просмотров: 195

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сенімді және сапалы дәрілік қамтамасыз ету көп жағдайда фармацевтикалық кадрлардың болуына, оларды дұрыс таңдау, орналастыру, пайдалану және дұрыс қолдануға, сонымен бірге олардың еңбегіне адекватты төлемнің болуына байланысты болады.

Мемлекет кәсіпорындағы (фирмадағы) еңбек қатынастарын реттейді:

1. ҚР конституциясы арқылы, ол еңбек заңдылығының негізгі принциптері мен қағидаларын белгілейді (жеке еңбек келісімін бекіту жолымен жүзеге асырылатын еңбек еркіндігіне құқының болуы, қызметті және еңбегін қолдану сферасын таңдау еркіндігі, өзінің еңбекке деген қабілетін жұмсау құқы). Еңбек етуге деген құқымен бірге, әрбір азаматтың мемлекет белгілеген минимальды мөлшерден төмен емес мөлшерде еңбегінің мөлшеріне және сапасына сәйкес төлемді алуға құқы бар.

2. 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексімен, ол Қазақстан Республикасындағы еңбек еркіндігіне деген конституциялық құқын жүзеге асыруда пайда болатын еңбек қатынастарын реттейді.


2. Еңбек өнімділігін талдау

Өз функцияларын орындау үшін дәріхана ұйымдары еңбек ресурстарын дұрыс пайдалану керек. Дәріхана ұйымдарының қызметкерлерінің еңбегі – бұл қоғамдық қажетті еңбектің бір бөлігі. Жоспардың маңызды тапсырмаларын негіздеу үшін еңбек өнімділігі көрсеткішінің маңызы зор.

Дәріхана ұйымының қызметкерлерінің еңбек өнімділігі – бұл еңбек шығынының тиімділігі, және ол төмендегілерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі арқылы беріледі:

1. Еліміздің халық шаруашылығының еңбек ресурстарының арасындағы оның үлесін.

2. Тұрғындарға дәрілік көмекті көрсету ұйымдары бойынша жалпы шығынның арасындағы жалақы бойынша шығынның үлесін.

3. тұрғындарды дәрімен қамтамасыз ету бойынша шығын айнаклымын төмендетуді.

4. Олардың еңбек өнімділігін жоғарылатуды.

Қол жеткізілген еңбек өнімділігінің деңгейіне талдау жасаудың, еңбек өнімділігінің төмендеуіне немесе жоғарылауына әсерт ететін факторларды зерттеудің еңбек бойынша жоспарды дұрыс құрастыруда маңызы зор.

Еңбек өнімділігінің көрсеткіші ақшалық және натуралды мәнде өлшенеді. Еңбек өнімділігін жоспарлау және есепке алу үшін көрсеткіштердің екі түрі қолданылады:

1. Өнім бірлігін өндіруге (сатуға) жұмсалған уақыт шығыны.

2. Жұмсалған уақыт бірлігіне өнімнің шығарылуы (сатылуы).


3. Еңбек пен жалақы бойынша жоспарды талдаудың міндеті

Негізгі міндеті – жоспардың орындалу көрсеткіштерін талдау, жоспардың орындалуына факторлардың әсерін және әсер ету дәрежесін анықтау, еңбек пен жалақыны ұйымдастыруды әрі қарай жақсарту жолдарын анықтау.

Еңбек бойынша көрсеткіштерді талдау кезінде дәріхана ұйымының қызметкерлерінің санын зерттейді, жоспарлы және нақты саны арасындағы қатынасты анықтайды, тауарайналымының сомасы бойынша еңбек өнімділігін талдайды, оның даму динамикасын белгілейді, еңбек өнімділігінің өсу қарқынының бір қызметкердің жалақысының өсу қарқынына сәйкестігін анықтайды және т.б.


Еңбек пен жалақы бойынша жоспар көррсеткіштерін талдау көздері болып табылады:

1. Бекітілген штаттық кестемен қаржы-шаруашылық қызметінің жоспары, жалақы қоры және талданатын кезеңге еңбек өнімділігі.

2. Орынбасушыларсыз орташа тізімдегі қызметкерлер бойынша тоқсандағы оперативті есеп мәліметтері бойынша тоқсандық статистикалық есеп беру, жоспар бойынша және нақты және категориялар бойынша қызметкерлердің.

Еңбек бойынша жоспар халық шаруашылығы жоспарының негізгі бөлігі болып табылады және ол жоспардың барлық бөліктерімен байланысты.

Еңбек бойынша жоспарды жасау кезінде материалды, еңбек және қаржы көрсеткіштерінің тиімді қолданылуы қамтамасыз етілуі керек.

Еңбек бойынша жоспар дәріхана ұйымының даму жоспарының басқа бөлімдерімен байланысты болу керек. Сондықтан оны жасау кезінде ескеру керек:

1. Жалпы, бөлшек, көтерме, сыртқы және ішкі жүйелік тауарайналымының көлемі мен құрылымын.

2. Өндірістік қызметтің көлемі мен құрылымын.

3. Дәріхана ұйымының тауарайналымы динамикасы мен қызметкерлер санының арасындағы қалыптасқани қатынасты.

4. Еңбек өнімділігіне әсерін тигізетін факторларды труда.

5. Дәріхана ұйымының қызметкерлерінің бірқатар категорияларына арналған жұмыстың жеке түрлеріи бойынша қолданыстағы нормативтерді.

Дәріхана ұйымының еңбек бойынша жоспарына келесі бөлімдер кіреді:

1. Қызметкерлердің жалақы қоры.

2. Бір қызметкерге тауарайналымы (еңбек өнімділігі).

3. Қызметкерлердің орташа тізімдегі саны.

4. Бір қызметкердің орташа жалақысы.

5. Штаттан тыс құрамның жалақы қоры.

Дәріхана ұйымының кадрларын болжау ыңғайының

әдістемелік принциптері

Еңбек пен жалақыны жоспарлаудағы бастапқы мәліметтер еңбек өнімділігінің өсуі, тауарайналымына пайыздық деңгейде белгіленген жалақы, тауарайналымы мен рецептураның жоспары мен құрылымы туралы мәліметтер болып табылады.

Дәріхана ұйымында еңбек бойынша жоспарды жасау қызметкерлер штатын жсопарлаудан басталады.

Дәріхана ұйымының штатын жоспарлаудың міндеті – қызмет бойынша жұмысшылардың қажетті санын есептеу, әрбір қызметкерді рационалды орналастыру және жұмыс уақытын тиімді пайдалану болып табылады.

Дәріхана ұйымының қызметкерлер санын жоспарлаудың бастапқы мәліметтері:

1. Ағымдағы кезеңге қызмет бойынша жұмысшылардың нақты санын талдау.

2. Алдымыздағы кезеңге тауарайналымының көлемі.

Еңбек шығынының негізгі өлшегіші жұмыс уақыты болып табылады, яғни қызметкердің өзіне берілген жұмысты орындау сағатының, күнінің ұзқтығы және олардың орындаған тауарайналымының көлемі. Қызметкерлер саны еңбек өлшегіштерімен өлшенеді – штаттық бірліктердің санымен.

Дәріхана ұйымының санын жоспарлауды үш этапқа бөлуге болады:

1. Болжау этапы

2. Жоспарлау алдындағы этап, дәріхана ұйымының негізгі көрсеткіштерінің даму жосрпарын ескере отырып есептеудің көптеген варианттары (тауарайналымының көлемі, еңбек өнімділігінің мүмкін болатын өсу қарқыны және т.б.).


3. Дәріхана ұйымының еңбек ресурстарын бөлудің оптималды соңғы вариантын таңдау.

Дәріхана ұйымының қызметкерлерінің санын тауарайналымын орташа еңбек өнімділігіне бөлу арқылы анықтауға болады.

Дәріхана ұйымындағы еңбек өнімділігінің көрсеткіші орташа тізімдегі бір қызметкерге келетін тауарайналымының сомасымен беріледі.


2. Жалақы қорын жоспарлау

Дәріхана ұйымдарының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты, еңбек бойынша жоспардың алдыңғы қатарлы көрсеткіші еңбекті төлеудің бірыңғай қоры болып табылады. Ол дәріхана ұйымының қызметкерлері жүзеге асыратын жұмыс пен қызмет түрлерінің сметасында қарастрылған еңбекті төлеу қоры мен еңбекті төлеудің құралдары ретінде қалыптасады. Еңбекті төлеудің бірыңғай қорының қаржылары смета бойынша жұмсалады.

3. Жалақы қоры

Бұл дәріхана ұйымының қаржы-шаруашылық қызмектінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Жалақыға жұмсалатын шығын дәріхананың барлық шығынында біраз меншікті үлесті алады.

Дәріхана ұйымының жалақы қорында келесі негізгі көрсеткіштер болады:

1. Тауарайналымына пайыздық қатырнастағы жалақы қоры.

2. Абсолюттік сомадағы жалақы қоры.

Алдыңғы қатардағы және анықтаушы көрсеткіш жалақы қорының тауарайналымының көлеміне пайыздық мәнде берілген қатынасы, яғни жалақы деңгейі келесі формуламен анықталады:



Уз =

Фз


= 100%, где

Т

Фзсомадағы жалақы қоры;

Т – бөлшек бағадағы тауарайналымы.

Дәріхана ұйымдарында жалақы қорының тауарайналымына деңгейі орташа жалақының ауытқуына байланысты өзгереді, ол маманның біліміне және жұмыс өтіліне бпйланысты болады.

Жалақы қорын тауарайналымына пайыздық деңгейде жоспарлау келесіні білдіреді, жалақы қорының абсолютті сомасы тауарайналымының көлемінің өзгеруімен өзгереді.

Жалақы қорының жоспарлы есептеулерінде келесілерді қамтамасыз етуін қарастыру керек:

1. Штаттық кесте бойынша барлық қызмсеткерлердің еңбегін төлеуді.

2. Орташа жалақының өсу қарқынымен салыстырғанда еңбек өнімділігінің өсуінің нәтижесінде қызметкерлерді материалдық жағдайын жүйелі түрде жоғарылатуды.

Шығын айналымындағы жалақыға жұмсалатын шығынды төмендетуге келесі жағдайда ғана қол жеткізуге болады, егер еңбек өнімділігінің өсу қарқыны орташа өсу қарқынының өсу қарқынынан жоғары болса.



ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – 447 с.

3. Трудовой кодекс Республики Казахстан от 15 мая 2007 года № 251-III. – 168 с.

4. Приказ МЗ РК № 774 от 24 ноября 2009 года «Об утверждении Номенклатуры медицинских и фармацевтических работников».

Қосымша:

1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва: Медицина, 1999. – 624 с.



БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)

1. Нарықтық жағдайдағы еңбек пен жалақыны жоспарлаудың алдын ала сілтемелері.

2. Кәсіпорындардағы (фирмадағы) еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеу.

3. Еңбек өнімділігін талдау.

4. Еңбек пен жалақы бойынша талдау міндеттері.

5. Еңбек пен жалақы бойынша талдау көздері.