ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.11.2021
Просмотров: 88
Скачиваний: 1
Байсал Ләзім 17-02 топ
Глоссарий
Қан жасау жүйесі модуль
Қазақ тілінде Гемоглобин - қанның қызыл пигменті, қ.ж әйелдерде 120-160 г / л, ерлерде 130-175 г/л Эритроцит - қанның қызыл түйіршігі. Лейкоцитоз - лейкоцит санының көбеюі. Лейкоцит - қаннын ақ түйіршіктері. Лейкопения - лейкоцит санының азаюы. Нейтрофил - лейкоциттердің ішіндегі ең көп өзгеріске ұшырайтын топ. Лимфоциттер - d-8-10 мкм жететін лейкоциттердің ең ұсағы, бірақ ядролары ірі. Моноциттер - қанның түссіз жасушалардың ең ірісі. Тромбоциттер - сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар. Анизоцитоз - эритроциттердің өлшемдерінің әр түрлілігі. Пойкилоцитоз - эритроциттердің пішіндерінің өзгеруі. Гематокрит - эритроциттер мен плазма көлемдерінің қарым қатынасы. Қан аздық - қанның белгілі көлемінде гемоглобин мен эритроциттердің санының азаюымен сипатталатын қан ауруы. Гемостаз - қан тамырларының бүтіндігін және қанның сұйық күйін сақтайтын және қан кетуді болдырмайтын, тоқтататын биологиялық, биохимиялық үрдістер. Гипоплазия - сүйек миының регенераторлық қасиетінің нашарлауы. |
Латын тілінде Hemoglobin
Erytrochyte Erytrochyte Leukocyte Leucopenia Neutrophils Lymphocytes Monocytes Platelets Anisocytosis Microplania Hematocrit Anaemiae
Hemostasis Hyperplasia
Aplasia Haemophilia
Leucosis acuta Myeloleucosischronica
Thrombocytopenic purpura
Febris
Globus pharyngeus
Ataxia
Glossopirosi
Pruritus cutaneus
Ossalgia
coma hypoxicum
icterus haemolyticus
petechia
Haematoma
Haimorrhagia
Enanthema
Koilonychia
|
Аплазия - сүйек миының регенераторлық қасиетінің толық жойылуы. Гемофилия - қанды ұйыту жүйесінің плазмалық себеп шарттарының туа біткен ақауларымен сипатталатын геморрагиялық диатез. Жедел лейкоз - қан жүйесінің өспелері топтарына кіретін қатерлі ісік ауруы. Созылмалы лейкоз - қан жүйесінің өспелері тобына кіретін, миелопоэздің алдын ала шолушы клеткаларынан туындайды. Тромбоцитопениялық пурпура -аутоиммундық зақымдану нәтижесінде тромбоциттер санының азаюымен сипатталатын ауру.
Клиникалық көріністер
Қызба
Жұтыну кезіндегі ауырсыну
Жүрістің бұзылуы
Тілдің күйіп ауыруы
Тері қышымасы
Сүйектің ауруы
Гипоксиялық кома
Гемолитикалық анемия
Нүктелік қан құйылу
Гематома
Геморрагия
Энантема
Тырнақтағы қасық тәрізді өзгерістер
Ситуациялық есеп
Науқас В., 32 жаста, ауруханаға қатты әлсіздік, денесінің қалтырауымен қабаттасқан қызымының көтерілуі, белінің ауыруы, тыныштықтағы ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағысына шағымданып түсті. Қарап тексергенде терісі мен көзінің ақ қабығының сарғыштанғаны, сипағанда көкбауырының ұлғайғаны мен ауыратындығы анықталды. Қан талданымы: гемоглобин – 40 г/л ; эритроциттер – 1,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш – 0,8 ретикулоциттер – 28%; тромбоциттер - 180 х109/л; лейкоциттер – 14,5 х109/л нейтрофилдер: метамиелоциттер -2%; таяқша ядролы -11%; сегментоядролылар -58% эозинофилдер - 4%; базофилдер – 1%; лимфоциттер – 17%; моноциттер – 3% ЭШЖ - 40 мм/сағ Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозы және пойкилоцитозы, полихроматофилия, нормобластар. Қанда тура емес (бос, коньюгацияланбаған) билирубиннің мөлшері артпаған. Эритроциттердің осмостық төзімділігі төмендеген.
|