ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.11.2021

Просмотров: 479

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4.есту түтiгiнiң жұтқыншақтық тесiгiнiң жанында

5.хоан аймағында.



224. Бүйректiң анатомиялық құрылысы:

  1. +шеттері (полюстерi)

  2. +жиектерi

  3. +беттерi

  4. +қақпасы

  5. түбiрi


225. Кіші қанайналым шеңбері басталады:

+1. оң қарыншадан

2. сол қарыншадан

3. оң жүрекшеден

4. сол жүрекшеден

5. веналық қойнаудан


226. Үлкен қанайналым шеңбері басталады:

1. оң қарыншадан

+2. сол қарыншадан

3. оң жүрекшеден

4. сол жүрекшеден

5. веналық қойнаудан


227. Кіші қанайналым шеңбері аяқталады:

1. оң қарыншада

2. сол қарыншада

3. оң жүрекшеде

+ 4. сол жүрекшеде

5. веналық қойнауда


228. Жүректiң тәждiк (веналық) қойнауы ашылады:

1. оң қарыншаға

2. сол қарыншаға

+ 3. оң жүрекшеге

4. сол жүрекшеге

5. қолқа буылтығына


229. Үлкен қанайналым шеңбері аяқталады:

1. оң қарыншада

2. сол қарыншада

+3. оң жүрекшеде

4. сол жүрекшеде

5. веналық қойнауда


230. Жүрекқаптың аталуы:

  1. эндокард

  2. миокард

  3. эпикард

  4. +перикард

  5. адвентиция


231. Жүректің жармалы қақпақтары орналасқан:

+1. оң жүрекше-қарынша тесігінде

+2. сол жүрекше-қарынша тесігінде

3. өкпе сабауының тесігінде

4. қолқаның тесігінде

5. веналық қойнаудың тесігінде


232. Жүректің жартыайлы жапқыштары орналасқан:

1. оң жүрекше- қарынша тесігінде

2. сол жүрекше-қарынша тесігінде

+3. өкпе сабауының тесігінде

+4. қолқаның тесігінде

5. веналық қойнаудың тесігінде



233. Жүректің үшжармалы қақпағы орналасқан:

+1. оң жүрекше- қарынша тесігінде

2. сол жүрекше-қарынша тесігінде

3. өкпе сабауының тесігінде

4. қолқаның тесігінде

5. веналық қойнаудың тесігінде


234. Жүректің екіжармалы (митралдық) қақпағы орналасқан:

1. оң жүрекше- қарынша тесігінде

+2. сол жүрекше-қарынша тесігінде

3. өкпе сабауының тесігінде

4. қолқаның тесігінде

5. веналық қойнаудың тесігінде


235.Valva trunci pulmonalis орналасқан:

1. оң жүрекше- қарынша тесігінде

2. сол жүрекше-қарынша тесігінде

+3. өкпе сабауының тесігінде

4. қолқаның тесігінде

5. веналық қойнаудың тесігінде


236. .Valva aortae орналасқан:

1. оң жүрекше- қарынша тесігінде

2. сол жүрекше-қарынша тесігінде

3. өкпе сабауының тесігінде

+4. қолқаның тесігінде

5. веналық қойнаудың тесігінде


237. Сол жақ қарыншадан шығады:

  1. жоғарғы қуыс вена

+2. қолқа

3. өкпе сабауы

4. төменгі қуыс вена

5. өкпе веналары


238. Оң жақ қарыншадан шығады:

1. жоғары қуыс вена

2. қолқа

+3. өкпе сабауы

4. төменгі қуыс вена

5. өкпе веналары


239. Оң жақ жүрекшеге құяды:

+1. жоғары қуыс вена

2. қолқа

3.өкпе сабауы

4. өкпе веналары

+5. төменгі қуыс вена



240. Сол жақ жүрекшеге құяды:

1. жоғары қуыс вена

2. қолқа

3. өкпе сабауы

+4. өкпе веналары

5. төменгі қуыс вена


241. Жүректің құрамдық бөліктері:

1.денесі

+2.негiзi

3.түбiрi

+4. ұшы

5. мойыны


242. Қолқа доғасының тармақтары:

+1.иықбас сабауы

2.жүректің оң жақ тәждік артериясы

3. жүректің сол жақ тәждік артериясы

+4. сол жақ жалпы ұйқы артериясы

+5. сол жақ бұғанаасты артериясы


243. Қолқаның жоғарылаған бөлігінің тармақтары:

1.иықбас сабауы

+2.жүректің оң жақ тәждік артериясы

+3. жүректің сол жақ тәждік артериясы


4. сол жақ жалпы ұйқы артериясы

5. сол жақ бұғанаасты артериясы


244. Жүректі қандандыратын артерия:

1.иықбас сабауы

+2.жүректің оң жақ тәждік артериясы

+3. жүректің сол жақ тәждік артериясы

4. сол жақ жалпы ұйқы артериясы

5. сол жақ бұғанаасты артериясы


245. Қолқаның бөліктері:

  1. мойындық

+2. жоғарылаған

+3. доғасы

+4. төмендеген

5. белдiк


246.Төмендеген қолқаның бөлiктерi:

1.мойындық

+2.кеуделiк

+3.доғасы

4.iштiк

5.белдiк


247. Мойынның веналары:

  1. +алдыңғы мойындырық вена

  2. артқы мойындырық вена

  3. +сыртқы мойындырық вена

  4. +iшкi мойындырық вена

  5. төменгi мойындырық вена


248. Қолқаның айырығы (ашасы) орналасқан :

1. 12 кеуде омыртқасы деңгейiнде

2. 1 бел омыртқасы деңгейінде

3. 2 бел омыртқасы деңгейінде

+ 4. 4 бел омыртқасы деңгейінде

5. 6 бел омыртқасы деңгейінде


249.Шажырқайлық жоғарғы артерияның қолқадан кететiн деңгейi:

1. 11 кеуде омыртқасы деңгейiнде

+ 2. 1 бел омыртқасы деңгейінде

3. 3 бел омыртқасы деңгейінде

4. 4 бел омыртқасы деңгейінде

5.5 бел омыртқасы деңгейінде


250. Құрсақ сабауының қолқадан кететiн деңгейi:

+1. 12 кеуде омыртқасы деңгейiнде

2. 2 бел омыртқасы деңгейінде

3. 3 бел омыртқасы деңгейінде

4. 4 бел омыртқасы деңгейінде

    1. бел омыртқасы деңгейінде


251. Шажырқайлық төменгi артерияның қолқадан кететiн деңгейi:

1. 12 кеуде омыртқасы деңгейiнде

2. 1 бел омыртқасы деңгейінде

3. 2 бел омыртқасы деңгейінде

+4. 3 бел омыртқасы деңгейінде

    1. бел омыртқасы деңгейінде


252 Iш қолқасының жұп висцералдық тамақтары:

+1. бүйрек артериялары

+2. атабез артериялары

3. бел артериялары

+4. анабез артериялары

5. төменгі көкеттік артериялар


253. Iш қолқасының қабырғалық тармақтары:

1. бүйрек артериялары

2. атабез артериялары

+3. бел артериялары

4. анабез артериялары

+5.төменгі көкеттік артериялар


254. Iш қолқасының тақ висцералдық тармақтары:

+1. құрсақ сабауы

+2. шажырқайлық жоғарғы артерия

+3. шажырқайлық төменгі артерия

4. мықындық iшкi артерия

5. мықындық сыртқы артерия


255. Құрсақ сабауының тармақтары:

  1. +асқазандық сол жақ артерия

  2. оң жақ жиек iшектiк артерия

  3. +жалпы бауыр артериясы

  4. көкбауыр артериясы

  5. +сол жақ жиек iшектiк артерия


256. Шажырқайлық жоғарғы артерияның тармақтары:

+ 1.iшектiк тармақтар

+ 2.оң жақ жиек iшектiк артерия

3.жалпы бауыр артериясы

4.көкбауыр артериясы

+ 5.ортаңғы жиек iшектiк артерия



257. Шажырқайлық төменгi артерияның тармақтары:

1.асқазандық сол жақ артерия

2.жиек iшектiк оң жақ артерия

+3.сигматәрiздi артерия

+4.тiк iшектiк жоғарғы артерия

+ 5.жиек iшектiк сол жақ артерия


258. Өтқуықты қанмен қамтамасыз етедi:

1.жиек iшектiк оң жақ артерия

2.жиек iшектiк сол жақ артерия

+ 3.өтқуық артериясы

4.жиек iшектiк ортаңғы артерия

5.тiк iшектiк жоғарғы артерия


259. Жоғарылаған жиек iшектi қанмен қамтамасыз етедi:

+ 1.жиек iшектiк оң жақ артерия

2.жиек iшектiк сол жақ артерия

3.өтқуық артериясы

4.жиек iшектiк ортаңғы артерия

5.тiк iшектiк жоғарғы артерия


260. Төмендеген жиек iшектi қанмен қамтамасыз етедi:


1.жиек iшектiк оң жақ артерия

+2.жиек iшектiк сол жақ артерия

3.өтқуық артериясы

4.жиек iшектiк ортаңғы артерия

5.тiк iшектiк жоғарғы артерия


261. Көлденең жиек iшектi қанмен қамтамасыз етедi:

1.жиек iшектiк оң жақ артерия

2.жиек iшектiк төменгі артерия

3.өтқуық артериясы

+4.жиек iшектiк ортаңғы артерия

5.тiк iшектiк жоғарғы артерия


262. Тiк iшектiң жоғарғы бөлiгiн қанмен қамтамасыз етедi:

1.жиек iшектiк оң жақ артерия

2.жиек iшектiк сол жақ артерия

3.өтқуық артериясы

4.жиек iшектiк ортаңғы артерия

+ 5.тiк iшектiк жоғарғы артерия



263. Сигматәрiздi iшектi қанмен қамтамасыз етедi:

+ 1.сигматәрiздi артерия

2.жиек iшектiк сол жақ артерия

3.өтқуық артериясы

4.жиек iшектiк ортаңғы артерия

5.тiк iшектiк жоғарғы артерия


264. Қуықасты безiн қандандырады:

1.мықындық жалпы артерия

2.мықындық сыртқы артерия

+ 3.мықындық iшкi артерия

4.iш қолқасы

5.кеуде қолқасы


265. Атабездi қандандырады:

1.мықындық жалпы артерия

2.мықындық сыртқы артерия

3.мықындық iшкi артерия

+ 4.iш қолқасы

5.кеуде қолқасы


266. Анабездi қандандырады:

1.мықындық жалпы артерия

2.мықындық сыртқы артерия

3.мықындық iшкi артерия

+4.iш қолқасы

5.кеуде қолқасы


267. Жатырды қандандырады:

1.мықындық жалпы артерия

2.мықындық сыртқы артерия

+ 3.мықындық iшкi артерия

4.iш қолқасы

5.кеуде қолқасы


268. Несепқуықты қандандырады:

1.мықындық жалпы артерия

2.мықындық сыртқы артерия

+ 3.мықындық iшкi артерия

4.iш қолқасы

5.кеуде қолқасы


269. Асқазанды қанмен қамтамасыз етедi:

+ 1.құрсақ сабауы

2.шажырқайлық жоғарғы артерия

3.шажырқайлық төменгi артерия

4.мықындық iшкi артериы

5.мықындық сыртқы артерия




270. Аш iшектi қанмен қамтамасыз етедi:

1.құрсақ сабауы

+2.шажырқайлық жоғарғы артерия

3.шажырқайлық төменгi артерия

4.мықындық iшкi артериы

5.мықындық сыртқы артерия


271. Мықын iшектi қанмен қамтамасыз етедi:

1.құрсақ сабауы

+ 2.шажырқайлық жоғарғы артерия

3.шажырқайлық төменгi артерия

4.мықындық iшкi артериы

5.мықындық сыртқы артерия


272. Соқыр iшектi қанмен қамтамасыз етедi:

1.құрсақ сабауы

+ 2.шажырқайлық жоғарғы артерия

3.шажырқайлық төменгi артерия

4.мықындық iшкi артериы

5.мықындық сыртқы артерия


273.Бiлектiң алдыңғы беткей бұлшықеттерiн қандандырады:

1.иық артериясы

2.иықтың терең артериясы

+ 3.кәрi жiлiк артериясы

+ 4.шынтақ жiлiк артериясы

5.сүйекаралық алдыңғы артерия


274. Бiлектiң артқы беткей бұлшықеттерiн қандандырады:

1.иық артериясы

2.иықтың терең артериясы

3.артериялық беткей доға

4.шынтақ жiлiк артериясы

+ 5.сүйекаралық артқы артерия


275.Иықтың алдыңғы бұлшықеттерiн қандандырады:

+ 1.иық артериясы

2.иықтың терең артериясы

3.кәрi жiлiк артериясы

4.шынтақ жiлiк артериясы

5.сүйекаралық алдыңғы артерия


276. Иықтың артқы бұлшықеттерiн қандандырады:

1.иық артериясы

+2.иықтың терең артериясы

3.кәрi жiлiк артериясы

4.шынтақ жiлiк артериясы

5.сүйекаралық алдыңғы артерия




277.Бiлектiң алдыңғы терең бұлшықеттерiн қандандырады:


1.иық артериясы

2.иықтың терең артериясы

3.кәрi жiлiк артериясы

4.шынтақ жiлiк артериясы

+5.сүйекаралық алдыңғы артерия


278. Бiлектiң артқы терең бұлшықеттерiн қандандырады:

+ 1.сүйекаралық артқы артерия

2.иықтың терең артериясы

3.артериялық доға

4.шынтақ жiлiк артериясы

5.сүйекаралық алдыңғы артерия


279. Қолтық артериясы жалғасы болып табылады:

1.бұғанаасты артериясының

2.жауырынның айналма артериясының

3.иықтың терең артериясының

4.жоғарғы жанама артерияның

5.төменгi жанама артерияның


280. Санның алдыңғы бұлшықеттерiн қанмен қамтамасыз етедi:

1.мықындық сыртқы артерия

+ 2.санның терең артериясы

3.тақым артериясы

4.асықты жiлiктiк алдыңғы артерия

5.асықты жiлiктiк артқы артерия


281. Санның артқы бұлшықеттерiн қанмен қамтамасыз етедi:

1.мықындық сыртқы артерия

+ 2.санның терең артериясы

3.тақым артериясы

4.асықты жiлiктiк алдыңғы артерия

5.асықты жiлiктiк артқы артерия


282. Санның медиалдi бұлшықеттерiн қанмен қамтамасыз етедi:

1.мықындық сыртқы артерия

+ 2.санның терең артериясы

3.тақым артериясы

4.асықты жiлiктiк алдыңғы артерия

5.асықты жiлiктiк артқы артерия


283. Тiзе буынын қанмен қамтамасыз етедi:

1.мықындық сыртқы артерия

2.санның терең артериясы

+ 3.тақым артериясы

+ 4.асықты жiлiктiк алдыңғы артерия

+ 5.асықты жiлiктiк артқы артерия


284. Сирақтың алдыңғы бұлшықеттерiн қанмен қамтамасыз етедi:

1.мықындық сыртқы артерия

2.санның терең артериясы

3.тақым артериясы

+ 4.асықты жiлiктiк алдыңғы артерия

5.асықты жiлiктiк артқы артерия


285. Сирақтың артқы бұлшықеттерiн қанмен қамтамасыз етедi:

1.мықындық сыртқы артерия

2.санның терең артериясы

3.тақым артериясы

4.асықты жiлiктiк алдыңғы артерия

+5.асықты жiлiктiк артқы артерия


286. Сирақтың латералдi бұлшықеттерiн қанмен қамтамасыз етедi:

+ 1.кiшi жiлiншiктiк артерия

2.санның терең артериясы

3.тақым артериясы

4.асықты жiлiктiк алдыңғы артерия

5.асықты жiлiктiк артқы артерия


287. Қолдың беткей веналары:

+ 1.v.cephalica,қолдың терiастылық латералдi венасы

+ 2.v.basilica,қолдың терiастылық медиалдi венасы

3.v.saphena magna,терiастылық үлкен вена

4.v. saphena parva,терiастылық кiшi вена

+5. v.intermedia cubiti,шынтақтың аралық венасы


288. Аяқтың беткей веналары:

1.v.cephalica,қолдың терiастылық латералдi венасы

2.v.basilica,қолдың терiастылық медиалдi венасы

+ 3.v.saphena magna,терiастылық үлкен вена

+ 4.v. saphena parva,терiастылық кiшi вена

5.v.intermedia cubiti,шынтақтың аралық венасы


289. Санның бұлшықеттерiн қандандырады:

1.ішкі жыныс артериясы

+2. санның терең артериясы

3.асықты жiлiктiк алдыңғы артерия

4. асықты жiлiктiк артқы артерия

5.кiшi жiлiншiктiк артерия


290. Сирақтың бұлшықеттерiн қандандырады:

1.сыртқы жыныс артериясы

2. санның терең артериясы

+3.асықты жiлiктiк алдыңғы артерия

+4. асықты жiлiктiк артқы артерия

+5.кiшi жiлiншiктiк артерия


291. Кәрi жiлiк өзегiнiң iшiнде орналасқан:

1.тоқпан жiлiктiң алдыңғы айналма артериясы

2.иық артериясы

+3.иықтың терең артериясы

+4.кәрi жiлiк нервi

+5.иықтың терең венасы



292. Сан артериясының жалғасы болып табылады:

1.асықты жiлiктiк алдыңғы артерия

2.асықты жiлiктiк артқы артерия

+3. тақым артериясы

4.кiшi жiлiншiктiк артерия

5.доғатәрiздi артерия


293. Тақым артериясының орналасқан жерi:

1.әкелетін өзек

+2.тақым шұңқыры

3.сирақ-тақым өзегi

4.кәрi жiлiк өзегi

5.шынтақ шұңқыры


294. Сан артериясының орналасқан жерi:

+1.әкелетін өзек

2.тақым шұңқыры

3.сирақ-тақым өзегi

4.кәрi жiлiк өзегi

5.шынтақ шұңқыры


295. Асықты жiлiктiк артқы артерияның орналасқан жерi:

1.әкелетін өзек

2.тақым шұңқыры

+3.сирақ-тақым өзегi

4.кәрi жiлiк өзегi

5.шынтақ шұңқыры


296. Тақым артериясының соңғы тармақтары:

+1.асықты жiлiктiк алдыңғы артерия

+2.асықты жiлiктiк артқы артерия

3.сан артериясы

4.кiшi жiлiншiктiк артерия

5.доғатәрiздi артерия


297. Сирақ-тақым өзегiнде орналасқан:

1.асықты жiлiктiк алдыңғы артерия

+2.асықты жiлiктiк артқы артерия

+3.асықты жiлiктiк нерв

4.терiастылық нерв

5.сан артериясы


298. Әкелетiн (сан-тақым) өзекте орналасқан:

1.асықты жiлiктiк алдыңғы артерия

2.асықты жiлiктiк артқы артерия

3.асықты жiлiктiк нерв

+4.терiастылық нерв

+5.сан артериясы


299. Алақандық беткей доғаны түзедi:

1.кәрi жiлiк артериясы

+2.шынтақ артериясы

+3.кәрi жiлiк артериясының беткей тармағы

4.шынтақ жiлiк артериясының терең тармағы

5.сүйекаралық артерия


300. Алақандық терең доғаны түзедi:

+1.кәрi жiлiк артериясы

2.шынтақ артериясы

3.кәрi жiлiк артериясының беткей тармағы

+4.шынтақ жiлiк артериясының терең тармағы

5.сүйекаралық артерия


301. Жоғары қуыс вена қандай веналардың қосылуымен түзіледі:

+1.иық-бас веналарының

2.ішкі мойындырық веналарының

3.бұғанаасты веналарының

4.сыртқы мойындырық веналарының

5.алдыңғы мойындырық веналарының


302. Сыртқы ұйқы артериясының алдыңғы тармақтары:

+1.тіл артериясы

2. шүйде артериясы

+3. бет артериясы

+4. құлақтық артқы артерия

5. жоғарғы қалқантәрiздi артерия


303. Сыртқы ұйқы артериясының ортаңғы тармақтары:

+1. самайлық беткей артерия

+2. жоғары жақсүйек артериясы

+3. жұтқыншақтық жоғарылаған артерия

4. құлақтық артқы артерия

5. шүйде артериясы


304. Сыртқы ұйқы артериясының артқы тармақтары:

1. самайлық беткей артерия

2. жоғары жақсүйек артериясы

3. жұтқыншақтық жоғарылаған артерия

+4. құлақтық артқы артерия

+5. шүйде артериясы


305. Сыртқы ұйқы артериясының соңғы тармақтары:

+1. самайлық беткей артерия

+2. жоғары жақсүйек артериясы

3. жұтқыншақтық жоғарылаған артерия

4. құлақтық артқы артерия

5. шүйде артериясы


306. Мимикалық бұлшықеттерді қандандырады:

1. жоғарғы қалқантәрізді артерия

+2. сыртқы ұйқы артериясы

3. жалпы ұйқы артериясы

4. бұғанаасты арериясы

5. жоғарылаған қолқа


307. Шайнау бұлшықеттерін қандандырады:

1. ішкі ұйқы артериясы

+2. сыртқы ұйқы артериясы

3. жалпы ұйқы артериясы

4. бұғанаасты арериясы

5.жоғарылаған қолқа


308. Төменгі ұяшықтық (альвеолалық) артерия өтеді:

1. ұйқы өзегiнде

2. бет өзегiнде

+3.төменгi жақсүйек өзегiнде

4.қылқанды тесiкте

5. көру өзегiнде


309. Көз артериясы өтеді:

1. ұйқы өзегiнде