ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 21.11.2021
Просмотров: 363
Скачиваний: 1
УРОЛОГИЯ
1 Несеп шығару өзегі (урахуса) бітіспегендегі рентгенологиялық диагностикалау әдісі.
А) цистография + фистулография
Б) экскреторлы урография
В) кеңейтілген урография
Г) микционды цистография
Д) тұнбалық цистография
2 Анархизмнің клиникалық көріністері:
А) бір еннің болмауы
Б) ұмаға түспеген ен
В) екі еннің болмауы
Г) жыныс мүшесінің атрофиясы
Д) қуықасты безінің дамымауы
3 Гектикалық қызба қалтыраумен қандай ауруда кездеседі?
А) жедел цистит;
Б) жедел қуықасты безінің қабынуы;
В) жедел пиелонефрит;
Г) жедел уретрит;
Д) жедел эпидидимит.
4 Цистоскопиядағы қуық туберкулезінің белгілері қандай?
А) шырыштың трабекулярлығы
Б) несепағар тармағы айналасында төмпешіктердің болуы
В) несепағар тармағының тарылуы
Г) көктамырдың кеңеюі
Д) тригонит
5 Кеңейтілген урограммадағы бүйрек туберкулезінің белгілері:
А) омыртқа сколиозы
Б) бел бұлшықеттерінің контурының көрінбеуі
В) бүйрек тініндегі әктену аймағы
Г) омыртқа деструкциясы
Д) бүйрек көлеңкесінің атипиялық орналасуы
6 Жалған протеинурия неге байланысты?
А) бүйрек қызметіне
Б) қуық қызметіне
В) зәрдегі қан мен іріңнің % мөлшерде болуы
Г) конкременттер болуына
Д) зәрдегі оксалаттардың болуына
7 Паранефральды абсцесс диагностикасындағы ең тиімді әдіс болып табылады
А) несеп жолдарының кеңейтілген рентгенографиясы;
Б) экскреторлы урография;
В) изотопты ренография;
Г) ультрадыбысты зерттеу;
Д) паранефральді пункция.
8 Гематурияның пайда болған көзін табу мақсатында жүргізілетін аспаптық зерттеуді атаңыз?
А) қуықты катетрлеу
Б) кеңейтілген рентгенографиясы
В) экскреторлы урография
Г) цистоскопия
Д) цистография
9 Жедел циститке келесі симптомдар тән:
А) ауру сезімі, инициальді гематурия, дизурия
Б) ауру сезімі, дизурия, пиурия, терминальді гематурия
В) олигоурия, пиурия, зәр шығарғандағы ауру сезімі
Г) гематурия, дене қызуының көтерiлуi,қіалтырау
Д) пародоксалды ишурия, странгурия, пиурия
10 Қандай емдік - диагностикалық шара бүйректің ятрогенді зақымдануына әкелмейді?
А) тостағаншаға катетрді форсирлеп енгізу
Б) паранефральді бөгет
В) пункционды нефростомия
Г) экскреторлы урография
Д) бүйрек тастарын дистанционды шығару
11 Науқас М. 60 жаста оң жақтық бүйрек шаншуы клиникасымен келіп түсті. Анамнезінде – МКБ, гидронефроздың терминальді сатысына байланысты сол жақтық нефрэктомия. Байқау бойынша диурез – 50-100 мл/күн. Ренографияда – оң жақтан бөгет белгілері, УДЗ-да – пиелоэктазия, оң жақтық гидроуретер. Операция жүргізілген – 2-күнде уретеролитотомия. Операциядан кейінгі кезеңде күніне 2500 мл-ге дейін полиурия орын алады, зәр тығыздығы – 1005-1010, мочевина – 29,5, креатинин – 0,325 ммоль/л. Сіздің қорытындыңыз қандай?
А) ренальді анурия
Б) ЖБЖ дамуымен постренальді анурия
В) гломерулонефрит
Г) преренальді анурия
Д) СБЖ терминальді сатысы
12 Бүйректің жабық жарақатының диагностикасындағы ең тиімді әдіс болып табылады:
А) кеңейтілген рентгенография
Б) ретроградты уретеропиелография
В) экскреторлы урография
Г) цистография
Д) хромоцистоскопия
13 Қуықтың құрсақ ішілік жыртылуында қандай диагностикалық әдіс қолданылмайды:
А) экскреторлы урография
Б) төмендеуші цистография
В) қуық УДЗ
Г) жоғарылаған цистография
Д) қуықты катетерлеу
14 Уретраның зақымдануындағы негізгі диагностикалау әдісі болып табылады:
А) УДЗ
Б) экскреторлы урография
В) компьютерлі томография
Г) ретроградты уретрография
Д) уретроскопия
15. Несепағардың төменгі үштен бірінде екі жақты тастар, бүйрек шаншуы және оң жақтағы жедел пиелонефрит. Бактериемиялық шок. Шұғыл көмектің дұрыс нұсқасын таңдаңыз:
А) жедел нефростомия, оң бүйрек декапсуляциясы
Б) оң жақтық жедел уретерототомия ішкі стентатетермен дренирлеумен бірге
В) тамыр ішілік кортикостероидтар, полиглюкин, жүрек-тамыр препараттары
Г) оң несепағардың катетеризациясы
Д) күшейтілген антибактериалды, дезинтоксикациялық терапия, оң жақтық перкуторлық нефростомия
16 Жедел циститке негiзгi симптомдары:
А) ауру сезімі, инициальді гематурия, дизурия;
Б) ауру сезімі, дизурия, пиурия, терминальді гематурия;
В) олигоурия, пиурия, зәр шығарғандағы ауру сезімі;
Г) поллакиурия, гематурия, дене температурасының жоғарылауы
Д) ауру сезімі, дене температурасының жоғарылауы
17 Туберкулезбен зақымдалған ұрық шығаратын өзектің пальпациясына не тән?
А) ұрық шығаратын өзек өзгермеген
Б) ұрық шығаратын өзектің барлық пальпациялаған жерінде тығыз, ауру сезімді
В) ұрық шығаратын өзек шеттері анық тығыздалумен
Г) екі жағынан да ұрық шығаратын өзекте тығыздалу мен ауру сезім анықталады
Д) ұрық шығаратын өзек өзгермеген, үлкейген шап лимфа түйіндері пальпацияланады
18 Бүйрек қатерлi iсiгiнде гематурия басталІаннан кейiн бүйрек шаншуының меха
низмi қандай?
А) несепағардың қисаюы
Б) несепағар спазмы
В) несепағар қуысының қан ұйындысымен бітелуі
Г) несепағар қуысының ісіктік тромбпен бітелуі
Д) несепағар қуысының іріңді тығынмен бітелуі
19. Бүйрек шаншуына тән белгілерді атаңыз
А) артериалды қысымның артуы
Б) субфебриалды температура
В) мәжбүрлі жағдай
Г) кенеттен басталып, белдің және қабырға астының ауруы
Д) ауру белгісі жоқ гематургия
20. Емханаға 37 жастағы науқас, жалпы әлсіздігін сезінгенін, белінің оң жағының сырқырағанын айтып, емханаға келді. Екі сағат бұрын оң жақ бүйрегінің шаншуы ұстаған, ыстығы көтеріліп, қалшылдап, ыстығы бірден түсіп кеткен, ағыл-тегіл терлеп, содан кейін белінің ауырғаны қойған. Дәрігер қараған кезде Пастернацкийдің белгілері оң жаққа қарай аздап білінген, бүйрегі саусақпен басылмады, зәр шығуы бұзылмаған, дәреті мөлдір, дене қызуы 37.2С. Бұл жағдайдағы дәрігердің қолданатын амалы:
А) амбулаториялық зерттеуге жіберу
Б) тез арада ауруханаға жатқызу
В) жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу
Г) динамикасын бақылау
Д) амбулаториялық ем тағайындау
21 Құрсақ қуысының жедел хирургиялық ауруларынан бүйрек шаншуын ажырататын эндоурологиялық зерттеу әдісін атаңыз.
А) цистоскопия
Б) лапароскопия
В) құрсақ қуысы арты кеңістігіне ретроперитонеальді лапароскопия
Г) ретроградтты уретеротонометрия
Д) хромоцистоскопия
22 32 жастағы ер кісі жедел іріді пиелонефрит клиникасымен шұғыл жағдайда келіп түсті. 10 күн бойы ауырған. Шолу урограммасында конкременттің көлеңкесі оң несепағардың н/з проекциясында, экскреторлы урограммада 1,5 сағат бақылау барысында оң бүйрек қызметі жоқ. Сіздің әрекетіңіз:
А) уретеролитотомия, антибактериалды терапия
Б) күщейтілген антибактериалды терапия
В) несепағар катетеризациясы, антибактериалды терапия
Г) люмботомия, оң бүйрек ревизиясы, нефростомия, күшейтілген антибактериалды терапия
Д) литоэкстрауция, антибактериалды терапия
23 Бүйректің шаншу ұстамасы арасындағы бүйректің индигокарминді қызметінің жоқтығы нені көрсетеді:
А) Артериальды гипертензияны
Б) Несепағардың стриктурасын
В) Несепағардың фиксацияланған қисаюын
Г) Несепағардың айқын ығысуын
Д) Бүйрек функциясының жедел бұзылысын
24 Қуық тасы диагностикасында қандай әдіс қолданады?
А) урофлоуметрия
Б) УДЗ
В) ангиография
Г) тұнбалық цистография
Д) цистотонометрия
25 Бүйрек аплазиясындағы цистоскопиялық көрініс
А) қосымша несепағар саңылауының болуы
Б) несеп қуық үшбұрышының және несепағар саңылауының жартысының болмауы
В) несепағар саңылауының дистопиясы
Г) нүктелік саңылау
Д) уретероцеле
26 Таға тәрізді бүйрекке тән шағымдар;
А) кіндік айналасындағы ауру сезімі
Б) бел аймағындағы ауру сезімі
В) поллакиурия
Г) полиурия
Д) никтурия
27 Пиеонефриттің жедел оперативті емінің көрсеткіші болып табылады:
А) олигурия
Б) жедел іріңді пиелонефрит
В) жоғарғы дене қызуы (лихорадка)
Г) уретерогидронефроз
Д) созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
28 Жедел пиелонефритке тән үштік симптомын атаңыз:
А) жоғары дене қызуы, бел аймағындағы ауру сезімі, зәрдің өзгеруі.
Б) анурия, бел аймағындағы ауру сезімі, зәрдің өзгеруі
В) жоғары дене қызуы, бел аймағындағы ауру сезімі, анурия
Г) жоғары дене қызуы, анурия, зәрдің өзгеруі
Д) жоғары дене қызуы, зәрдің өзгеруі, ишурия
29 Жедел пиелонефритке тән емес жалпы симптомды атаңыз?
А) қалтырау
Б) дене температурасының 39-40° көтерілуі
В) диарея
Г) бас ауру
Д) құсу, лоқсу
30 Біріншілік созылмалы пиелонефритке тән емес рентгенологиялық белгіні атаңыз
А) бүйрек өлшемдерінің және контурының өзгеруі
Б) контрастты заттың шығарылуының баяулауы
В) конкремент «көлеңкесі»
Г) бүйрек-қыртысты индексінің өзгеруі
Д) Астауша-тостағанша жүйесінің деформациясы
31 Жедел урографияны 60-76% урографиннің көмегімен жасауға арналған негізгі қарсы көрсеткіші:
А) бел аймағындағы ауру сезімі
Б) зәр шығарудың бұзылуы
В) йод препараттарына гиперсезімталдық
Г) гипертоникалық ауру
Д) гипертермия (субфебрильді)
32 Цистоскопия жүргізуге қарсы көрсеткіш болып табылмайды:
А) уретра стриктурасы
Б) терминальді макрогематурия
В) жедел цистит
Г) микроцистис
Д) жедел қуықасты безінің қабынуы
33 Экскреторлы урография қай жағдайда қолданылмайды:
А) Н.Т.А
Б) бүрек туберкулёзі
В) бүйрек ісігі
Г) ЖБЖ және СБЖ
Д) созылмалы пиелонефрит
34 Шынайы протеинурия тәуелді:
А) зәрге қан араласу
Б) лейкоциттер құрамы
В) зәрде бактериялардың болуы
Г) бүйрек шумақтарының зақымдануы
Д) тұз кристаллдарының болуы
35 Жедел пиелонефритке тән симптомдар триадасын атаңыз:
А) жоғары температура, белде ауыру сезімі, зәрдің өзгеруі;
Б) белде ауыру сезімі,зәрдің өзгеруі , анурия;
В) жоғары температура, белде ауыру сезімі, анурия
Г) жоғары температура, зәрдің өзгеруі, анурия;
Д) белде ауыру сезімі, зәрдің өзгеруі, ишурия.
36. Жалпы сараптамада несептің үлес салмағы 1024, ақуыз-іздер, лейкоциттер 100 дейін көрінеді, эритроциттер-2-3, бактериялар+++, шырыш +++. Несептің бұл сараптамасы қандай сырқат түріне тән:
А) жедел пиелонефрит
Б) созылмалы пиелонефрит
В) интерстициалды нефрит
Г) қатты ауырып тұрған гломерулонефрит
Д) созылмалы гломерулонефрит
37. Қуықасты безiнiң аденомасының даму себептерi:
А) қуықасты безiнiң созылмалы қіабыну процесi
Б) папилома вирусы;
В) организм реактивтігінің төмендеуі;
Г) организмнiң горманалдық бұзылысы;
Д) жыныстық қызметтiң жоғарылауы
38. Созылмалы пиелонефриті бар науқас үшін амбулаториялық жағдайда ең тиімдісі:
А) ас тұзын шектеу
Б) суды шектеу
В) диетадағы ақуызды шектеу
Г) жыл бойына дәрумендерді пайдалану
Д) уросептиктер курсын кезектеу
39. Паранефриттің ең жиі қоздырғышы болып табылады
А) пневмококк
Б) туберкулез микобактериялары
В) стафилококк және ішек таяқшасы
Г) көк ірің таяқшасы және энтерококк
Д) вирустар
40 Аурудың басында жедел паранефритке тән:
А) септикалық қызба
Б) тұрақты қызба
В) интермиттеуші қызба
Г) субфебрильді температура
Д) температураның болмауы
41 Жедел пиелонефритке сәйкестігі аз қандағы өзгерістер сипатын көрсетіңіз:
А) анемия
Б) лейкоцитоздың «жас» түрлерінің пайда болуы
В) ауыр интоксикация кезінде - лейкопения
Г) лейкоцитоз
Д) ЭТЖ-ң жоғарылауы
42 Жедел паранефриттегі псоас-симптом белгілері
А) қозғалғандағы белдегі ауру сезімі
Б) науқастың қарама-қарсы бүйірінде жатқандағы ауру сезімі
В) аяқтарды жазған кездегі ауру сезімі
Г) зақымдалған жақта аяқ тізе, жамбас-сан буынында бүгілген және біраз ішке жақындатылған
Д) зақымдалған жақта бел аймағын соқылағанда аяқтың бүгілуі
43 Жедел паранефрит кезінде жалпы урограммада байқалады
А) омыртқа аралық дисктердiң жұқаруы
Б) зақмдалған жаққа омыртқа бағанасының сколиозы
В) омыртқа бағанасының ротациясы
Г) ХII қабырға контурының жоғалуы
Д) бел бүлшық етiнiң контурының көрiнбеуi,
44 Паранефральды абцесстің ең тиімді диагностикалық әдісі болып табылады:
А) зәр шығару жолдарының жалпы рентгенографиясы
Б) экскреторлы урография
В) изотопты ренография
Г) ультрадыбыстық зерттеу
Д) инфузионды урография
45 Жедел катаральды простатиттің негізгі симптомдарын атаңыз
А) аралықтағы күшті ауру сезімі;
Б) терминальды гематурия;
В) диарея;
Г) поллакиурия;
Д) бел аймағындағы ауру сезiмi
46 Үш стаканды сынама нәтижелері арқылы уретропростатит диагнозын қалай қоюға болады?
А) барлық 3 порцияларда лейкоцитурия жоқ;
Б) бірінші порцияда лейкоцитурия;
В) үшінші порцияда лейкоцитурия;
Г) бірінші және үшінші порцияда лейкоцитурия;
Д) зәрдің барлық үш порциясында тотальды лейкоцитурия
47 Жедел орхит симптомдары:
А) субфебрилитет;
Б) ұмадағы ауру сезімі мен ісінуі;
В) гемоспермия;
Г) гипертермия;
Д) аралықтағы ауру сезімі;
48 Жедел цистит кезіндегі гематурия сипаты:
А) инициальды;
Б) тотальды;
В) терминальды;
Г) интермиттирлеуші;
Д) инициальды+ терминальды
49 Цистит диагнозын қай симптомсыз қою мүмкін емес?
А) ауру сезімі;
Б) температура;
В) терминальды гематурия;
Г) лейкоцитурия;
Д) бактериурия
50 Баланопостит-бұл қабыну:
А) күпек;
Б) жыныс мүшесінің басы;
В) парауретральды бездердің;
Г) күпек және жыныс мүшесінің басы;
Д) жыныс мүшесінің үңгірлі денесi
51. Жедел паренхиматозды простатитте ауру сезімі:
А) үнемі сыздап ауру;
Б) ұстама тәрізді;
В) интенсивті, пульсациялыққа дейін;
Г) тұйық;
Д) жедел;
52 Жедел инфекционды эпидидимитті салыстыру керек:
А) гидатидалардың айналуы мен некрозымен;
Б) аталық безінің айналуымен;
В) кавернитпен;
Г) простатиттпен
Д) везикулитпен
53 Жедел эпидидимитте аталық безі:
А) пальпацияланбайды;
Б) ұлғайған;
В) атрофияланған;
Г) өткiр ауру сезiмi және сiнуi;
Д) оңай қозғалады.
54 Жедел спецификалық емес эпидидимит пен орхиттің емін бастау керек:
А) антибактериальды препараттарды тағайындаудан;
Б) шәует шылбырының новокаинды блокадасынан;
В) оперативті емнен;
Г) физиоемнен;
Д) нестероидты препараттарды тағайындау
55. Қандай паранефрит локализациясы бойынша жиі кездеседі?
А) алдыңғы;
Б) артқы;
В) жоғарғы;
Г) төменгі.
Д) тотальды
56 Бүйрек карбункулы кезіндегі оперативті араласудың қандай түрі жасалады
А) бүйректің декапсуляциясы;
Б) бүйректің резекциясы;