Файл: Сауат ашу сабаында ойын технологияларын олдану.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 41

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сауат ашу сабағында ойын технологияларын қолдану
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. [1]

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.. [2]

Тақырыптың өзектілігі: сауат ашу сабағында ойын технологияларын қолдану, оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік таңытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.

Зерттеу мақсаты: оқушылардың ынта – ықыласын есепке ала отырып, ойын арқылы оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Зерттеу нысаны: сауат ашу сабақтарында ойын әдістерін пайдаланып, өткізген сабақтан кейін оқушы қажетті білім мен іскерлікті меңгереді.

Зерттеу пәні: сауат ашу сабағындағы ойын технологиялары.

Ғылыми болжамы: егер ойын технологиялары арқылы сауат ашу сабақтарында оқушылардың білімін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері айқындалып, ойын арқылы оқушылардың білімін қалыптастыру мазмұны мен әдістемесі жасалса, балалар ерекше сезіммен түсінуге және ойын арқылы білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік алады.

Зерттеудің міндеттері:


- ойын технологиясының ерекшілігін оқытудағы теориялық негізін талдау;

- сауат ашу сабақтарында ойындарды қолданудың тиімділігін қарастыру;

- ойын түрлерін қолдану мүмкіншіліктерін және процессін ашып көрсету;

- балалардың сауат ашу сабағындағы білім деңгейлерін анықтау;

- зерттеу жұмысын жасау;

- ойын технологиясының білім сапасына әсер етуінің қорытындысы.

Зерттеу әдістері: талдау, бақылау, салыстыру, қорыту;

Зерттеу базасы: Петропавл қаласының «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп – кешені» мектепалды даярлық сыныбы.

Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан қазіргі педагогика ғылымы – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуда.

Сол технологиялардың бірі – ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін – өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады. Жалпы педагогикалық ойынның ойындардан айырмашылығы - оқытудың нақтылы қойылған мақсатының және оған сәйкес негізделген, айқын түрде бөліп көрсетілетін педагогикалық нәтиженің болуымен маңызды белгiге ие болады және оқу – танымдылық бағыттылығымен сипатталады. [3]

Ойын арқылы оқыту технологиясы мектепалды даярлық сыныптарында кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет.

1.Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау;

2. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу;

3. Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі;

4. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету;

5. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы. 

[4]

Даярлық топ оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін өзімнің сабақтарымда ойын технологияларының элементтерін көп пайдаланамын. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Мағжан Жұмабаев жазғандай: «Ойын – баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла».

Ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі адамды рахат пен қанағат сезіміне бөлейтін іс – әрекет. Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны да сан алуан. Оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы: сюжеттік, рөлдік, қимыл – қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әркайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. [5]

Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған балаларға оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуге тиіс. Сауат ашу сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Ойын арқылы оқу процессін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Балалның сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден – бір таптырмайтын құрал. Өзімнің іс тәжіриебемнен сабақ үрдісінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме болады.

Бала ойын ойнап үйренеді. Сауат ашу сабағында жаңа дыбыспен таныстыруда «Сөз ойла, тез ойла» ойынын өткізуге болады. Ойында сөзді дұрыс айтқан балаға текшелер беріледі. Кім көп текше жинайды сол жеңімпаз атанады.

Т дыбысы мен әрпін өткенде «Сен жалғастыр» ойынын ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу. Мен балаларға сөздің басқы буынын айтамын, ал оқушылар оны аяқтайды. Мысалы:

ПА-НА ТА-НА А-ТА АЛ-МА т.б.

«Кім жақсы тыңдайды?» Мақсаты: Есту зейінділігін, қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеп үйрету. Ойын барысы: Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырынмен, тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Алдияр тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Алтыншаш ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы қайталату.

Сөздер: айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік,орындық, жұмыртқа, құлып.

«Қандай дыбыс барлық сөздерде бар?» Мақсаты: қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың элементтерін: сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты анықтау. Ойын барысы: Тәрбиеші үш – төрт, барлығында бірдей дыбыс бар сөздерді айтады: шана, ағаш, күшік, қолшатыр – сұрақ қойылады, барлық сөздерде қандай бірдей дыбыс бар? Балалар ш дыбысын айтады.

«Сөздегі соңғы дыбысты айт» Мақсаты: қабылдауын дамыту.
Көрнекі құрал: суреттер (автобус, жаз, қаз, тас, тіс, күз, мұз, тұз, бас ). Ойын барысы: Мұғалім суретті көрсетіп соңғы дыбысты атауын сұрайды.

Мектепалды даярлық сыныпта қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сынып жоғарлаған сайын, ойынның мазмұны да баланың жас ерекшелігіне сай пайдаланған дұрыс. 
Оқушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, мінез құлқы, темпераменті, қабілеті, қызығушылықтары да әр түрлі. Баланың дамуына отбасының әлеуметтік жағдайлары да әсер етеді және балалардың даму процестері де әр түрлі болады.

Жылдың басындағы және екінші жарты жылдықта сауат ашу сабағы бойынша оқушылардың білім сапасының өскенін көруге болады. Жылдың басында білім сапасы 35%, ал екінші жартыжылдықтың басында 58% көрсетіп, білім сапасының жоғарлағанын байқатты. Яғни, ойын технологиясын сабақтарда пайдалану тиімді деп айтуға болады. 
Қорыта айтқанда, сабақтарда ойын элементтерін неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтеді. Кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады. Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.

В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен.


Олай болса жас бүлдіршіндерді оқытуда:

Оқы да біл,
Ойын - еңбек.
Ойна да күл,
Ойын - оқу,- деп сөзімді аяқтағым келеді.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 

2. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2011жыл

3. Аймағанбетова Б.Р.,.Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы. Алматы, 1991ж.

4. Мусаева С.А., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшеліктер педагогикасы. ҚР Білім және ғылым министрлігі. «Фолиант» баспасы Астана – 2006.

5. Нағымжанова Қ.М., Нұрғазиева Н.М. Бастауыш білім берудегі жаңа  технологиялар. Өскемен, «Медиа-Альянс», 2005.

Сауат ашу кезеңіндегі дыбыстық талдау-жинақтау әдісінің зерттелу тарихы

05.04.2018

  1. Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек . Өйткені ұзақ уақыт бір – екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе , бала шаршайды да , сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан 3 – 5 минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп , сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды. Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба таңбасы) берілген . Сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.

Дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістері тілдік материалдардың теориялық негіздері мен заңдарын, анықтамалары мен ережелерін меңгертумен бірге, оларды практика қажетіне жаратуға бағыт сілтейді. Мұғалім белгілі бір тілдік тақырыптардың өзіндік белгілерін ғылыми тұрғыдан сұрыптап, материалдың мазмұны мен көлеміне және әрбір өткізілетін сабақтың құрылымына сай тақырыптың оқытылу жүйесін белгілейді. Бұл мектеп бағдарламасының көлеміне негізделеді де, әр сыныптағы оқушылардың ой дәрежесі мен жас ерекшелігіне сәйкестендіріледі. Мұғалім теориялық материалдарды өзі мазмұндамай, оған оқушыларды да қатыстырып, практикалық тұрғыда өздерін іздендіріп отырады. Өтілетін материалдардың өзіндік ерекшеліктері мен ондағы заңдылықтарды талдай отырып меңгертуде, әуелі тақырыптың ішкі қасиеттерін өз ара саралап, осыған лайықты дидактикалық мысалдар табуды жүктеген жөн. Осы сияқты әдістемелік жұмыс жүйесінің өтілетін материалдарының ғылыми жағын саралап, түсінуіне көмегі мол. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдырып отыру — дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістерін іске асырудағы басты мақсат. Мұның өзі дыбыс жүйесіне байланысты жазылған әдебиеттермен жұмыс істеуге пайдасын тигізеді. Сонымен дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістеріне негізінен мыналар жатады: әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру және оқулықты пайдалану әдістері.