Файл: Сауат ашу сабаында ойын технологияларын олдану.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 42

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дыбыс жүйесінен теориялық білім пен практикалық дағды беруде, мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын анықтайтын, бірде мұғалімнің өзі түсіндіріп, бірде оқушының өзін іздендіретін әдістің бірі—әңгіме әдісі. Бұл теориялық материалдарды практикалық жұмыстармен үштастыру негізінде жүзеге асырылады. Мұны кейде мұғалімнің түсіндіруі мен оқушының жауап сөзіне қарап, сұрақ-жауап әдісі деп те атайды. Дыбыс жүйесінен өткізілетін сабақты әңгіме әдісімен жүргізгенде, оқушылардың мына сияқты дағдылары қалыптасады: олардың білім алу талабына сай, белсенділігі артады; тілдің өзіндік белгілерін дәлелдеп айтуға қызығады; тілін ширату негізінде өз сөйлемін стилистикалық жақтан дұрыс құруға бейімделеді; өз пікірінен қорытынды шығаруға үйренеді.

Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі — морфологиялық принцип, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (басшы , башшы емес), сөз шекарасында да ( боз құнан , бозғұнан емес ) біріккен сөздерде де ( Үмбетбай , Үмбетпай) емес сақталып жазылады.
Тілімізде орыс тілінен енген , аяғы үнді дыбыс — әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Ленинград , клуб , педагог т/б ) бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады , яғни д , г, б дыбыстары қатаңдап т , к , п дыбыстарына айналып айтылады . Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады : Ленинградқа, педагогке, клубтан т. с .с . Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі. Қысқасы жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.
2.Сауат ашу кезеңдерінде жазу жұмыстарына қойылатын талаптар.
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады :
а ) әріпті дұрыс жазу , дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау ;
ә ) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды – қысқалы етпей , тегіс , бірдей жазу .
б ) әріптердің бірін оңға , бірін солға қисайтпай , барлық әріпті бірдей , оңға қарай, сәл көлбете ( 45 ) жазу ;
в ) әріптердің , сондай – ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір – бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс ) отыру .
г ) бірте – бірте жазу қарқынын тездете түсу .
Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс .
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар :
а ) дәптер партаның үстіне , баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып сәл көлбетіле ( оңға 65 ) қойылады ;

ә ) бала басын оңға не солға , иықтарын кеудесін алға не артқа қисайтпай , аяқтарын қатар қойып , алдына түзу қарап отырады .Бұл олардың омыртқалары , көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет ;
б ) балалар табандарын еденге ( партаның табан тақтайына ) еркін басып отырады . Тізені қатты бүкпей , бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай , аяқтарын я алға , я артқа сілтемей отырғаны дұрыс ;
в ) партаға көкіректі тіремеу керек . Өйткені бұл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады ;
г ) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан 3 см –дей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн ;
д ) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25 – 30 см сақталуға тиіс.
Жазуға үйрену тілдің ерекшеліктеріне қарай , әр түрлі дәрежеде өтеді:
фонетикалық жазу дыбыстық — әріптік талдауды шебер жүргізуді , дыбыстарды дұрыс, анық айта білуді, айтылған дыбыстарды дәл айыра алуды талап етеді ;
морфологиялық жазуда сөздің грамматикалық мағыналарын түсініп, ережелерді үйрену басым болады.
Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлардың бастылары:
1. Жазылатын сөздің мағынасын, мәнін анықтау. Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің, сөйлемінің, текстің мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны жөн .
2. Сөздің айтылуына және жазылуына , грамматикалық формасына мұқият көңіл аудару; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау: оқы, ойлан, есіңе жазып ал , тыңда, зейін аудар, т / б . Жіберілген қателермен жұмыс жасау:
Жазғаныңды тексер, түзет , қайта жаз , осыған ұқсас мысал ойлан, т / б. оқушылардың белсенділігін көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға баулу.
3 . Сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыру: салыстыру, талдау, жинақтау жұмыстары, “ неге ? “ сұрағын көбірек қою.
4 . Сөйлеу әрекетінің бірде – бір жағын естен шығармау керек : дыбыстық әріптік талдау , сөз құрамына жаттығу, сөз таптары бойынша, синтаксис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары. Орфографиялық жаттығуларды (көшіру, диктант) сөйлеу жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезектестіріп өткізу.
5 . Грамматикалық жаттығуларды сөздік — орфографиялық жаттығулармен кезектестіру. Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға да қатысты. Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар . Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады.



Қонжықтың саяхаты

Қон-жық ор-ман і-ші-мен ке-ле жа-тып, а-ғаш ба-сы-нан а-ра-ның ұ-я-сын көр-ді. О-ның бал же-гі-сі кел-ді. Қон-жық а-ғаш-қа өр-ме-леп шы-ғып, ұ-я-ға қо-лын сал-ды. А-ра-лар о-ны та-лай бас-та-ды. Қон-жық жер-ге құ-лап түс-ті. Ол қо-рық-қа-ны-нан қа-ша жө-нел-ді.
Көктем

Көк-тем кел-ді. Күн жы-лын-ды. Ә-жем нау-рыз-ға кө-же пі-сір-ді.Кө-же дәм-ді бол-ды.Біз а-сыр са-лып ой-на-дық.

Қыс

Қаң-тар-қыс а-йы. Ай-на-ла ап-пақ қар.Қар қа-лың жау-ды.Ба-ла-лар сыр-ға-нақ-қа бар-ды.Қыр-дан ша-на-мен жа-ры-са сыр-ға-на-ды.Қыс ө-те кө-ңіл-ді.

Тоғайда

Ба-ла-лар то-ғай-ға бар-ды. О-лар же-міс тер-ді. То-ғай-да же-міс көп. О-лар та-за а-уа-да дем а-лып,то-ғай і-ші-нің ә-сем та-би-ға-ты-на там-са-нып қайт-ты.

Балдәурен

Бал-дәу-рен төр-тін-ші сы-нып-та о-қи-ды. Ол үз-дік о-қу-шы. Әр түр-лі жа-рыс-тар-дың же-ңім-па-зы е-ке-ні та-ғы бар. Бос уа-қы-тын-да спорт-пен ай-на-лыс-қан-ды жақ-сы кө-ре-ді.

Көктем

Көк-тем бас-тал-ды. Күн жы-лын-ды. Жер кө-гер-ді. Же-міс а-ғаш-та-ры гүл-де-ді. Құс-тар жы-лы жақ-тан ұ-шып ке-ле бас-та-ды. Е-гін-ші-лер е-гін се-бу жұ-мыс-та-ры-на кі-ріс-ті. Мал-шы-лар қыс-тау-дан көк-теу-ге кө-ше бас-тай-ды. О-лар көк-теу-де мал төл-де-те-ді.

Ба-ла-пан, қо-ша-қан,

те-ре-зе, бе-те-ге, қо-ға,

ке-ме, та-ға-ла, са-ғат,

до-ға, жа-ға-лау, па-на

че-мо-дан, та-ма-ша,

қыр-ман, пар-та, ор-ман,

те-ке, сер-ке, қыр-ман,

до-ла-на, қон-жық, са-ға,

то-ма-ға,не-ме-ре, шө-бе-ре

Қозы

Біз жаз-да а-уыл-ға бар-дық. Он-да қо-зы-лар бар е-кен. Бір қо-зы – қо-ңыр. Бір қо-зы –қо-ңыр-ала. Біз қо-зы-лар-ға сүт бер-дік.О-лар ой-нақ-та-ды.

.

Бозторғай

Боз-тор-ғай –да-ла құ-сы. О-ның де-не-сі ша-ғын бо-ла-ды. Боз-тор-ғай да-ла-ны ме-кен-дей-ді. Жер-ге ұ-я са-ла-ды. Ол- пай-да-лы құс.

Ішік

І-шік – жы-лы ки-ім. І-шік-ті аң-ның те-рі-сі-нен жа-сай-ды. О-ның е-кі жа-ғы да қа-лың. І-шік ки-ген а-дам су-ық-та тоң-бай-ды.І-шік ки-іп аң-шы-лар аң-ға шық-қан.

Қалада

Қай-рат-тың а-та-сы Ал-ма-ты-да тұ-ра-ды. Ол қа-ла-ға қы-ды-рып бар-ды. Он-да ә-де-мі үй-лер көп. А-та-сы-ның ү-йі А-ла-тау-ға жа-қын ор-на-лас-қан. Қай-рат Ме-деу мұз ай-ды-ны-на бар-ды.

Наурыз

Нау-рыз – көк-тем мей-ра-мы. Ел о-ған са-ғы-нып же-те-ді.Нау-рыз кө-же пі-сі-ре-ді. Әр-түр-лі о-йын-дар ой-на-ла-ды.Ұл-дар кү-ре-сіп,қыз-дар ұлт-тық ки-ім ки-іп би би-лей-ді.


Достар

Күз-гі жа-уын се-бе-леп тұр. Жа-ға-лау-да о-тыр-ған тор-ғай те-ңіз-ден соқ-қан тол-қын-ға ер-ке-лей қа-рай-ды.

Мүм-кін кол-ша-тыр ұс-та-ған ба-ла кө-мек-ке ке-лер деп кү-ту-де. Бүл-дір-шін құс-қа ти-мей-ді. Қор-ғай-ды. Оны ая-лай-ды. Тек тор-ғай ү-рік-пе-се бол-ға-ны.

Дос-тар о-сы-лай та-быс-ты.

Қайың

Қа-йың би-ік ө-се-тін ә-де-мі а-ғаш. О-ның бұ-тақ-та-ры жи-і бо-ла-ды. Қа-йың-ның жа-пы-рақ-та-ры жыл-тыр, жап- жа-сыл. Қа-йың-ды и-іп ша-на жа-сай-ды. О-ның пай-да-сы мол.

Құрманғазы

Ал-ты жа-сар Құр-ман-ға-зы жас-та-йы-нан бай-дың қо-йын ба-ға-ды. Жал-ғыз се-рі-гі ө-зі қол-дан жа-сап ал-ған дом-бы-ра-сы.

О-ны қал-дыр-май-ды. Қо-зы-ла-рын ай-дап қыр-дың ас-ты-на тү-се-ді де, о-ты-ра қа-лып дом-бы-ра-сын тар-та-ды. Құр-ман-ға-зы ел а-ра-лап ө-не-рін же-тіл-ді-ре-ді.