Файл: ож 616. 002. 197 Мтар 76. 29. 55.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ӘОЖ 616.002.197

МҒТАР 76.29.55
Жарақат пен қабынудың пульпа және периапекальді нервтерге әсері

Әбсейіт Ақнұр

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті

Стоматология факультеті

5 курс студенті
Түйіндеме

Ауыз қуысының гигиенасының нашар болуы, тістердің деминерализацияға ұшырауы және шырышты қабықтың созылмалы ауруларынан бөлек, пульпа мен периапекальді нервтерге механикалық жарақат пен қабыну да белгілі бір деңгейде өз әсерін тигізеді.

Бұл мақалада жарақат пен қабынудың пульпа және периапекальді нервтерге әсері жайында бірқатар зерттеулер қарастырылған. Тақырып аясында ғылыми зерттеулерді жүргізуде иммуногистохимиялық және авидин биотин пероксидаза немесе басқаша аты бояу әдістері қолданылды (Бұл зерттеуді сіз жүргізбегендіктен ӘДІСТЕМЕ жазбасаңыз да болады!!!). Бірқатар ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып кез келген типтегі жарақаттар мен сыртқы немесе ішкі орта факторы әсерінен болған қабынулар периапекальді нервтер мен пульпа қабатына жасушалық деңгейде өзгерістер тудыратыны айқындалды. Әрбір зерттеу жұмысына өзіндік баға берілді яғни жүйке талшықтары мен қабыну тудыратын жасушалар арасындағы белгілі бір байланыстың бар екендігі де көрсетілді. Айтылған өзгерістер өз кезегінде алынған травма күшіне немесе қабынудың деңгейіне байланысты екені анықталды. Зерттеулер нәтижесінде өзгеріс тек нерв жүйесінде ғана емес қан және лимфа жүйесінде де болатыны белгіленді.

Ғылыми зерттеулер нәтижесі стоматологиялық ем шараларын жақсартуда, жарақат пен қабынудан пайда болған жүйке жүйесіндегі өзгерістерді жүйелі түрде анықтап жоюда қолданылуы мүмкін.
Кілт сөздер: пульпа, травма, қабыну, пептид, одонтобласт, иннервация, периапекальді тін
Механикалық жарақаттар мен қабынулардың пульпа мен нерв тіндерге әсері бүгінгі уақытта бірқатар ғалымдар арасында қызу талқыға салынып, интенсивті түрде зерттеліп жатқан ауқымды тақырыптардың бірі. Бұл тақырып шеңберінде зерделеу жүргізіп отырған тек отандық ғалымдар емес, сонымен қатар шет елдік зерттеушілер де өз еңбектерінің нәтижесін жариялауда. Мысалы, Америка Құрама Штаттарындағы эндодонтисттер ассоциациясындағы дәрігерлердің бұл тақырыпқа байланысты жасаған жұмыстарын ерекше атап өтуге болады.

Әрине бұл тақырыпты зерттеп ашпастан бұрын пульпа мен периапекальді жүйкенің структурасын қарастыру қажет.


Ағылшындық ғалым Byers жүйке талшықтарының көп бөлігі түбір аймағынан өтеді де сауыттық пульпа бөлімінде бірнеше тармақтарға таралып ады да, перифериялық пульпада аяқталатынын көрсетті. Ұзақ жылдар бойы кальцитонин геніне ұқсас пептид яғни Р заты мен нейрокинин А заты көптеген зерттеулердің нысаны болғанын да түсіндірді. Бұл талшықтар сауыттық ұлпада, дентинде, пульпанын қанмен қамту жүйесінде және пародонт тінінде тармақ түзейтінін айқындады. Зерттеулерге сүйене келе кальцитонин мен Р заты қанайналымды, иммундық реакцияларды, дәнекер тіндерді өзгертетін қасиетке ие екені анықтады. 1

Сондай-ақ, Kimberly мен Byers жүйке талшықтарының маңызды құраушылары пептидтер кальцитониннің туысы ретінде қарастырылатындығы және қабыну мен жарақаттарда маңызды рөль атқаратындығын жеткізді. Одан басқа орталық жүйке жүйесіне сенсорлық ақпараттарды өткізу нәтижесінде ынталандыру мен жарақаттарға жауап бере алатындығын көрсетті. 2

Осы орайда бірқатар сұрақтар туындайды, яғни айтылып отырған талшықтардың пульпадағы қызметі қандай? Олар травма мен қабынуға қалай жауап береді? Дентин аймағында қандай өзгерістер болады?

Сұрақтарға жауап алу үшін бірқатар ғылыми зерттеу жұмыстары да жасалынды. Бұл зерттеулердің негізгі мақсаты- түрлі күшпен түсетін жарақаттар мен белгілі бір қабыну процесстеріне беретін ұлпа мен нерв жүйесінің жауабы мен өзгерісін анықтау болып табылады.

Ағылшын зерттеушісі Byers өзінің зерттеу нысаны ретінде егеуқұйрықтарды лабораторияда пайдаланды. Егеуқұйрықтарды барлық операциялар үшін интерпариетальді эквизинмен терең жансыздандырды. Посттравматикалық мезеттен соң өмір сүру уақыты 1-35 тәулікке өзгергенін байқап кейіннен егеуқүйрықтарды 2,5%-дық натрий пентобарбитал ерітіндісімен жансыздандырды. Бұрын сипатталғандай стандартты иммуноцитохимиялық әдістер қолданды. Жүйке бояуының ерекшелігі оның сорылу процессінде екенін байқады. Зейсс жарық микроскопы арқылы травмаланған және сау тістерді салыстырды. Бояу вертикаль травмаланған тістерде анық көрінді. 1

L.Kimberly де өзінің зерттеу нысаны етіп егеуқұйрықтарды таңдады. Byers-пен салыстырғанда Kimberly-дің егеуқұйрықтарының салмағы бірдей 300-375гр 14 еркек егеуқұйрықтар болды. Жансыздандырудан соң әртүрлі топ егеуқұйрықтардың пульпарлы бөлігін бормашинамен жарақаттады. Барлығы 54 тіс зақымданды және келесідей зерттелді: 24 сағат немесе 6 күн өмір сүрген егеуқұйрықтардың бірінші және үшінші моляр тістері реставрацияланғанымен екінші азу тісі жарақатталған күйде, қалған 3 күн өмір сүрген тышқандардың үш тісі де жарақатталған күйінде қалды, ал


35 күн өмір сүрген топта төменгі жақ азу тістері зақымдалды. Барлық топтардың төменгі және жоғарғы жақтың сол жақ бөлігі зақымдалмаған. Ad libitum-мен қоректенген егеуқұйрықтар тәулік ішінде қалыпқа келіп бұрынғы жағдайға келді және бақыланып отырды. Бұл зерттеуде тек иммуногистохимиялық әдіс емес, сонымен қатар стандартты бақылау мен биохимиялық анализ жүргізілді.2

Алғашқы зерттелу нәтижесінде үш түрлі жарақаттау тәсілін қолданған болатын. Жеңіл түрлі жарақатта кальцитонин жіпшелері бастапқыда төменге қарай шегінгенін, яғни дентиннің одонтобласт қабатына қарай төмендеп, кейіннен 3 аптадан соң қайта өз қалпына келгенін байқалдық (зерттеуді сіз жасамағандықтан 3-шақта жазылады). Жарақаттың орта типті түрінде одонтобласт қабатының зақымдалғанының салдарынан микроабсцесстер пайда болды және сол травма салдарынан үшіншілік дентин пайда болғаны анықталды. Ауыр травмалардың нәтижесінің кең таралған түрі ол – некроз бен периапекальді бөлігінің қабынуы. Яғни кальцитонин талшықтары пульпаның өмірлік маңызы бар бөлігін зақымдайды. Соның салдарынан тісте уақыт өте ауырсыну мен жоғары сезімталдық байкалады.

Екінші бір зерттеуде зақымданбаған сау тістің нервтенуі былай көрінді: кальцитонин жіпшелері түйін түзіп, бір бірлеріне параллель жасай орналасқан, сауыттық пульпа аймағына қарай сол түйіндер біртіндеп жұқарып тістің түбінен 100мкм қашықтықта аяқтала бастайды. Дентин түтікшелеінің иннервациясы дентинмен әрімен қарай кіреукемен шектеледі. 24 сағаттық топты зерттеу нәтижесінде пептидттік жіпшелердің саны азайып бозарған аймақ пайда болған, ол аймақта лейкоциттер анықталған. 3 және 6 күндік топта кальцитонин жіпшелерінің тармақтары төменге жайылған. 35 күндік топта тістердің периапекальді бөлігі зақымданып пульпа тінінің толық өлеттенгені байқалды.

Бұл зерттеулер нәтижесінде анықталған сау тіс иннервациясы бұған дейінгі ғалымдардың жинаған деректерінің арқасында екендігін айтуға болады. Мысалы, ағылшын зерттеушілері R.Frank пен М. Nalbandian тіс ұлпасы жұмсақ тін және оны зерттеу үшін дентинді қоса қарастыруымыз қажет екенін айқындады3, тіс ұлпасындағы нерв талшықтары тармақталғанда олардың миелинді қабықшасының жұқаруын жапон зерттеушісі T.Gunji қарастырған4, ал жапондық тағы бір ғалым зерттеушісі S. Wakisaka болса пульпаның құрылымдық бірлігі ретінде пептидтерді атап көрсеткен5.

Бұл екі зерттеу әдістері өздерінше өте ұсас болғанымен алғашқы зерттеуде пульпаның тек жарақаттағы өзгерістерін толығырақ сипаттаған,яғни белгілі бір механикалық жарақат күшіне пульпадағы өзгерістің тәуелділігін анықтауға болады. Жарақат күші әлсіз болса, пульпа мен периапекальді жүйкедегі өзгерістер де әлсіз, ал зақымдаушы күш мықты болса оның пулпа мен периапекальді жүйкеге алып келетін әсері де сәйкесінше болып өзгеретінін көрдік. Екінші сипатталған зерттеуде жарақат күші емес уақыт пен қабыну процессінің ерекшелігі көбірек зерделенген,яғни белгілі бір жарақаттың уақыт аясындағы өзгерісі мен қабыну қарқыны сипатталды. Қабыну жайында сондай ақ белгілі зерттеуші S.Kim пульпадағы қабыну екі механизм арқылы іске асады бірі микроциркуляция, екіншісі нерв талшықтарының белсенділігі екенін анықтап, қазіргі таңда технологиялардың дамуына байланысты бұл екі механизмді бір тісте байқап зерттеуге болатындығын жеткізген.
6
Қорыта келе, жарақаттар мен қабынудың пульпаға кері әсер ететінін жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсетті. лабораториялық зерттеу нәтижесінде байқадық. Бұл әсердің өзі механикалық жарақаттан болған соққы күшіне, қабынудың ырғағына байланысты болатынын зерттеу барысында қарастырдық. Ғылыми зерттеу ұзақ уақыт алғанымен алынған деректер әлі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтқан емес. Себебі зерделеу барысында біз тек пульпа мен жүйке талшықтардың құрылымы мен гистологиясын ғана емес, сонымен қатар сау және механикалық жарақаттан кейінгі тіс ұлпасындағы орын алған өзгерістері сатылы түрде түсіндіре алдық. Нәтижесінде соққының ауыр түрі мен ұзақ қабынған тістер некроздалып оларды болашақта емдеу мен сақтап қалу қиынға соғады деген тұжырымға келдік,ал жеңіл жарақат және қабынудың бастапқы формасы тіс ұлпасына айтарлықтай өзгеріс алып келмейтінін анықтадық. Қытайлық дәрігер Y.Lee осы орайда жарақатқа ұшыраған тышқандардың ұлпасы адамдардағы қайтымсыз пульпит түріне ұқсас екенін қарастырды.7 Осы салада жүргізіліп жатырған қарқынды ғылыми зерттеулер болашақта тіс дәрігерлеріне емді дұрыс жоспарлау мен диaгнозды дұрыс анықтауға көмектеседі деп ойлаймын. Себебі бүгінгі күннің өзінде бұндай проблемамен келген науқастрды емдеумен қатар анестезиялау да күрделі. Өйткені, тіс ұлпасын анестезиясын дұрыс жүргізу үшін қабыну барысындағы ұлпадағы өзгерістерді ескергеніміз жөн. Индиялық ғалым R.Chauhan ересектерде травмаларды емдеу кез келген дәрігер үшін күрделі процесс екендігін де айта кеткен8

Қолданылған әдебиеттер

1. Byers, M. R., Taylor, P. E., Khayat, B. G. & Kimberly, C. L. Effects of injury and inflammation on pulpal and periapical nerves. J. Endod.16, 78–84 (1990).

2. Kimberly, C. L. & Byers, M. R. Inflammation of rat molar pulp and periodontium causes increased calcitonin gene‐related peptide and axonal sprouting. Anat. Rec.222, 289–300 (1988).

3. Frank, R. M. &Nalbandian, J. Structure and Ultrastructure of the Dental Pulp. Teeth 249–307 (1989) doi:10.1007/978-3-642-83496-7_5.

4. Gunji, T. Morphological Research on the Sensitivity of Dentin. Arch. Histol. Jpn.45, 45–67 (1982).

5. Wakisaka, S. et al. Substance P-like immunoreactivity in the pulp-dentine zone of human molar teeth demonstrated by indirect immunofluorescence. Arch. Oral Biol.29, 73–75 (1984).

6. Kim, S. Neurovascular interactions in the dental pulp in health and inflammation. J. Endod.16, 48–53 (1990).

7. Romero, S. S. B. et al. Analgesic and neuroprotective effects of electroacupuncture in a dental pulp injury model-a basic research. Int. J. Mol. Sci.21, (2020).

8. Chauhan, R., Rasaratnam, L., Alani, A. & Djemal, S. Adult Dental Trauma: What Should the Dental Practitioner Know?
Prim. Dent. J.5, 66–77 (2016).