ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 79

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Аты-жөні (толық): Орынқұл Әлишер НұрғалиұлыОқу немесе жұмыс орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық УниверситетіКурс: 4Ғылыми жетекшісі: Тулепов Марат ИзтлеуовичКонтакт телефоны: +7 778 379 86 41 Электрондық пошта адресі(E-mail): 4aliwerorynqul@gmail.comКонференция секциясы: “Химиялық физика және физикалық химия”Ауызша хабарлама немесе стендтік баяндама: Ауызша хабарламаБаяндаманы көрсету үшін қажетті техникалық құралдар: ПроекторСтуденттер үшін - Ф.И.О., ғылыми жетекшінің ғылыми атағы (толық): ТулеповМарат Изтлеуович, қауымдастырылған профессор (доцент)МАКУЛАТУРА ҚАЛДЫҚТАРЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН СӘНДІК ЖАБЫНДАР МЕН СҰЙЫҚ ТҰСҚАҒАЗДАРОрынқұл Әлишер НұрғалиұлыТулепов Марат ИзтлеуовичӘл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті4aliwerorynqul@gmail.comСұйық түсқағаз – әрлеу және құрылыс жұмыстарында қолданылатын таптырмас композициялық материал. Әлемдік өндірістің дамыған уақытында сұйық түсқағазды жасауда шикізат ретінде макулатуралық қалдықтарды қолдану экологиялық және экономикалық сипатқа ие. Біріншіден, макулатуралық қалдықтардың көбеюі табиғат экологиясына теріс әсер етуде. Осыған байланысты, оны қайта өңдеу қалдықтарды жоюға, материалдық және энергетикалық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр. Екіншіден, осы өңделген макулатураны сұйық түсқағаз өндірісінде шикізат ретінде пайдалану материалдың өзіндік құнының төмендеуіне әкеп соғады.Бұл жұмыста сұйық тұсқағаз жасауда негізгі компонент ретінде жоғары сапалы А4 кеңсе қағазы, қосымша компоненттер ретінде су, Na-КМЦ және гипс қолданылды. Жұмыс барысында сұйық түсқағаз құрамына бірнеше қосымша қоспалар қосылды. Нәтижесінде химиялық құрамы әртүрлі 7 сұйық түсқағаз алынды.Сұйық түсқағаздардың реакциялық химизмі зерттелінді. Химиялық реакциялар нәтижесінде бірнеше сұйық түсқағаздың бірыңғай химиялық формуласы қорытылып шығарылды.Алынған сұйық түсқағаздардың элементтік құрамын анықтау үшін физико-химиялық талдау әдістері жүргізілді. Рентген спектралды флуоресцентті талдау нәтижесінде сұйық түсқағаздардың құрамында концентрациялық мөлшерде қандай металдар бар екені анықталды. ИҚ спектроскопия нәтижесінде алынған спектрлерді талдай отыра сұйық түсқағаздардың функционалдық құрылымы анықталды.
Сонымен қатар сұйық түсқағаз қасиеттеріне салыстырмалы талдау : отқа төзімділік, кебуі, адгезия, суға төзімділік, беріктілік және эластикалық секілді қасиеттері зерттелінді.Алынған ақпараттарды қорытындылай келе, макулатура негізінде экологиялық таза сұйық түсқағаз алу мүмкін болды. Сұйық түсқағаздың айрықша қасиеттерге ие екендігіне көз жеткізілді. Өндірістік жолмен алынған баламасына қарағанда отқа, суға төзімді, эластикалық, берік және адгезияға қабілетті екендігін көрсетті.Экономикалық тұрғыдан сұйық түсқағаздың өзіндік құнының төмендеуіне қол жеткізілді. Алынған сұйық түсқағаз құрылыс нарығында әрлеу материалы ретінде өндірістік баламасын толыққанды түрде алмастыра алады.