Файл: Ересектерге жел шыару ттігін ішекке енгізу тередігі 2030см Сифонды клизманы ою крсеткіші.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 1155
Скачиваний: 28
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Ересектерге жел шығару түтігін ішекке енгізу тереңдігі
20-30см///+
2. Сифонды клизманы қою көрсеткіші:
Құрсақ қуысына жасалған операциядан кейін алғашқы тәулікте///+
3. Иығында іріңді флегмонасын ашу кезінде, хирургқа ассистент болған мейіргер терісіне науқастың жарасынан ірің және қан түсті. Мейіргердің келесі тактикасын анықтаңыз:
Терінің ағынды сумен жуп,антисептикпен өңдеу///+
4.Іріңді хирургиялық бөлімшесінде санның абсцессі бар науқастың таңғышын ауыстыру барысында, мейіргердің қолғаптары жыртылып қалды. Мейіргердің келесі тактикасын анықтаңыз:
Емшараны тоқтатып, қолғапты ауыстыру///+
5.Асқазанды шаю үшін дайындау қажет:
ұзындығы 120 см сүңгіні (зонд), воронканы, шылапшынды, суды///+
6. Тұрғындардың келесі типі прогрессивті тип деп аталады:
0-14 жас аралығында балалар саны ғқ жастан асқандар санынан басым болса///+
7.Халыққа ауруханалық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым:
қалалық көп бейінді аурухана///+
8.Травматологиялық пункте автокөлік апатынан кейінгі ер адам жеткізіледі. Қарау барысында иегіндегі кішкентай жара анықталды. Жараны өңдегеннен кейін, медбике науқастың иегіне дәкелі салфетканы бекіту үшін таңғышты салды. Медбике қандай таңғышты салды?
Сақпан тәрізді таңғыш///+
9.Ауруханаішілік инфекцияның жасанды берілу жолын көрсетіңіз:
Артифициалды///+
10.Ауруханаішілік инфекциялардың жасанды жұғу жолын көрсетіңіз:
Артифициалды///+
11.Қабылдау бөліміне асқазаннан қан кетуге күмәнді пациент түсті. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пациентті тасымалдау түрін атаңыз:
кресло- каталкамен///+
12.Камералық дезинфекцияның ең жұмсақ әдісімен булы формалиндік әдісі болып есептеледі. Осы әдістің жетіспеушілігі дезинфекция сеанысынан кейін жағымсыз иістің болуы. Булы формалиндік камерада формалин иісін бейтараптандыру үшін қандай затты пайдаланады?
Нашатыр спирті///+
13.Кальций каналдарын тежейтін заттардың қолданылуы:
жүректің ишемиялық ауруында, қарыншалардың жыпылықтауында///+
14.Нитроглецерин мынадай қосымшы әсерелер шақыруы мүмкін:
бас ауруы, бастың айналуы, рефлекторлы тахикардия, қан қысымның кенеттен төмендеуі///+
15. Жүрек гликозидтерінің фармакотерапевтикалық әсері:
систоланың күшеюі, импульстардың өткізгіштігінің баяулауы, диурез ұлғаяды///+
16. Глюкокортикоид препараттарының фармакоогиялық әсерлері:
қабынуға қарсы, аллергияға қарсы , иммунодепрессивті әсер///+
17. Анемия кезінде қанда қандай өзгерістер болады?
гемоглабин деңгейінің төмендеуі///+
18. Қарау кезінде науқаста жайылған ісінулер анықталады. Бұл патология қалай аталады.
Анасарка///+
19. Қарау кезінде науқас тері жамылғысының бозғылттылығы анықталды. Аталған симптомның себебі неде?
Қанның оттегіге қанығуының төмендеуі///+
20. Эритроциттер мен гемоглабин организмде қандай негізгі қызметті атқарады?
тіндерге оттегі тасмалдайды///+
21. Науқас терісі мен көрінетін шырышты қабаттары сары түсті.Тері мен шырышты қабаттардың сарғаю себебі неде?
Қандағы биллирубиннің жоғарлауы///+
22. Тыныс алу қимылының тереңдігі мен жиілігінің артуымен жүретін субъективті ауа жетпеу сезімі қалай аталады:
ентікпе///+
23.Экссудативті плеврит кезінде өкпеден қандай тыныс естіледі:
тыныс естілмейді///+
24. Эпигастрий аймағындағы ашқарынға және түнде болатын ауырсынуға шағымдану келесі ауруға тән:
12 елі ішектің ойық- жарасы ауруы///+
25. Науқас 24 жаста. Тамақ ішкеннен кейін, 1,5-2 сағаттан соң эпинастрий аймағында болатын ауырсынуға, қыжылдауға шағымданады. Диагноз қою үшін қандай тексеру әдістерін өткізу керек?
ЭФГДС///+
26. 20 жастағы науқас кезеңмен «периодты» ұстайтын экспираторлы тұншығуға, құрғақ жөтелге, ауа жетіспеушілік сезіміне шағымданады. Анағұрлым ықтимал болжамалы диагнозды атаңыз:
нейроциркуляторлық дистония///+
27. Тұрақты кернеулік стенокардия кезінде ауырсыну пайда болады:
Физикалық күш түскенде///+
28. Асқазан жарасы бар науқастың приоритетті проблемасы- ол эпигастралді аймақтағы ауырсыну. Бұл ауруға қандай ауырсыну тән?
аш қарынға ауырсыну///+
29. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің негізгі симптомдары
ентігу, жүрек қағуы///+
30. Қарау кезінде дененің жоғарғы бөлімдерінде «медуза басы», асцит пен «тамырлы жұлдызшалар» симптомдарының анықталуы қандай ауыруға тән?
бауыр циррозы///+
31. 43 жасар жұмысшы К, зауыттың пунктіне келді, абайсызда оң қолына концентрацияланған тұз қышқылын төгіп алды. Науқас қатты күйдіру сезіміне және ауырсынуға шағымданады. Қараған кезде қол терісі ісінген, бұлыңғыр сұйықтықпен толтырылған көпіршікткрмен жабылған. Бірінші көмекті көрсетудің тактикасы:
Қышқылды бейтараптандыру үшін жараға құрғақ соданы себу///+
32. Науқас реанимация бөлімшесінде аппараттық вентиляцияда жатыр. Трахеостомиялық түтікшенің трахеямен төмен ығысуын қандай көрсеткіш көрсетеді?
сырылдардың пайда болуы///+
33. 17 жасар колледж студенті К, аязды және желді ауа райында коньки тепкен. Көмекке 10 сағаттан кейін жүгінді. Екі бетінің, қолдарының, құлақ қалқандарының ауырсынып, күйдіру сезіміне шағымданады. Қарау барысында бет және қол терісі тығыз, ісінген, қызарған. Құлақ қалқандарында ашық түсті сұйықтықпен толтырылған көпіршіктер бар. Көмек көрсетудің тактикасы:
көпіршіктерді ашып, Вишневский жақпамайымен таңғыш салу///+
34. Мейірбике таңу жүргізу үшін стерильді үстелді дайындауы қажет. Қолын залалсыздандырудың қандай деңгейін орындауы қажет.:
хирургиялық///+
35.DOTS- стратегиясы бойынша өкпе туберкулезінің негізгі диагностика әдісі:
қақырықтың бактериоскопиясы///+
36. Травматологиялық пункте тайып, сол аяғына құлаған 55 жасар әйел адам әкелінді. Сол жақ тобық аймағын қараған кезде 15*8см көлеміәнде терең емес жара бар, топырақпен ластанған, қан кету жоқ, жара шеттері тегіс. Медбике жараның біріншілік хирургиялық өңдеуін жүргізді : ластануларды алып тастады, жараны асқын тотық ерітіндісімен өңдеді, құрғатты, стерильді дәкені салып, оны бекітті. Жараны өңдеудің қандай кезеңі жасалмады?
жара шеттерін өңдеу///+
37. Бір сыныпта оқитын 7 оқушының арасынан бір жасөспірімге жедел А гепатиті диагнозы қойылды. Онымен қатынаста болған басқа жасөспірімдерге тағайындау қажет?
Иммуноглобулинді///+
38.Менингит диагностикасындағы маңызды:
Жұлын сұйықтығын зерттеу///+
39. Станционарға түскен қыз 18 жаста келесі шағымдармен: дене қызуының 39С*, басының қатты ауыруы, жарықтан қорқу,спонтанды құсу және денесінде бөртпе пайда болуымен келді. Қараған кезде байқалады: желке бұлшықеттінің ригидтілігі , Кернинг симптомы оң , көп қимылдағыш , бетінің гиперемиясы, терісі ыстық денесінде геморрагиялық бөртпе анықталды. Болжам диагноз:
менингококк инфекциясы///+
40.63 жасар ер адам,бақшада жұмыс жасаған кезде қолын жарақаттап алды. Травматологиялық пунктке келді. Сол қолының алақандық беткейін қараған кезде, көлемі 5см болатын терең кесілген жара анықталады, топырақпен ластанған, жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жараны біріншілік хирургиялық өңдегеннен кейін, науқасқа қандай екпе жасалуы тиіс?
Сіреспеге қарсы сарысу///+
41.Науқас Г., 53 жаста, аппендэктомиядан кейін 5-ші тәулікте отадан кейінгі жара аймағында тартушы ауырсыну сезімдері пайда болды, температурасы 38,7 С* дейін көтерілді. Қарау барысында жара шеттері ісінген, пальпацияда ауырсынады. Іші кеппеген, перистальтика естіледі. Науқаста қандай асқыну дамыды?
Отадан кейінгі жараның іріңдеуі///+
42.Өт ұстамасында ауырсыну синдромы ненің бұзылысынан дамиды?
өт ағуының///+
43. Сіз жас ер адамның мотоциклдан құлағандығының куәгері болдыңыз. Сізден көмек көрсетуді сұрады. Қарау барысында сол жақ снының сыртқы беткейінде ірі көлемді соғылған – жыртылған жара аныөталады, құммен ластанған, қан кету белгілері жоқ. Сізде тек қана автокөліктік медициналық қорапша бар. Сіздің тактикаңыз?
Ауырсынуды басушы дәрілік заттарды беру, жара шеттерін йод ерітіндісімен өңдеп, дәкені салу, госпитализациялау///+
44. Іріңді жарақатқа дренажды қандай мақсатпен енгізеді?
бөлініс ағысын қамтамасыз ету///+
45.Ауыр дәрежедегі сусызданумен жүретін диарея кезінде, егер бала су іше алмаса, сұйықтықты көктамарішілік енгізу тағайындалады. Ауыр дәреждегі сусызданумен жүретін диарея кезінде қандай ерітінді көктамырішілік енгізіледі?
Регидрон ерітіндісі///+
46.13 жасар ер бала. Шағымдары: әлсіздік, шөлдеу, бас ауруы, зәр шығаруының жиілеуі, тәбетінің жоғарлауы. 1,5 айдан бері ауырады, басының жарақатымен байланыстырады. Анасының айтуы бойынша әжесінде де осындай ауру бар. Объективті: жағдайы ауыр, сөйлегенде аузынан ацетон иісі шығады, байланысқы селқос түседі. Терісі боз, құрғақ, бет ұшы қызарған. Теріде көптеген қасыған іздері бар. ТАЖ-20, ЖСЖ-96мин, АҚҚ-90/50мм.с.б. Төменде аталғандардың осы аурудың анағұрлым ықтимал себебі болып табылады:
тұқым қуалаушылық///+
47. 13 жасар ер бала. Шағымдары: әлсіздік, шөлдеу, бас ауруы, зәр шығаруының жиілеуі, тәбетінің жоғарлауы. 1,5 айдан бері ауырады, басының жарақатымен байланыстырады. Анасының айтуы бойынша әжесінде де осындай ауру бар. Объективті: жағдайы ауыр, сөйлегенде аузынан ацетон иісі шығады, байланысқы селқос түседі. Терісі боз, құрғақ, бет ұшы қызарған. Теріде көптеген қасыған іздері бар. ТАЖ-20, ЖСЖ-96мин, АҚҚ-90/50мм.с.б. Төменде аталғандардың осы аурудың анағұрлым ықтимал себебі болып табылады:
қант диабеті///+
48.Бала 1,5 жаста. Болмашы Жарақат алған балада қан тоқтамай ағуда. Анамнезінде белгілі болғандай отбасындағы бірінші бала қан кетуден қайтыс болғаны анықталды. Болжамды «Гемофилия» диагнозы қойылды. Гемофилия кезінде қанның ұюы неліктен бұзылады?
тромбоциттер жеткіліксіздігі///+
49. Нәрестеге 7 ай. Қосымша тамақтанудың 2 түрін алуда. Мейірбике анасына құрамында еттегі гемдік темір бар тағамдар қосуды ұсынды. Қандай ауруларға алдын алу мақсатында баланың тамағына гемдік темір қосу керек.
анемия///+
50.Гипергликемиялық команың анағұрлым ықтимал даму себебі:
*инсулиннің жеткіліксіз мөлшері///+
51. Леопольд әдісінің 3-ші тәсілінің мақсаты:
*Жатыр түбінде орналасқан бала бөлігін анықтау///+
52.Аталғандардың қайсысы шұғыл контрацепция әдісіне жатады?
постинор+++++
53.Жаңа туған нәрестелерде асфиксия дамуының антенатальдық қауіп факторын көрсетіңіз:
прэкламсия, көп сулы жүктілік///+
54. Жатыр мойнын айнамен қарау жүктіліктің қай мерзімінде жүргізіліеді?
алғаш келгенде, 30,38 аптада///+
55. Бұрын босанған 30 жастағы жүкті әйел мерзімінде босанды, салмағы 3500,0гр. Қыз бала, тұншығусыз дүниеге келді. Босанудың 3-ші кезеңін өткізу мақсатындағы сіздің жасайтын әрекетіңіз?
босанудыың 3-ші кезеңін белсенді өткізу үшін бұлшық етке 10МЕ окситацин енгізу///+
56. Науқасты оң жақ үлкен жыныс ерінің аймағындағы ауырсыну мазалайды. Жыныс ерні ісінген, күрт ауырсынады, оның үстіндегі терісі қызарған, тығыздану білінеді. Сіздің диагнозыңыз:
бартолин безінің абсцесі+
57.Төменде берілгендердің қайсысы егде және қарт жастағы науқастарда болатын миокард инфарктінің ерекшелігіне жатады?
атиті түрі///+
58.Науқас 60 жаста, кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігмен асқынған ЖИА жөнімен түсті.Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкейгеніне,жүрек қағуына, әлсіздікке, тыныштық кезде болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Төсектегі қалпы мәжбүрлі –ортопноэ. Тері жабындары көкшілденген. Аяқ басы мен балтыры ісінген, АҚ 140/90мм сынап бағана, Ішінің көлемі үлкейген. Төменде берілген ем- шаралардың қайсысын науқасқа үйрету қажет?
жеке гигиена ережесімен///+
59. Науқас 60 жаста, кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігмен асқынған ЖИА жөнімен ауруханаға емделуге жатты. Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкейгеніне,жүрек қағуына, әлсіздікке, тыныштық кезде болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Ентікпесі көлденең жатқанда күшейе түседі, соның себебінен нашар ұйықтайды. Осы мәселе кезінде қандай біріншілікті іс-шара мейірбикелік күтіп-қарау жоспарына кіреді?
асқынулардың алдын-алуды қамтамасыз ету///+
60. Егде адамға ұсынылатын физикалық жүктемені айтыңыз:
таңертеңгілік жаттығу///+
61. Ауруы жазылмайтын науқастарда жиі болатын психологиялық мәселеге не жатады?
психиканың бұзылуы///+
62. Науқастардың ауырсынуды сезінуінің сыртқы белгісіне не жатады?
терең әжімдердің пайда болуымен маңдайының тырысуы///+