Файл: Ересектерге жел шыару ттігін ішекке енгізу тередігі 2030см Сифонды клизманы ою крсеткіші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 1156

Скачиваний: 28

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


63. Науқас 52 жаста, «Асқазанның қатерлі ісігі» диагнозымен онкологиялық бөлімшеде ауруханалық емделеіп жатыр. Мейірбикелік тексеру кезінде жалпы әлсіздікке, тәбетінің болмауына, ет тағамдарына жиренуге, ауық-ауық болатын құсуға,эпигастрий аймағында тамақ ішкеннен соң күшейе түсетін көрнекті ауырсынуға, сасық иісті кекіруге, ішінің қампиғанына , дене салмағының азайғанына шағымданады. Сөйлесу кезінде науқас адинамиялық, айналасындағылармен қиын байланысқа түседі, томаға-тұйық және жабырқаңқы, себебі өлімнен қорқу сезімін сезінеді. Төменде берілгендердің қайсысы басым мәселе болып табылады:

эпигастралды аймақтағы көрнекті ауырсыну///+

64. Науқас 46 жаста, онкология бөлімшесіне эпигастрия аймағындағы тұрақты түрдегі сыздап ауырсынуға шағымданып түсті, ауруын басатын жағдайын жақсартпайды, тәбеті нашарлаған, жүрегі айниды, құсады, дене темп. Субфебрильді, соңғы айда 6 кг-ға жүдеген. Тексеру кезінде жағдайы ауыр, темп. 38,1*С, тері жабындары бозарған, жер түстес реңкте. Науқастың қатты жүдеуі көңіл аудартады. Эпигастрий аймағын пальпациялау кезінде күрт ауырсыну және құрсақтың алдыңғы қабырғасы бұлшықеттерінің ширығуы байқалады. Төменде берілгендердің қайсысы мейірбикелік іс-шараның басым мақсаты болып табылады:

жақын туысқандарымен әңгімелес///+

65. Науқас 22 жаста. Бетінің сол жақ жағының ұстама тәрізді ауырсынуына, жас ағуға, мұрынынан шырыштың бөлінуіне, сілекеідің ағуына шағымданады. Берілген диагноздардың қайсысы болуы ықтимал?

бет нервінің невриті///+

66. Науқаста айқын атаксия, бұлшықет әлсіздігі, үзілмелі сөйлеу, тремор байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

Мишық ісгі///+

67. К есімді науқас, 55 жаста, дәрігерге қимыл- тірегі әлсірегеніне, қолы дірілдейтініне, жүріп- тұруы қиындағанына шағымданып дәрігерге қаралады. Объективтік тексеруде: қалыпты жағдайда қолдың треморы «тиін санау» типті, аяқтарының тонусы сәл күшейген «тісшелі дөңгелек» типті, денесін сәл алдыға жіберіп, жәй –жәй жүреді. Терең рефлекстер өзгермеген, патологиялық рефлекстері жоқ. Осындай жағдай қандай ауруға тән?

Паркинсон ауруы///+

68. Науқаста «қоян көз» симптомы, маңдай және зақымдалған жағында мұрын-ерін қатпарларының тегістелуі, ауызының дені сау жаққа қисаюы байқалады. Осы симптомдар қандай ауруды сипаттайды?

ми қан айналымының жедел бұзылысы///+

69. Шұғыл маниакальді ұстаманы тию және аффективті ұстаманың алдын алуда қолданылады:

нормотимиктер///+

70. Психиатриялық клиникаға 25 жастағы әйел босанудан 1 аптадан кейін түсті бала дені сау болып туылып босану асқынусыз өткен, әйел қозулы айқайлайды, киімдерін шешіп жүгіруге тырысады. Іштей баланың жылаған даусын естейді. Сұраққа жауап бермейді, ұзақ уақыт бір нүктеге қарап отырады. Болжам диагноз?


босунадан кейінгі психоз///+

71. Жабысқақ күйлер неврозында кездеседі:

обсессия///+

72. 43 жастағы ер адамда себепсіз түсіріңкі көңіл-күй, жабырқаулы сезімді сезінеді. Әлем сұр, түңіреңуі жабырқаулы қабылдайды. Моторикасы тежелген, ойлау қабілеті баяуланған, өзін-өзі кемсіту идеясы және суицидтік ойларды айтады. Бет әлпеті терең қайғыны және уайымды бейнелейді. Синдромды атаңыз:

депрессивті///+

73. 20 жастағы науқаста мұрын жарақатынан кейін мұрнынан қан кетті. Сіздің әрекетіңіз:

науқасты отырғызу, басын алдыға және төмен еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою///+

74.Балада жедел риниттің екінші сатысында мұрыннан бөлінетін сұйықтықтың сипаты қандай?

серозды бөлініс///+

75. Мұрын аралық перде деформациясы кезінде отаға көрсетілім болып табылады:

мұрын тыныс алуының бұзылысы///+

76. 33 жастағы науқас Б. Оң жақ көзде пленка түрінде ісіктің пайда болуына, көру өткірлігінің төмендеуіне , жиі қызаруына , бөгде дененің сезіміне шағымданады. Офтальмолог науқасты қарап тексеруден кейін птеригиумның үшінші сатысы диагнозын қойды. Аурудың осы сатысында қандай асқынуды болжауға болады:

онкологиялық ауру///+

77. Көру алаңының өзгеруі глаукоманың белісі болып саналады. Глаукомада перифериялық көру алаңы қай жағынан тарыла бастайды?

барлық жақтан бірдей///+

78. Жедел иридоциклит кезінде алғашқы көмек көрсету келесі ерітіндіні тамшылатудан тұрады:

атропин///+

79. Қабылдауға 34 жастағы еркек келді, түнгі клубта ди –джей, екі күн бойы дене температурасының 38*С дейін жоғарлауы, дизурия, зәр шығару кезінде қышу және ашу, уретрадан жағымсыз иісті ақшыл- сары бөліністің бөлінуіне шағымданады. Науқас ретсіз жыныстық қатынаста болады. Қарауда: жыныс мүшесі басының гиперемиясы мен ісінуі. Берілген клиникалық сурет қай ауруға тән?

жедел гонорея///+

80. Мерездің біріншілік белгісі:

қатты шанкр///+

81. Науқас 24 жаста, мейіргер, ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бөртпелерге шағымымен келді. Бұл препатпен қатынасты тоқтатқаннан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста таралған гиперемия және ісіну, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамды диагноз қойыңыз:

аллергиялық дерматит///+

82.Науқаста төмендегілердің қайсысы анықталса, сіз бронх демікпесінің ұстамасы туралы ойлайсыз:

дем шығарудың қиындауымен тұншығу, қашықтан естілетін сырыл ///+



83. Фельдшерлік- акушерлік пунктте көрсетілген медициналық көмек түрі:

алғашқы медициналық-санитарлық көмек///+

84.Гипертониялық кризбен науқас неге шағымданады?

бастың қатты ауруы, құлақтағы шуыл, көз алдында «шіркейлер»///+

85. Жіті бүйрекүсті жетіспеушілігінің госпиталь алды кезеңінде жедел жәрдем көрсету енгізуді құрайды:

глюкокортикоидты препараттарды///+

86. Анамнезінде 1-типті қантты диабеті бар 22 жастағы науқасты қабылдау бөлімшесіне алып келді. Диабеттік кетоацидоздың дамуына тыныс алудың қандай түрі сәйкес келеді?

терең, сирек шулы тыны///+

87.Клиникалық өлімнен шығару кезінде негізгі іс-шараға не жатады?

ӨӨЖ мен жүрекке жабық массажды бір мезедте жасау///+

88.Науқас 46 жаста,аяқатырында веналардың варикозды кеңеюі бар, кенеттен кеудесінде ауырсыну, ентікпе, денесінің жоғарғы бөлігінің цианозы байқалған. Анағұрлым ықтимал болжады диагнозды атаңыз:

өкпе артериясының трэмбоэмболиясы///+

89. 17 жастағы жасөспірім реанимация бөлімшесіне түсті. Есі шатысқан, артериялық қысымы 70/40 мм.с.б., шеткері артерияларда пульс анықталмайды, тынысы жиі. Осы жағдай өлімнің қай сатысына сәйкес келеді?

преагония///+

90. Клиникаға 26 жастағы пациент жол апатынан кейін 30 минуттан соң жеткізілді. Ішінің барлық бөлігінің ауруына , әлсіздікке шағымданды. Объективті: терісі бозарған, пульс минутына 110 рет, ырғақты, әлсіз. Артериальды қан қысымы 90/60мм.с.б.б. Ішінің барлық аймағы аздап кернеген, сол жақ қабырға астында ауырсынады. «Шалпыл шуылы». «ваньки-встаньки» симптомдары анықталады. Болжамалы диагноз:

көк бауырдың жарылуы///+

91. Кардиогенді шокпен асқынған жіті коронарлы синдром кезіндегі тиімді препарат болып табылады

допамин///+

92. Сіз науқаста асқаннан қан кетіп жатыр деп күдіктенесіз, егер:

науқаста «қарамай тәрізді нәжіс» және «кофе тұнбасы» тәрізді құсық болса///+

93. Науқаста төмендегілердің қайсысы анықталса, сіз бронх деміпесінің ұстамасы туралы ойлайсыз:

дем шығарудың қиындауымен тұншығу, қашықтықтан естілетін сырыл///+

94. Науқасқа көктамырға дәрі енгізу кезінде ентігу, АҚ төмендеуі, бас айналу пайда болды. Осы жағдайдағы мейірбикенің тактикасын анықтаңыз:

енгізуді тоқтату және дәрігерді шақырту///+

95. Қанды көрген пациент әйел ес-түссіз құлап қалды. Осы жағдайдағы жөтел көмекті атаңыз:

мүсәтір спиртін иіскету///+

96. Мүмкіндігі шектеулі балалардың реаблитациясының жеке бағдарламасы кіммен құрастырылады:


психо- медициналық –педагогикалық кеңес «ПМПК»///+

97. Әлеуметтік дезадаптация түсінігіне не кіреді?

индивидтің әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуін бұзылуы///+

98.Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы «ХОБЛ» пайда болуы үшін қандай факторлары маңызды болып саналады?

темекі шегу///+