Файл: Жобалау пайда болан алашы кезедерде жобаны ылыминегізделіп, дл есептелген трде жасалатын жне негізінен технологиялы ызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нрсені нобайы деп тсіндірілген болатын.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 52

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын. Кейін өзінің кең таралуына байланысты жобалау универсалдық сипат алды. Мысалы, экстенсивтік тұрғыдан қарастырсақ, жоба жасау және оны ендіру барлық салаларды - өнеркәсіп пен құрылысты, мәдениет пен саясатты, білім беруді қамтитынын көруге болады. Интенсивтік тұрғыдан қарастырсақ, жобалау объектісі мен тақырыбы, проблемасы мен әдістері, құрылымы бірдей болып келетін рефлексиялық құралдар арқылы (логикалық, семиотикалық, психотехникалық) ұйымдастырылатыны да байқалады. Осындай біртұтас, не бірегей тұрғыда түрлі салаларда қолдануға болатыны - жобалаудың әлеуметтік тиімділігінің көрсеткіштері болып табылады. Сонымен қатар, жобалаудың автономдығы басқа интеллектуалдық және әлеуметтік-мәдени әрекеттер түрлерінен, мысалы, ғылыми зерттеулер мен бағдарламалау, жобалау мен басқару, құрастыру мен т.б. қарым -қатынастардан өзгешелігін көрсетеді.

Бұдан бірнеше жылдар бұрын, қоғамның тұрақты дамуы кезеңінде қалыптасқан дәстүр бойынша, практикалық сала қызметкерлері, инженерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, технологтар мен басқа да маман иелері – ғылымнан, ғалымдар мен ғылыми –зерттеу орындарынан түсетін жаңа нұсқаулықтарды, ұсынбаларды сынақ – эксперименттен өткізетін, соған сәйкес құрылымдар мен технологиялар құрастырып, көпшілік тәжірибесіне ендіретін еді. Бүгінгі таңда, ақпараттар мен жаңалықтардың пайда болу жылдамдығы қалыптасқан жағдайда бұлай жұмыс жасау тиімсіз екенін белгілі болды. Осыдан келіп, адамдар тәжірибесінде жаңа табиғи даму жолдарын пайдалану – әлеуметтік, экономикалық, технологиялық, білім беру т.б. жүйелердің өзіндік инновациялық модельдерін құрастыру: авторлық модельдер, технологиялар мен әдістемелер, т.б. жасап, жобалар түрінде тәжірибеге ендіру кеңінен тарай бастады.

Зерттеушілер пікірінше, жобалау «сызба арқылы көрсету шеңберінен асып болашақ ситуацияны көзге көрсететін және адам баласын қоршаған жаңа жағдайларды өзгертудің негізін салады». Жаратылыстану ғылымы парадигмасы логикасындағы дәстүрлі жобалау техникалық, инженерлік, архитектуралық салаларда жоспарлау, модельдеу «болашақ бейнені» құрастыру мақсатында қолданылып келді. Жобалау институттары элитарлық түрде құрылып, оны жүзеге асыру олардан бөлек «технологтардың» міндеті болды. Жобалау мен технологиялық білімдердің біріктірілуі жүзеге асырылған елдерде (АҚШ, Жапония және т.б.) постиндустриалдық қоғамға қарышты қадамдар жасалғаны белгілі. Басқарудағы бұндай өзгерістер мен жаңғыртулар жобалау әрекетімен байланыстырылып, әуелі оның сұлбасын, немесе идеалдық бейнесін белгілеп алу, оған жетуге қажетті әлеуметтік - техникалық әрекеттер құрылымын жасаудың маңызын атап көрсетіледі.


3.Жобалау мен ғылыми зерттеудің өзара байланыстылығы

Жобалау әрекетінің ықпалымен ғылыми зерттеулердің ғылыми-техникалық әрекеттердің басты түрі ретінде қарастырылуы азая бастады, сондай- ақ, жоспарлау түрі де жобалауға сәйкес өзгеріске түсті. Ақпараттық технологияның дамуына сай компьютерлік бағдарламалау мен басқару тетіктері, оның құралдары өзгерді, осыдан келіп, жобалау түсінігі үнемі өзгеріп отыратыны белгілі болды. Солай бола тұрса да, жобалау мен зерттеуді біріктіретін нәрсе – олар үшін шынайы объектілердің ортақ болуы, ал объект өзін нысан ретінде алып отырған жағдайға сай ғылыми танымдық немесе жобалау қатынасы болған кезде ғана шынайы объект бола алады.

Жобалаудың жаңа сипаты оның жүйелі зерттеу әрекетімен тығыз байланыстылығында, яғни жобалау мен зерттеудің біріктірілуі бүгінгі өркениет тудырып отырған құбылыс. Өндірістің жүйелі құрылымына зерттеушілік, құрастырушылық және ұйымдастыру, басқару әрекеттерінің енуі өндіріс барысында өнім өндіру мен қатар оны ойлап шығару, өзгертіп отыру және қайта құру технологияларының қатар жүретінін көрсетеді. Бұл жағдайда әрекетті ұйымдастырудың біртұтас түрі қалыптасуына қызығушылық пайда болады, өйткені ол тұтастық жаңа технологиялар мен жаңа әрекеттердің пайда болуы, дамытылуы және құрастырылуы қызметтерін қамтиды. Оны әрекеттің біртұтас түрі ретінде қарастыра отырып, оның дәстүрлі түсініктегі бөлісу мен тұтыну үрдістерінен де жоғары деңгейде екенін көре аламыз.

Даму барысында жобалау қызметі басқа әрекеттер түрлерімен байланысу негізінде қайта құруға, өзгерістерге ұшырап отырды, оны ғылымда жобалаудың эволюциясы ретінде:

– құрастыру әрекетінен – дәстүрлі классикалық жобалауға,

– классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді.

Классикалық жобалауға жататын архитектурадағы, техникалық ғылымдардағы дәстүрлі жобалардан басқа, жоба түрінде болғанымен мазмұны мүлдем басқаша қазіргі заманғы квазижобалар қатарына әлеуметтік жобалау әрекеттерін жатқызуға болады.

Жобалау әрекетінің толық мәні О.И.Генисаретский еңбектерінде берілген, оның түсіндіруінде жобалау универсалдық ғылыми-техникалық қана емес, ол ең алдымен, әлеуметтік- мәдени әрекет түріне жатады. Әлеуметтік - мәдени механизм кез-келген мәдени маңызы бар әрекеттер мен одан туындайтын құндылықтарды шын мағынадағы технологиялық үрдістер мен құрылымдарға айналдыра алады. Егер ғылыми-техникалық прогресс мәдениеттің іргелі және қолданбалы құндылықтарының қарым-қатынасын үнемі өзгертіп отыратын қоғам дамуының бір жолы болса, жобалау әрекетін оны жүзеге асыратын әлеуметтік құрал, әлеуметтік институт деуге болады.



Өткен ғасырдың 60-жылдарында күрделі жүйелерді тиімді басқару арқылы дамытудың жаңа әдіснамалық бағдарламасы қалыптасты және негізіне жобалау қызметі алынып, аталған бағдарламалардың төмендегі алғышарттары ұсынылды:

− кез келген әрекет экономикалық тұрғыдан қарастырылады: нәтиже белгіленеді, қызметтің тиімділігі, оны орындауға кеткен шығын мен тиімділігі тұрғысынан қарастырылады;

− кез келген әрекет басқарылады, бұл жағдайда: әрекеттің өзі де басқару объектісі ретінде және басқаратын органдарда бірдей қарастырылады;

− жобалаудың барлық әрекеттері жүйелік тұрғыдан жүргізіледі. Оның мәні проблемаға, міндетке, миссияға және қызметке бағытталады. Бұл жерде ең әуелі жаңғыртудың идеясы белгіленеді, одан соң жаңаны құрудың кезеңдері анықталады, жоспарланады;

− жүйе ретінде басқарудың объекті де, үрдісі де қарастырылады. Бұл басқару механизмі емес, мақсат қоюдың, оған жетудің әдістері мен құралдарын белгілеу, оған қажетті ресурстарды анықтау және құрастыруды көздейтін интеллектуалдық саласы (Афанасьев).

Жоспарлаудың жаңа бағыты сол кездегі қоғамда ғылыми – техникалық прогрестің қарқынды дамуын, өнеркәсіптердің еңбек өнімділігін арттыруды, жаңа техникалар мен технологияларды жасақтауды және тәжірибеге ендіруді, әлеуметтік міндеттерді орындауда пайдалануды, жаңа технологиялармен жұмыс істеуге мамандарды даярлау және олардың кәсібилігін дамытуды, т.б. шаруашылықтың көптеген түрлі салаларын қамтитын, кешенді мақсаттарын орындауды көздеген болатын. Сонымен қатар, бұл өндіріс, ғылым мен білім беру салаларының нәтижелі қызмет ету мен олардың өзара қарым – қатынасының тиімді ұйымдастырылуын, қызметкерлердің жаңа ғылым жетістіктерін игеру негізінде сапалы еңбек нәтижесін аз мерзімде, аздаған шығынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған міндеттер күрделі жүйелер ретіндегі көптеген түрлі салаларды қамтитын өте кең ауқымды болғандықтан оны жүйелі және кешенді жүргізу қажеттігі туындайды.

Әлеуметтік жүйелердегі жобалау оның құрамындағы компоненттердің өзіндік ерекшелік сипаттарын, олардың өзара (заттық, ақпараттық, энергетикалық, т.б.) және жүйенің сыртқы байланыстарын (әлеуметтік орта, табиғи орта), жүйе компоненттері мен тұтас жүйенің даму тенденцияларын жүйелік және кешендік тұрғыдан жүзеге асырылады.

Бұл жүйелердің басқа техникалық, жаратылыстанудағы жүйелерден ерекшелігін оның адам мен қоғамның дамуына байланыстылығы құрайды. Әлеуметтік жүйелердің басты компоненті болып табылатын адамдардың іс- әрекеттері жүйенің өзгерістерімен, сыртқы ортаның талабымен ғана анықталмайды, олар негізінен, адамның өзіндік мүмкіндіктеріне, түрлі жағдайларына сай шешім қабылдай білуіне қатысты анықталады. Сондықтан, әлеуметтік жүйелердің моделі жүйенің объективтік заңдылықтарын жүйенің және оның компоненттерінің мақсаттарымен интеграциялауды қажет етеді. Тәжірибеде осы интеграцияны қамтамасыз ету, үйлестіру оны басқарудың басты мақсаты болып табылады. Нақтылай айтқанда, әлеуметтік жүйелерді дамыту қызметі сол жүйеге тән объективтік заңдылықтарға сай жүйенің мақсатын ондағы адам компоненттерінің мақсатымен үйлестіру жолдарын анықтайды. Сөйтіп, әлеуметтік жүйелерді дамыту ондағы адамдар үшін маңызды өзгерістерді ендіру негізінде жүзеге асырылады.


Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік жүйелерді басқаруда ондағы адамдардың өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыру, түрлі қабілеттерін дамыту және пайдалану мақсатында белгілі бір ұйымның қызметін қамтамасыз етуге, оны жетілдіруге және қайта құруға бағытталған кешенді, көпқырлы қызметтің арнайы ұйымдастырылуы қажет болады. Әлеуметтік жүйе құрамындағы қызметтік және адами компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін өзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа сәйкес нәтижелерін қамтамасыз етудің тиімді механизмі – жобалау болып табылады.

4. В.М.Розиннің айтуынша жобалау қызметі

В.М.Розиннің айтуынша, жобалау қызметі әрбір кіші жүйенің құрылымы мен деңгейлеріндегі дербес мақсат пен міндеттерін нақтылауды және оның орындалуын ресурстық қамтамасыз етуді көздейді, сонымен қатар, кіші жүйелердегі мақсат – міндеттердің реттелген жиынтығы үлкен жүйенің мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жүйелерді жобалау шын мәнінде әдіснамалық– теориялық контекст ретінде қолданыла алады, өйткені, оның шығу көзі әдіснамадан, нақтылап айтқанда жүйелі ой–әрекеттері әдіснамасында пайда болған болатын.

Жобалауды бүгінгі оның идеологтары «технологиялық универсум» - лат. universum.summa rerum- деп бағалайды, ал жобалауды жүзеге асыру кезеңі адамның қайта құру әрекеттері деп бағаланады. Осы тұрғыдан алғанда кез келген жобалау қызметі әлеуметтік жаңғыртуды жобалау болып табылады».

Жобалаудың негізіне трансцендентік (transcendens - лат. мүмкіндіктің шегінен өту) міндет жатады, сөйтіп кез келген жоба трансцендентік, өйткен ол осы шақтан болашақты жоспарлайды. Жобалаудың мәні оның келесі қайшылықтарды (антиномияларды) шешуге бағытталғандығында:

− әлеуметтік жүйедегі мүмкіндіктер мен қабілеттіліктердің арасындағы;

− идеалдық құрылым мен (идея) шектелген түрдегі құрылымның (нормаланған) арасындағы;

− әлеуметтік жүйенің потенциалдық мүмкіндіктері мен құндылықтардың мақсаттарға ауысуының және мақсаттың құралдарға ауысуының арасындағы.

Осыдан келіп әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалаудың адам қызметін жүзеге асыру және әр адамның өз идеясын ұсыну және орындаудың негізгі құндылық екендігін мойындайтын жаңа сананы бекітеді. Жобалаушының қоршаған ортаға қатынасы төрт мазмұндағы кеңістікке шығуы деуге болады. Олар: ситуативтік, әлеуметтік, мәдени және экзистенциалдық. Осы тәрізді трансценденттік кеңістікке шығу жобалаушыға жобаның тұтас үрдістігін және болашаққа бағытталғандық сипатын сақтауға мүмкіндік береді.


5. Г.Маркузенің «трансцендентік жобалау» тұжырымдамасы

Г.Маркузенің «трансцендентік жобалау» тұжырымдамасы мен оның өлшемдері біздің ойымызша кез келген жүйедегі жобалау әрекетіне көшіруге мүмкіндік береді. Олар:

− трансцендентік жобалау берілген материалдық және интеллектуалдық мәдениет деңгейінде пайда болатын мүмкіндіктерге сәйкес болуы тиіс;

− трансцендентік жобалау өзінің тұтастығын сақтау үшін жоғары тиімділікке құрылуы тиіс:

− жетістіктерді сақтау мен оларды жақсартып отыру әдістерін ұсынады;

− құрылымның өзіндегі тұтастықты және ондағы негізгі бағыттар мен қатынастарды анықтайды;

− оны жүзеге асыру адамның қажеттіктері мен мүмкіндіктерін белгілі бір әлеуметтік институттар арқылы қамтамасыз етіп отырады.

6. Әлеуметтік жобалау мен әлеуметтік жаңашылдық

Леуметтік жобалау – бұл үрдіс әлеуметтік әрекетті құрастыру жүйесі, әлеуметтік мәселелерді проблемаларды жеңуге, әлеуметтік жағдайды позитивті өзгертуге бағытталған.

«Әлеуметтік жоба – қоғамға әкелетін пайдасы мен жоба қатысушыларының өздерінің еңбектерінің нәтижесін көретін адамдардың нақты категориясының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған, нақты жоспарланған әрекеттер бағдарламасы».

Бұл – әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу, оның негіздемесі және нәтижелерін бағалау бойынша ұйым (бірлестік) қызметін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар кешені.

Әлеуметтік жобалауға – ол әлеуметтік объектілер, әлеуметтік сапалар, әлеуметтік үрдістер және қатынастар жобалауға кіреді.

Әлеуметтік жобаның – қоғамға әкелетін пайдасы мен Яницкидің т.б. еңбектерінде қарастырылған. Әлеуметтік жобалау негіздеріне саралау, талдау Н.А. Аитова, Г.А. Антонюк, Н.И. Лапина, А.И Пригожина, Ж.Т. Тощенко, Н.Г. Харитонова, Т.М. Дридзе, Ю.А. Крючкова, О.Н. Яницкийдің еңбектерінде жасалған.

Әлеуметтік жобалау – бар әлеуметтік мәселелерді өткеруге, оң өзгерістерге, әлеуметтік жағдайды дамытуға бағытталған әлеуметтік әрекеттер жүйесін құрылымдаудың шығармашылық процесі.

Сонымен, әлеуметтік жобалау – бұл ғылыми түрлі ақпаратты игерудің тиімді құралы, инновациялық әрекет жасаудың жаңа тәсілі, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселерді шешудің әдісі.

Инновация «жаңалықты еңгізу» дегенді білдіреді. 50- жылдардың соңына қарай Германияда, АҚШ- та және т.б. елдерде педагогикалық жаңашылдықты жалпылау және зерттеу орталықтары құрыла бастады, білім беру саласындағы жаңашылдыққа арналған басылымдар шыға бастады.