Файл: Есептікграфикалы жмыс Таырыбы ала кшелері мен жолдарды жобалау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 78

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


мұндағы: Р - қалыпты жылдамдық пен қозғалыс тағайындалғаннан кейінгі қиылыстар арасындағы бөліктің өткізгіштік қабілеті, авт/сағ;

α - көшенің еткізгіштік қабілетінің төмендету коэффициенті;



мұндағы: L - қиылыстар арақашықтығы, м;

ν - қозғалыс жылдамдығы, м/с;

∆ - автомобильдің жабық бағдаршам алдында немесе қиып өтетін автомобильдер легін күтіп тұру уақытының ұзақтығы:

∆=tқ+2tс = 30+2*6=42 сек

а - орнынан жылжу кезіндегі орташа үдеу, м/с (а=1м/сек);

в-автомобильді тоқтату кезіндегі орташа бәсендеу, м/сек (в=1 /сек);

tқ - бағдаршамның қызыл белгісінің үзақтығы, сек;

tс- бағдаршамның сары белгісінің ұзақтығы, сек.

=0,28
Рө =0,28 * 863,3=241,7 авт/саг

=0,27
Рө =0,27 * 923,1=249,2 авт/саг

Жолақ санының мәнін анықтаймыз:

n=923,1/249,2 = 3,70 4

Көше енін анықтау, қозғалыс жолағының бір енін - 3,50; көше енін 3,50*4=14м. Сонда жалпы жүріс бөлігінің ені В= 2*14=28 м
Тротуар енін анықтау

Тротуардың бір жолағының өткізгіштік қабілеті: қызыл сызық жанында орналасқан тротуарлар үшін 700-1000 адам/сағ; дүкені бар жерлерде 700 адам/сағ; қызыл сызықтан алысырақ орналасқан тротуарлар үшін 800 адам/сағ; жасыл алқапта орналасқан тротуарлар үшін 1000 адам/сағ құрайды. Тротуар енін көше категориясына, құрылыстар сипатына және жаяулар қозғалысының жиілігіне байланысты қабылдайды. Бір жаяулар жолағының енін 0.75-0.9 м аралығында қабылдайды.

Қозғалыс жолағының саны мына формуламен анықталады:

n=Nжаяу/Ржаяу

мұндағы: Nжаяу - жаяулар қозғалысының жиілігі, адам/сағ;

Ржаяу- тротуардың бір жолағының еткізгіштік қабілеті, адам/сағ.

Тротуар дүкен бойында орнасқан, демек оның өткізгіштігі 700-ге тең. Бір жолақ енін b=0,75м деп қабылдаймыз.

Сонда жолақ саны

n=4000/700=6,7 яғни 7 жолақ қабылдаймыз.

Сонда тротуар ені мынаған тең:

B=n*b=7*0.75=5,25м
2.2.Көше жол қиылысын жобалау
Көше жол қиылысын жобалауға көп көңіл бөледі. Әсіресе, жаяу жүргіш адамның екі көше қиылысына шығуы және оның қиылысындағы жасыл-желектер арқылы тротуар ауданы кеңиеді. Сонымен қатар көру бұрышына үлкен көңіл бөледі.

Көру үшбұрышының әр катетінің ұзындығы мына теңдеумен анықталады:




мұндағы: t - автомобиль жүргізушісінің тоқтату қажеттігін сезіну уақыты. Оның мәні жүргізушінің жасына, тәжірибесіне байланысты, 0.5-1.5- сек аралығында болады;

ν -автомобиль қозғалысының жылдамдығы, м/сек;

g -еркін түсу үдеуі, 9.8 м/с2;

γ -дөңгелек пен жол жабынының ілінісу коэффициенті;

L -тоқтаған автомобильдердің қауіпсіз арақашықтығы, 3-5 м деп қабылдаймыз.

 - дөңгелек пен жол арасындағы байланыс коэффициенті.

  0,2  0,7 – жол жағдайына байланысты.

L=0,7*23,3+ /2*9,8*0,4=85,5 м



Көшенің бойлық және көлденең қималарын тұрғызу

3.1.Көшенің бойлық қимасы
Бойлық қима көшенің биіктік дәрежесін көрсетеді. Ол жобалау сызығы және оның еңкіштігі арқылы сипатталады.Бойлық қиманы жобалауға қажетті алғашқы материал ретінде қаланың немесе районның схемасы мен көше қиылыстарының биіктік белгілері қабылданады.

Трассаны жолдың категориясына байланысты 20-50м қашықтықта орналасқан пикеттерге бөледі. Бойлық қима негізінен жолдың ортасын бейнелейді. Кең көшелерде бойлық қима көше ортасымен және жүріс бөлігіндегі су арнасымен жүргізіледі.

Жоба сызығын жүргізу үшін жер жұмыстарының тепе-теңдігін, ыңғайлылығын (түйіскен түзулер еңкіштіктерінің айырмашылығы 5-15 аралығында болу қажет.) қамтамасыз етуі қажет.

Вертикаль қисықтар:



а- дөңес қисық ; б- ойыс қисық; R- қисық радиусы

Вертикаль қисық элементтері үш түрлі әдіспен анықталады; аналитикалық. графоаналитикалық және тангенс әдісімен. Төменде тангенс әдісімен есептеу жолдары көрсетілген

Мұндағы, К - қисық ұзындығы, м; Т - қисық тангенсі, м; Б - қисық биссектрисасы, м; у - қисықтағы аралық нүкте ординатасы, м; і\ и i2 -бойлық еңкіштіктер.

Вертикаль қисық элементтері:


Көшенің еңкіштігі категориясына байланысты қабылданады. Олардың шамасы 8 кестедеде ҚНжЕ көрсетілген ең жоғарғы мәндерден аспауы керек. Мысалы: магистральды жалпы қалалық мәні бар көшелерде - 50 , ал райондық мәні бар көшелердің еңкіштігі - 60

аспауы керек. Ал еңкіштіктің ең төменгі мәні көше жабыны түріне байланысты қабылданады, мысалы

  • асфальтті бетонды және цементті бетонды жолдарда і 2-4.

  • басқа жабынды жолдарда і 2-5.

Еңкіштік бұл мәндерден төмен болған жағдайда су арналарын «ара» түрінде жобалайды. Ең төменгі жеріне су қабылдағыш құдықтар жобаланады. Олардың өзара арақашықтығы төменде келтірілген формулаларға сәйкес анықталады:

a) көше тегіс болған жағдайда, 1 = 0

б) көше еңкіш болғанда, 1 >0 :

Жер бетінің биіктік белгілерін анықтау

Мұны төмендегі схемаға сәйкес анықтаймыз.



Пикеттердің биіктік белгілері мына формуламен анықталады:

Нп=Нқ+х

Мұндағы, Нқ – қарастырылып отырған пикеттердің биіктік белгісі

Х – биіктік айырмашылығы

Мысалы пикет 0- ді қарастырайық:

L= 40 мм, а = 0мм, һ = 2,5м,

Сонда х=2,5*19/26=1,82 , осы әдіспен қалған пикеттерді анықтаймыз. Нәтижесі 3.1 кестеден көруге болады.

кесте 3.1 – Жер бетінің қара белгісін анықтау

Пикет

l,м

а,м

в,м

h,м

±х,м

Hқ,м

Hп,м

0

26

19

7

2,5

1,82

172.5

174.32

5

27

24

3

2,5

2,22

172.5

174.72


10

29

3




2,5

0,25

170

170,25

15

24

8




2,5

0,83

170

170,83


20

25

15




2,5

0,30

170

170,30

25

25

18




2,5

1.80

170

171,80

26

25

20




2,5

2,00

170

172,00




3.2. Көшенің көлденең қимасы

Көлденең қима қызыл сызық, яғни көше шектеуінің ішіндегі көше мен жолдың көлденең қимасы болып табылады. Көлденең қимада көше немесе жолдың жекелеген элементтерінің формалары және олардың биіктік жағдайы анықталады.

Көлденең қималар көше немесе жол элементтерін жер бетінде бөлу және құрылыстық жобалық белгілерді анықтау үшін қажет. Одан басқа көлденең қималар топырақ массасының жалпы тепе-теңдігін анықтауға көмектеседі. Көлденең қималарда жер асты торларының орналасуы көрсетіледі.

Көлденең қималар көше немесе жолдың бойлық қимасының әрбір пикетінде жобаланады.

Көшелер мен жолдардың көлденең қималарында жер үсті суларының ағуын қамтамасыз ету үшін барлық элементтерге жүріс бөлігі арықшаларына бағытталған көлденең еңкіштік беріледі. Жүріс бөлігінің көлденең еңкіштігін кесте 9 /3/ бойынша кешелер мен жолдардың бойлық еңкіштіктері және жол жабынының типіне байланысты қабылдайды.

3.3 Су ағызу жүйелерін жобалау
Суқабылдағыш құдық тереңдегі жердің тоңу деңгейінен 0,5 м саяз, бірақ 0,8 м тереңдіктен аз болма­уы керек. Су қабылдағыш құдықтар аралығы су арнасының еңкіштігіне байланысты 4.2-кестеге сәйкес қа­былданады.

Құбыр диаметрі d ≥ 0,3 м, еңкішті­гі 20–30‰, ал ең төменгі еңкіштігі 5‰ болуы тиіс. Тармақ ұзындығы 40 м аспау керек.

Су қабылдағыштар төмендегі схемаға сәйкес жобаланады.


Жүріс бөлігі арнасының элементтері :

l-су бөлгіш пен су қабылдағыш аралығы; L - су қабылдағыштар аралығы; h- су бөлгішке дейінгі қашықтық; h1 - арна табанындағы су қабылдағышқа дейінгі қашықтық; 1-арнаның бойлық еңкіштігі; 10- арна тасының үстінгі бөлігінің бойлық еңкіштігі; х и у-еңкішті арнадағы су бөлгіштен су қабылдағышқа дейінгі аралық



Көшенің жобалау сызықтарының айырмашылығы көше категориясына байланысты 5-15асқан жағдайда вертикальды қисықтар жобаланады: үлкен жылдамдықты жолдарда 5 , жалпы қалалық көшелерде 7, аудандық мәні бар көшелерде 10, жергілікті көшелерде 15асқанда.

Көше бойындағы су қабылдағыш құдықтардың арақашықтықтары кешенің бойлық еңкіштігіне байланысты қабылданады.


Суды ағызып алып кететін қүбыр-коллекторлардың диаметрлері жер үсті суларының есептік шығынына байланысты. Жауын суларының есептік шығынын анықтау және су ағымдарының гидравликалық есептеулері СНиП 2.04.03-85 "Наружная канализация. Наружные сети и сооружения"[5] нормативтері негізінде жүргізіледі. Менің жобам бойынша су қабылдағыштардың арақашықтығы - 50 м.

4.Вертикаль жобалау

Вертикальды жобалау қала территориясын құрылысқа дайындаудың инженерлік бір бөлігі болып табылады. Ол арқылы қала территориясындағы жер беті суларының ағуын қамтамасыз етеді. Вертикаль жобалаудың схемасындағы немесе жобасындағы көшелер қиылысының жобаның белгілері жобалаудың бастапқы нүктелері болып табылады.

Қазіргі уақытта қала көшелері мен жолдарының жобалары қималар әдісімен басталып, қызыл горизонтальдар әдісімен аяқталады. Вертикальды жобалау бүкіл көшеге, яғни қызыл сызық аралығына қарастырылады. Жобалау горизонтальдары аралығы 0,10–0,20 м, кейбір жағдайларда 0,5 м қабылданады.

Қала аумағының көшелері мен алаңдарының вертикаль жоспарын әртүрлі тәсілдермен жобалауға болады. Неғұрлым қолайлы және көрнекті тәсіл болып саналатыны – жобалық горизонтальдар тәсілі. Есептеу графикалық жұмысты орындағанда осы тәсіл қолданылады.


Сурет-9. Горизонталь жобалық әдіспен кешені вертикаль жоспарлау.

Бойлық еңкіштігі және көлденең қимасы бірқалыпты учаскелерде горизонтальдардың біреуін анықтап, қалғанын соған параллель жүргізеді.
Жүріс бөлігіндегі жобалық горизонтальдар қашықтығы:



Мұндағы Δh- горизонтальдар қадамы

iпр – жобалық бойлық еңкіштік

Участік 1- пикет (1-5), яғни трассаның ұзындығы 100 м, і= 5,2



Участік 2- пикет (5-20), яғни трассаның ұзындығы 400 м, і= 5



Участік 3- пикет (20-26), яғни трассаның ұзындығы 60 м, і= 5

Сонда,



Жүріс бөлігіндегі горизонталь ауытқуы:



Мұндағы fпр.ч жүрісбөлігінің дөңестік мәні,

- жүріс бөлігінің ені;