Файл: Науасты агрессивті тртібіні себебі болатын ситуациялы ауіп факторын тадаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 106

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. Науқастың агрессивті тәртібінің себебі болатын ситуациялық қауіп факторын таңдаңыз:

  1. Амбулаторлық жағдайда ұзақ уақыт кезекте тұру

  2. Анамнезінде психоактивті және ішімдік заттарды пайдалану

  3. Мидың тамырларының зақымдануынан, әсіресе субдуральды гематомадан болған ми жарақаты

  4. Интоксикация/рұқсат берілмеген наркотик не алкогольден бас тарту

  5. Тағайындалған дәрілердің артық мөлшері, мысалы, антихолинергиялық заттар

  1. Науқастың агрессивті тәртібінің себебі болатын медициналық қауіп факторын таңдаңыз:

  1. Амбулаторлық жағдайда ұзақ уақыт кезекте тұру

  2. Осы жағдайға дейінгі қауіпті импульсивті әрекеттер

  3. Осы жағдайға дейін басқа адамдарға зиян тигізу ниеті

  4. Менингит/энцефалит, субдуралды гематома

  5. Шудың жоғары деңгейі


  1. Медициналық мекемелерде психиатр емес дәрігер мен мейірбикелердің делирийді бағалау шкаласы?

  1. FIM шкаласы әдісімен функционалды тәуелсіздікті анықтау

  2. Сананың бұзылысын анықтау әдісі (CAM)

  3. Апгар шкаласы әдісімен бағалау

  4. Глазго шкаласы әдісімен команы бағалау әдісі

  5. Бартелл шкаласы әдісімен науқастың белсенділігін анықтау


  1. Көздеген мақсатына жету үшін агрессивті науқастың саналы түрде тәртібін өзгертіп пайдалануы қалай аталады?

  1. күйзеліс

  2. манипуляция

  3. күйіну

  4. әдет

  5. мінез

  1. Агрессивті науқаспен жұмыс жасағанда дәрігер не істемеуі керек:



  1. Назар аударып тыңдау, келісу

  2. Вербальды контакт орнату

  3. Жеке өмірін құрметтеу

  4. Агрессивті науқаспен салғыласу Заң және жеке шекараны орнату


  1. Қандай жағдайда агрессивті науқаспен жұмыс істегенде медициналық персонал өзін-өзі қорғау әдістерін қолданбауы керек?

  1. Егер агрессивті науқас дәрігерді тістеп жатса

  2. Егер агресситві науқас киім мен шаштан жұлып жатса

  3. Егер агрессивті науқас дәрігерді арт жағынан тұншықтырса

  4. Егер агресситві науқас алдынан тұншықтырып жатса

  5. Егер науқаста қару-жарақ болса


  1. Егер агрессивті науқасқа фармакологиялық дәрі тағайындау қажет болса, дәрігердің әрекеті қандай болмақ?

  1. Дұрыс диагноз қою қажет

  2. Науқасты алдымен фиксация (байлау) жасау керек

  3. Науқасты оқшаулау қажет

  4. Алдымен полицияны шақыру керек

  5. Науқасты психиатриялық ауруханаға апару керек



  1. Агрессивті науқасты медикаментозды емдеудегі негізгі мақсат қандай?

  1. Науқасты тыныштандыру, оның жағдайын бағалау

  2. Жасанды кома жағдайына енгізу немесе медикаментозды ұйқыға жіберу

  3. Сана бұзылысының деңгейін бағалау (CAM)

  4. Науқастың сезімі мен ниетін анықтау

  5. Назар қойып тыңдау, вербальды контакт орнату


  1. Агрессивті науқасты емдеуге дәріні таңдау неге байланысты болады?

  1. Агрессияның дәрежесіне байланысты

  2. Агрессияның негізгі себебіне байланысты

  3. Агрессияның ситуациялық факторына байланысты

  4. Қоршаған ортаның факторларына байланысты

  5. Алдында жасаған әрекеттерінің ауырлығына байланысты


  1. Агрессивті науқастың психикалық жағдайын бағалау не үшін қажет?

  1. делирий дәрежесін анықтау үшін

  2. сопорды анықтау үшін

  3. кома дәрежесін анықтауға

  4. деменцияны анықтау үшін

  5. ақыл-ой кемшілігін анықтау үшін

  1. Агрессивті науқастармен жұмыс жасағанда «Деэскалация» термині нені білдіреді?

  1. Қол-аяқты фиксациялау, оқшаулау, тез транквилизация

  2. Жанжалдың күшеюіне бағытталған әрекеттер

  3. Агрессивті тәртіпке алып келетін ситуациялық және жеке басының қауіп факторлары

  4. Агрессияны азайтуға арналған әдістер

  5. Дәрігердің провокациялық тәртібі, бақылау және физикалық шектеу

  1. Егер қабылдауда отырған аффект жағдайындағы науқас медициналық қызметкерлер үшін қауіп төндірсе, қандай әрекет қолданған дұрыс болады?

  1. қабылдаудан бас тартып, күзетшілерді шақыру

  2. науқасты басқа маманға жіберу

  3. антидепрессанттар тағайындау

  4. қосымша зерттеулер тағайындап, сауалнама толтыруын сұрау

  5. өз көзқарасын айта білу


  1. Дәрігермен қарым-қатынаста асоциалды тұлғалар қандай әрекетке бейім болады?

  1. жауапкершілікті өз мойнына ала білу

  2. шыншылдық пен шынайылық

  3. өтірік айту, манипуляция жасау

  4. мейірімділік

  5. адекватты тәртіп


  1. Дәрігер бейәлеуметтік науқастармен жұмыс жасағанда өзара сенім орнатып, терапиялық альянс құру үшін не қолдануы керек?

  1. өтірікке және науқастың берген уәдесінде тұрмауына мән бермеу

  2. науқаспен конфронтацияға түсу

  3. эмпатия, науқастың сұраныстарына назар аударуға тырысу

  4. медперсоналдың авторитарлы тәртіп стилін ұстануы

  5. медперсоналдың толеранттылығының төменгі дәрежесі



  1. Агрессивті науқасқа көрсетілетін шұғыл медициналық жәрдемнің негізгі мақсаты не?

  1. медициналық құжатты сауатты толтыру

  2. агрессия кезінде дұрыс клиникалық диагноз қою

  3. пульс, артериялық қысым мен тыныстың мониторингі

  4. тәртіптің авторитарлық стилін пайдалану

  5. науқастың агрессиясын жылдам, тиімді және қауіпсіз тоқтату


  1. Агрессивті науқастарды жүргізу тактикасы неге негізделген?

  1. қауіпсіздікті қамтамасыз ету және диагностикалық бағалау жүргізу

  2. науқасқа таңдау мүмкіндігін беру

  3. науқастың барлық талаптарына мән бермеу

  4. науқасты арнайы психиатриялық бөлімшеде бекітіп ұстап, оқшаулау

  5. науқастың барлық талаптарын мүлтіксіз орындау


  1. ЖИТС науқасқа дәрігердің моральдық қолдауы немен көрінеді?

  1. науқастың қамқоршысы болу

  2. мүгедектік пен жеңілдіктер рәсімдеу

  3. науқастың психоэмоционалдық жағдайын үнемі бақылау

  4. антидепрессанттарды тағайындау

  5. дәрігерлік құпия сақтау, эмпатия таныту


  1. Медициналық этика қандай құндылықтардың жиынтығынан құралған?

  1. Автономия, зиян келтірмеу, жақсылық жасау және әділдік

  2. Автономияға құрмет – науқастың емнен бас тартуға немесе емді өзі таңдауға құқы бар

  3. Қайырымдылық –дәрігер науқасқа анағұрлым пайдалы жағын қарастыру керек

  4. Арам ойдың болмауы – зиян тигізудің себебі болмау. Сондай ақ "пайдалы болу" – зияннан көрі көбірек пайда келтіру

  5. Әділдік – денсаулық сақтау ісінің шектеулі қорын пайдалану және кім қандай ем алатынын шешу

  1. Науқаста аппендицит анықталды, хирург мамандар ота жасаудың қажеттілігін шешті. Медициналық этиканың қандай принциптеріне сүйеніп ота жасалады?

  1. Арам ойдың болмауы (зиян келтірмеу)

  2. Қайырымдылық жасау, автономия, «зиян келтірмеу», әділеттікті қамтамасыз ету

  3. Автономия (науқасқа еркін таңдауды қамтамасыз ету)

  4. Әділеттілік

  5. Әдідікті қамтамасыз ету

  1. Дәрігер науқасқа тек медициналық зерттеудің нәтижелері туралы ақпарат береді. Дәрігер мен науқас арасындағы бұндай қарым-қатынас моделі қалай аталады?

  1. Патерналистік модель

  2. Келісімшарттық модель

  3. Инженерлік/ақпараттық модель

  4. Интерпретациялық модель

  5. Коллегиялдық модель


  1. Біріншілік медициналық көмек көрсететін дәрігер ұзақ уақыт бақылап жүрген науқаспен қандай қарым-қатынас моделін ұстанған дұрыс?


  1. Патерналистік модель

  2. Келісімшарттық модель

  3. Коллегиялдық модель

  4. Интерпретациялық модель

  5. Инженерлік/ақпараттық модель


  1. Науқастың автономиясын сақтау принципын қолданғанда дәрігерден не талап етіледі?

  1. Науқасты ынталандыру

  2. Ақпараттық келісім

  3. Қайырымдылық жасау

  4. Назар салып және белсенді тыңдауды демонстрациялау

  5. Сұхбатты дұрыс жабу


  1. Қандай жағдайда науқас рационалды, сыртқы әсерге тұрақты шешім қабылдай алады?

  1. Науқаста мидың созылмалы және үдемелі ауруы

  2. Науқастың ақыл есі сақталған, құзыретті

  3. Науқас құзыретті емес, науқаста деменция

  4. Науқастың жадысы жоқ, саңдырақтау, клиникалық депрессия

  5. Науқаста рационалды ойлау қабілетінің төмендеуі


  1. Психикалық қабілетсіздік немесе психикалық бұзылыстармен сырқаттанған науқастарда қандай медициналық тактика принципі бұзылады?

  1. Автономия

  2. Қайырымдылық жасау

  3. Арам ойдың болмауы– зиян келтірудің себебі болмау

  4. "Пайдалы болу" – зияннан көрі көбірек пайда келтіру

  5. «Зиян келтірме»


  1. Медициналық этиканың «Зиян келтірме» принципіне не қайшы келеді?

  1. Эвтаназия

  2. Суррогатты ана болу

  3. Экстракорпоралды ұрықтандыру

  4. Мүшелердің трансплантациясы

  5. Өмір сүруге маңызды қызметтерді жасанды қолдап тұру


  1. Құқықтық медицинада конфиденциалдық ережесі қандай?

  1. дәрігерлердің науқастың жеке өміріне қол сұғуына жол бермейді

  2. науқасқа зиян келтірмеу, қайырымдылық жасау

  3. науқастан ақпараттандырылған келісім алу

  4. дәрігерге пациентпен әңгімесін жариялауға мүмкіндік бермейді

  5. әділеттілік және адалдық принципін ұстану

  1. Дәрігер мен науқас арасындағы қандай модельде ауруды диагностикалау мен емдеуге қатысты шешім қабылдауда екі тараптың тең құқықтарын тануға және бірлесіп шешім қабылдауға негізделген?

  1. деонтологиялық модель

  2. патерналистік модель

  3. инженерлік (техникалық) модель

  4. әріптестік (коллегиалдық) модель

  5. Парацельс моделі

  1. Дәрігер науқасқа қызмет көрсету барысында бұзылып қалған биологиялық жүйе деп қарайды және оның қызметін қалпына келтіру үшін жөндеу керек, науқас бар жоғы механизм сияқты организм. Дәрігердің науқасқа осындай қарым-қатынас моделі қалай аталады?


  1. патерналистік модель

  2. келісімшарттық модель

  3. деонтологиялық модель

  4. әріптестік (коллегиалдық) модель

  5. инженерлік (техникалық) модель

  1. Дәрігер қамқоршы рөлін атқарады, науқастың мүдделерін өзінен жоғары қояды. Дәрігер науқасқа таңдаған емін табанды түрде ұсынады. Егер науқас келіспесе, онда соңғы сөз дәрігерде болады. Осы модельдегі пациенттің дербестігі минималды. Бұл қарым-қатынас моделі қалай аталады?

  1. әріптестік модель

  2. келісімшарттық модель

  3. инженерлік модель

  4. интерпретациялық модель

  5. патерналистік модель


  1. Төменде берілген «дәрігер-науқас» модельдерінің қай түрі науқас үшін анағұрлым қолайлы болып саналады?

  1. "инженерлік-техникалық модель" – дәрігер маман ретінде "

  2. "патерналистік модель" - дәрігер "рухани әке"

  3. әріптестік модель" – дәрігер мен науқастың серіктестігі

  4. "келісімшарттық модель" - дәрігер "жеткізуші", ал науқас - "тұтынушы"

  5. интерпретациялық модель – дәрігер науқасты сендіреді

  1. Патерналистік қарым-қатынас моделінде дәрігер мен науқас арасындағы дәлелдемені таңдаңыз:

  1. дәрігер жағдайға эмоционалды түрде аз араласады және дұрыс таңдау жасай алады

  2. дәрігер ауру немесе емдеу туралы ақпаратты жасыра алады

  3. дәрігер пациенттің құндылықтар жүйесін ескермейді, әрдайым пациент үшін шешім қабылдайды

  4. дәрігер пациенттен ақпаратты жасырады, науқасты адастырады

  5. дәрігер пациентті диагностика және емдеу нұсқалары туралы пікірталасқа қатыстырмайды

  1. Дәрігер-бұл ғылыми білімнің қоймасы және медициналық фактілерді таратушы, пациентке өзінің жеке ұсыныстарымен бөліспестен емдеу нұсқаларын ұсынады. Дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынастың бұл моделі қалай аталады?

  1. коллегиялдық модель

  2. патерналистік модель

  3. келісімшарттық модель

  4. интерпретациялық модель

  5. инженерлік/ақпараттық модель

  1. Дәрігер консультант ретінде әрекет етеді, оның рөлі пациенттің құндылықтарын анықтау және түсіндіру, содан кейін оларға көрсетілген құндылықтарды ең жақсы түрде жүзеге асыратын медициналық араласуларды анықтауға көмектесу болып табылады. Дәрігер науқасты сендіреді, фасилитатор рөлін атқарады. Дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынастың бұл моделі қалай аталады?

  1. интерпретациялық моделі

  2. патерналистік модель

  3. келісімшарттық модель

  4. инженерлік/ақпараттық модель

  5. коллегиялдық модель