Файл: Науасты агрессивті тртібіні себебі болатын ситуациялы ауіп факторын тадаыз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 108
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Дәрігердің өлімге әкелетін (емделмейтін) аурудың болуы туралы хабарламасына пациенттердің алғашқы реакциясы қандай?
-
терістеу -
ашу, ыза -
компромисс -
депрессия -
қабылдау
-
Айқын өлімге әкелетін (емделмейтін) ауруды жоққа шығара алмайтын науқас ашу, ызаланады. Науқастың реакциясы: " Неге мен?", "Неге бұл менімен болды?", "Құдай мені неге естімеді?" және т. б. науқастың мұндай реакциясы қалай аталады?
-
ашу, ыза -
терістеу -
компромисс -
депрессия -
қабылдау
-
Емделмейтін науқас тағдырдың үкімін кейінге қалдыруға, мінез-құлқын, өмір салтын өзгертуге, әр түрлі ләззаттан бас тартуға, кем дегенде бірнеше күн бойы ауырсынусыз және қолайсыздықтарсыз өмір сүруге үміттенеді. Мұндай реакция қалай аталады?
-
депрессия -
ашу, ыза -
терістеу -
компромисс -
қабылдау
-
Емделмейтін науқас өзінің жағдайының сөзсіз нашар екенін түсініп, біртіндеп айналасындағы әлемге деген қызығушылығын жоғалтты, қайғы мен өмірдің ащылығын сезінеді. Науқастың мұндай реакциясы қалай аталады?
-
депрессия -
ашу, ыза -
компромисс -
терістеу -
қабылдау
-
Емделмейтін науқас өзінің жағдайын түсінеді, өлімді тыныштықпен қарсы алуға дайын. Науқастың мұндай реакциясы қалай аталады?
-
ашу, ыза -
терістеу -
компромисс -
депрессия -
қабылдау
-
SPIKES нашар жаңалықты науқасқа хабарлау хаттамасының «Байланыс орнату - Setting Up» 1-қадамында қандай медициналық этика ережесін қолдану қажет?
-
сауалмнама әдісін қолдану -
науқасқа ақпарат беру -
әңгіме құпия болуы қажет -
науқаспен аурудың болжамын, емдеу жоспарын талқылау -
науқастың өз ойы мен сезімдерін сипаттап беруді сұрау
-
SPIKES нашар жаңалықты науқасқа хабарлау хаттамасының «2-қадамы– Қабылдау», яғни науқастың қаншалықты хабардар екенін бағалау сатысында қандай сұрақтар қою ұсынылады?
-
«Өте өкінішті, мен сізге хабарлауға мәжбүрмін, …» -
«Қалай ойлайсыз, не себепті сізге магнитрезонансты томография жүргізілді?» -
«Зерттеу нәтижелерін сізге қалай хабарлаған ыңғайлы? -
«Өкінішке орай, менің сізге айтатын нашар жаңалығым бар» -
«Менің сізге барлық ақпаратты бергенімді қалайсыз ба?»
-
SPIKES нашар жаңалықты науқасқа хабарлау хаттамасының «3-қадамы – Әңгімеге тарту» науқастың қаншалықты хабардар екенін бағалау сатысында қандай сөз тіркесін қолдану ұсынылады?
-
«Өкінішке орай, менің сізге нашар хабарым бар» -
«Қалай ойлайсыз, не себепті сізге магнитрезонансты томография жүргізілді?» -
«Өте өкінішті, мен сізге хабарлауға мәжбүрмін, …» -
«Зерттеу нәтижелерін сізге қалай хабарлаған ыңғайлы?» -
«Біз сізге басқа ешнәрсе жасай алмаймыз»
-
SPIKES нашар жаңалықты науқасқа хабарлау хаттамасының «Ақпарат айту - Knowledge» 4-қадамында қандай сөз тіркесін қолдану ұсынылады:
-
«Өте өкінішті, мен сізге хабарлауға мәжбүрмін, …» -
«Біз сізге басқа ешнәрсе жасай алмаймыз» -
«Сізде қатерлі ісік анықталды, сіз жақында қайтыс боласыз» -
«Мен білемін, бұл сіз естігіңіз келген жаңалық емес» -
«Мен зерттеу нәтижелерінің жақсы болғанын қалап едім»
-
SPIKES нашар жаңалықты науқасқа хабарлау хаттамасының «Эмпатия таныту - Emotions and Empathy» 5-қадамында қандай сөз тіркесін қолдану ұсынылады:
-
«Біз сізге басқа ешнәрсе жасай алмаймыз» -
«Өкінішке орай, менің сізге нашар хабарым бар» -
«Өте өкінішті, мен сізге хабарлауға мәжбүрмін, …» -
«Мен білемін, бұл сіз естігіңіз келген жаңалық емес» -
«Қалай ойлайсыз, не себепті сізге магнитрезонансты томография жүргізілді?»
-
SPIKES нашар жаңалықты науқасқа хабарлау хаттамасының «Жоспарлау тактикасын талқылау - Strategy and Summary» 6-қадамында қолдануға ұсынылатын сөз тіркесін таңдаңыз:
-
«Мәселені ары қарата талқылауға сіз дайынсыз ба?» -
«Қалай ойлайсыз, не себепті сізге магнитрезонансты томография жүргізілді?» -
«Менің сізге барлық ақпаратты бергенімді қалайсыз ба?» -
«Зерттеу нәтижелерін сізге қалай хабарлаған ыңғайлы?» -
«Өкінішке орай менің сізге нашар хабарым бар»
-
Паллиативті медициналық көмекке не жатады?
-
емханада көрсетілетін ккөмек -
жаңа туған нәрестеге көмек -
емі жоқ науқасқа көмек -
ауыр науқасқа хирургиялық көмек -
ауыр науқасқа ауру сезімін басатын дәрілер беріп көмектесу
-
Паллиативті емделушінің психологиялық көмектегі негізгі қажеттіліктері:
-
емделушіні психологиялық ақтау және оның жанұясымен жұмыс -
депрессияны арнайы қарқынды емдеу -
арт және гарденотерапия жолдарымен қасіретті азайту -
дәрілік емдеуді болдырмай, емделушімен күнделікті сөйлесіп,әңгімелесу -
халықтық медицина әдістері мен антидепрессанттарды жоғарғы деңгейде қолдану
-
Паллиативті емделушінің медициналық көмектегі негізгі қажеттіліктері?
-
мүлікті мұраға қалдыру бойынша құжаттарды дайындау -
патологиялық процесстерді арнайы қарқынды емдеу -
дәрілерді таблетка түрінде көбірек қолдану -
дәрілік емдеуді және халықтық медицинаны -
қолданбау ауру белгілерін емдеу арқылы қасіретті азайту
-
Емделмейтін аурумен ауыратын ауыр науқастарға өмірінің соңғы сатысында көмек көрсететін медицина саласы қалай аталады?
-
гериатрия -
геронтология -
геронтофобия -
паллиативті медицина -
терапия
-
Паллиативті көмек дегеніміз не?
-
онконауқастарға аурудың барлық кезеңдерінде көрсетілетін көмек -
емделмейтін аурумен ауыратын науқастардың жағдайы мен өмір сапасын жақсарту -
қарттық шақта көрсетілетін көмек -
жансыздандыру (обезболивание) -
АИТВ жұқтырғандарға көмек көрсету мақсатында медициналық қызметтің бағыты
-
Паллиативті науқастың Қазақстанда не нәрсеге құқығы жоқ?
-
өз істерін қорытындылауына -
емделудің белгілі бір түрінен терістеуына -
эвтаназияға -
тамақтану тәртібінің өзгеруіне -
өз ауруы туралы шынайы ақпаратқа
-
Психоэмоционалды ятрогенияға не жатады:
-
медицина қызметкерінің «абайсызда айтылған сөзі» -
дәрілік заттарды қабылдағаннан болған асқынулар -
емдеу әдістерін адекватты емес немесе дұрыс емес қолдану -
физикалық емдеу әдісін индивидуалды көтере алмау -
ота жасау немесе анестезия жасау қаупі бар жағдайлар
-
Жарақаттық ятрогения дегеніміз не?
-
кез келген медициналық көрсету кезіндегі жұқпалы аурулармен туындаған проблемалар -
өзінің эмоционалды жағдайын дұрыс түсінбегендіктен болған проблемалар -
науқасқа сырқаты туралы дұрыс ақпаратты берменгедіктен болған проблемалар -
медициналық құрал-аспаптарды пайдаланғаннан болған проблемалар -
науқастың коммуникативті дағдыларының төмендігінен болған проблемалар
-
Дәрілік қателіктің кең тараған себебін таңдаңыз:
-
басқа дәріні қателесіп қабылдау, дәріні дұрыс емес мөлшерде қабылдау -
тапсырыстарды компьютерленген жүйе арқылы пайдалану -
дәрілердің қарым-қатынас скринингін пайдалану -
электрондық медициналық карталарды пайдалану -
рецепт мен штрих-кодтау жүйесін енгізу
-
Дәрілердің жанама әсері қай кезде күшейе түседі?
-
науқас дәрілерді уақытында қабылдамайды -
науқас тек қана бір дәріні қабылдайды -
науқас төрт және одан көп дәрі қабылдайды -
науқас дәріні тамақтан сон қабылдайды -
науқас дәрілерді минималды мөлшерде қабылдайды
-
Аса қауіпті топқа жататын дәрілер тобын таңдаңыз:
-
Антикоагулянттар, наркотик, инсулин, психотропты заттар -
Антибиотиктер, вирусқа қарсы препараттар -
Ноотропты препараттар, антигипоксанттар, нейропротекторлар -
Дене қызуын төмендететін дәрілер -
Гормоналды заттар, иммуноглобулиндер
-
Денсаулық сақтаумен байланысты аурухана ішілік инфекцияға не жатады?
-
Желшешек, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит -
Токсоплазмоз, герпес, цитомегаловирус инфекциясы -
Менингокок инфекциясы -
Өкпенің жасанды тыныс алуымен байланысты болған пнемония -
Хламидиоз, лямблиоз
-
Хирургиялық араласудан кейін дамытын жалпы инфекциялық белгілерге жатады:
-
Операциондық жараның дренажынан таза емес сұйықтықтың ағуы, жара аймағындағы ауру сезімі -
Операционды жара аймағындағы ауру сезімінің болмауы -
Операционды жараның дренажынан мөлдір, таза сұйықтықтың шығуы -
Бас ауру, бас айналу, артериалдық қысымның жоғарылауы -
Жүрек айну, құсу, әлсіздік
-
Антибиотик дәрілерді дұрыс тағайындамағандықтан науқастарда не дамуы мүмкін?
-
Clostridioides difficile жұқтыру қаупі -
3-4 дәрежедегі ойылулар -
Құлап қалу қаупі мен жарақат алу қаупі -
Инструменталды ядрогения қаупі -
Құжат толтыруда кателік жіберу қаупі
-
Хирургиялық қателіктің алдын алудың анағұрлым тиімді жолы болып табылады:
-
ұйқының депривациясы, аутотренинг -
медитация, релаксация -
дәрігердің шектен тыс өзіне-өзі сенуі, әріптестерінің кеңесінен және консилиумнан бас тарту -
ота орнына маркировка жасау, процедура алдындағы хирургиялық «тайм-аут» ұстану -
интуицияға шектен тыс сену, науқасты асығыс және беткей тексеру
-
Стационарда науқастың құлауының алдын алуға бағытталған шараға не жатады:
-
Төсектің биіктігін жоғарылатып, төсек керегесінің бағытын өзгерту -
Төсектен тұруға көмек шақыру үшін шақыру түймесін пайдалану -
Денеге қысымды төмендетуге бағытталған жастық және басқа заттарды пайдалану -
Терінің тазалығы мен құрғақтығын сақтау -
Науқастың төсектегі қалпын әр екі сағат сайын ауыстырып тұру
-
Ойылудың алдын алу шараларына не жатады:
-
Төсектің биіктігін жоғарылатып, төсек керегесінің бағытын өзгерту -
Денеге қысымды төмендетуге бағытталған жастық және басқа заттарды пайдалану -
Төсектен тұруға көмек шақыру үшін шақыру түймесін пайдалану -
Жуынатын бөлмеге бару үшін, бөлме мен дәлізде жүру үшін көмекке -
Тайғанақ емес шұлық және аяқ киім кию
-
Пациенттердің осал тобына мыналар жатады:
-
Жүкті әйелдер -
Қарттар мен егде жастағы адамдар, балалар, иммигрант тұрғындар -
Агрессивті, асоциалды, конфликті тұлғалар -
Үрейлі, депрессивті науқастар -
Тұрақты табысы жоқ адамдар
-
Дәрігерлік қателікті талдаудың негізгі мақсаты не:
-
кінәліні тауып, жазалау -
бастан өткен қиыншылықтар үшін ақшалай өтемақы төлеткізу -
дәрігерлік қателікті жасырып, дәрігерді жазаламау -
дәрігерлік қателікті табу және оның алдын алу -
дәрігерді әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту
-
Р. Ригельман (1994): «Біз, дәрігерлер, дәрігерлік қателіктерді азайта аламыз. Нашар нәтижелер біздің жұмысымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, бірақ біз .... өз ісімізді жақсарта аламыз». Р. Ригельманның сөзін толықтырыңыз.
-
әдейі емес абайсыздық пен немқұрайлықтан туындаған дәрігерлік қателіктерді азайту арқылы -
білместікпен және түсініспеушіліктен болған дәрігерлік қателікті азайту арқылы -
жөн-жосықсыз әрекетпен байланысты дәрігерлік қателікті азайту арқылы -
надандық пен немқұрайлықты азайту арқылы -
дұрыс емес ойлаудан болған дәрігерлік қателіктерді азайту арқылы
-
Дәрігерлік тәжірибеде кездесетін екі негізгі диагностикалық қателікті атаңыз:
-
ақпараттың тапшылығынан және немқұрайлықтан болған қателік -
білместікпен және дұрыс ойламаудан болған қателік (жалған қортынды жасау) -
немқұрайлық және салғырттық -
клиникалық ойлаудың жоқтығынан, білімнің жеткіліксіздігінен болған қателік -
білімсіздік, сауатсыздықтан болған қателік
-
Клиникалық диагноз қою кезінде эвристикалық тәсіл (ережелер немесе әдістер) неге әкелуі мүмкін?
-
дифференциалды диагностика жүргізу, мәселенің дұрыс шешімін табу -
альтернативті түсініктемелерді іздеуді мерзімінен бұрын тоқтату -
альтернативті түсініктемелерді жалғастыру -
диагностика кезеңінде дұрыс немесе оңтайлы нәтиже -
басқа белгілерге де назар аудара білу