Файл: Білім пирамидасы 911 сыныптар арасындаы зияткерлік сайыс (апталы аясында) Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 48

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Білім пирамидасы»

9-11 сыныптар арасындағы зияткерлік сайыс

(апталық аясында)

Мақсаты:

дарынды оқушыларды табу;

олардың қабілеттерін ашу;

алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету;

сергектік,зеректік және логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру

Көрнекіліктер: кестелер, фигуралар, тәжірибе жасайтын заттар,тест тапсырмалары

Барысы: Сен ғылымға болсаң ынтық,

Бұл сөзімді әбден ұқ:

Білгеніңнің жақсысын қыл,

Білмегенді біле бер Ш.Құдайбердиев

  1. Ұйымдастыру

  2. Әділ қазылар алқасын сайлау

  3. Сайысқа әр сыныптан 6 оқушыдан қатысады

Сайыс турларын түсіндіру

І-тур : Таныстыру

ІІ- тур: Үй тапсырмасы. Физикалық тәжірибелер

ІІІ- тур: Қызықты ұяшықтар

Тақырыптар

Ұпайлар







Көңілденіп шығарайық есепті

100

200

300

Музыка және математика

100

200

300

Сандарды да ұмытпайық достарым!

100

200

300

100. Жүз санын жартыға бөл (100:0,5=200)

200. Бір топ үйректер ұшып келеді: біреуі алдында екеуі артында,біреуі артында екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында және үшеуі бір қатарда. Қанша үйрек ұшып келеді?

(Үш үйрек)

300. Дәрігер Айболиттің қабылдауына бірнеше аңдар келді: екі иттен басқасының бәрі,екі мысықтан басқасының бәрі, екі қояннан басқасының бәрі.Айболитке қанша аң келді? (Үш)

100. Теңіз жолы қандай екі нотамен өлшенеді? (ми, ля)

200. Қандай екі нотаны қосып оқығанда тұтас бір нәрсенің бөлігі шығады? (до, ля)

300. « Пропорция »сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? ( ән)

100. Бұл сандарды ертеректе « өтірік сандар» деп атаған. Ол қай сандар? (теріс сандар)

200. Ешқандай амалдар қолданбай-ақ 666 санын 0,5 есе қалай өсіруге болады? (аударсақ 999)

300. Римше жазылған ХІІ санын жартысы VІІ саны болатындай етіп қалай бөлуге болады?(ХІІ)

ІV-тур: Полиглот


Тақырыптар

Ұпайлар







Математикалық баламасын тап

100

200

300

Полиглот

100

200

300

Эврика!

100

200

300

Математика және тарих

100

200

300

100. Барлық діндердің тарихы –бір» (Математика-барлық ғылымдардың патшасы)

200. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 3600( үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800)

300. Трапецияның кіші бұрышына кіші қабырғасы қарсы жатады(үшбұрыштың үлкен қабырғасына үлкен бұрышы қарсы жатады)

100. « Жер өлшеу» сөзі ежелгі грек тілінде қалай айтылады? (геометрия)200. « Алға қарай жүру,өсу» сөзі латын тілінде қалай айтылады? (прогрессия)

300. «Жетелеуші» сөзі латын тілінде қалай айтылады? (вектор)

100.Математикада координаттар әдісін енгізіп және оның қолданылу тәсілдері туралы өзінің «геометрия » кітабында жариялаған қай ғалым? (Декарт)

200. Шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасын есептеп тапқан ұлы грек математигі кім?(Архимед)

300. Музыкалық дыбыстарға тәжірибе жасай отырып, дыбыстардан пайда болған қатынастарды математика тілінде берген атақты оқымысты кім? (Пифагор)

100. Ертеректе «сынық сандар» деп қандай сандарды айтқан? (бөлшек сандар)

200. ХХ ғасырда тарихта аты қалған доға? (Курск доғасы)

300. ХХ ғасырда жоғары әскери белгіні білдірген қандай көпбұрыш? (бесбұрыш)

V-тур: Зерделілер

  1. Үшбұрышқа екі түзу жүргізу арқылы оны екі үшбұрышқа және бір төртбұрышқа бөл

  2. Электр шамының схемалық белгісі:

  3. Үшбұрышқа екі түзу жүргізу арқылы оны екі үшбұрышқа және бір бесбұрышқа бөл

  4. Тоқ көзінің схемалық белгісі:

  5. Үстел үстінде екі кесінді жатыр. Осы екеуін пайдаланып төртбұрыш құра

  6. Электр ажыратқышының схемалық белгісі:

VІ-тур: Қас қағым:

І-топқа:

  1. Кері сандардың көбейтіндісі 1-ме?

  2. 576-ның түбірі 29-ба?

  3. Теріс сандар 0-ден кіші ме?

  4. Гипотенуза трапецияда бар ма?

  5. Шеңбердің бұрыштары бар ма?

  6. Айда атмосфера бар ма?

  7. Нүктенің екінші координатасы абсцисса ма?

  8. 7 саны жай сан ба?

  9. Әлемдегі планета санын 10-ға бөлгенде 10-нан 9 шыға ма?

  10. Тәуелсіздік мерекесі күнін 2-ге бөлгенде шығатын сан 10-ба?

  11. Күшті өлшейтін құрал динамометр ме?

  12. Дене массасының оның көлемінің қатынасына тең физикалық шама тығыздық деп атала ма?

  13. Жердің өз осінен айналу қозғалысы бір қалыпсыз қозғалыс па?

  14. Тангенс икс тең болады косинус икс бөлінген синус икс пе?

  15. Математика пәнін жақсы қөресіңдер ме?


ІІ- топқа:

  1. Алымы бөлімінен кіші бөлшек бұрыс бөлшек пе?

  2. 729-санының түбірі 37 ме?

  3. -9 саны -8 санынан үлкен бе?

  4. Шеңбердің ең үлкен хордасы диаметр ме?

  5. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы электр тоғы ма?

  6. Амперметр тізбекке тізбектей қосыла ма?

  7. Нүктенің бірінші координатасы ордината ма?

  8. 31 саны құрама сан ба?

  9. Минуттың алпыстан бір бөлігі секунд па?

  10. Әлемде 6 материк, 4 мұхит бар екені белгілі.Материк санын мұхит санына бөлгенде дұрыс бөлшек шыға ма?

  11. Аттас зарядтар тартыла ма?

  12. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы Коперник пе?

  13. Тығыздық кг/м3 пе?

  14. Ағылшындықтар «жалқау сегіз» деп 8 санын айтты ма?

  15. Бүгінгі сайыста жеңіске жетуді қалайсыңдар ма?

ІІІ- топқа:

  1. Дұрыс бөлшек аралас санға айнала ма?

  2. «Математика –ғылымдар патшасы» деп Карл Гаусс айтты ма?

  3. Заряды жоқ элементар бөлшек нейтрон ба?

  4. Табиғатта атомның 93 түрі бар ма?

  5. Жиілікке кері шама период па?

  6. Котангенс икс тең болады синус икс бөлінген косинус икс пе?

  7. «Алгебра» сөзіндегі әріптер санын 8-ге бөлгенде 8-ден 7шыға ма?

  8. Ток көз дерінде екі полюс бола ма?

  9. Косинус 300-та ½ -ге тең бе?

  10. Синус икс функциясы жұп па?

  11. Дүниенің геоцентрлік жүйесін жасаушы Птоломей ме?

  12. Термодинамиканың І-ші заңы Q= U+A ма?

  13. Берілген түзуге сол түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы бр ғана параллель түзу жүргізуге бола ма?

  14. Газ бөлшектерінің ретсіз қозғалысы салдарынан болатын жанасқа заттардың бір-біріне өзара араласуы «диффузия» деп атала ма?

  15. Мектепті аяқтаған соң математика мен физика пәндерінің негізгі формулаларын ұмытпайсыңдар ма?

VІІ-тур:

І-топқа:

1) Бұл оқымыстының фамилиясымен аталған.Бұл өте атақты оқымысты,ол туралы оны оқымаған бала да біледі;

2) Мұнда көпшілігі бала кезінен білетін фигура туралы айтылады,

3) Оны дәлелдеу керек, бірақ та оны баяғыда-ақ дәлелдеп тастаған;

4)Мұны дәлелдеген оқымыстының шалбарының барлық қырлары тең деген сөз қалған.

ІІ-топқа:

1) Бұл геометриялық фигура жұмыр, басы не аяғы жоқ,бірақ та оны тұтас көруге болады;

2) Бұл фигура күнделікті өмірде де.техникада да, архитектурада да қолданылады;


3)Оның ішімен қанша жүрсең де, сол шыққан жеріңе қайтып келесің;

4)Оны циркульмен оңай салуға болады.

ІІІ-топқа:Ол кім? Бұл не?

1) Ол алгебра сабағында өтіледі. Бұл шексіздікке кететін қисық;

2) Егер жіпті екі қолыңмен ілініп тұратындай етіп ұстасаң, ол оған қатты ұқсайды

3) Адамдар оны бұрыннан біледі және өмірде қолданып та жүр: атты ерттегендегі ер тоқым;

4) Мұғалім айтты: бұл әдемі қисық график бір функцияның графигі, дәлірек айтқанда квадраттық функцияның графигі деп.

Сайысты қорытындылау, топтарды марапаттау

Мекен жайым: ШҚО,Аякөз ауданы,«Ақшаулі жалпы білім беретін орта мектеп»КММ,Математика пәнінің мұғалімі Лаубаева Асия Тлеутайқызы