Файл: Артериялы гипертензия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Артериялық гипертензия 

      Гипертониялық ауру немесе артериалды гипертензия — жүрек-қантамырлары жүйесінің ең кең тараған ауруларының бірі. Оның белгісі - тамыр тонусы реттелуінің бұзылуынан туған артериялық қысымның (гипертензия) көтерілуі. Гипертония ауруы көбінесе жүйке жүйесіне ұдайы күш түсуінен, психикалық зақымданудан, шамадан тыс артық тамақтанудан, жүріс-тұрыстың, жалпы қимылдың аздығынан болады.

     Ол әдетте 40 жастан кейін дамиды, бірақ жас кезде де кездесе береді. Гипертония ауруының бастапқы сатысында артериялық қысымның уақытша көтерілуі, оның үстіне бастың оқтын-оқтын ауруы, жүректің жиі соғуы, кейде жүрек тұсының ауруы, желке тұстан ауырлық сезінуі мүмкін. Одан әрі бас айналады, қолдың саусақтары мен аяқ бақайлары ұйып, баста қан тасу сезімі, көз алдында «шіркейлердің ұшып жүруі» байқалғандай болады. Науқас тез шаршайды, ұйқысы бұзылады.

     Артериалды қысымның уақытша көтерілуі : 130/85 ммсынбағ, 139/89 мм сынап бағанасы бойынша болса, одан жоғары көтерілсе және ұзақ уақыт түспесе жүрекке және ми, бүйрек, көз қантамырларына салмақ түсіріп артериялық гипертония ауруына әкеп соғады.

 

     Гипертония  ауруы артериялық қан қысымының  көрсеткіші және адамның жай-күйіне  байланысты 3 сатыға бөлінеді. Алдымен  уақытша көтерілу - 130/85 ммсынбағ  – 139/89 ммсынбағ аралығында бағаланады.

       I – саты: Артериялық қан қысымы сынап бағанасы бойынша 140/90 – 159/99 ммсынбағ аралығында болуы. Адамның ұйқысы бұзылып , шаршау, жүрек қағу, мазасыздық пайда болады. Бұл жағдайлар дұрыс дем алып , тыныштандыратын дәрілерден кейін қалпына түседі.

 

     ІІ – саты : Артериялық қан қысымы 160/100 – 179/109 ммсынбағ аралығында және бас ауру, жүрек айну, жүрек шаншу, бас айналуы мүмкін. Мазасыздық, шаршау, ұйқы бұзылу арта түседі. Бұл жағдайда жүрек, ми қан тамырларында өзгерістер пайда болады және қан қысымын төмендететін дәрілер қабылданған соң қалпына келгенімен, тұрақты бір көрсеткіште тұрмайды.

 

       ІІІ – саты: Артериялық қан қысымы 180/110 ммсынбағ - дан бастап және одан жоғары көрсеткіште үнемі болатын жоғарғы қан қысымынан жүрек бұлшық еттері мен қан тамырлары қабырғаларында болған қауіпті өзгерістерге (атеросклероз) байланысты ауытқулар болуы мүмкін. Олар: инсульт (ми қан тамырларының зақымдануы), миокард инфарктісі (жүрек қан тамырларының зақымдануы), бүйрек жұмысының жеткіліксіздігі (бүйрек қан тамырдарының зақымдануы), соқырлық (көз қан тамырларының зақымдануы).


 

     Алғашқыда, стрестік жағдайлардың әсерінен бас ми қыртысы мен гипоталамустағы вегетативтік орталық, оның ішінде симпатикалық жүйкенің қозғыштығы жоғарылайды. Бұл ішкі ағзалардың, әсіресе бүйрек артерияларының тарылуына әкеліп соғады. Осы кезде қан тамырлардың қарсылығы аз өзгереді, бірақ бүйректің қан тамырларының қарсылығы күшейе түседі. Бүйрек тініндегі ишемиядан бүйректің юкстагломерулалық аппаратынан ренин көп мөлшерде бөлінеді, соның әсерінен плазмадағы ангиотензиннің белсенді емес түрі белсенді болып түседі,оның прессорлы әсері күшейеді.

     Аурудың бастапқы сатысында айтылған жауап уақытша ғана байқалады, бұл стресті әсерлердің басты көрінісі. Кейін артериялық қысымның көтерілуі тұрақты бола бастайды. Артериялдық қысымның тұрақты реттелуінде тек прессорлы механизм емес, депрессорлы  (брадикининдік; ангиотензиндік, бүйрек простагландиндері, кинин- калликреин жүйесі) механизмдер қатысады. Гипертония ауруында осы жүйелердің арақатынасы бұзылады, прессорлы механизмінің әсері жоғарылайды,бұл артериалдық қан қысымының жоғарылауының тұрақталуына әкеліп соғады.

     Дерттің анатомиясы. Гипертония ауруы кезінде біртіндеп қан тамыр қабырғаларының өткізгіштігі артады. Аурудың соңғы сатысында оның кіші артерияларында беріш өліеттенбей, ағза тіндеріне екіншілік өзгерістерге әкелип соғады. Бұл кезде зақымдану дәрежесі бірдей болмайды.

Клиникалық көрінісі

 

     Бастапқы кезде науқастар жүйкелік әр түрлі бұзылыстарға шағым айтады. Олар жалпы әлсіздікке, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, ұйқысыздыққа, бас айналуға, құлақтағы шуылға, кейде жүрек қағуына шағым айтып дәрігерге көрінеді. Аурудың негізгі объективті белгісі систолалық (140-160 мм сын.бағ.) және диастолалық қысымның (90 мм сын.бағ.) жоғары болуы. Аурудың бастапқы сатысында артериялық қысымда үлкен ауытқулар болады. Қолқада ІІ дыбыстың акценты естіледі, тамыр соғуы қатты сезіледі.

      Аурудың  созылмалы түрінде артериялық  қысым жоғарылауы тұрақтанып, сол  қарыншаның қалындау белгілері,  соның ішінде жүрек ұшы түрткісі  күшейіп, жүректің сол жақ шекарасы  солға ығысқаны байқалады. Гипретония  ауруы кезінде жүрек қан-тамырларындағы  өзгерістерді қосымша зерттеу  әдістерімен анықтауға болады. Рентгенмен  зерттеу арқылы жүректің қолқалық  пішінін көреміз. Қолқа ұзарған,  тығыздалған, кеңейген ЭКГ –да  сол типті болады, S-T сегменті тегістелген, Т-сермесі теріс немесе екі фазалы І-ІІ-стандартты тіркеулерде және кеуделік (V5-V6) тіркеулерде,көздің түбін зерттегенде сетчатка артерияларыныңжәне веналардың кеңейгенін көреміз.



 

      Гипертония ауруының ұзаққа созылуы 1-ші кезекте жүрек ,бүйрек,бас, ми, қан тамырларының зақымдануына әкеліп соғады. Ол жүректің ишемиялық ауруына, стенокардия, миокард инфарктысына әкелуі мүмкін. Аурудың соңғы кезеңінде жоғары артериялық қысымның әсерінен жүрек еттерінің зорығуымен байланысты болатын жүрек жетіспеушілігі, одан жедел ұстамалы жүрек астмасы түрінде немесе өкпе ісінуіне, созылмалы қан айналым жетіспеушілігі тууы мумкін. Аурудың ауыр ағымында көз торының көз торының қан тамырларындағы өзгерістерге байланысты көздің көруі төмендеуі мумкін.

     Аурудың көрінісіне және артериялық қысымның көтерілуінің тұрақтылығына байланысты үш түрге бөлеміз: Жеңіл-диастолалық қысым 100 мм.сын.бағ. шамасында. Орташа- диастолалық қысым 115 мм.сын.бағ. төменірек, Ауыр- диастолалық қысым 115 мм.сын.бағ.жоғары. Бұдан әрі аурудың дамуына қарай 3 сатыға бөледі.

     І сатысы: кезекті артериалдық қысымның көтерілуі стрестің әсерінен, әдеттегі жағдайда артериалдық қысым қалыпты болады.

     ІІ сатысы: артериалды қан қысымы үнемі жоғары, объективті тексергенде сол жақ қарыншаның қалдындау белгілерін және көз түбіндегі өзгерістерді табуға болады.

     ІІІ сатысы: жоғары артериалдық қысымның үнемі тұрақты жағдайында ішкі ағзалар мен тіндерде склероздық өзгерістерін байқауға болады. Олардың қызметінің бұзылуынан бұл сатыда жүрек, бүйрек қызметтерінің жетіспеушілігі, мида қан айналым бұзылысы, гипертониялық ретинопатия дамуы мумкін.

        АГ симптомокомплексі. Жиі жағдайда бастапқы сатысында артериалды гипертензия симптомсыз жүріп диагностиканы қиындатады. Науқастар жиі бастың ауырсынуына, бастың айналуына, жалпы жағдайының нашарлауына шағымданады. Сонымен қоса артериалды гипертензияның ағымын асқындыратын, басқа аурулардың да белгілері байқалады (ЖИА, бас ми қан айналымының бұзылыстары, бүйрек жеткіліксіздігі). 
Артериалды гипертензия кезінде артериалды қан қысымы шектен тыс күрт жоғарлауы мүмкін. (гипертониялық криз). Гипертониялық криз, әдетте бастың қатты ауыруы, лоқсу, құсу, терлеу, жүрек соғысының жиілеуі, ауа жетіспеушілігі сияқты белгілермен сипатталады. Артериалды қан қысымының шектен тыс жоғарлауы гипертониялық энцефалопатияға (ұйқышылдық, есеңгіреу) немесе жедел сол жақ қарынша жеткіліксіздігіне (өкпеннің ісінуі) (отек легких) әкеліп соқтырады. 

     Тексеру әдістері және диагностикасы. Артериалды гипертензия диагнозын жоғары артериалды қысымның деңгейіне байланысты қояды.Науқастарды тексеру екі негізгі мақсатты көздейді: 


     Артериалды  гипертензияның екінші реттік  сипатын жоққа шығару:

  
♦ қанның биохимиялық анализі (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне тән мочевина мен креатинин деңгейінің жоғарлауы); 
 
♦ құрсақ қуысы мүшелерін УДЗ (бүйрек, бүйрек үсті безі, ауруларын анықтау үшін); 
 
♦ бүйрек артерияларының ультрадыбысты доплерографиясы стеноздың бар жоғын анықтауға мүмкіндік береді. (стеноз кезінде бүйректегі қан айналым нашарлап, РААЖ жүйесі белсенеді); 
 
♦ қан құрамындағы қалқанша без гормондарымен кортизол деңгейін зерттеу (бүйрек үсті безінің гормоны), несеп құрамындағы катехоламиндер метаболиттерін анықтау (феохромоцитома кезінде несеп құрамында катехоламиндердің метаболиттері анықталады); 
 
♦ бас сүйегінің рентгенографиясы (түрік ертоқымы аймағы), гипофиз ісігін жоққа шығару үшін;

 

 Нысана-мүшелердің жағдайын анықтау:

  
♦ Жүректі (миокард гипертрофиясын анықтау үшін) және ірі тамырларды (атеросклерозды анықтау үшін) УДЗ; 
 
♦ ЭКГ (миокард гипертрофиясын, ишемиясын, тыртықты өзгерістерді анықтау үшін); 
 
♦ несепті белоктарға тексеру; 
 
♦ көз түбін тексеру; 
 
♦ қан құрамындағы глюкоза деңгейін тексеру (қант диабетін жоққа шығару үшін);  

      Гипертония ауруының қауіптілігі көптеген адамдар өз қан қысымының жоғары екенін білмегендігінде. Сондықтан бір рет қан қысымы көтерілген болса, туыстарында қан қысымы жоғары ауруы болса, жасы 35 - тен асса және артық салмақ болған жағдайда, қант диабетімен ауыратын болса, климакс уақыты болса, темекі шегетін, ішімдік пайдаланатын әдет болса, жүйке жүйесіне артық салмақ түссе және ішкі жай – күйінде жайсыздық болса, осы жағдайлардың бірі байқалса дәрігерге көрініп, қан қысымды өлшету керек. Жалпы 18 жастан 30 жасқа дейін қан қысымын жылына бір рет, 30-дан 45 жасқа дейін жылына екі-үш рет, 50 жастан кейін – қан қысымы жоғары ма, жоқ па, оған қарамастан әр ай сайын өлшетіп тұру керек. Ауруды уақытында анықтау, дер кезінде емдеу аурудың асқынуынан сақтайды.

Емі

       Дәрілік заттармен емдеу науқастың жынысына, жасына, қосымша ауруларына байланысты. Артериалды гипертензияның фармакотерапиясында диуретиктерді, в-адреноблокаторларды, ААФ ингибиторлары, ал қарт науқастарда кальции каналдарының блокаторлары қоланылады. Ауыр ағымды артериалды гипертензияда препараттарды қосарлап қолданады: 
 
• диуретик + в-адреноблокатор; 
 
• диуретик + ААФ ингибиторлары; 
 
• кальции каналдарының блокаторлары (дигидропиридин қатары) + в-адреноблокатор; 

 
• кальции каналдарының блокаторлары + ААФ ингибиторлары; 
 
• а-адреноблокатор + в-адреноблокатор. 
 
Тиімділігі аз комбинациялар: кальции каналдарының блокаторлары + диуретик; в-адреноблокатор + ААФингибиторлары.  

    АГ емінің тиімділігін қадағалау  
 
Артериалды гипертензия емінің тиімділігін бағалаған кезде көздейтін мақсаттар: 
 
— қысқа мерзім ішінде көздейтін мақсат: 
 
• ситолалық және диастолалық қан қысымын төмендету (10% не одан да жоғары); 
 
• гипертониялық криздердің алдын алу; 
 
• өмір сапасын жоғарлату; 
 
— орташа мерзім ішінде көздейтін мақсат: 
 
• АҚ мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу; 
 
• нысана-мүшелер зақымдалуларының болмауы немесе асқыныстардың кері дамуы; 
 
• қауіп факторларынан арылу; 
 
— ұзақ мерзімде көздейтін мақсат: 
 
• артериалды қан қысымының мақсатты көрсеткіштер деңгейінде ұстауға тырысу. 
 
Ем тиімділігін бақылау үшін үнемі қан қысымын өлшеп, қажетті тексерістер жүргізген жөн.  

               I. АДРЕНЕРГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ БЛОКАТОРЛАРЫ

  
Гипертониялық ауруды емдеу мақсатында адренергиялық инервацияны әр түрлі деңгейде тежейтін дәрілік заттар қолданылады: вазомоторлы орталық деңгейінде, нейрон ішінде, пресинаптикалық немесе постсинаптикалық адренергиялық рецепторлар деңгейінде. Бұл препараттардың барлығы жүрек пен тамырлардың симпатикалық иннервациясын қудалайды, соның салдарынан жүректің жиырылу күші және шеткері тамырлардың кедергілері төмендейді.

    • 1. Орталыққа әсер ететін антигипертензивті дәрілік заттар: орталық α-адренорецепторларды тітіркендіру арқылы ОЖЖ тамыр қозғалтқыш орталығынан шыққан симпатикалық импульсацияны тежейді, тормозя таким образом симпатическую импульсацию из сосудодвигательного центра ЦНС. Қан қысымы негізінен шеткері тамырлардың кедергісінің азаюы салдарынан төмендейді.

  
Дәрілік препараттар: метилдопа (допегит, альдомет), клонидин (клофелин, гемитон, катапрессан), гуанфацин (эстулик), моксонидин (цинт)

    • 2.Симпатолитиктер: қозу толқынын адренергиялық талшықтар деңгейінде тежейді, яғни пресинаптикалық – жүйке импульстарына жауап ретінде бөлінетін - норадреналин медиаторларының мөлшерін төмендетеді.

  
Дәрілік препараттар: резерпин, гуанетидин, орнид. 
 
3. Ганглиоблокаторлар: симпатикалық және парасимпатикалық түйіндерді тежейді.  
 
Дәрілік препараттар: пентамин, арфонад и бензогексоний.

       4. α-адреноблокаторлар: пресинаптикалық α-адренорецепторларды тежеу арқылы, норадреналиннің кері ұсталынуына кедергі жасап, адренергиялық тамыр тарылтқыш әсерді тежеу арқылы ұсақ қан тамырларды (артериолалар мен прекапеллярларды) кеңейтеді.