Файл: леуметтік экономикалы баытты Физика пні бойынша техникалы жне ксіптік білімні лгілік оу бадарламасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 54
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 20__ жылғы «__» _______ № ___ бұйрығына 37-қосымша |
Әлеуметтік – экономикалық бағыттың «Физика» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы
1 -тарау. Жалпы ережелер
1. Әлеуметтік - экономикалық бағыттың «Физика» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8170 тіркелген) және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 29031 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді.
2. «Физика» оқу пәнін оқытудың мақсаты - білім алушыларда ғылыми дүниетаным негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтас қабылдауды, өмірлік маңызды практикалық міндеттерді шешу үшін табиғат құбылыстарын байқау, талдау және сақтап қалу қабілетін қалыптастыру.
3. Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді қарастырады:
1) білім алушыларда ғылыми дүниетаным негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтас қабылдауды, өмірлік маңызды практикалық міндеттерді шешу үшін табиғат құбылыстарын байқау, талдау және жазу қабілетін қалыптастыру;
2) қазіргі заманғы физикалық бейнесінің негізінде білім алушылардың әлемнің іргелі физикалық заңдары мен қағидаттарын, табиғатты ғылыми тану әдістері туралы білімдерін игеруіне көметесу;
3) білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивті мәдениетін, физикалық эксперимент пен зерттеуді орындау дағдыларын дамытуға ықпал ету;
4) білім алушыларда физика жалпыадамзаттық мәдениеттің элементі болып табылатыны туралы
, физиканың дамуы қоғам, техника және басқа да ғылымдардың дамуымен байланысы туралы түсініктерді қалыптастыруға ықпал ету;
5) білім алушылардың күнделікті өмірде, білім алу барысында меңгерген физикалық білімдерін пайдалануға ықпал ету;
6) білім алушыларда заттардың әртүрлі физикалық құбылыстары мен қасиеттерін, физикалық терминдерді, физикалық білімді, зияткерлік және жалпы ғылымға қатысты мәдениет деңгейін түсінуді дамыту.
Физиканы оқуға деген қызығушылықты, шығармашылық қабілеттер мен мотивацияны дамыту үшін физикалық білімді игерудің барлық кезеңдерінде тапсырмаларды тиімді пайдалануға болады.
Оқу пәнінің мазмұны 9 бөлімді қамтиды:
1) механика;
2) жылу физикасы;
3) электр және магнетизм;
4) тербелістер;
5) толқындар;
6) оптика;
7) кванттық физика;
8) нанотехнология және наноматериалдар;
9) космология.
«Механика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) кинематика;
2) динамика;
3) статика және гидростатика
4) сақталу заңдары;
5) гидродинамика.
«Жылу физикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) молекулалық физика;
2) газ заңдары;
3) термодинамика негіздері;
4) сұйық және қатты денелер.
«Электр және магнетизм» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) электростатика;
2) тұрақты ток;
3) әртүрлі ортадағы электр тогы.
4) магнит өрісі;
5) электромагниттік индукция.
«Тербелістер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) механикалық тербелістер;
2) электромагниттік тербелістер;
3) айнымалы ток.
«Толқындар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) электромагниттік толқындар.
«Оптика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) толқындық оптика;
2) геометриялық оптика.
«Кванттық физика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) атомдық және кванттық физика;
2) атом ядросының физикасы.
«Физика» оқу пәнінің негізгі мазмұны:
-
«Кинематика».
Дене қозғалысы кинематикасының негізгі теңдеулері мен графиктері; салыстырмалы қозғалыс, қисық сызықты қозғалыс кинематикасы;
2) «Динамика».
Күштер; күштерді қосу; Ньютон заңдары; бүкіл әлемдік тартылыс заңы; гравитациялық өрістегі дене қозғалысы;
3) «Статика және гидростатика».
Массалар центрі; тепе-теңдік түрлері, қатынас ыдыстар; Паскаль заңы, атмосфералық қысым, Торричелли тәжірибесі.
4) «Сақталу заңдары».
Механикадағы импульс және энергияның сақталу заңдары, серпінді және серпінсіз соқтығысулар;
5) «Гидродинамика».
Газдар мен сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағысы, денелердің тұтқыр сұйықтағы қозғалысы;
6) «Молекулалық физика".
Молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары, термодинамикалық параметрлер; кристалл және кристалл емес заттар, қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың моделі, молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі;
7) «Газ заңдары».
Идеал газ күйінің теңдеуі; изопроцестер; адиабаталық процесс;
8) «Термодинамика негiздерi».
Идеал газдың ішкі энергиясы, термодинамикалық жұмыс, жылу мөлшері, жылусыйымдылық, термодинамиканың бірінші заңы, термодинамиканың бірінші заңын әртүрлі процестерге қолдану, адиабаталық процесс, термодинамиканың екінші заңы, жылу қозғалтқыштары;
9) «Сұйық және қатты денелер».
Қаныққан және қанықпаған бу, ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі, сұйықтың беттік керілуі, жұғу, қылтүтіктік құбылыстар;
10) «Электростатика».
Электр заряды, Кулон заңы, электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, біртекті электр өрісіндегі электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар арасындағы байланыс, электрсыйымдылық; конденсаторлар; сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр өрісінің энергиясы;
11) «Тұрақты ток».
Электр тогы, ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі; толық тізбек үшін Ом заңы, электр тогының жұмысы мен қуаты, ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті, пайдаланылған энергия құны;
12) «Әртүрлі ортадағы электр тогы».
Металдардағы электр тогы; асқын өткізгіштік, жартылай өткiзгiштердегi электр тогы, жартылай өткізгішті құралдар, электролит ерiтiндiлерiндегi электр тогы, электролиз заңы, газдардағы және вакуумдегi электр тогы;
13) «Магнит өрісі».
Магнит өрісі; тогы бар өткізгіштердің әсері, Ампер тәжірибесі, магнит индукциясының векторы; бұрғы ережесі; Ампер күші; зарядталған бөлшектердің магнит өрісіндегі қозғалысы; заттардың магниттік қасиеттері; жасанды магниттер; соленоид;
14) «Электромагниттiк индукция».
Магнит ағыны, электромагниттiк индукция, электромагниттiк индукция заңы; Ленц ережесі; магнит өрісінің энергиясы; электрқозғалтқыш және тұрақты токтың электрогенераторы;
15) «Механикалық тербелістер».
Гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері;
16) «Электромагниттік тербелістер».
Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер; механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық;
17) «Айнымалы ток».
Айнымалы ток генераторы; еріксіз электромагниттік тербелістер; айнымалы ток; электр тізбегіндегі кернеу резонансы; Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану;
18) «Электромагниттік толқындар».
Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы; радиобайланыс; детекторлы радиоқабылдағыш; аналогты-сандық түрлендірулер; байланыс арналары; байланыс құралдары;
19) «Толқындық оптика».
Жарықтың интерференциясы; жарықтың дифракциясы; дифракциялық торлар; жарықтың поляризациясы;
20) «Геометриялық оптика».
Геометриялық оптика заңдары, жазықпараллель пластинадан шағылу, толық ішкі шағылу; оптика-талшықты тасымалдаушылар, оптикалық құралдар;
21) «Атомдық және кванттық физика».
Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы; сәулеленудің түрлері; спектрлер; спектрлік құралдар; спектрлік анализ; инфракызыл және ультракүлгін сәулелену; рентген сәулелері; электромагниттік сәулелену шкаласы; фотоэффект; фотоэффектіні қолдану; жарық қысымы; жарықтың химиялық әсері; лазерлер; голография; фотография; томография;
22) «Атом ядросының физикасы».
Табиғи радиоактивтілік; радиоактивті ыдырау заңы; атомдық ядро; ядроның нуклондық моделі; изотоптар; ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы; ядролық реакциялар; жасанды радиоактивтілік; ауыр ядролардық бөлінуі; тізбекті ядролық реакция; сындық масса; радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері; радиациядан қорғану; ядролық реактор; ядролық энергетика; термоядролық реакциялар;
23) "Нанотехнология және наноматериалдар".
Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, өзекті мәселелелері және дамуы; наноматериалдар;
24) "Космология".
Жұлдыздар әлемі; жұлдызға дейінгі қашықтық; айнымалы жұлдыздар; біздің Галактика; басқа Галактикалардың ашылуы; квазарлар; Үлкен жарылыс теориясы; қызыл ығысу және Галактикаға дейінгі қашықтықты анықтау; қара құрдым; Әлемнің ұлғаюы; Әлемнің эволюциясының негізгі кезеңдері; әлемнің моделдері; өмір және Әлем туралы ойлар; қара материя; нетронды жұлдыздар; аса жаңа жұлдыздар; Герцшпрунг-Рассел диаграммасы.
5. Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының мүмкіндігі бар:
1) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін және бақылау түрлерін таңдау;
2) оқу уақыты сағаттарының жалпы көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлу (пәнді оқуға бөлінген сағат көлемінен);
3) нақты дәлелдер мен фактілерге негізделген пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгерту;
4) жұмыс берушілердің талаптары және бөлімдер мен тақырыптар тізбесін тереңдету және кеңейту мақсатында өңірлік компонентті енгізу және бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптарды дайындық бағыты бойынша элементтерді енгізуге байланысты сағат көлемін және пәннің мазмұнын өзгерту 25% - дан аспайды.
6. Оқу жүктемесінің көлемі даярлау бағыты мен біліктілігіне байланысты 72-96 сағатты (3-4 кредит) құрайды.
7. Оқу пәнін іске асыру кезінде дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексеру қарастырылады.
2 -тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
№ р/с | Бөлім, бөлімше және тақырыптар атауы | Сағат саны | |||||
Барлығы | Сабақтар | ||||||
Теориялық | Практикалық | ||||||
1 бөлім. Механика. | | | | ||||
1.1 Кинематика. | + | + | + | ||||
Тақырып 1.1.1. Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері. Салыстырмалы қозғалыс. Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы. | | | | ||||
1.2. Динамика. | + | + | + | ||||
Тақырып 1.2.1. Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары Бүкіл әлемдік тартылыс заңы Гравитациялық өрістегі снарядтың қозғалысы. | | | | ||||
1.3. Статика және гидростатика. | + | + | + | ||||
Тақырып 1.3.1. Массалар центрі. Тепе-теңдік түрлері. Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс. Паскаль заңын қолдану Торичелли тәжірибесі. | | | | ||||
1.4. Сақталу заңдары. | + | + | + | ||||
Тақырып 1.4.1. Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары. | | | | ||||
1.5. Гидродинамика. | + | + | + | ||||
Тақырып 1.5.1. Сұйықтар кинематикасы. | | | | ||||
Тақырып 1.5.2. № 1 Зертханалық жұмыс: «Тұтқырлығы әртүрлі сұйықта қозғалатын кішкентай шардың қозғалысын зерттеу». | | | | ||||
2 бөлім. Жылу физикасы. | | | | ||||
2.1. Молекулалық физика. | + | + | + | ||||
Тақырып 2.1.1. Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері қағидалары. Термодинамикалық параметрлер Кристалл және кристалл емес заттар. | | | | ||||
2.2. Газ заңдары. | + | + | + | ||||
Тақырып 2.2.1. Идеал газ күйінің теңдеуі Изопроцестер. Адиабаталық процесс. | | | | ||||
2.3. Термодинамика негiздерi. | + | + | + | ||||
2.3.1. Термодинамика заңдарын қолдану Жылу қозғалтқыштары. | | | | ||||
2.4. Сұйық және қатты денелер. | + | + | + | ||||
Тақырып 2.4.1. Ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар. | | | | ||||
3 бөлім. Электр және магнетизм. | | | | ||||
3.1. Электростатика. | + | + | + | ||||
Тақырып 3.1.1. Электр өрісі. Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр мөлшері. | | | | ||||
3.2. Тұрақты электр тогы. | + | + | + | ||||
Тақырып 3.2.1. Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі. Кернеу және потенциалдар айырмасы. Толық тізбек үшін Ом заңы. Электр тогының жұмысы мен қуаты. | | | | ||||
3.3. Әртүрлі ортадағы электр тогы. | + | + | + | ||||
Тақырып 3.3.1. Металдардағы, жартылай өткізгіштердегі, электролиттердегі, газдар мен вакуумдағы электр тогы. | | | | ||||
Тақырып 3.3.2. № 2 зертханалық жұмыс: «Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу». | | | | ||||
3.4. Магнит өрiсi. | + | + | + | ||||
Тақырып 3.4.1. Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы ережесі. Ампер күші, Лоренц күші. Заттың магниттік қасиеттері. Жасанды магниттер. Соленоид. | | | | ||||
3.5. Электромагниттiк индукция. | + | + | + | ||||
Тақырып 3.5.1. Электромагниттiк индукция заңы. Электромагниттік құралдар. Магниттік-резонанстық томография. | | | | ||||
4 бөлім . Тербелістер. | | | | ||||
4.1. Механикалық тербелістер. | + | + | + | ||||
4.1.1. Механикалық гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері. | | | | ||||
4.2. Электромагниттік тербелістер. | + | + | + | ||||
Тақырып 4.2.1. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. | | | | ||||
4.3. Айнымалы ток. | + | + | + | ||||
Тақырып 4.3.1. Айнымалы ток генераторы. Еріксіз электромагниттік тербелістер. Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі резонанс. Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және қолдану, трансформатор. Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану. | | | | ||||
Тақырып 4.3.2. № 3 Зертханалық жұмыс: «Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау» | | | | ||||
Бөлім 5. Толқындар. | | | | ||||
5.1. Электромагниттік толқындар. | + | + | + | ||||
Тақырып 5.1.1. Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы. Радиобайланыс. Аналогты-сандық түрлендірулер. Байланыс арналары. Байланыс құралдары. | | | | ||||
6 бөлім. Оптика. | | | | ||||
6.1. Толқындық оптика. | + | + | + | ||||
Тақырып 6.1.1. Жарықтың интерференциясы Жарықтың дифракциясы | | | | ||||
Тақырып 6.1.2. Дифракциялық торлар № 4 Зертханалық жұмыс: «Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау». Жарықтың поляризациясы. № 5 Зертханалық жұмыс: «Жарықтың поляризациясын бақылау». | | | | ||||
6.2. Геометриялық оптика. | + | + | + | ||||
Тақырып 6.2.1 Геометриялық оптика заңдары. Оптикалық құралдар. | | | | ||||
Тақырып 6.2.2. № 6 Зертханалық жұмыс: «Шынының сыну көрсеткішін жазық паралель пластинаның көмегімен анықтау». | | | | ||||
7 бөлім. Кванттық физика. | | | | ||||
7.1. Атомдық және кванттық физика. | + | + | + | ||||
Тақырып 7.1.1. Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы. Спектрлік талдау. Электромагниттік сәулелену шкаласы. Фотоэффектіні қолдану. Жарықтың химиялық әсері. Рентгендік сәулелену. Лазерлер. | | | | ||||
7. 2. Атом ядросының физикасы. | + | + | + | ||||
Тақырып 7.2.1. Табиғи радиоактивтілік. Радиоактивті ыдырау заңы. Ядролық реакциялар. Ауыр ядролардық бөлінуі. Тізбекті ядролық реакция. Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану. Ядролық реактор. Ядролық энергетика. | | | | ||||
Тақырып 7.2.2. №7 Зертханалық жұмыс: «Жартылай ыдырау периодын анықтау». | | | | ||||
8 бөлім. Нанотехнология және наноматериалдар. | | | | ||||
8.1. Нанотехнология и наноматериалы. | + | + | + | ||||
Тақырып 8.1.1. Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, өзекті мәселелер және даму кезеңдері. Наноматериалдар. | | | | ||||
9 бөлім. Космология. | | | | ||||
9.1. Космология. | + | + | + | ||||
Тақырып 9.1.1. Жұлдыздар әлемі. Жұлдыздық шамалар. Жұлдыздардың классификациясы. Қашықтықты анықтау. Күңгірт энергия. Әлемнің үдеуі мен ұлғаюы. Үлкен жарылыс теориясы. Қызыл ығысу. | | | | ||||
Тақырып 9.1.2. Физикалық практикум. | | | |