Файл: леуметтік экономикалы баытты Физика пні бойынша техникалы жне ксіптік білімні лгілік оу бадарламасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 55

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


3 -тарау. Оқыту нәтижелері мен бағалау критерийлері


Бөлім атауы

Бөлімше атауы

Оқыту нәтижелері

бағалау критерийлері

Механика

Кинематика. Динамика. Статика және гидростатика. Сақталу заңдары. Гидродинамика


1))Механикалық қозғалыс заңдарын білу және табиғатта, техникада механикалық қозғалысты сипаттау және түсіндіруде қолдану.

1)Кинематика теңдеулерін есеп шығару барысында қолданады;

2) Ньютон заңдарын түсінеді, Паскаль заңын сипаттайды;

3) импульстің және толық механикалық энергияның сақталу заңдарын есептер шығаруда қолданады.

Жылу физикасы

Молекулалық физика.

Газ заңдары. Термодинамика негiздерi.

Сұйық және қатты денелер


  1. Газдардың негізгі қасиетін түсіндіруде МКТ білу және қолдана алу.

1) МКТ негізгі қағидалары мен идеал газды сипаттайды, Газ заңдарын есептерді шығаруда қолданады;

2) термодинамиканың бірінші және екінші заңдарының мәнін сипаттайды, Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайды;

3) шардың жылдамдығы бойынша оның ішкі үйкеліс коэффициентінің мәндерін анықтайды.

Электр және магнетизм

Электростатика

Тұрақты электр тогы.

Әртүрлі ортадағы электр тогы.

Магнит өрiсi.

Электромагниттiк индукция



1)Біртекті және біртекті емес электростатикалық өрістердегі құбылыстарды сипаттай білу және гравитациялық өрісті сипаттаушы шамалармен сәйкестендіру;

2) Ом заңын біртекті және біртекті емес, тұйық тізбекте қолдана алу.

1)Электр өрісінің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттайды, Толық тізбек үшін Ом заңын қолданады;

2)тұрмыстағы электр құралдарының жұмыс құны мен қуатына практикалық есептеулер жүргізеді;

3)өткізгіштердің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды анықтайды, Магнит ағыны өзгеру салдарынан электр қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіреді;

4)электромагниттік құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіреді.

Электролиттерде токтың пайда болу шарттарын эксперимент арқылы анықтайды.

Тербелістер

Механикалық тербелістер.

Электромагниттік тербелістер.

Айнымалы ток

1)Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастықтарды ажырату.

1)Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістерді сәйкестендіреді, еркін және еріксіз тербелістердің пайда болу шарттарын сипаттайды;

2) трансформатор орамдарының санын анықтайды.

Толқындар

Электромагниттік толқындар

1)Электромагниттік толқынның таралу механизмімен танысу.

1)Электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіреді және олардың қасиеттерін сипаттайды;

2)радиоқабылдағыштың жұмыс істеу принципін түсіндіреді.

Оптика

Толқындық оптика.

Геометриялық оптика

1)Геометриялық оптика заңдарын түсіндіре білу, жарықтың толқындық қасиетін сипаттау. Нақты есептерде Гюйгенс және Френель принциптерін қолдану.

1)Жарық толқындарының интерференциясы және дифракциясы пайда болу шарттарын сипаттайды;

2) жарықтың поляризация құбылысын эксперимент арқылы зерттейді;

3) линзалар жүйесінде (телескоп, микроскоп және лупадағы) сәулелердің жолын салады және түсіндіреді;

4) шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтайды.

Кванттық физика


Атомдық және кванттық физика.

Атом ядросының физикасы



1)Жарық көздерін топтастыра білу, Стефан-Больцман, Вин және Планк формуласын абсолют қара дененің жарықталынуын сипаттауда қолдана білу;

2)Эйнштейн теңдеуі мен фотоэффект заңдарын есептер шығаруда қолдану.

1)Электромагнитік сәулеленудің корпускулярлық-толқындық табиғатын дәлелдейтін мысалдар келтіреді;

2) электромагниттік сәулеленуді, олардың пайда болу табиғаты мен затпен әрекеттесуіне қарай ажыратады;

3) графикалық тәсіл арқылы жартылай ыдырау периодын анықтайды.

Нанотехнология және наноматериалдар

Нанотехнология и наноматериалы

1)Нанотехнологияның негізгі жетістікерін білу.

1)Наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын сипаттайды және қолданылуын атайды.

Космология


Космология

1)Жалпы Ғаламның қасиеттері мен эволюциясын білу.

1)Жұлдызды аспан мен негізгі қағидаларды жұлдыздар бойынша бағдарлауды сипаттайды, Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын анықтайды.