Файл: Спорт таусылмас азы, нер сарылмас байлы атты эстетика пндер бірлестігі апталыыны орытындысы Мектебімізде 2 мамыр мен 10 мамыр аралыында Спорт таусылмас азы, нер сарылмас байлы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 27
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Спорт – таусылмас азық, өнер – сарқылмас байлық»
атты эстетика пәндер бірлестігі
апталығының қорытындысы
Мектебімізде 2 мамыр мен 10 мамыр аралығында «Спорт – таусылмас азық, өнер – сарқылмас байлық» атты эстетика пәндер бірлестігінің апталығы болып өтті. Мектепішілік іс – шаралар ұйымдастырумен барлық сынып оқушыларының жан – жақты шеберліктерін дамытып қана қоймай, спортқа, музыкаға, қолөнерге баулу мақсатында түрлі қызықты іс – шаралар өткізді.
2 мамыр күні апталықтың ашылуы өткізіліп, іс – шаралар жоспары таныстырылып, сынып арасында дойбы ойыны ойнатылды.
Сол күні үшінші сағатта көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сатыгалиева Ардак «Жеке бас гигиенасы, өз-өзіне күтім жасау» тақырыбында 5-сыныпта ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысы қызғылықты өтті. Оқушылар белсене қатынасты.
3мамыр күні Қ. Дүсенгалиев, А. Кузенкулова, А .Сатыгалиева А. Қырылдақованың ұйымдастыруымен «Ұранды елдің-ұрпағы қайсар» патриоттық әндер байқауы өткізілді. Сайысқа 7-9 сыныптардан құралған екі топ қатынасты. Тартысты өткен шарада оқушылар патриоттық әндер орындады. Көп дауыспен айтылған әндер жүрекке жылу ұялатты.
4 мамыр күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бисембин Нурлан 6-сыныпта «Өз ойындарын қайта қараужіне көрсету» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сонымен қатар, осы күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Рзина Гулбану 4- сыныпта «Қозғалмалы ойындар.Кім мерген?» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақтар жоспары жүйелі құрылған. Ашық сабақтар барысында оқу мақсатына жетуге бағытталған әдістер қолданылды.
5 мамыр күні 6-сыныпта музыка пәнінің мұғалімі Дүсенғалиев Құрал «Туған жердің таланттары» тақырыбында ашық сабағы өткізілді. Сабақтар барысында оқытудың белсенді әдістері тиімді қолданылып, оқушылар белсене қатысты.
«
10 мамыр күні үйірме жетекшісі Кузенкулова Акерке «Құрақ құраудың тезнологиясы» тақырыбында үйірме қатысушыларына шеберлік сағатын өткізді. Оқушылар қызығушылықпен қатысты
Сонымен қатар, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері « Жас жауынгер» спорттық жарыс өткізді.
10 мамыр күні апталық қорытындыланып, апталыққа белсене қатынасқан оқушылар мен сайыс жеңімпаздары грамоталармен, сыйлықтармен марапатталды. Апталықтың бекітілген жұмыс жоспарындағы барлық іс –шаралар мазмұнды, мағыналы, сапалы өткізілді.
Эстетика пәндер бірлестігінің жетекшісі: Рзина Г