Файл: 02. 09. 2010 1 басылым 03. 09. 2013 2 басылым.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 73

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сонымен, ақпараттық жүйенің мақсаты нақты өмірдегі объектілердің өзара байланысын ескере отырып, объектілер жайлы деректерді өңдеу болып табылады. Мәліметтер қоры теориясында мәліметтерді атрибуттар, ал объектілерді маңыздылықтар деп атайды. Объект, атрибут және байланыс – АЖ – нің іргелі түсініктері болып табылады.

  • Объект (маңыздылық) – бұл нақты өмірде бар және бір – бірінен айыруға болатын «нәрсе», яғни аталуы және өзіне ұқсастардан айыратын тәсілдерден тұратын «нәрсені» объект деп атауымызға болады. Мысалы, әрбір мектеп бұл объект. Объект ретінде сондай – ақ адам, мектептегі сынып, фирма, химиялық қосындылар және т.с.с. бола алады. Нақты өмірді бейнелейтін абстрактілі түсініктер де объект бола алады. Мысалы, оқиға, өнер шығармасы, театр қойылымы, кітаптар, кинофильмдер және т.с.с.

  • Атрибут (мәліметтер) – бұл объектіні сипаттайтын анықталған көрсеткіш және бұл объектнің нақты экземпляры үшін санды, мәтінді немесе басқа мәндерді қабылдайды. Мысалы, фирма шығаратын өнім объект болсын. Бұл өнімнің мәліметі ретінде оның аталуы, түсі, салмағы және т.с.с. бола алады.

Объект жайлы ақпарат құрылымды болуы тиісті, өйткені компьютерде құрылымды ақпаратты өңдеу оңай. Құрылымды ақпарат – бұл мәліметтердің көрініс тәсілдеріне қандайда бір келісімді енгізу болып табылады. Мысалы, мәтіндік файлдар компьютердің ұтымды өңдеуіне жарамсыз болып келетін «құрылымсыз» немесе «әлсіз құрылымды» ақпараттардан тұрады.

Дәріс №5.

Дәріс тақырыбы: Мәліметтердің реляциялық, моделінің элементтері

Мәліметтердің реляциялық, моделінің элементтері мен оларға сәйкес ұғымдар 1 -кестеде көрсетілген. Мәліметтер қорын құрайтын кестенің әрбір жазбасын даралау үшін, яғни кестеде бірдей жазбалардың болмауын қадағалау үшін кестенің бір немесе бірнеше атрибуттарынан кестенің кілтін немесе негізгі кілтін анықтауға болады.

К есте кілтінің мәні бірде-бір рет кайталанбайтын ерекше болуы шарт, яғни кестеде кілт бағанасындағы (бағаналарындағы) мәндері өзара бірдей екі немесе одан да көп жазбалар болуы мүмкін емес. Бірнеше атрибуттан кұралған жағдайда құрама кілт барынша аз атрибуттардан ықшам
анықталғаны дұрыс; мұндай кілттің құрамында оны өшіріп тастаған жағдайда ештеңе өзгермейтін, яғни жазбалардың ерекшелігіне ешқандай әсер тигізбейтін атрибуттар болмағаны жөн.

Мысалы, Student (ҒІО, Special, Datard) кестесінде кілт ретіңде ҒІО немесе Special немесе Datard жеке жиектерін қолдануға болмайтыны түсінікті:

  • FIO жиегінің кілт болмайтын себебі — кестеде аты-жөндері бірдей студенттер болуы мүмкін;

  • Special жиегінің кілт болмау себебі — бір мамандықга бірнеше студентгердің дәріс алатыны;

Datard жиегінің кілт болмайтын себебі — туған күндері бірдей студенттер болуы мүмкін.

Бұл кестенің кілті ретінде FIO, Special жөне Datard жиектерінің жиынын да алуға болмайтыны анық: жоғары оку орнында бір мамандық бойынша бір күнде туылған аты-жөндері бірдей бірнеше білімгерлердің кездеспейтініне кім кепіл? Мұндай жағдайда кестеге әрбір жазбадағы мәні ерекше болатын арнайы жиек енгізген дұрыс; мысалы натурал сандарды кабылдайтын білімгерлердің коды — Kodstud атрибуты: Student(Kod_stud, FIO, Spe­cial, Datard) (кілт-жиектің асты сызылған). Әдетте мұндай жиектің мәні қолданбалы программада программалық жолмен немесе мәліметгер қорында автоматтандыру арқылы беріледі.

Кесте кілтінің атқаратын қызметі:

І.Жазбалардың қайталануын болдырмау

2.Кортеждерді кілт жиектің (жиектердің) мөндерінің өсу немесе кему ретімен реттеу

3. Кестедегі жазбаларды окуды тездету

4.Кестелерді өзара байланыстыру.

Реляциялық моделде кестелердің байланысы сыртқы кілттер (Foreign Key — FK) арқылы ұйымдастырылады. Сыртқы кілт — мәңдері басқа бір кестенің жазбалары арқылы көрсетілген, яғни басқа бір кестенің негізгі кілтінің мәндерінен тұратын атрибут. Сыртқы кілті анықталған қатыс (кесте) оған сәйкес атрибуты (жиегі) негізгі кілті болып табылатын екінші бір қатысқа (кестеге) сілтеме жасайды деп айтады, мысалы, Customer және Order (Клиент жене Тапсырыс) кестелерін қарастырайық (1-сурет), мүңцағы Customer — басты

  • (негізгі, аналық) кесте, Order – қосымша (бағыныңқы, балалық) кесте. Мазмұндауды

  • жеңілдету үшін MS Access пакетінің құрамыңдағы Борей немесе NorthWind мәліметтер қорына сүйенейік:

Мәліметгер қорындағы деректер бірмәнді және өзара біртұтас үйлесімді болуы үшін реляциялық моделде шектеуші шартгар анықгалады. Шектеуші шарттар дегеніміз мәліметтердің мүмкін мәндерін қадағалаушы тәртіптер; мұндай үйлесімділік (бүтіңдік) шарттары мәліметтер қорын өңдеу және өзгерту кезінде кетуі мүмкін қателерді

болдырмауға мүмкіндік береді.МҚ-ның шектеулері категориялык, бүтіндік және сілтеме



1- cypem. Customer және Order кестелерінің байланысы үйлесімділік болып екі түрден тұрады. Категориялық бүтіндік шектеуінің мағынасы: катыстың кортеждері МҚ-ның нақты объектісінің элементтерін, реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелерінің типіне сәйкес категориясын анықгайды. Мысалы, Кітап кестесінің кезкелген жолындағы жазба нақгы бір кітапты көрсетеді. Кестенің кілті әртүрлі бір кортежді, яғни категорияның әрбір элементін анықгайды. Демек, кестенің бір жолыңдағы мәліметгі оку немесе өзгерту үшін бұл жазбадағы кілттің мәнін білу керек.

Жазбаны кесте кілтінің құрамындағы барлық атрибутгары толық анықгалмағанша МҚ-на жазу, енгізу мүмкін емес. Бұл тәртіп категориялық бүтіндік тәртібі деп аталады және қысқаша былайша тұжырымдалады: кесте кілтінің ешбір атрибуты анықгалмаған болуы мүмкін емес.

Екінші шарт мәліметтер кестелеріндегі біртұтастықты қамтамасыз ету үшін сыртқы кілтке сілтеме үйлесімділік деп аталатын шектеу қояды. Егер екі кесте өзара байланыстырылған болса сыртқы кілттің мәндері екінші кестеде өзімен байланыста тұрған кілттің мәндерінен ғана тұрады, мысалы, 1-суреттегі Customer және Order кестелерін ашып көрсетейік:

Егер сыртьды кілттің мәндерінің растығын МҚБЖ бақыламайтын болса мәліметтердің сілтеме үйлесімділігі бұзылады, мұны келесі мысал арқылы түсіндіруге болады: егер Customer кестесінен Order кестесінің кемінде бір жазбасымен байланысы бар кезкелген бір клиентгі өшірсек, мысалы 3-жазбаны - Айжанды, онда Order кестесінде Customer-де тіркелмеген жоқ клиенттердің жасаған






тапсырыстары туралы мәліметтердің болуына әкеп соқтырады. Тура осындай қате Order кестесінің сыртқы кілті Customer жиегіне Customer кестесінде тіркелмеген клиенттің кодын енгізген жағдайда, мысалы, 4, 5, т.с.с, орын алады.

Категориялық және сілтеме үйлесімділік шарттарын МҚБЖ бақылауы тиіс. Категориялық бүтіндікті қамтамасыз ету үшін жазбаларда кесте кілтінің бірдей мәндері болмаса жеткілікті, ал сілтеме үйлесімділікті камтамасыз ету күрделірек: басқа бір қатысқа сілтеме жасайтын қатысты
өзгерткенде осы қатыстағы сыртқы кілтке мүмкін мәндерін енгізсе жеткілікті. Ал сілтеме жасалып тұрған негізгі қатыстан бір кортежді өшіргенде сілтеме үйлесімділікті қамтамасыз ететін келесі үш жағдайдың біреуін қолдануға балады:

-негізгі кестеде қосымша кестеден сілтеме жасалып тұрган ешбір кортежді өшіруге болмайды; ягни алдымен қосымша кестедегі мұндай жазбаларды өшіріп тастау немесе жазбадағы сыртқы кілттің мәнін қажетіне қарай өзгертіп aлy керек;

-қосымша кестеден сілтеме жасалган сәйкес кортежді негізгі кестеден өшіргенде қосымша кестедегі онымен байланыстағы барлық жазбалардағы сыртқы кілттің мәні анықталмамаған мәнге ие болады;

-әсерлі өшіру (Cascade Delete): негізгі кестеден бір жазбаны өшіргенде қосымша кестедегі онымен байланыстағы барлык жазбалар жаппай өшіріледі.

Дәріс №6.

Дәріс тақырыбы: Кестелердің арасындағы байланыс түрлері.

Көп жағдайда бір кесте (қатыс) жеке бір файлда сақталады. Жалпы МҚ алға қойылған мақсатқа сәйкес анықталған бір немесе өзара байланыстағы бірнеше кестелердің жиынынан тұрады, мысалы, MS Access МҚБЖ-де МҚ файлында кестелермен қатар сұрыптамалар, қорытындылар, үлгілер, макростар және модульдер сияқты басқа да МҚ-ның барлық объектілері бірге сақгалады. Реляциялық МҚБЖ-де кестелердің байланысын көрсету үшін оларды әзара байланыстыру амалын қолданады, бұл МҚ-на енгізілген мәліметтердің толықтығын, үйлесімділігін, МҚ-ның біртұтастығын кадағалауға және мәліметтер қорын өңдеу барысында қажетті деректерді тез табуға, жылдам оқуға, көруге, өзгертуге, теріп алуға және қорытынды құжаттарды оңай дайындауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандай МҚ-ның екі кестесінің арасында бір-біріне тәуелділік қатысы болуы мүмкін; өзара байланыстағы екі кестенің біреуі master— басыңқы (негізгі, аналық), екіншісі de­tail бағыныңқы (қосымша, балалык) кесте болып табылады. Реляциялық МҚ-да қатыстардың байланысының негізгі үш түрі кездеседі (2-кесте):

- "бірге-бір " (1:1) — one-to-one relationship;

-"бірге-көп" (1:М) — one-to-many relationship немесе "көпке-бір"(М:1);

-"көпке-көп" (М:МнемесеM:N) —many-to-many relationship.

Егер Customer кестесіндегі әрбір клиенттің ешқандай немесе тек қана бір тапсырыс жасау мүмкіндігі болса, онда Customer және Order кестелері "бірге-бір" қатысымен байланыста болады. Ал егер әрбір клиент нөл, бір немесе бірнеше тапсырыс жасай алатын болса, онда бұл кестелер "бірге-көп" немесе
master- detail катыста, Customer — master кесте, Order — detail кесте (2-сурет).

"Бірге-бір" байланысы(1:1) екі кестенің де байланыстырушы жиектері олардың кілті болған жағдайда орын алады, сондықган бұл кестелердің өзара дәрежелері бірдей. Бұл байланыс МҚ-да сирек қолданылады, себебі мұндай кестелердегі мәліметтерді ЭЕМ жадын тиімді пайдалану мақсатында бір кестеге біріктіруге болады.

Мәліметтер қорын өндеуді тездету, әртүрлі деңгейдегі қолданушылардың тек өзіне қажетті деректермен ғана жұмыс істеуі арқылы олардың жұмысын жеңілдету, жылдамдату мақсатында кейде бір кестедегі мәліметтерді әдейі екі немесе одан да көп бірнеше кестелерге жіктеуге болады, мысалы, бір мекеменің жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы мәліметтер қорын құру керек болсын: ғылыми жұмыстың тақырыбы, мақсаты, шифры, басталған күні, аяқталған күні, зерттеу кезендерінің саны, басты орындаушы, қосымша мәліметтер. Бұл деректердің кейбіреуі "құпия", кейбіреулері — "жалпы" пайдалану мақсатында болса, оларды екі кестеге жіктеген дұрыс; мысалы, құпия мәліметтерді — жұмыстың шифрын, тақырыбын және басты орындаушыны бір кестеге, қалғандарын — екінші кестеге. Мұндай екі кесте жұмыс шифры атрибуты арқылы байланыстырылады, әрине бірінші кестені рұқсаты жоқ қолданушылардан қорғау керек.

"Көпке-бір" байланысы(М:1) негізгі және қосымша кестені анықгау барысына байланысты МҚ-нда кеңінен қодданылатын "бірге-көп " байланысының(1:М) бір түрі болып табылады.



"Бірге-көп" байланысына(1:М) қоймадан тұтынушыларға жіберілген заттарды есепке алу тарифі бойынша Tovar және Rashod кестелерінің байланысын көрсетуге болады (3,4—суретгер), мұңцағы Tovar— заттың аты, Edjzm тауардың өлшем бірлігі, Сепатауардың бір бірлігінің сату бағасы, Dataras— тауардың жібірілген күні, Kolras жіберілген заттың саны. Бұл мысалдағы 14.05.04 -не дейінгі мәліметтер бойынша күріш әлі сатылмаған, соңдықган Rashod кестесіңце күрішке сәйкес жазба жок, Rashod кестесінің кілті