Файл: Желілік этикет Педагогты атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Желілік этикет

Педагогтың аты-жөні

Шарипова Мадина Тлековна

Күні




Сынып 9 Б

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Желілік этикет

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


9.4.2.1 - желіде жұмыс істеу барысында этикалық және

құқықтық нормалардың бұзылу салдары туралы ой қорытып

айту

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Желілік этикет ұғымы мен ережелерімен танысу.

Көптеген оқушылар:

Чаттардағы желілік этикеттерді анықтау

Кейбір оқушылар:

Желілік этикеттің қолданылу қажеттілігін тұжырымдау.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

Ой сергіту

«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.

Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып,

«Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды

адамсыз», – дейді. Әр қатысушы жүрекшені алып,

жалғастырады. Бірақ бір оқушы айтқан тілекті басқа

оқушы қайталамауы керек. Қайталаса айыбын өтейді.

Айтылған сөздің авторының тапсырмасын орындайды.

Үй тапсырмасын пысықтау

Оқушылар өткен тақырып бойынша дайындап келген

тест тапсырмаларын бір-бірлеріне береді. Жауаптарын

бірге талдайды.

Бір-бірлерін бағалайды.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.



Жүрекше

А4 қағазы

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау

 Желіде жұмыс жасағанда қандай ережелерді

ұстанасың?

 Этикет, желілік этикетті қалай түсінесің?

 Авторлық құқық, плагиат дегеніміз не?

Оқулықпен жұмыс. (Мұғалімнің көмегімен)

Мұғалім түсіндірмесі

Суреттерді мұғалім түсіндірерде миға шабуыл

сұрақтарын пайдаланады. Бұл жерде мұғалім

балалардың күнделікті тұрмыста үлкендерден көріп

жүрген компьютерде файл, бума, жарлықтармен жұмыс

жасау сәттері жайлы әңгімелеуге шақырады.

-мұғалім интербелсенді тақтадан Әдістемелік

түсіндірме бойынша жұмыс жасайды. Балалар

мұғалімнің айтқан қадамдарын бірлесіп орындайды.

Топтық жұмыс: «Айналдыру» әдісі

1-топ: Желіде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен

желілік этикет.

2-топ: Электронды поштада хат жазудағы сыпайылық

ережелері.

3-топ: Чаттардағы желілік этикет.

Дескриптор

Желілік этикет ережелерін анықтайды, салыстырады.

Компьютермен жұмыс

Электронды пошта арқылы бір-бірлеріңмен қызмет

төңірегінде танысып, мәліметтер алыңдар.
Дескриптор

Электронды поштада желілік этикет ережесін сақтайды.

Жұптық жұмыс

Бүгінгі таңда құрдастарың желіде қарым-қатынас

құрудың қандай түрлерін қолданады? Не себепті?

Талдау жасаңдар. Дәлелді мысалдар келтіріңдер.

Дескриптор

Желілік этикеттің қажеттілігін тұжырымдайды.

Оқушылардың жұмыстары «Температура» әдісі

бойынша бағаланады. Термометр шкаласына

оқушылардың аттарын стикерге жазып жапсыру.

Мұғалімді тыңдайды






Сабақтың соңы

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

1. Интернетте бүгінгі таңда ақпарат алмасудың,

қарым-қатынас жасаудың қандай мүмкіндіктері

бар?

2. Этикет дегеніміз не?

3. Желіде пайдаланатын қандай ұғымдармен

таныссың?

4. Желідегі этикеттің ережелері неден тұрады?

5. Электронды поштада хат жазуда, форуммен

чаттарда ұстанатын сыпайылық ережелері неден

тұрады?

6. Желідегі ақпараттарды пайдаланудың қандай

құқықтық нормалары бар?

Мен бүгін қандай жаңа ақпаратпен таныстым? Не қызық болды?

Өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

Ғаламтордан қосымша ақпараттар жинау

1. Әлеуметтік желіде ақпарат алмасу.

2. Плагиат дегеніміз не?