Файл: Бір отбасы бір кітап Оуа штар мектеп жобасы 2022 2023 оу жылы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 407
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Бір отбасы –бір кітап |
| «Оқуға құштар мектеп» жобасы 2022 – 2023 оқу жылы |
| Жауапты мұғалімдер: Ж.Жакупбекова, Э.Темиралиева |
Сіздер білімді де, талантты оқушыларсыздар. Сайыс барысында қай оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайтынын, кім көп оқып оқығанын, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екенін анықтап, бағасын беретін боламыз. Бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүргізілген сайымызда 5-6 сыныптарға батыр, батырлық жайлы тақырып таңдалған болатын. Сол себепті алғашқы кезеңдер батырлар жырын оқу, Махамбет батырдың жырларын мәнерлеп жатқа оқу, Махамбет батырдың өміріне арналған Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі мен Мұқтар Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармалары оқуға берілген болатын. «Қайталау –білім анасы» дегендей оқылған кітаптарды жадыда пысықтау мақсатында Жұмбақ ұяшықтардағы сұрақтарға жауап бересіздер. Әр ұяшықтың тиесілі ұпай сандары болады. Әр оқушы өзі қалаған ұпай санын таңдап, сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда ұпай санын иеленеді. (жұмбақ ұяшықтар)
| 5 | 5 | 5 | 5 | 5 |
| 4 | 4 | 4 | 4 | 4 |
| 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
IV кезең тақырыбы: Б.Момышұлы: өмірі мен шығармашылығы. «Ұшқан ұя» повесі.Мақсаты: Батыр жазушының өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. Қысқаша шолу: Мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары Бауыржан Момышұлының өмірі, шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері, жазбалары жайлы ізденіп, мағлұмат беріп, шығармаларынан үзіндіні жатқа оқып, Бауыржан Момышұлы жайлы толық таныстырылым жасайды. Мектеп оқушыларының оқуға деген құштарлығы артып, батырды қайталанбас тұлға ретінде қабылдайды. Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік:І-бөлім:«Сүйер үлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар ол» (Презентациялық таныстырылым) - 5 минутІІ-бөлім:Ел үшін аянба ерлігіңе сын,– Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын (монолог оқу). – 3 минутЖүргізуші:Дейді ойшылдар «Кітап-білім бұлағы»,Кітапхана-сол кітаптар тұрағы.Көп үйреніп, көп оқыған баланыңАнық тағы білімпаз боп шығары.«Сүйер үлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар ол» тақырыбында батырдың өмірі мен шығармашылық жолына презентациялық таныстырылымды бастайық.Жүргізуші: Өмір мәні- өнер менен білімде, Айтайықшы кітабыңды жыр ете. Әрі ақылшың, рухани қазына, Құнды байлық баға жетпес бұл өте.Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын - деп Баукеңнің кереметтей нақыл сөзін негізге ала отырып, жазушы шығармашылығынан үзіндіні жатқа оқу кезеңін бастайық. (Монолог оқу)Қорытынды:Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат - білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине кітаптан. «Ізденсем, білсем деген» деген балаға кітап таптырмас қазына. Ата-анамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап - білім бұлағы, білім өмір-шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. Қазақтың бас ақыны Абай айтпақшы, адам баласы үшін кітап- тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады. Білім іздесең, Кітаппен таныс, Еңбегің еш болмайды. Ақыл іздесең, Адаммен таныс, Өнерің кеш қалмайды.МАРАПАТТАУ, Бағалау парағы:Жалпы 3 кезең.
| № | Сайыс кезеңдері | Сыныбы | 1 – кезең Жұмбақ ұяшықтар | 2 - кезең | 3 - кезең | Қорытынды балл | |
| Оқушының аты-жөні | Презентация | Монолог оқу | |||||
| 1 | Абилтай Нұрислам | 6 | | | | | |
| 2 | Абишев Жаңагер | 6 | | | | | |
| 3 | Алдияр Мұхамедияр | 6 | | | | | |
| 4 | Камбул Ранай | 6 | | | | | |
| 5 | Қасым Нұрсұлтан | 6 | | | | | |
| 6 | Нұрлан Мейіржан | 5 | | | | | |
| 7 | Тұрғанбек Жанерке | 5 | | | | | |
| | | | | | | | |
Бағалау критерийлері: