Файл: Таырыбы "Жрек жылуы" (атааналара арналан тренинг) Масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 65
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: "Жүрек жылуы" (ата-аналарға арналған тренинг) Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.
Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,
өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.
ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі
жайлы түсіндіру.
Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.
Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектебімізге келе беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.
Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс — әрекетіңіз.

-
«Танысу» жаттығуы
-
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс — әрекетіңіз.
-
Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар? -
Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба? -
Балаларда қызғаныш, өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден? -
Балаларыңыз игілік істер істесе оларды қалай мадақтайсыздар? -
«Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?
-
Бейнебаянмен бала тілегі тыңдалады.
-
Балама ақ тілек.