Файл: Химия факультеті Органикалы химия жне полимерлер кафедрасы ОУ (таныстыру) Тжірибе туралы есеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 46

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ағымдағы аналитикалық жұмыстарға арналған зат ерітінділерінің күн сайын жұмыс күні аяқталғанда жауапты тұлғаға өткізеді және жабық, мөр басылған шкафта сақтайды.
Улы заттармен жұмыс істеуді нұсқаулықтан өткен жұмыскерге тапсыруға жол беріледі.


Химиялық ыдыстар, құрал-жабдықтармен танысу



Химиялық зертханалық ыдыстар шыныдан, кварцтен, фарфордан, платинадан, пластиктен (полипропиленнен, полиэтиленнен, фторопластардан), алтын мен күмістен жасалады.
Кварцтен жасалған ыдыстар көбінесе аса таза заттармен, сонымен бірге 12000С – қа дейін қыздыру үшін, вакуум астында жұмыс орындағанда қолданылады. Платинадан жасалатын химиялық зертханалық ыдыстар негізінен фторсутек қышқылымен (балқытқыш қышқыл) жұмыс үшін қолданылады. Платинадан жасалатын химиялық зертханалық ыдыстарды оңай тотықсызданатын заттармен жұмыстарда, мысалы PbSO4, PbO2, SnO2, Bi2O3, Sb2O3, сонымен бірге құрамында күкірт, фосфор бар заттармен, темірі көп заттарды қақтағанда, галогендер бөлінетін жағдайларда қолданбаған дұрыс. Алтын мен күмістен жасалған тигельдерді 900—1000°C температурада әр түрлі заттарды сілтілермен қақтағанда қолданады. Фарфордан жасалған химиялық зертханалық ыдыстар шыны ыдыстарға қарағанда берігірек және термотұрақты, бірақ мөлдір емес және ауыр. Пластиктен жасалған химиялық зертханалық ыдыстар көбінесе фторсутек қышқылымен (балқытқыш қышқыл) жұмыс үшін қолданылады. Пластикалық ыдыстар шыны ыдыстарға қарағанда арзан және ұзағырақ қолданылады. Полипропилен қышқылдарға, сілтілерге берік, тез жуылады және тез құрғайды, бірақ пластиктен жасалған ыдыстарды тек 1300С төмен температураларда ғана қолданады.
Жалпы қолданылатын ыдыстар: сынауықтар (пробиркалар) (5-25мл); сүзгіштер (жай, сұйықтарды құю үшін қолданылатын, сүзуге және бөлуге қолданылатын); стакандар (5-1000мл); дөңгелек түпті колбалар (10-1000мл) жалпақ түпті, жұмыр түпті, конус тәрізді колбалар (Эрленмейер колбасы), Бунзен колбасы; суытқыштар; крандар, кристаллизаторлар, сифондар (сұйықтарды құю үшін), бюкстер.
Арнайы қолданылатын ыдыстар: дистилляцияға қолданылатын колбалар; аллонждар – ілмекті түтіктер (суытқышты сұйықтықты қабылдағышпен қосады); дефлегматорлар (фракционды айдауда қолданылады); Кипп аппараты (газдар алу үшін қолданылады); Кьельдаль қондырғысы (азотты анықтау үшін қолданылады); Тищенко шынысы; пикнометрлер; ареометрлер; дөңгелек түпті колбалар; арнайы суытқыштар; заттардың қайнау және балқу температураларын анықтайтын құралдар; эксикаторлар (баяу суыту үшін және ауадан ылғалды, газдарды жұтып алатын заттарды сақтау үшін қолданылады). Бұл ыдыстар тек белгілі бір мақсаттар үшін ғана қолданылады.

Өлшегіш ыдыстар: цилиндрлер, мензуркалар, тамшуырлар (пипеткалар), бюреткалар және өлшегіш колбалар. Өлшегіш химиялық зертханалық ыдыстар градуирленген, сондықтан оларды қыздыруға болмайды. Өлшегіш ыдыстар да барлық химиялық зертханалық ыдыстар сияқты көлемдері, диаметрі және пішіндері бойынша ажыратылады. Оларға: тамшуырлар – сұйықтықтарды (0,1-100мл) және газдарды (100мл жоғары) алу үшін; бюреткалар (1-100мл) – титрлеу үшін және көлемді дәл өлшеу үшін (микробюреткалар, көлем өлшейтін, салмақ өлшейтін, поршенді және газды бюреткалар болады); өлшегіш колбалар (10-2000мл) – сұйықтардың көлемін өлшеуге және сұйық заттардың белгілі көлемін сақтау үшін; өлшегіш мензуркалар мен цилиндрлер (градуирленген, бірақ дәлдігі төмен) жатады.

Жалпы қолданылатын ыдыстар
С этим файлом связано 6 файл(ов). Среди них: Канибай Ұлнәзік 8 апта семинары.docx, docsity-citologiya-testt-na-rubezhnyy-kontrol.pdf, КРОК МЕДБИО итог 2 2016-2017 СТУД (1).doc, СӨЖ жұмысы 2-ші апта.pptx, тест50.docx, Vnutrennie_Bolezni_makolkin.pdf.

Показать все связанные файлы

Подборка по базе: 5 ЗЕРТХАНАЛЫК ЖУМЫС-конвертирован-сжатый.pdf, 2 зертханалық жұмыс Кішкентай денелердің өлшемін анықтау Жұмысты, 7 зертханалық жұмыс.pdf, №7 зертханалық жұмыс Амангелдиев Мирас.docx, Саба_ты_ та_ырыбы Практикалы_ ж_мыс №12 Сапалы_ ж_не санды_ есеп, 6 зертханалық жұмыс.docx, 4 зертханалық жұмыс.pdf, №1 Зертханалық жұмыс.ppt, Сапарғали Аспан 19-07 Зертханалық жұмыс 5 пайтон.docx, Фотомод зертханалық 3-4-5.docx

1 2 3

recommended by

АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯДАҒЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Сапалық анализдің мәні және мақсаты
Заттың құрамын, яғни сапасын анықтауда сапалық анализ сандық анализ-ден бұрын жасалынады, себебі сандық анализдің әдісін таңдау сапалық анализдің қорытындыларына негізделген.
Сапалық анализдің мәні – қазіргі кезде қолданылатын әдістерді пайдала-нып, оны әрі қарай дамыту. Сапалық анализдің мақсаты – зерттелетін заттың сапасын анықтау, яғни сол заттың кұрамына кіретін жеке элементтерді және иондарды анықтау. Жалпы химия және биология пәнінің мұғалімдерін даярлауда сапалық анализдің әдістемелік және педагогикалық маңызы зор.
Сапалық анализ бөлімі, болашақ химия пәні оқытушысының ойлау қабіле-тін дамытып, логикалық қорытындылар жасауда, химиялық құбылыстарды, олардың әрекеттесуінің арасындағы байланыстарды талдауда және ғылыми тұрғыдан көзқарасын арттыруда маңызы зор.

І. Аналитикалық химия зертханаларында қолданатын ыдыстар, кұрал-жабдықтар және химиялық реактивтер
1.1 Зертханалық құрал-жабдықтар мен ыдыстар
Зертханалық жабдықтар: зертханалық арнайы үстелдер, тартқыш шкафтар, реактивтер тұратын шкафтар, дистилляторлар, центрифугалар, сулы ысытқыштар, кептіргіш шкафтар, муфель пеші, таразылар, микроскоптар, Кипп аппараты, эксикаторлар, реактивтер, спирт шамы, химиялық ыдыстар және т.б.


Зертханалық арнайы үстелдерді таза ұстау қажет, артық заттарды үстелге қоймау керек!
Зертханада қолданылатын ыдыстар негізінен:
а) жалпы қолданылатын ыдыстар;
б) арнайы қолданылатын ыдыстар;
в) өлшегіш ыдыстар;
г) фарфор және отқа төзімді ыдыстар болып бөлінеді.
Химиялық зертханалық ыдыстар шыныдан, кварцтен, фарфордан, платинадан, пластиктен (полипропиленнен, полиэтиленнен, фторопластардан), алтын мен күмістен жасалады.
Кварцтен жасалған ыдыстар көбінесе аса таза заттармен, сонымен бірге 12000С – қа дейін қыздыру үшін, вакуум астында жұмыс орындағанда қолданылады. Платинадан жасалатын химиялық зертханалық ыдыстар негізінен фторсутек қышқылымен (балқытқыш қышқыл) жұмыс үшін қолданылады. Платинадан жасалатын химиялық зертханалық ыдыстарды оңай тотықсызданатын заттармен жұмыстарда, мысалы PbSO4, PbO2, SnO2, Bi2O3, Sb2O3, сонымен бірге құрамында күкірт, фосфор бар заттармен, темірі көп заттарды қақтағанда, галогендер бөлінетін жағдайларда қолданбаған дұрыс. Алтын мен күмістен жасалған тигельдерді 900—1000°C температурада әр түрлі заттарды сілтілермен қақтағанда қолданады. Фарфордан жасалған химиялық зертханалық ыдыстар шыны ыдыстарға қарағанда берігірек және термотұрақты, бірақ мөлдір емес және ауыр. Пластиктен жасалған химиялық зертханалық ыдыстар көбінесе фторсутек қышқылымен (балқытқыш қышқыл) жұмыс үшін қолданылады. Пластикалық ыдыстар шыны ыдыстарға қарағанда арзан және ұзағырақ қолданылады. Полипропилен қышқылдарға, сілтілерге берік, тез жуылады және тез құрғайды, бірақ пластиктен жасалған ыдыстарды тек 1300С төмен температураларда ғана қолданады.
Жалпы қолданылатын ыдыстар: сынауықтар (пробиркалар) (5-25мл); сүзгіштер (жай, сұйықтарды құю үшін қолданылатын, сүзуге және бөлуге қолданылатын); стакандар (5-1000мл); дөңгелек түпті колбалар (10-1000мл) жалпақ түпті, жұмыр түпті, конус тәрізді колбалар (Эрленмейер колбасы), Бунзен колбасы; суытқыштар; крандар, кристаллизаторлар, сифондар (сұйықтарды құю үшін), бюкстер.
Арнайы қолданылатын ыдыстар: дистилляцияға қолданылатын колбалар; аллонждар – ілмекті түтіктер (суытқышты сұйықтықты қабылдағышпен қосады); дефлегматорлар (фракционды айдауда қолданылады); Кипп аппараты (газдар алу үшін қолданылады); Кьельдаль қондырғысы (азотты анықтау үшін қолданылады); Тищенко шынысы; пикнометрлер; ареометрлер; дөңгелек түпті колбалар; арнайы суытқыштар; заттардың қайнау және балқу температураларын анықтайтын құралдар; эксикаторлар (баяу суыту үшін және ауадан ылғалды, газдарды жұтып алатын заттарды сақтау үшін қолданылады). Бұл ыдыстар тек белгілі бір мақсаттар үшін ғана қолданылады.

Өлшегіш ыдыстар: цилиндрлер, мензуркалар, тамшуырлар (пипеткалар), бюреткалар және өлшегіш колбалар. Өлшегіш химиялық зертханалық ыдыстар градуирленген, сондықтан оларды қыздыруға болмайды. Өлшегіш ыдыстар да барлық химиялық зертханалық ыдыстар сияқты көлемдері, диаметрі және пішіндері бойынша ажыратылады. Оларға: тамшуырлар – сұйықтықтарды (0,1-100мл) және газдарды (100мл жоғары) алу үшін; бюреткалар (1-100мл) – титрлеу үшін және көлемді дәл өлшеу үшін (микробюреткалар, көлем өлшейтін, салмақ өлшейтін, поршенді және газды бюреткалар болады); өлшегіш колбалар (10-2000мл) – сұйықтардың көлемін өлшеуге және сұйық заттардың белгілі көлемін сақтау үшін; өлшегіш мензуркалар мен цилиндрлер (градуирленген, бірақ дәлдігі төмен) жатады.
Осылардың ішінен тек аналитикалық химия зертханасында қолданатын ыдыстарға тоқталып өтсек.
Жалпы қолданылатын ыдыстар.
Cынауықтар : жай сынауықтар, конустық сынауықтар, өлшеу сызығы бар сынауықтар. Оларды жай шыныдан жасайды, көлемі әртүрлі болады. Оларды штативке ұстатады. Штативтер ағаштан, пластмассадан немесе металдан жасалады. Сынауықта реакцияның жүргенін көрсету үшін ¼ не 1/8 көлемінен артық сұйық зат құюға болмайды.
Құйғыштар (құйғы, воронка) (3 сурет): сұйық заттарды бір ыдыстан басқа ыдысқа құю немесе сүзу үшін қолданылады. Олардың жоғарғы диаметрі 35, 55, 70, 100, 150, 200 және 300мм өлшемді болады. Сүзуге қолданылатын құйғыштар бұрышы 600 (аналитикалық сүзгіштер) және ұзын ұшы қиғаш кесілген болады. Сұйық заттарды бөлуге арналған бөлгіш құйғыштар (делительная воронка) да бар. Бөлгіш құйғыштар өзара араласпайтын екі сұйықтықтарды бөлу үшін қолданылады. Олар 50 мл-ден бірнеше литрге дейінгі сыйымдылықта болады. Тамшыланатын құйғыштар реактивтердің аз мөлшерлерін құйғанда қолданылады.
Зертханалық стакандар 2 түрлі болады: жоғарғы жағы дөңгелек және созылыңқы («мұрыны бар» және «мұрынсыз»), әр түрлі сыйымдылықты: 25 мл-ден 1 л-ге дейін. Химиялық стакандарды негізінен қыздыруға шыдамды және реактивтердің әсеріне берік шыныдан жасайды. Тікелей отта қыздыруға болмайтын стакандарды (кейбір сұйықтықтарды) тек асбест торы арқылы не су моншасына қойып қана қыздырады.
Ареометр - сұйықтықтың меншікті салмағын немесе тығыздығын тез арада анықтауға арналған құралғы. Заттың меншікті салмағы арқылы оның ерітіндідегі пайыздық мөлшері анықталады
Ареометр - шыны түтік, өзіндік ерекше пішіні бар, түбі кішкене металл кесектерімен ауырлатылған шыны колбадан тұрады. Колбаның жоғары жағы тығыздықтың градуирленген шкаласы орналасқан жіңішке түтікше пішінді өзекке жалғасады. Ареометр сұйықтық ішінде тік қалқып жүзе алады.

Химия факультетіндегі зертханалар және ғылыми институттар

Химия факультеті 1972 жылы құрылған, оның тарихы, белгілі түлектері және дамыған халықаралық байланыстары бар.
Химия факультеті іргелі білімі бар және химия өнеркәсібі, ғылым және білім саласындағы инновацияларды тиімді енгізуге қабілетті бакалаврларды, магистрлерді және докторларды дайындайды.
Түлектер мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында сабақ бере алады; ғылыми-зерттеу және жобалау индустриясы институттарында кіші ғылыми қызметкерлер ретінде жұмыс істей алады; мұнай, газ, көмір және полимерлерді, эластомерлерді, лак-бояу материалдарын, жанармай, қатты және сұйық зымыран отынын қайта өңдеу кәсіпорындарының мамандары бола алады; көмірсутегі шикізатын өндіру және тасымалдау және оларды ұтымды пайдалану мекемелерінде, қорғаныс кәсіпорындарында қызмет атқара алады.
Факультетте ғылыми дәрежелері мен атақтары бар тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді.
Факультет құрамына 4 кафедра кіреді: физикалық-аналитикалық химия кафедрасы, бейорганикалық және техникалық химия кафедрасы, химиялық технология және экология кафедрасы, органикалық химия және полимерлер кафедрасы. Факультетте 2 ғылыми-зерттеу институты және аккредиттелген инженерлік зертхана жұмыс істейді.

Практика барысында зертханалармен танысып, мынадай аппараттарға көз жүгірттік


Газ хроматография — бұл ыдыратпай буландыруға болатын қосылыстарды бөлу үшін аналитикалық химияда қолданылатын хроматографияның кең таралған түрі. GC көбіне белгілі бір заттың тазалығын тексеру немесе қоспаның әр түрлі компоненттерін бөлу үшін қолданылады (мұндай компоненттердің салыстырмалы мөлшерін де анықтауға болады). Кейбір жағдайларда GC қосылысты анықтауға көмектеседі. Препаративті хроматографияда қоспадан таза қосылыстарды дайындау үшін GC-ді қолдануға болады.
Газ хроматографиясында жылжымалы фаза - бұл әдетте гелий сияқты инертті немесе азот сияқты реактивті емес тасымалдаушы газ. Бөлу үшін сутек газы тиімді болғанымен, гелий құралдардың 90% қолданылатын кең таралған тасымалдаушы газ.Стационарлы фаза ретінде көбіне баған деп аталатын әйнектен немесе металлдан жасалған түтіктің ішкі қабырғасынадағы инертті қатты тіректегі сұйықтықтың немесе полимердің микроскопиялық қабаты қолданылады. Газ хроматографиясын жүргізу үшін қолданылатын құрал газ хроматограф (немесе «аэрограф», «газ сепараторы») деп аталады