Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым министрлігі Жаия Шайжнісов атындаы электронды колледж.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 66
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- негізгі құралдарға түгендеу жүргізу тәртібімен;
- түгендеу нәтижелерінің есеп тіркегіштерінде бейнелеу тәртібімен;
- негізгі құралдардың жалдық есебі тәртібімен;
- материалдық емес активтердің есебін жүргізу және олардың амортизациясының тәртібімен.
Келесілерді орындау:
- негізгі құралдар есебі бойынша алғашқа құжаттарды толтыру (негізгі құралдарды қабылдап-тапсыру актісі, инвентарлық карточкалар, негізгі құралдардың жойылу туралы актісі);
- негізгі құралдардың амортизациясын есептеуін құрастыру;
- құрастырылған құжаттар негізінде №12 журнал-ордерге жазбалар жүргізу;
- түгендеу тізімі және салыстыру тізімдемесінің көшірмелерін жасау.
Тақырып 1.5. Тауарлы-материалдық қорлар және жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі
Танысу:
- ҚЕҰС бойынща материалдар есебі;
- материалдар есебі бойынша бухгалтерия жұмысының ұйымдастырылуымен, жабдықтаушылармен есеп айырысумен;
- материалдардың жіктелуімен, олардың ағымдағы есептегі бағасымен;
- қойма шаруашылығының ұйымдастырылуымен;
- қоймаға материалдарды қабылдау, олардың құжатты рәсімделу тәртібімен;
- қоймадан материалдарды босату бойынша құжатты рәсімделу тәртібімен;
- қоймадағы және бухгалтериядағы материалдар есебінің әдістерімен;
- бухгалтерияға қойма құжаттарын тапсыру тәртібімен;
- қоймадан алынған құжаттарды өңдеу тәртібімен, есеп карточкаларының ашылу тәртібімен, қоймадағы материалдар қалдығы есебі жүргізілетін кітабымен;
- материалдардың жинақтау және талдау есебімен, жабдықтаушылармен есеп айырысу, қайтарып беруге ҚҚС есебімен;
- №6 журнал-ордерін және материалдар қозғалысының есебі бойынша тізімдемені жүргізу тәртібімен;
- материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу және оның нәтижелерін есепте көрсету тәртібімен.
Келесілерді орындау:
- қоймадағы материалдардың келіп түсуі және жіберілуі бойынша құжаттарды толтыру;
- бухгалтерияға құжаттарды тапсыру тізілімін құру;
- қоймадағы карточкаларға жазбалар жүргізу;
- №6 журнал-ордерге және материалдар қозғалысының есебі бойынша тізімдемеге жазбалар жүргізу.
Тақырып 1.6. Еңбек және оның төлемінің есебі
Танысу:
- еңбек және оның төлемақысының есебі бойынша жұмыстың ұйымдастырылуымен;
- еңбек төлемі туралы Негізгі ережемен;
- қолданылатын еңбекақы жүйелерімен, тарифтік ставкалармен, бағалаулармен;
- өндіру есебі, тұрып қалу ақаулары және т.б. бойынша құжаттармен;
- түнгі, жұмыстан тыс, мереке күндері жасаған жұмыстары үшін төленетін қосымшалар бойынша құжаттармен;
- кезекті демалыс, қоғамдық және мемлекеттік міндеттерді орындағаны үшін қосымша төлемақы есебі бойынша құжаттармен;
- еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы есептеу тәртібімен;
- сыйақылар есептеу тәртібімен;
- еңбекақыдан жасалатын ұсталымдар тәртібімен;
- еңбек төлемі бойынша есеп айырысудың жинақтау және талдау есебін ұйымдастырумен, жинақтаушы зейнетақы қорына ұсталымдар есебімен;
- еңбек төлемінің есеп айырысу есебі бойынша есеп тіркегіштерінде жазбаларды жүргізу тәртібімен.
Келесілерді орындау: Құжаттарды құру:
- жұмыс уақытын қолдану есебінің табелі, кесімді жұмыс нарядын;
- өнімді шығару рапортын, тұрып қалу парағын;
- орындалған жұмыс (өнім, қызмет) үшін еңбекақы есептеу бойынша, сыйақылар, тұрып қалған үшін, ақаулар, түнгі уақыт, кезекті демалыс, мемлекеттік міндеттердің орындалуы, жасөспірімдерге жеңілдетілген сағаттар үшін есептеулер жүргізу;
- еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар есептеу;
- 3-5 жұмысшыға есеп айрысу тізімдемесін құрастыру;
- төлем тізімдемесін құрастыру.
Тақырып 1.7. Өндіріске жұмсалған шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Танысу:
- өндіріс процесімен, негізгі және көмекші цехтардың функцияларымен, әлеуметтік сала бөлімшелерімен;
- тура және үстеме шығыстарының құрамымен өндіріске жұмсалған шығындар есебін ұйымдастыру тәртібімен;
- өндіріске жұмсалған шығындар есбінің әдістерімен және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясымен;
- өндіріске жұмсалған шығындар есебімен байланысты есеп берулер және тіркегіштер жүйесімен;
- дайын өнімді шығару есебі бойынша құжаттармен.
Келесілерді орындау:
- негізгі және көмекші цехтар бойынша есеп тіркегіштерін құру (№10 журнал-ордерге №1-5 тізімдемелерін);
- құрастырылған есеп тіркегіштер негізінде үстеме шығындарының таратылуын жүргізу;
- ақауды есепке алу есебі бойынша жинақ құжатын толтыру және оның өзіндік құнын есептеу;
- өнімнің жаңа түрін игеру бойынша есеп тіркегіштерін және құжаттарды толтыру;
- № 10 журнал-ордерін толтыру;
- өзіндік құнның есептеуін және өнімнің бір бірлігінің калькуляциясын құру.
Тақырып 1.8. Дайын өнім және оны сату есебі
Танысу:
- ұйымның дайын өнімінің түрлерімен, оның бағалауымен;
- өндірістен қоймаға дайын өнімнің келіп түсу есебі бойынша құжаттармен;
- қоймадан өнімді тиеу және босату есебі бойынша құжаттармен;
- дайын өнімнің жинақтау және талдау есебімен және оны сатумен;
- өнімді (жұмысты, қызметті) сату бойынша табыстар және шығыстар есебінің тәртібімен;
- дайын өнімнің және оны сату есебінің тіркегіштерімен;
- өнім үшін сатып алушылармен және бюджетпен ҚҚС бойынша есеп айрысу есебінің тәртібімен;
- өнімді (жұмысты, қызметті) сату бойынша шығыстар есебімен.
Келесілерді орындау:
- өндірістен қоймаға келіп түскен дайын өнім есебі бойынша алғашқа құжаттарды толтыру;
- тиелген және сатылған өнім есебі бойынша алғашқа құжаттарды толтыру;
- №11 журнал-ордерін және сатып алушылармен, тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бойынша тізімдемені толтыру.
Тақырып 1.9. Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі
Танысу:
- табыстар, жалпы табыс, салық салынатын табыс, таза табыс есебі және құрылу тәртібімен;
- заңды тұлғалардан табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу есебімен;
- жарғылық капитал есебі және құрылу тәртібімен;
- төленбеген, алынған, қосымша төленген және резервтік капитал есебімен;
- жиынтық табыс (залал) және бөлінбеген табыс (залал) есебімен.
Келесілерді орындау:
- №13,14 журнал-ордерін құрастыру.
Тақырып 1.10. Қаржылық есептілік
Танысу:
- жылдық есеп беруді құрумен байланысты қорытынды жұмыстар кестесімен;
- есеп тіркегіштерінің қорытындылануымен және жиынтық мәліметтердің ішінара салыстырып тексерумен;
- Бас кітаптың ашылу және онда жүргізілетін жазбалар тәртібімен;
- қаржылық есеп берудің құрамымен және тапсыру мерзімімен;
- жылдық қаржылық есеп беру нысанын құрастыру және толтыру тәртібімен.
Келесілерді орындау:
- Бас кітаптың бірнеше беттерін толтыру.
- субъектінің жылдық есеп беруінің көшірмесін жасау.
Тақырыптарға қосымша
Егерде бухгалтерлік есеп толық немесе бөлшектеніп автоматтандырылған болса
Танысу: есеп номенклатурасын және барлық тақырыптар бойынша әрекеттерді таңбалау тәртібімен; барлық тақырыптар бойынша жасалған машинограммалармен.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарда өндірістік тәжірибені
өту барысында тақырыптарға қосымша
тақырып «Негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі»
Танысу:
- көпжылдық екпе есебінің ерекшеліктерімен;
- негізгі табыннан шығарылған малдардың және жұмыс малы есебінің ерекшеліктері;
- жұмыс малы бойынша амортизация есептеудің ерекшеліктерімен;
- меншіктегі өзіндік өндірістен келіп түскен жас малдың, сырт жақтан сатып алынған жас малдың алғашқы есебімен;
- бригадаларда, фермалар мен жайылымдарда өсірілудегі және бордақылаудағы малдардың есебімен;
- жас малдың және бордақылаудағы малдың көбею есебімен;
- өсірілудегі және бордақылаудағы малдардың жинақтау және талдау есебімен;
- малдардың өлімі есебімен.
Тақырып «Тауарлы-материалдық қорлар есебі және жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі»
Танысу:
- өндіріс қорларының келіп түсуімен, жем және тұқым есебінің ерекшеліктерімен;
- егін шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің келіп түсу есебі бойынша алғашқы құжаттармен.
Тақырып «Еңбек және оның төлемінің есебі»
Танысу:
- сауыншыларға, малшыларға, тракторист-машинисттерге, жеміс өсірушілерге есептелетін еңбекақы ерекшеліктерімен;
- с порядком премирования, доплат в конце года.
Тақырып «Өндіріске жұмсалған шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау»
Танысу:
Егін шаруашылығы
- егін шаруашылығындағы шығындар есебінің объектілерімен;
- егін шаруашылығындағы өнімді шығарудың жинақтау және талдау есебімен;
- жыл соңында таратуға жататын шығындармен;
- егін шаруашылығындағы аяқталмаған өндірісті бағалаудың және есебінің ерекшеліктерімен;
- егін шаруашылығы өнімінің өзіндік құнының калькуляциясының объектісімен және олардың өзіндік құнын есептеумен;
- жыл соңында егін шаруашылығы бойынша өнімнің жоспарлы өзіндік құнын нақты өзіндік құнына түзетумен;
Мал шаруашылығы:
- мал шаруашылығындағы шығындар есебінің объектілерімен;
- мал шаруашылығы өнімінің шығындар бойынша жинақтау және талдау есебімен;
- сүт, тірі мал, алынған төл бойынша өзіндік құнын есептеумен;
- өнімнің жоспарлы өзіндік құнын нақты өзіндік құнына түзетумен;
Өнеркәсіп өндірісі:
- шаруашылықтағы өнеркәсіп өндірісінің түрлерімен;
- өнеркәсіп өндірісінің өнімін шығару және шығындар бойынша жинақтау және талдау есебімен;
- өзіндік құн калькуляциясының және оның есептесу объектілерімен;
- өнімнің жоспарлы өзіндік құнын нақты өзіндік құнына түзетумен.
Көмекші өндіріс:
- жөндеу-механикалық шеберханаларда орындалатын жұмыстардың өзіндік құнын есептеу және шығындар есебінің ерекшеліктерімен;
- электрмен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің, газификацияның (1-2 түрі) өзіндік құнын есептеу және шығындар есебінің ерекшеліктерімен;
- жүк көліктері бойынша орындалатын жұмыстардың өзіндік құнын есептеу және шығындар есебінің ерекшеліктерімен;
- машинотракторлық парк бойынша орындалатын жұмыстардың өзіндік құнын есептеу және шығындар есебінің ерекшеліктерімен.
Өндірісті, шаруашылықты ұйымдастыру және басқару:
- үстеме шығыстарын тарату ерекшеліктерімен;
- кезең шығындары есебінің ерекшеліктерімен;
Әлеуметтік саланың өндірісі, шаруашылығы:
- қоғамдық тамақтану, балалар мекемелерінде көрсетілетін қызметтер және шығындар есебімен;
- тұрмыстық-коммуналды шаруашылықағы есеп.
Пән «Аудит»
Тақырып 2.1 Ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың аудиті
Танысу керек:Кассалық және есеп айырысу операцияларына аудиттік тексеру жүргізу тәртібі.
Келесілерді орындау: Кассадағы ақша қаражаттарын түгендеу мен кассалық опреацияларға аудиттік тексеру жүргізу; Тіркелген құжаттардағы сомалардың банктің көшірмесімен сәйкестігін тексеру.
Тақырып 2.2 Ағымды және ұзақ мерзімді активтер аудиті
Танысу керек:Негізгі құралдарға аудиторлық тексерудің тәртібімен, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық қарыз, есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу тәртібімен;
Келесілерді орындау:№12 журнал-ордерінде баланс баптарының Бас кітаптағы жазылуымен сәйкестігі, материалдық емес активтер мен негізгі қорлар бойынша амортизацияны есептеу. Материалдық құндылықтардың кірістері мен шығыстарымен байланысты операцияларды аудиттік тексеру, материалдық құндылықтарды есеп алуыынң дұрыстығы, қорлардағы материалдарды түгендеу. Есеп беруші тұлғаларға ақша қаражаттарын беру мен пайдалануды тексеру. Сатып алушылар, дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу, дебиторлық қарыздың қалдықтарының Бас кітаптағы ақпаратпен сәйкестігін тексеру.
Тақырып 2.3 Меншік капиталының аудиті
Танысу керек: Жарғылық капиталдың құрылу мен пайдалану дұрыстығының аудиті, резервтік капиталдың құрылуы мен пайдаланудың дұрыстығы.
Келесілерді орындау: Жарғылық капиталдың қалыптасу заңдылығының, баланста, Бас кітапта және басқа да тіркегіштерде көрсетілген мөлшерінің сенімділігінің аудиті. Резервтік капиталдың құрылу мен пайдалану дұрыстығының аудиті, соның есебінен шаруашылық субъектінің күтпеген жоғалтулары мен залалдарын есептен шығару дәлелдері.