Файл: Триз технолгиясы арылы балаларды аыл ойын дамыту р бала дарынды, абілетті болып келеді, біра оны жаа жадайа бейімделуге йрету ажет.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ТРИЗ технолгиясы арқылы балалардың ақыл ойын дамыту
«Әр бала дарынды, қабілетті болып келеді,
бірақ оны жаңа жағдайға бейімделуге үйрету қажет»
Г.С.Альтшуллер
Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. «Бала біздің болашағымыз!» қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға жағдай туғызу қажет.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалуда. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: Әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.
Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзек алатын жері – ол ата-бабадан қалған асыл мұра. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеп, тілдерін дамыту мақсатында халық ауыз әдебиетінің асыл-мұралары – жұмбақтар, ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тәрбие әліппесі, аңыз әңгімелер, жырларды қолданудың маңызы зор тиімді тәсіл екені белгілі.
Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың тілін ТРИЗ технологиясының әдісін қолдана отырып дамыту.
ТРИЗ технологиясы дегеніміз.
ТРИЗ технологиясының негізін қалаушы — Генрих Саулович Альтшуллер. 1926 жылы 15 қазанда Ташкент қаласында дүниеге келген. Кейінірек 5 жасында Баку қаласына көшіп барып, сол қалада өмірінің соңына дейін тұрған.
1946 жылы Генрих Саулович Альтшуллер шығармашылық әдіснама бойынша жұмысын бастайды. ТРИЗ (Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы) атауы кейінірек 1970 жылдары пайда болды. ТРИЗ теориясын Г.С. Альтшуллер зерттеп дайындады. Бұл теорияның басты идеясы апатты құбылыс түрінде емес нақты заңдарға сәйкес туындайды. ТРИЗ технологиясы - балаларды өнертапқыштыққа үйретіп, ойлау қабілетін дамытады. ТРИЗ технологиясы - бір нәрсені бірнеше бағытта қолдану. ТРИЗ ұраны: «Барлығын да айтуға болады». Әр баланың ойын тыңдау қажет. Бала өз пікірін айтып, соны дәлелдеп, мұғалімнің пікіріне қарсы дәлелді пікірлер айтып үйренуі керек. Балалардың пікірлерін тек жақсы жақтан бағалау керек: қызық, әдеттен тыс, тартымды, жақсы, жарайсың деген сөздер көп айтылуы керек. Сабақ өткізу қағидасы: оңайдан күрделіге қарай жай көшу. Г.С. Альтшуллердің сөзімен айтқанда «Әр бала дарынды, қабілетті болып келеді, бірақ оны жаңа жағдайға бейімделуге үйрету қажет».
Ойындар мен тапсырмаларды пайдалана отырып, ұжымдық әрекет қарым-қатынас жасай білуге үйрету, топтық әрекеттерді қалыптастыру, дағдыландыру. ТРИЗ арқылы мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру. Балаларды ойландыру ой-санасын жетілдіру. ТРИЗ – балалардың шығармашылық қабілетін дамыту әдісі.
Ойын — дегеніміз не? Ойын дегеніміз – баланың негізгі әрекеті,
Баланы әдептілікке, салауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Бала саналы, мәдниетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор. Сондықтан келешекке адам тәрбиелеу-бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады. Ойын-балалар үшін айналаны танып білу тәсілі. Ойын технологиясына ғылыми анықтама.
Ойын-өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгертуге бағытталған белгілі – бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Адам әрекетіндегі ойын құрылымының кезеңдері:
-
мақсат қою; -
жоспарлау; -
мақсатты жүзеге асыру; -
адамның өзін субъект деп табуын қорытындылау болып бөлінеді.
Ойын - бұл тәртібіне өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруше бағытталған белгілі –бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Ойындар келесі түрлерімен ерекшеленеді:
-
еркін дамитын әрекет; -
шығармашылық әрекет; -
эмоционалды әрекет; -
тікелей немесе жанама ережелер.
Ойынның дидктикалық үрдістері атқаратын көптеген функциялары бар, олар:
-
әлеуметтану; -
ұлтаралық араласушылық міндеті; -
ойында өзін ұстай білу міндеті; -
ойынның коммуналдық міндеті; -
ойынның диагностикалық міндеті; -
терапевтік міндеті; -
жөндеу міндеті; -
сауықтық – ойын міндеті.
Ойынның баланың жан саулығын қалыптасырудағы қызметі туралы Д.Б.Эльконин: «Ойын терапиясы баланың рольдік ойынға енудегі жаңа әлеуметтік қатынастырымен ерекшеленеді. Тек жаңа шынайы қатынастар практикасы баланы ересек адамдармен қалай қатар қойса, дәл солай құрдастарымен де қатар қоя алатын рөлдік ойындар. Еркін қатынас пен бірлескен жұмысты мәжбүр еткен қарым-қатынасқа және агрессияға айырбастау терапевтік ықпалға әкеп соғады.» — дейді. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: Рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойындар элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытып, оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын арттырады. Осыдан барып ойын туралы мынандай тұжырым қалыптасады:
-
ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді дамытады, сөздік қорды байытады өмірді танып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді. -
ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. -
Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. -
эстетикалық тәрбие беру құралына айналады. -
еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. -
дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. Жоғарыда айтылғанның барлығы балабақшаларда ойын технологиясы арқылы жүзеге асады. Ал ойын технологиясы дегеніміз — педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны.
Ұйымдастырылған іс-әрекетін мақсаты:
А) тәрбиеші үшін: жана материалды беру;
Ә) бала үшін: жана материалды менгеру
Ұйымдастырылған әдіс –әрекет түрлері:
А) тәрбиеші үшін: жана материалды түсіндіру,
Ә) бала үшін: жана материалды тындау, есте сақтау.
Ұйымдастырылған әдіс –әрекеті жоспар бойынша өткізу.
Ұйымдастыру іс-әрекеті:
А) тәрбиеші үшін: балаларға жана нәтежеге бағытталған ісәрекетін ұйымдастыру;
Ә) бала үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу.
Ұйымдастырылған әдіс–әрекет түрлері:
А) тәрбиеші үшін: балалардың шығармашылық іс- әрекетің үйымдасдыру;
Ә) бала үшін: жана нысанды зерттеу, құбылысты талдау.
Ұйымдастырылған әдіс–әрекетінің құрлымы жағдайға байланысты жоспардын өзгеруі мүмкін.
«Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны
Ойын мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету. 5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды.
- Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр.
- Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр.
- Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр.
- Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр.
«Киімді сипаттау»
А) Көйлектің түсі жасыл
Ә) Көйлек матадан тігілген
Б) Көйлек киім
В) Көйлекті әже, ана, қыз киеді
Г) Көйлекті қолмен үстауға болад.
ТРИЗ балалардың елестету және ойлау қабілеттерін жетілдіреді. ТРИЗ балаларға білімді қызықты және тартымды түрде жеткізуге, мықты меңгеруге және жүйелендіруге көмектеседі. Балалар мен педагогты ойлануға, шығармашылықты көрсетуге ынталандырады.
Сөз соңында айтарым еліміздің болашағы – жас ұрпақтың ой – өрісін жоғарлату, тілдік, шығармашылық, әлеуметтік, таным және денсаулық құзіреттіліктерін арттыру, рухани байлығын, тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының негізгі түсініктерімен таныстыру, проблемалық жағдайдан шығу жолын іздеуде алған білімдерін қолдануға үйрету, әрбір тәрбиешінің міндеті деп есептимін.
Султанова Махлие Ойбековна
«Анажан ана» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесі
«Балдырған» тобы тәрбиешісі
Түркістан облысы. Сауран ауданы. Ескі Иқан ауылы