Файл: 1. Оытушы туралы мліметтер 1 Ибжанова А. А. Стандарттау, метрология жне сертификаттау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 37
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
7. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар, кему шамасына қарай, «А»-дан «D» - ға дейін және «қанағаттанарлықсыз» - «FХ», «F»,) және дәстүрлі жүйе бойынша бағалаулар.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саясаты университет сайтының 9-тармағындағы Академиялық саясатта ұсынылған талаптарға сәйкес келеді (сайтқа сілтеме: https://kazatu.edu.kz/ru/pages/obucenie/akademiceskaa-politika).
7.1 Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау критерийлері
Әріптік жүйе бойынша бағалау | Баллдардың сандық баламасы | %-дық мазмұны | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау | Бағалау критерийлері |
А | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы | А бағасы қойылған сұраққа толық, егжей-тегжейлі жауап берілген кезде, тұжырымдамалармен еркін жұмыс жасауда, оның маңызды және маңызды емес белгілерін, себеп-салдарлық байланыстарды ажырата білуінде, объект туралы саналы білімнің жиынтығы көрсетілген жағдайда қойылады. |
А- | 3,67 | 90-94 | А- бағасы қойылған сұраққа толық, объект туралы саналы білімнің жиынтығы көрсетілген, тақырыптың негізгі ережелері дәлелденген жағдайда қойылады; жауапта ұғымдардың, теориялардың, құбылыстардың мәнін көрсететін нақты құрылым, логикалық дәйектілік байқалады. Жауап әдеби тілде ғылым тұрғысынан берілген жағдайда қойылады. Жауап беру процесінде білім алушы өз бетінше түзеткен ұғымдарды айқындаудағы кемшіліктерге жол берілуі мүмкін. | |
В+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы | В+ бағасы білім алушыларға қойылған сұраққа толық, егжей-тегжейлі жауап берілген, тақырыптың негізгі ережелері дәлелденген жағдайда қойылады жауапта ашылатын ұғымдардың, теориялардың, құбылыстардың мәнін көрсететін нақты құрылым, логикалық дәйектілік байқалады. Жауап әдеби тілде ғылым тұрғысынан берілген. Жауапта білім алушының оқытушының көмегімен түзеткен кемшіліктеріне жол берілген жағдайда қойылады. |
B | 3,0 | 80-84 | В бағасы қойылған сұраққа толық, егжей-тегжейлі жауап берілген, маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды ажырата білу қабілеті көрсетілген жағдайда қойылады. Жауап нақты құрылымдалған, қисынды, әдеби тілде ғылым тұрғысынан берілгенде қойылады. Білім алушы оқытушының көмегімен түзеткен кемшіліктер немесе елеусіз қателіктер жіберілуі мүмкін жағдайда қойылады. | |
В- | 2,67 | 75-79 | В- бағасы қойылған сұраққа толық жауап берілген кезде, маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау мүмкіндігі көрсетілген жағдайда қойылады. Жауап нақты құрылымдалған, қисынды, ғылым тұрғысынан берілген. Алайда, студенттерге жетекші сұрақтар арқылы түзетілген кішігірім қателіктер немесе кемшіліктер жіберілген жағдайда қойылады. | |
С+ | 2,33 | 70-74 | С+ бағасы қойылған сұраққа жеткілікті дәйекті жауап берілмеген жағдайда қойылады, бірақ сонымен бірге маңызды және елеусіз белгілер мен себеп-салдарлық байланыстарды ажырата білу қабілеті көрсетіледі. Жауап қисынды және ғылым тұрғысынан берілген. Білім алушы өз бетінше түзете алмайтын негізгі ұғымдарды анықтауда 1-2 қате жіберілуі мүмкін жағдайда қойылады. | |
C | 2,0 | 65-69 | Қанағаттанарлық | С бағасы толық емес жауап берілген жағдайда қойылады. Жауап логикасы мен дәйектілігі бұзылған. Ұғымдарды ашуда, терминдерді қолдануда қателіктер жіберілді. Білім алушы маңызды және маңызды емес белгілерді және себеп-салдарлық байланыстарды өз бетінше анықтай алмайды. Білім алушы жалпыланған білімдерін нақтылай алады, мысалдарда олардың негізгі ережелерін тек оқытушының көмегімен дәлелдей алады. Сөйлеу кезінде түзетуді қажет етеді. |
С- | 1,67 | 60-64 | С- бағасы жауап толық емес, елеулі бұзушылықтарға ие болған жағдайда қойылады. Ұғымдардың, теориялардың, құбылыстардың мәнін анықтауда студенттің маңызды және маңызды емес белгілері мен байланыстарын түсінбеуі салдарынан өрескел қателіктер жіберілген кезде, жауапта тұжырымдар жоқ жағдайда қойылады. Жалпыланған білімнің нақты көріністерін ашу мүмкіндігі көрсетілмеген. Сөйлеу кезінде түзетуді қажет етеді. | |
D+ | 1,33 | 55-59 | D+ бағасы толық емес жауап берілген жағдайда қойылады. Жауап кезінде логика жоқ. Білім алушыға өз жауабын дәлелдеу қиын болғанда. Терминдердің, ұғымдардың анықтамаларында, фактілердің, құбылыстардың сипаттамасында көптеген маңызды қателіктер болғанда. Жауапта тұжырымдар жоқ. Сөйлеу сауатсыз. Қосымша сұрақтарға жауап бергенде, білім алушы жауаптардың арасындағы байланыстың бар екенін оқытушының нұсқауынан кейін ғана түсіне бастаған жағдайда қойылады. | |
D | 1,0 | 50-54 | D бағасы толық емес жауап берілген жағдайда қойылады, бұл анықтамаларда айтарлықтай қателіктері бар сұрақ тақырыбы бойынша шашыраңқы білім. Білім алушы осы ұғымның, теорияның, құбылыстың модульдің (пәннің) басқа объектілерімен байланысын түсінбейді. Тұжырымдар, нақтылау және дәлелдеме жоқ. Сөйлеу сауатсыз. Оқытушының қосымша және нақтылайтын сұрақтары білім алушының қойылған сұраққа ғана емес, модульдің (пәннің) басқа сұрақтарына да жауап болмаған жағдайда қойылады. | |
FХ | 0,5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз | «Қанағаттанарлықсыз» деген бағаға 0 сандық баламасы және 0-49 пайыздық мазмұны бар FХ, F әрпі сәйкес келеді. Бұл баға, егер білім алушы модуль (пән) бағдарламасын игермеген, жауаптарында үлкен қателіктер жіберген, жекелеген тапсырмаларды орындамаған, бағдарламада көзделген барлық негізгі әдебиеттерді пысықтамаған жағдайда қойылады. |
F | 0 | 0-24 |