Файл: СЖ тапсыру мерзімі 1 апта Педагогика мені мірімде жне ксібімде.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 143
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1-апта.
Тапсырмалар: Эссе «Педагогика менің өмірімде және кәсібімде».
СӨЖ тапсыру мерзімі: 1 апта
«Педагогика менің өмірімде және кәсібімде»
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы Ұстаз болу – жүректің батылдығы Ұстаз болу – өмірдің күн шуағы Азбайтұғын адамның асылдығы Ғ. Қайырбеков Еліміздің болашағы, ұлтымыздың ертеңі мектеп қабырғасында білім алатын жас ұрпақтың саналы ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Сондықтан да егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс - тәсілдеріне қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс - әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын тани алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ендеше, мектеп оқушыларының дүниетанымын кеңейтуде, оқу танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор деген сөз. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев еліміздің ертеңі, бүгіні жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында, - деп айтқанда қазіргі таңда және болашақта ұстаздардың алатын орны ерекше екендігін тағы да бір нақтылап көрсеткендей. Міне, сондықтан мен мектеп қабырғасында оқып жүргенде – ақ, болашақ өмірімнің ұстаздық деген ұлы мамандықпен ұштасарына кәміл сендім. Дана халқымыз «Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек: біріншісі – мамандық таңдау, екіншісі – жар таңдау» деген екен. Менің жүрек қалауыммен таңдаған мамандығым – «Педагогика және психология» мамандығы. Бұл қандай мамандық? Педагог - психолог деген кім? Педагог ретінде оқушылардың оқу үлгерімін, тәртібін жақсарту барысында жұмыс істесек, психолог ретінде әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, олардың ішкі жан сырын, ойын түсіне отырып, дұрыс жол сілтеу, бағыт – бағдар көрсету, белгілі бір іске деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс істеуіміз керек. Әрбір адамға жақсы маман болып қалыптасуы үшін білім, тынымсыз еңбек, өзіне деген сенімділік, мақсатына жетуге деген ерік – жігер, тиянақтылық сияқты қасиеттер қажет. Мұғалім ұстаз тек қана мектеп қабырғасында ғана емес, мектептен тыс, өмірде баланың бойына жақсы қасиеттерді үйрету керек. Әрбір істі шығармашылықпен, адамгершілікпен шешуді қажет ететін интуиция, дәлдік, тапқырлық, мейірімділік сияқты қасиеттер баланың бойында болуы қажет деп есептеймін. Осындай жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, еңбек жолын бастаған әрбір жас мұғалім өз мамандығы арқылы қоғамға, жалпы адамзатқа тигізер пайдасы көп екеніне сенемін. Мен мектеп қабырғасында «оқушы – мектеп – ата – ана» үштік одағымен жұмыс істей жүріп, әр түрлі мәселелерді шешуде, кездескен қиыншылықтарды жоюда, түзету – дамыту жұмыстарын жүргізу барысында аталған қасиеттерді қолдану нәтижесінде ғана табыстарға жетудемін.
2 апта
«Жеке адамның дамуындағы іс-әрекеттің алатын орыны »
Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ен маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам жағдайдың пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және езін белсенді түрде өзгерте алады деп жазған болатын. Демократиялық педагогиканың классиктері де (И. Г. Песталоцци, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтьшсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген.
Жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы теріс болса, ол тәрбиешісі қалағанынан қайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалім оқушылардың білімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қойса да, оқушы оған ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді жақсартуға шақырған әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық қарсы әрекет тудырады. Тәрбиеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады.
Осының нәтижесінде, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа — ішкі және сыртқы болып бөлінетін болды. Ортаның әсері мен тәрбие жеке түлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер — бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ыкпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттліктері -барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.
Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешуші рөл атқара алатыны түсінікті. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамығанын анықтайды. Осылайша бұл шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады. Л.Н.Толстойдың адамның дамуын жемісті ағаштың өсуімен салыстыруы тегін емес. Өйткені, сөздің тура мағынасында оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі. Адам тек қана топырағын қопсытады, тыңайтқыштар себеді, артық бұтақтарын кеседі,
яғни оның өзіндік дамуына мүмкіндік беретін қажетті сыртқы жағдайларын жасайды, ынталандырады. Ал өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.
Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер
еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігін ынталандырған жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады. Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде өмірдің жағдайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда (үлкендерге) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол адамдарға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген (керек, керек емес, жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып пайда болады.
Қарым-қатынас — генетикалық түрде баланың белсенділігінің ең ерте белгісі. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-қатынаста көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген алуан түрлі реңктері бар: ата-анаға, мұғалімдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға, құрдастарына, өзінен кішкентайларға, достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол адамдардың белгілі бір шеңберімен қарым-қатынас іздейді, ол басқаларға ықпал етеді. Ұжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады. Қарым-қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар -адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өз өзі үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілік.
3 –апта Шығыс ойшылдарының теориялары .( жазбаша кесте құрастыр)
СӨЖ тапсыру мерзімі: 3-апта.
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ойлары Әбу Насыр әл –Фараби (IX ғасыр) Адамдар бақытты болуы үшін бір-біріне көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болды; — дейді Фараби ізгілік бақыт туралы надан қала тұрғындарының білетіні байлыққа рахаттану, құмарлыққа ерік беру, мансап, сый-құрметке еліру болып табылады дейді. Ал «Азаматтық саясатта» ұжым туралы қайырымды қаламен қатар бұзылған қайырымсыз қала болатындығын ескертеді. Мұндай болмас үшін бірлесіп әрекет ету қажет дейді. Педагогикалық тұрғыдан адамдар арасындағы достық, қастық туралы ой-пікірлерінің маңызы ерекше: Оның 1-і адал дос айнымалы дос Қастардың да 2 түрі болады 1.Өшпендігі мол, жаулығы басынан асқан адамдар; 2.Көре алмаушылықтан жауласқан адамдар. Фарабидің ұғымында шәкірттерді тәрбиелеу үшін жете түсінетін, көреген-естігенін нәрселерін жадында сақтайтын, алғыр, аңғарынпаз, өткір сөз иесі, ойын анық жеткізе алатын, ішімдікке, құмарлыққа қанағатшыл, жаны асқақ ақшаға, жалған дүниеге жаны қас, әділетті жақтайтын болуы шарт –дейді. Сонымен қатар, тәрбие мен білім беру,
педагогика мен психология, этика ғылымдарының салаларына құнды пікірлер мен қағидалар айтқан. Әсіресе, жақсы мінез құлықты қалыптастыру және дағды мен әдетке ерекше мән берген. Әл-Фараби тәрбиенің әдіс және тәсілдеріне сипаттама береді. Тәрбие әдістері мадақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру және т,б, тәлімгерлерден ерекше имандылық пен ізеттілікті талап етеді.
1-апта. Тапсырмалар: Эссе «Педагогика менің өмірімде және кәсібімде». СӨЖ тапсыру мерзімі: 1 апта |
2-апта. Тапсырмалар: Кейс курастыр: «Жеке адамның дамуындағы іс-әрекеттің алатын орыны » СӨЖ тапсыру мерзімі: 2-апта. |
3 –апта Шығыс ойшылдарының теориялары .( жазбаша кесте құрастыр) СӨЖ тапсыру мерзімі: 3-апта. |
02-09 аралығында жіберіңдер , тек плотонусқа салыңдар